KZ RU EN

«Қор нарығы» интеллектуалы үстел ойыны негізіндегі курс «Монкап 1.0.», «Монкап 3.0.», «Капиталист VS. Клоун», «Банк» интеллектуалды үстел ойындары негізіндегі «Қолданбалы экономика» курсы


Курстың мақсаты: қор нарығының қалай жұмыс істейтінін, оның негізгі механизмдерін үйрету, акциялардың бағасына ойыншылардың сұранысы пен ұсынысы қалай әсер ететінін, қор нарығында болатын негізгі тәуекелдерді талдауды және табыс табу мүмкіндіктерін көрсету.

7 ойыншы жалақы алатын жалдамалы жұмысшы ретінде ойынды бастайды, акция сату/сатып алу арқылы нарықты талдай отырып дұрыс стратегиялық, тактикалық шешімдер қабылдап табысын арттырған ойыншы жеңіске жетеді.

Бұл ойын түріндегі курс бастауыш инвесторларға, қор нарығына қызығушылығы бар әрбір адамға арналған. Қатысушылар қор нарығының негізгі механизмдерін көре алады.

Сіз бұл курстан не үйренесіз?

- Қор нарығының қалай жұмыс істейтінін

- Акциялар бағасына сұраныс пен ұсыныстың қалай әсер ететінін

- Несиеге акция алудағы негізгі тәуекелдерді

- Маржин колл және шорт скуиз жағдайларын

- Қор нарығына дұрыс стратегиялық инвестиция жасау

- Қандай компаниялардың бағалы қағаздарын алуды таңдау

- Стратегиялық ойлау т.б.

Курс 5 сабақтан тұрады. Әр сабақ шамамен 2-3 сағатты құрайды. 5 сабаққа толығымен қатысқан 7 ойыншыға курстан өткендігі жөнінде сертификат беріледі.

Модератор: Әділханов Олжас Шайзандаұлы Экономика бойынша Ph.D доктор

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша орталыққа хабарласуларыңызды сұраймыз.

Монкап 1.0., Монкап 3.0., Капиталист VS. Клоун, Банк интеллектуалды үстел ойындары негізіндегі «Қолданбалы экономика» курсы.


Мазмұны:

- Экономикаға кіріспе;

- Мемлекет аралық экономикалық қатынас;

- Инвестициялар;

- АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа елдеріне экономикалық қарсы тұра алу;

- АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа елдері үшінші әлем мемлекеттерін қалай бағындыратынын түсіну;

- Макроэкономикалық мәселелер;

- Бизнес жоспар жасау;

- Кіші/орта/ірі бизнесте бәсекелесу;

- Компанияның операциялық шығынын есептеу;

- Өз тауарының сапасын дамытудың артықшылығы;

- Бизнес нарығын зерттеу;

- Келіссөз жүргізе алу, алғырлықты дамыту;

- Капиталист қағидаларын меңгеру;

- Екінші деңгейлі банктердің функциясы;

- Депозиторлар мен Қарызгерлердің банктегі рөлі;

- Банктің жеке капиталының есептелуі;

- Банктер арасындағы бәсекелестік;

- Банк активтері мен пассивтерін басқару;

- Банк есебін толтыра білу;

- Банк облигациясы;

- Банк банкроттығы тағы басқа.

Курс мына қасиеттерді дамытады:

- Экономикалық-қаржылық сауаттылықты арттырады;

- Стратегиялық, логикалық, сыни, аналитикалық ойлауды дамытады;

- Патриоттық сезім ұялатады;

- Тиімді келіссөз жүргізуді үйретеді;

- Адамның мінез-құлық психологиясын түсіндіреді.


Курс +14 жастан бастап барлық азаматтарға арналған.

«Қолданбалы экономика» курсын меңгергені жөнінде сертификат беріледі.

Курс бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса орталыққа хабарласуларыңыз.