KZ RU EN

Қағидалар



ЖАЛПЫ
1. Өмірдің ең басты ережесі.

Әуелі саған Шыдамдылық керек. Ол саған Мүмкіндік беретін сәтті күту үшін қажет. Саған Мүмкіндіктің берілгенін Сен келесі белгілер бойынша біле аласың: Саған сенің жайлылығыңнан тыс ұсыныс айтады және осы ұсыныс саған Қорқыныш сыйлайды. Бұл Сенің қолыңнан келмейді, ақша жоғалтып аласың немесе басқа адамдар алдында күлкілі және ақымақ болып көріну Қорқынышы.

Мүмкіндік әрқашан үрейлі, белгісіз жағдайда және болашаққа қорқыныш бар кезде беріледі. Сол себепті де, Саған Шешімгерлік қажет. Шешімгерлік Саған берілген Мүмкіндікті пайдалана отырып, өз қорқынышыңды басып, белгісіздікке қарай қадам басу үшін қажет.

Сенің орындауың қажет нәрсенің қорытынды бөлігі – Саған берілген Мүмкіндікті жүзеге асырып жатқанда, Маңыздылық, Қорқыныш немесе басқа адамдарға ұнауға деген құштарлыққа Санаңды билеуге жол бермеуің керек. Ол үшін саған рұқсат етілген шектен шығуға рұқсат бермейтін және дер кезінде тоқтататын ТОҚТАлар бар.

Сенің шектен шығып кеткендігіңнің белгісі ретінде түрлі Пасық жағдайлар орын алады. Дәл осы Пасық жағдайлар сенің өз жолыңнан тыс шығып бара жатқандығыңның және жақын арада жаман нәрсе болатынның ескертуші сигналы.

Сонымен қатар, Пасық жағдайларды Саған керек нәтижеге жету үшін, жеңуді талап ететін жұмыс қиындықтарымен шатастыруға болмайды. «Белгілерге» сенетін көптеген адамдар, әрбір «сыбдырды» ол жаққа баруға болмайды, ағымдағы жұмысты шұғыл тоқтату қажет деген белгі ретінде қабылдайды.

Бұл жерде келесіні түсінген жөн: егер сіз бара жатқан жол ашық болса, онда ол басынан бастап ашық болады, ал осы жолда кезігетін қиындықтар, - көкжиекте бұлттар пайда бола салысымен немесе әдеттегіге қарағанда жел қаттырақ соқса, бір жақтан екінші жаққа жалт бұрыла бермей, өз қорқынышыңды жеңуге, кемшіліктеріңнен, әлсіз жақтарынан құтылуға және белгіленген бағытта кемені ұстауға деген Сенің шешімгерлігіңнің және дайындығыңның тексерісі.

Ал егер қарапайым қиындықтардың орнына Пасық жағдайлар орын алса немесе салынған барлық күшке қарамастан Сен жұмысты орнынан қозғалта алмасаң, яғни барлығы әрдайым шашылып, бөлікке ыдырап жатса, демек дұрыс емес жолмен кетіп бара жатырсыз және сізге тоқтап, басқа жолды таңдау қажет.

Жаман жол бірден жабық болады, яғни жолмен жүре салысымен сізде бірден қиындықтар мен Пасық жағдайлар орын ала бастайды, сіз әрдайым өз әрекеттеріңізге тойтарыс кезіктіресіз.

Жақсы жол басынан бастап ашық болады, сізге әрдайым ілеспе жел соғады, ал жақсы жолда кездесетін қиындықтардың барлығы бір ерекшелікке ие, яғни сізге алда келе жатқан қиындықтарды жеңе алмайтындығыңыз туралы ойлар - үрей мен қорқыныш. Бұл тек сіздің соңына дейін баратындығыңыз туралы шешіміңізді тексеру, бұл өз қорқынышыңызды басуға деген қабілеттілігіңізді тексеру, бұл жағымсыз болып көрінетін нәрселерге қарсы жүруге дайындығыңызды тексеру, бұл өз кемшіліктеріңіз бен әлсіз жақтарыңыздан арылуға, Құдайдың кемелденген және жетілген жаратылысы болуға деген қабілеттілігіңізді тексеру болып табылады.

Әр адамның қардағы сорап секілді өз жолы бар, яғни осы жол арқылы ол өзіне баруы қажет жеріне жете алады. Сорап бүйірлері дұрыс жолдан шығып кетпес үшін ескерту сигналы болып табылады. Жәй ғана жол бойынша шектен шықпай жүре беру керек, сол кезде барлығы Жақсы болады – Сен өз жолыңмен соңына дейін барып, өз Тағдырыңды (өмірлік мақсатыңды немесе осы өмірге келудегі себебіңді) орындайсың.


2. Өмір жолы.

Дұрыс стратегия тіпті көптеген тактикалық қателіктер болса да, ерте ме кеш пе жеңіске әкеледі. Мысалы - Уорен Баффет (қор нарығының өз бағасынан тым қымбат болғандықтан 10 жыл бойы қор нарығына кірмеген), Генри Форд, Томас Эдисон.
Жаман стратегия тіпті өте көп тактикалық жеңістер болса да, соңында жеңіліске әкеледі. Аблязов, Рахат Алиев, Храпунов, Ходорковский және т.б. мысалдарын айтуға болады.
Өмір таныс емес жерден жұмылған көзбен қозғалуға ұқсайды. Жұмылған көзбен тез жүрген сайын жылдамдықтан бір нәрсеге ұрынудың ықтималдығы жоғары. Егер сен жұмылған көзбен жүріп, қабырғаға немесе белгілі бір кедергіге тірелсең, бағытты өзгерту керек деген сөз. Шынайы өмірде де дәл солай.

Адамдардың сәтсіздіктерінің негізгі себебі болып бір жұмыстан екінші жұмыстан әрдайым бұлтаруында, әрдайым бір істі басқа іске ауыстыруында. Адам алдымен бір іске кіріседі, кейін оған басқа алаңқайдағы шөп көгірек болып көрінеді де, ағымдағы жұмысын тастап, көрші алаңқайға шүйгін шөпті жеу үмітінде жүгіреді. Алайда жаңа алаңқайға келгенде, шөптің соншалықты шырынды емес екендігі анықталады, ол жерде көптеген тарақандар мен жеуге жарамсыз қоңыздар болады. Сол кезде жаңағы адам жеуге жарамсыз шөпті қомағайлана жеп, әрдайым жан-жаққа қарап, жалтақтап, жақын арада шөбі көгірек басқа алаңқай бар ма екен деп көз жіберіп қарайды. Және оның көзқарасы тағы бір алаңқайды тапқан соң, қайтадан қуана, секіре-секіре сол жаққа барып, «Енді осы кезде алаңқай маған ұнайтындай болады!» деп ойлайды. Бірақ осы жаңа алаңқайда дәл жаңағыдай оқиға қайталанады, яғни алаңқай тарақандарымен, қоңыздарымен және жеуге жарамсыз шөбімен болады. Осылайша адам күннің шұғыласынан артынан күші мен қалауы жеткенше жүгіреді.

Осы үрдіс жолдағы көліктердің қозғалысын бақылағанда өте жақсы байқалады. Адамдар бір жолақтан екінші жолаққа уақыттың бірнеше секундын жеңу үшін тайынбай талпынып, ауысады (өмірдегі ақша аналогы).

Мысалы, белгілі бір адам өзінің жолағын көршілес жолаққа ауыстырған сәтте, осы көршілес жолақ тежеле бастап, ал осыған дейін оның жүрген жолағы тезірек қозғала бастайды. Содан кейін біздің кейіпкер көзін ашулана ойнақшытып, әлемдегі барлық нәрсені қарғап, қайтадан алдыңғы жолаққа қайтуға тырысып, бір жолақтан екінші жолаққа көшу барысында көптеген апаттық жағдайларды тудырады. Мазасыз жүргізуші өзінің алдыңғы жолағына көшіп, енді барлығын озамын деген кезде, оның жолағы кептеліске тіреліп, ал өзі жаңа ғана үлкен қиындықпен шыққан көршілес жолағы қозғала бастап, алдыға қарай жүреді. Дәл осы сәтте кейіпкердің жүзіне қуаныштың орнына ашыну мен үрей келіп, ол абыржи қайтадан көршілес жолаққа өту мақсатында тұтқаны бұра бастағанда: «Бум!», - біздің кейіпкер дәл өзі секілді өзінің vis a vis-н өткізгісі келмей, бірнеше секунд жеңгісі келген, шыдамсыз жүргізушіден бүйірінен соққы алады.

Немесе өзінің жолағымен жүріп келе жатып, адам алдынан белгілі бір кедергіні көріп, содан құтылу мақсатында көптеген қажет емес әрекеттер жасап, басқа жолаққа қарай өте бастайды да, кептеліс пен апат жағдайын тудырады, ал кедергі болған жерге жақындағанда, өздігімен кедергі таралғанын көреді және жаңағы адам артық әбігерленгеніп, зая жұлқынғандығы түсінікті болады. Өмірде де дәл солай, Сен өзіңе өзің кедергілерді ойлап тауып аласың (дегенмен де шынайы негізі бар), әлдеқашан бекітіліп қойған жолдан бұрасың, ал кейін сол кедергіде еш тәуекелдің болмағанын немесе сол нүктеге жеткенге дейін тәуекел жоғалып кеткенін көресің.

Алдағы мүмкін кедергілерге қарамастан өз жолыңмен жүр, өз жолыңнан тайынба, жолындағы жүрістің үрдісін жасанды тоқтатып немесе тездетпе, белгісіздікке қарай барудан қорықпа.

Өмірдің басты қағидасын есте сақтау қажет:
Өз өміріңнің мақсатын, өз ісіңді, өз өмірлік жолыңды таба салысымен, сізге осы жолдан тайынуға тыйым салынады. Тиімдірек, қызығырақ немесе сіздің «Жоғары мәртебеңізге» көбірек сәйкес көрінетін ешқандай ұсыныстарға еліктемеңіз.

Әйтпесе сіз әрдайым бір жолақтан екінші жолаққа бірнеше секунд (өмірде ақша) ұту үшін «Бум!» естігенше дейін әрдайым ауыса бересіз және естігеннен соң, енді басқа ешқайда және ешқашан бармайтындығыңызды түсінесіз.

3. Әдет.

Ұсақ-түйек бойынша сендегі бар әдет - үлкен шаруа жасауда да қайталанады. Егер өмірде асықсаң, дәл солай келісім жасауға да асығасың. Сәйкесінше күткеніңе қарағанда, ең нашар шарттарға келісе салуың мүмкін.

Егер ұсақ заттар бойынша сен әрдайым не қалайтыныңды білмей, әр жолы шешіміңді өзгертсең (мысалы қайда баратыныңды немесе не жейтініңді), онда дәл солай сен ірі істерде де, - мемлекетті немесе компанияны басқарған кезде де жасайсың.

Егер ұсақ жағдайларда шешіміңді өзгертетін болсаң, онда дәл солай үлкен істе де әрекет етесің.

Егер ұсақ заттар бойынша сен ісіңді соңына дейін жеткізбесең (мысалы, ғаламторда жаңадан не пайда болды екен деп әрдайым жұмыстан алаңдасаң), онда дәл осылай үлкен жұмыстар бойынша әрекет етесің, яғни әрдайым бизнес бағытын біріншісінен екіншісіне өзгертіп, нәтижесінде не анда не мында ештеңеге де қол жеткізбейсің.


4. Жетістік.

Егер адамның жетістігін ақша көлемімен өлшейді деп болжасақ, онда 7 000 000 000 ішінен тек АҚШ банктерін бақылайтын, ал солар арқылы бүкіл әлем экономикасын бақылайтын 10 адам ғана өзін жетістікке жеткен адам ретінде санай алады. Себебі, тіпті сенде $10 млрд. болса да, онда бәрі бір $11 млрд. бар басқа адам табылады. Ал бұл өз кезегінде сенің санаңа қарамастан психикаң үшін ең үлкен капитал жарысында сенің жеңілгендігіңді білдіреді. Және көп қаражатты иеленетін адаммен салыстырғанда сен бақытсыз болып есептелінесің. Және осындай жағдай бірден сенің ішкі жан дүниеңе әсер етеді.

Егер жетістікті лауазымның жоғарылығымен өлшесек, онда өзін жетістікке жеткен және бақытты деп өз елдерін басқаратын тек 200 шамасындағы адамдар ғана есептей алады. Қалғандары қаншалықты жоғары лауазымды иеленбесе де, әрқашан өздерінен жоғары лауазымды иеленетін басқа біреудің бар екенін көретін болады, ал бұл өз кезегінде оларға қарағанда оның жетістікке жеткендегін білдіреді.

Сол себепті де не ақша, не лауазым жетістіктің өлшеуіші бола алмайды, себебі ондай жағдайда адамдардың басым бөлігіне жетістікке қол жеткізу мүмкін емес болады.

Жетістік тек өркениет үшін белгілі бір жаңа және пайдалы нәрсе жасау ғана болып табылады.

Жетістік механизмі. Адамдар ашқан жаңалық тарихының барлығы, яғни отты жаға білуден бастап, ядролық ыдыраумен аяқтағанның бәрі – анықталған бір бағытта «таяқпен түрту», яғни адам баласының әуесқойлығының нәтижесі болды. Адамдар өздерінің «таяқпен түртулері» белгілі бір нәтижеге алып келгендігін көргенде, олар сол бағытта одан сайынғы ынтамен «таяқпен түртуді» жалғастыра берді. Осылайша әлеміміздің барлық ғылыми жаңалықтары дүниеге келген.

Кез келген жетістіктің себебі «таяқпен түрту» және шыққан нәтижесін бақылау болып табылады. Егер енгізілген өзгертулер жағдайды жақсартса, онда оларды қалдыру керек, ал егер нашарлатса, онда оларды алып тастау керек. Ал жетістікке жетудің жылдамдығы осы өзгертулерді қалдыру немесе алып тастау бойынша шешім қабылдау үшін, уақыт бірлігінде енгізілген өзгертулер көлемі мен енгізілген өзгертулердің соңғы нәтижеге қалай әсер еткенін қандай жылдамдықпен бақылайтыныңа байланысты.

5. Өмірдегі өзгерістер.

Қорқытатын немесе сені батпақта ұстап, жібермей жатқан шешімдерді қабылдаған соң ғана өміріңде өзгерістер басталады.

Әрдайым сені қорқытатын шешімді қабылдауға қорықсаң сен бір деңгейге төмендейсің.

Сені батпақта ұстап тұрған нәрседен және әрдайым шешім қабылдаудан бас тартсаң, сен одан да қатты батпаққа бата бересің.

6. Өзіңдегіні басу.

• Нәпсі. Сен өзіңнен сексуалды жүріс-тұрыстың көрсетілуіне назар аударуыңды алып тастауың керек.

• Маңыздылық. «Үйірдегі ең бас бабуиннің» сен екенін дәлелдеу мақсатында қымбат көлік, компания немесе кеңсе сатып алуыңды, сонымен қатар басқа адамдармен тұрақты түрдегі қақтығыстарыңды доғар.

• Қорқыныш. Дағдарыс кезінде, яғни үрей басталғанда, қорқынышыңды бас.


7. Маңыздылық.

Маңыздылық дегеніміз сенің жоғары әлеуметтік деңгейді иеленетініңді көрсетуге деген тырысушылық. Жануарлар әлемінде, жоғары рангті иеленетіндер көбірек ауқат, аң аулайтын жақсы аумақ және ең күшті ұрғашыларды алады. Ал біздің қоғамда ауқат көлемі ақша көлеміне ауысады, аң аулайтын аумақ сен бақылайтын компания көлеміне, ал күшті ұрғашылар дизайнерлік киімдерге киіндірілген, гауһар тастары толтыра ілініп қойылған әйелдерге ауысады.


Нағыз Мен және адами дене – энергияны әртүрлі түрінде қабылдайды. Дене үшін тамақ қажет, ал Нағыз Мен үшін тек Шығармашылық пен Қорқынышты жеңу ғана беретін таза энергия қажет. ДЕНЕ бұл -жанармайдан қуат алатын автокөлік, ал нағыз МЕН – автокөлік жүргізушісі. Егерде сіз көлік жүргізушісін жанармаймен қоректендіретін болсаңыз, ол өте аз уақыттың ішінде өледі. Егерде сіз өзіңіздің автокөлігіңіздің жанармай бөшкесіне сорпа құяр болсаңыз, сіздің автокөлігіңіздің отын жүйесі, сорпаны жаға алмай, қозғалтқыш поршенін қозғалысқа келтіре алмайды. Әркімге өзіне қажетті нәрселер бар – автокөлік қуат алуы үшін жанармай, ал жүргізушінің қуат алуы үшін тамақ қажет.

Сол себепті, егер сен тек адам кейпіндегі жануар болсаң, онда саған «Маңыздылық» сенің жануарлар әлеміндегі орныңды анықтау үшін қажет. Егер сен адам денесін қоныстанған, санаға ие, таза энергия болсаң, онда «Маңыздылық» сенің нағыз күшіңді төмендетеді.

Адам тәкаппарлана бастап, мұрнын көкке көтерсе, бұл жеңіліске аз уақыт қалды деген дабылды білдіреді. Маңыздылық өзін ұстау үшін өте көп энергияны қажет етеді, сол себепті шығармашылыққа өте аз энергия қалады. Маңыздылық қателіктерді байқауға және оларды дер кезінде жөндеуге кедергі етеді, сәйкесінше жағдай күннен күнге нашарлай түседі. Адам баспасөзде өзін немесе өз бизнесін мақтай бастаса, жуырда бәрі аяқталады дегенді білдіреді.

8. Энергияны жинақтау.

Сенің өз өміріңдегі мақсатыңды орындауға, Сыртқа ортаның тойтарысын жеңуге саған жеткілікті энергия қажет. Сыртқы орта дегеніміз сенің өмір сүріп жатқан уақытта қоғамда қалыптасқан нұсқаулар және осы уақытқа дейін белгілі бір заттарға деген қалыптасқан көзқарастар мен қоғамдық консенсус. Мысалы, біраз уақыт бұрын адамдар арасында Жер тегіс деген қалыптасқан көзқарас болды.

Сыртқы орта деп ата-анаңның, туысқаныңның, достарыңның, бастығыңның, Сені қоршайтын діни қоғамдардың нұсқауларын Сенің басыңа қағып кіргізуін айтамыз. Сыртқы орта деп саған журнал беттері, теледидар, газет, ғаламтордың және т.б. саған міндеттейтін өмір салтын айтамыз.

Сыртқы орта деп ата-атаңның немесе сені қоршаған қоғамның саған олардың міндеттейтін жолы болып табылады. Сыртқы орта газет, теледидар немесе жақын адамдарынан келетін жетістік анықтауышы. Сыртқы орта деп Сенің өміріңнің мақсаты мен мәні ата-атаңның, мектебіңнің, діни қоғамның түсінігіндегі мақсат пен мән.

Бұл әрине қоғамның, ата-ананың немесе теледидардың айтқандарын бәрін ұмытып, керек емес және қажетсіз нәрсе деп жуынды жәшігіне тастай салу керек дегенді білдірмейді. Жәй ғана саған қай нұсқаулар сенің өсуіңе, дамуыңа және өмірлік мақсатыңды орындауыңа кедергі келтіріп жатқанын, ал қайсысы керісінше саған көмектесіп, сені қайғыдан сақтап, Сенің шығармашылығыңа жеткілікті жайлылық жасап жатқанын түсіну керек.

Мысалы, әр қоғамда бар, - ұрлық пен өлтіруге тыйымдар сенің өміріңді тыныш және қауіпсіз етіп, Сенің дамуыңа кедергі етпейді. Ал саған міндеттелген жетістік стереотипі, яғни әйелдермен қоршалған бай еркек стереотипі, егер сен оған сәйкес келмейтін болсаң, сені психологиялық тұрғыдан сындыруы мүмкін.

Сенің діни қоғамыңның жетекшілері мен көшбасшыларының түсінігіндегі және орындауындағы діни ережелер, заңдары және жүріс-тұрыс үлгілері сені түпке алып кететін тас болуы мүмкін. Бұл қайтадан барлық діни заңдылықтарды және бұйрықтарды өз өміріңнен алып тастау керек дегенді білдірмейді, бұл дегеніміз сенің діни қоғамыңның көшбасшыларының түсінігі қате болуы мүмкіндігін айтады және діннің әрбір ережелерін қалай түсіну немесе талдау керектігіне қатысты сенің өзіңнің ойың болуы қажет.

Сенің діни қоғамыңдағы көшбасшылардың жүріс-тұрыс үлгісінің түсіндірілуін соңғы инстанцияның ақиқаты деп қарастырмай, тек тағы бір адамның көзқарасы, ойы деп қабылдау керек.

Сенде Құдаймен өзіңнің байланысың болу керек. Құдай мен өзіңнің араңа басқа адам күйінде ешқашан делдал қойма, тіпті бұл адам сенің діни қоғамыңның көшбасшысы немесе дін мамандарының ішіндегі ең беделдісі болса да.

Тойтарыстарын жеңу керек Сыртқы орта не екенін ұғынған соң, саған қажет Энергия жайлы әңгімелесейік.

Адам Энергияны тамақтан және тікелей Ғарыштан алады. Мысалы, егер сіз шаршаңыз, шоколад жей аласыз және бірден Энергия жинағаныңызды сезесіз. Бұл Энергияны тамақтан алу мысалы.
Бірақ біз Энергияны басқа да көздерден ала аламыз. Ұйықтап тұрғаннан соң күштің жиналуы – Энергияны тамақтан емес, Ғарыштан тікелей алудың мысалы. Сіз тіпті аш қарынға ұйықтасаңыз да, тұрған соң сіз өзіңізді демалғандай және балғын сезінесіз.
Энергияның Бүкіл Әлемде жинақталуы мен бөліну принциптері тірілер мен тірі емес пішіндерге де бірдей болып келеді.

Мысалы, егер өзенді бөгетпен немесе бөгеумен қоршап қойсақ, біз су Энергиясын жинақтай бастаймыз және бөгеуіміз үлкен болған сайын, біздің су Энергиясын көбірек жинаудың потенциалы көбірек болады. Кейін жиналған су Энергиясын не қиратуға (бөгеттің бұзылғанында су басады және су шайып кетеді) немесе пайдалы іске (трубина қозғалысы арқылы адамдарды электр қуатымен қамтамасыз ету) жұмсауға болады.

Энергияның өзі заттың тепе-теңдік күйін ұстап тұрған байланыстары бұзылған сәтте пайда болады да, қайтадан тепе-теңдік күйіне оралған кезде жоғалады.

Сумен көрсетілген мысалда Энергия суды тыныштық күйінде (тепе-теңдікте) ұстап тұрған затты алып тастаған кезде пайда болады. Бөгетті алып тастаған сәтте суды тыныштық күйде ұстап тұрған тепе-теңдікті бұзамыз және су Энергиясы шайқалып төгіліп, жақын орналасқан төңіректі бұзуға және басуға бағытталады. Егер де біз бөгеттегі ысырманы ашып, содан ағатын суды электрогенератор трубинасына бағыттасақ, онда біз халыққа электр қуатын бере аламыз. Бұл жағдайда суды тыныштық күйінде сақтап тұрған тепе-теңдікті бұзушы болып ысырманы ашу болды, ал судың шайылып төгілген Энергиясы қиратуға емес, жасампаздыққа жұмсалды.

Атом ядросын ыдырату арқылы ядроны тепе-теңдік күйінде ұстап тұрған нәрсені алып тастаймыз. Осыдан кейін ядрода орналасқан энергия өзін ұстап тұрған байланыстардан айырылып, сыртқа қарай шығады да, біз не атом жарылысын не бейбіт атом энергетикасын аламыз.

Адамдағы энергия дәл сондай принцип бойынша жинақталады. Адам – тұрақты түрде энергияны жинақтайтын және жұмсайтын батарея. Адам, - оның ішкі тыныштық күйін бұзатын және сәйкесінше энергияның жұмсалуына алып келетін заттардан толыққанды бас тартатын болса, оқталады. Ішкі тыныштық күйді бұзатын, Энергияның жұмсалуына алып келетін заттарға: БАҚ, адамдармен сөйлесу жатады.

Әркез сіз ТВ көрген, ғаламтор оқыған, адамдармен сөйлескен сайын сіздің қызғаныш, қорқыныш, тәкаппар, маңыздылық, нәпсі, ұнауға деген құштарлық, ыза, ашуыңызды тудыратын жағдайлар туындайды. Осы эмоцияның барлығы ішкі тыныштық күйдің бұзылуына, кейін энергияның жұмсалуына алып келеді.

Мысалы, сөйлесу барысында бір адам сізді «ақымақ» деді, дәл осы сәтте сіздің ішкі тепе–теңдігіңіз бірден бұзылып, Энергияның бөлінуі жүреді. Осыдан кейін сіз Энергияны не сол адаммен төбелесуге және жанжалдасуға не жаңалық ашуға жұмсауыңыз мүмкін, яғни жаңалық аша отырып, сіз оған да өзіңізге де сіздің «ақымақ» емес екендігіңізді дәлелдей аласыз.

Жалпы энергияны тез алудың жолы - саған қарағанда көпке қолы жеткен адаммен өзіңді салыстыру болып табылады. Салыстырудан жеңілу - сенің ішкі тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді, ал бұл өз кезегінде энергияның пайда болуына әкеледі. Ал ары қарай мінезіңізге байланысты – не энергия жеке қирауыңызға жұмсалады, яғни салыстырудан кейін жеңілгендіктен пайда болған депрессияны басу мақсатында ішіп, қыдыруыңыз мүмкін, немесе энергияңыз жасампаздыққа жұмсалады, яғни қажырлы еңбек арқасында салыстыру объектісіне қарағанда одан сайын жетістікке жеткен адамға айналасыз.

Сонымен қатар келесіні түсіну қажет: егер сіз энергияны әрдайым ұсақ-түйекке жұмсай берсеңіз, онда сізде үлкен нәрсе жасау үшін оқталудың қажетті деңгейіне жету үшін жеткілікті энергия қалмай қалады. Яғни сіз бөгеттің ысырмасын қайта-қайта ашып, суды жібере бересіз, сондықтан да, турбина жасап, не су тасқыны жасау, не халыққа электр қуатын беру мақсатында ешқашан жеткілікті су жинай алмайсыз.

Осы себепті де, жеткілікті Энергия жинақтау үшін ішкі тепе-теңдікті бұзатын кез келген заттан максималды түрде аулақ болу керек. Ішкі тепе-теңдіктің бұзылуына БАҚ-ты қарау, адамдармен сөйлесу алып келетіні естеріңізде шығар.

Сіздің ішкі тепе-теңдігіңіз бен тыныштығыңызды бұзатын заттардан аулақ бола бастаған сәттен бастап, сіз Энергия жинақтай бастайсыз және ерте ме кеш пе осы жинақталған Энергия сізге ғылыми жаңалық ашып, шедеврлерді жасауға мүмкіндік беретін деңгейге жетуге көмектеседі. Яғни жинақталған су турбина арқылы халыққа электр қуатын беруге немесе үлкен және қиратушы су тасқынын жасауға мүмкіндік беретін жеткілікті Энергияға ие бола бастайсыз.

9. Энергия жинақтаудың техникасы қарапайым.

Біріншіден, күніне 4 сағат өзіңмен оңаша болу керек. Осы уақыт ішінде – ұйықтауға, жатуға, кез келген ойын ойнауға, кез келген адаммен сөйлесуге, кез келген электронды немесе электр қуаты арқылы жұмыс істейтін қондырғыларды қолдануға, музыка тыңдауға, ән айтуға, билеуге, тамақ дайындауға, сурет салуға және басқа да сіздің ішкі тыныштығыңызды бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Сізге тек: жүруге, отыруға, келген ойларыңызды қағазға жазуға, өз-өзіңізбен сөйлесуге (ақылды адаммен сөйлесуге әрқашан тақырып табылады), ойлануға болады. Бұны күн сайын жасамауға болады, алайда жеткілікті жиі жасап тұру керек, мысалы кем дегенде 4-5 күнде бір рет.

Және есіңізде сақтаңыз, әр кез сіз өзіңіздің Маңыздылығыңызға, Нәпсіңізге, Қорқынышыңызға сіздің су бөгетіңіздегі тесік жасайтын жарылыс ретінде болуына жол бермесеңіз, сіз жинақталып жатқан энергия көлемін ұлғайтып, мықтырақ боласыз.

Екіншіден, шешім қабылдайын деп жатқан кезде, көбірек қорқыныш сыйлайтынын таңда. Егерде таңдау қиын болса, онда ештеңе де жасама, яғни әлі уақыты келмеді.
Өмірге келгеннен бастап біздің басымызда қорқыныш ұялай бастайды. Қорқыныштың ұялауы бала бақшада (бабай туралы әңгімелер), сосын мектепте, университетте, жұмыста жалғасады. Қорқыныштың себебі әр кезде әр түрлі – ата-ананы ренжітіп алу, нашар баға алып қалу, емтиханнан құлап қалу, жалғыздықта және достарсыз қалу, жұмыстан шығарылу қорқынышы, және т.с.с. Қорқыныштың бет бейнесі әр түрлі, бірақ, мәні бір. Қорқыныш құшағынан шығу үшін, үнемі оған қарсы жүру керек.

Егерде сен ажалсыз екеніңді түсінсең және тек адам денесін иемденген таза энергия екеніңді білсең, ал қазіргі денең биологиялық өлімге тап болған кезде, сен басқа тасымалдаушыға енетініңді ұқсаң, - қорқыныш сені басқармайтын болады.

Үшіншіден, Басқа адамдарға ұнау құштарлығы негізінде шешім қабылдауға тыйым салынады. Сен ризалығын тілеп жүрген адамыңның құлына айналасың. Және бұл бірден энергияның жоғалуына алып келеді.

Ризалығын алғың келіп жүрген адамның кім екені мүлдем маңызды емес. Ол сенің ата анаң, достарың, әйелің немесе балаларың, тіпті саған дауыс берушілер болуы мүмкін. Егерде сен бір нәрсе жасағың келсе, біреудің ризалығын алу үшін емес, өзің үшін жаса.

Төртіншіден, өз маңыздылығынды көрсету құштарлығы негізінде шешім қабылдауға тыйым салынады. Себебі маңыздылық негізінде қорқыныш жатыр. Қорқыныш үнемі энергияның жоғалуына алып келеді.

Бесіншіден, Борыштық сезім (жанұяға, достарға, дін қоғамына, мемлекетке деген борыштық сезім), кінәлі болу сезімі немесе міндетті болу сезімі итермелейтін кез келген әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Кез-келген борыштық сезімі, міндетті болу сезімі, кінәлі болу сезімі – осы сезімді тудыртқан адамның құлы болуға сені алып келеді. Себебі, сен ол адамға (адамдарға) сенің не істеуің керек туралы шешімді қабылдау құқығын тапсырып отырсың, сонымен қатар сенің әрекеттерің дұрыс немесе бұрыс екендігі туралы шешімді оларға тапсырып отырсың.

Егер сіз қадам-қадаммен осы ұстанымдарға сәйкес өмір сүре бастасаңыз, сіз нағыз Адамға айнала бастайсыз. Сіздің өміріңізден кез-келген келіспеушіліктер мен жаман жаңалықтардың бәрі жоғалатын болады. Сіздің қуатыңыз енді жануарлар үйіріндегі жоғарғы деңгейіңізді дәлелдеуге жұмсалмайды. Сіздің Күшіңіз бен Энергияңыз шұғыл түрде көбеетін болады. Сіз шығармашылықпен айналысып, жаңадан бір нәрсе ойлап тауып, соны жасай бастайсыз. Сіз бұл әлем үшін үлкен қуат көзіне айналасыз.



10. «Басқалары қорқақтаған кезде, - жаса да, бәрі түйебасқа қарай жүгіргенде шетке қарай кет» ережесі:

Өмірде және бизнесте әрқашан екі жағдай туындайды. Біріншісі, сені қоршаған адамдар ұялшақ болып келеді де шетте қалуға тырысады. Осы кезде ең жақсы позицияны батылдық танытып өзіне бастаманы алған адам алады. Бастаманы алған бірінші адам басқалары қорқақтап шетте отырған кезде өзіне ең жақсы тілімдерді алады.
Өте белсенді және басынан бастап бастаманы алатын адамдар қоршайтын жағдайда ештеңе жасамайтын адам ұтыста болады. Және басқалары бірін бірі жойып төбелесіп жатқан кезде, төбелестен шетте тұрған адам басымдылыққа ие болады. Барлығы тоқтамаған төбелестен әлсіреп, өз ысыраптарын есептеп, активтерді өте жоғары бағамен сатып алып, жаулап алғандарын ұстап қалу үшін ресурстарының жеткіліксіз екенін көреді. Осы кезде бағаның төмендеуі басталады да жеңіс шайқасқа қатыспай шетте бақылап тұрған адамға өтеді.

11. «Аристократияның құлауы» сабағы.

Аристократияның құлау себебі олардың жеке өзін-өзі қамтамасыз етуіне жеткілікті кіріс әкелмейтін, сонымен қатар қамтамасыз ету бойынша шығынды тұрақты түрде талап ететін активтердің өте көп болуында болды. Тіпті оларда қалғандарының бәрін қамтамасыз етуге жеткілікті ресурс беретін актив болған күннің өзінде де, ерте ме кеш пе бұл ақшалы актив ақырында нарықта тиімділігі бойынша жеңіліс тауып отырды. Өйткені, осы актив табатын ақшаның барлығы сол активтің жақсаруына емес, басқа жерлерді қамтамасыз етуге және Аристократтың салтанатты өмірін қолдауға жұмсалып отырды.

Аристократта оның басқа жерлерін және Активтерін, яғни бекініс, атқора, сарайлар, үйлерін және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік ететін, жақсы кіріс беретін зауыт немесе үлес бар деп елестетейік. Бірақ нарықта басқа да зауыттар мен үлестер болды, олар да Аристократтың зауытына бәсекелес болып, тура сондай өнім өндіреді де, өз иелеріне кіріс береді. Алайда осы иелер Аристократқа қарағанда зауыттан түскен кірісті өнімдерінің сапасын жақсартуына және бағасын төмендетуге жұмсады. Сол себепті олардың өнімдері ерте ме кеш пе сапалырақ, технологиялырақ, арзанырақ немесе сатып алушыларға көбірек ұнамды бола бастады. Нәтижесінде Аристократ зауыты бәсеке соғысынан жеңіліп, банкроттыққа ұшырады. Кейін осы зауыттың артынан Аристократтың өзі банкрот болды, себебі оның енді қалған жер үлестерді, бекіністерді, атқораларды, сарайларды, үйлерді және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ешқандай кірісі қалмады.

Бүгінгі әлемде мүлік иесі де өзіне тән заманауи Аристократ болып табылады. Ешқандай мүлкі жоқ, бір тілім нан немесе үй сатып алуға өз еңбегін сатуға мәжбүр адамдармен салыстырғанда, ол жоғарырақ әлеуметтік деңгейді иеленеді.

Заманауи Аристократтың компаниялары мен зауыттары, активтері, жемекеменшіктері оның иелегіндегі өзінше қамал мен қалалары болып табылады. Ал оның зауытында, компаниясында жұмыс істеп, ақша тауып беріп жатқан адамдар - Аристократтың заманауи армиясы. Аристократтың қарауылдары, қызметшілері, көлік жүргізушілері, туысқандары және хатшылары, яғни Аристократ қоршауының өндірмейтін бөлігі – тұрақты түрде өзін қамтамасыз етуге шығынды талап ететін, орнына ештеңе бермейтін, тек Аристократтың атақ құмарлығына жұбаныш болып табылатын, пайдасыз гарем.

Демек, саған ақша алып келетін сенің активтерің, жекеменшігін көп болған сайын, сенің армияң да үлкен болады. Және сен армиясы кішкентай, ал гаремі үлкен адамға қарсы шықсаң, оның нәтижесі айқын. СЕН сол Клоунды жойып жібересің де, оның гаремін өзіңе аласың. Бірақ оның қателігін қайталама, яғни гаремдегі пайдасыз әйелдермен уақытыңды жоғалтпа. Сол гаремді сен үшін жұмыс істеткізіп, сен үшін пайдалы нәрсе жасауға мәжбүрле.


Сол себепті де Саған тек өзін қамтамасыз ету бойынша шығынды талап ететін, пайда әкелмейтін активтерді сатып алуға тыйым салынады. Өз армияңды көбейт және күшейт (сен үшін ақша тауып жатқан адамдарды) және гаремді қысқарт (сенің атақ құмарлығыңды жұбататындарды).

12. «Қара мысыққа тиіспе» ережесі.

«Қара мысыққа тиіспе» ережесі келесі мағынаны береді: жағдай саған тиіспейінше, сен оған тиіспе. Бейнелеп айтатын болсақ, терезн алдындағы тақтайда ара отыр және ол ешкімге тиіспеді, сен оны бөгет болып тұр деп шешіп, шығарып жіберуге тырысасың. Нәтижесінде орамалмен араны қағамын дегенше, не ара сені шағады да, не сен кездейсоқ ыдыс-аяқ сындырасың. Немесе хайуанатқанада серуендеп жүріп, сіз жолбарысқа тамақ берейін деп, жақсы іс жасағыңыз келді. Нәтижесінде жолбарыс сіздің қолыңызды тістеп алды.

13. Өмір ағысы.

Өмір ағысының өз жылдамдығы бар. Сол себепті өз бастамаңызбен үрдісті тездетпеңіз немесе тоқтатпаңыз. Егер сен үрдісті тездетсең, онда сен қолайлы мүмкіндіктің әлі жетілмеген кезінде болып қаласың да, сенің тырысуың бос кетеді. Бейнелеп айтатын болсақ, сен ақпанда, әлі жерде қар жатқанда және қатты аяз тұрғанда жерді жыртып, егін егуге тырысасың. Әрине сенің бар күшің зая кетеді.

Немесе үрдісті артығымен тездетіп, әлі жаман жағдайлары бар уақыт нүктесіне жүгіріп келесің, ал негізі бұл жаман жағдайлар сәл кешірек болу керек еді. Осыған байланысты сен уақыт нүктесіне өмірдің табиғи жүрісі бойынша қарастырылғаннан ерте жүгіріп келдің, енді сені жақсы нәтиженің орнына керісінше проблемалар мен қиындықтар күтуде.

Сонымен қатар, жасанды түрде өмір ағысын тежеме. Мысалы, саған қорқынышты бола бастайды да, сен керісінше өмір ағысын түрлі жолмен тежейсің – кездесулердің, жұмыстардың және т.б. уақытын ауыстырып немесе кейінге қалдырасың.

Барлығы қажет болғанындай жүретінін есте сақта. Ойыныңды бұзып алмау үшін қысымды күшейтпе, дәл сол секілді өмір ағысын не тездетпе не тежеме.


14. Өмір сабағы.

Өмір сабағы айтқаныңды сен сөзбен емес іспен дәлелдемейінше қайталана береді. Сабақты ұғыну дегеніміз дәл сондай, яғни сені қорқыныш пен үрей билеген жағдайда, - сен бұрында жасағаныңдай, жасамауың керек.

15. Ешкімнің жағында жанжалға араласпа.

Сені сауын сиыры ретінде қарастыратын адамдарға көмектеспе. Сені немесе сенің ресурстарың мен байланыстарыңды өзінің дамуына трамплин ретінде қарастыратын адамдарға көмектеспе. Альфа-еркектерді бақылау мақсатында олардың өсуіне көмектеспе, себебі олар жақсы қарым-қатынасты түсінбейді және ешкімге бағынбайды. Әрқашан барлық нәрсемен риза емес адамдарға көмектеспе, олар ешқашан игілікті түсінбейді, көмекті сенің тарапыңнан болуы керек міндет деп санайды.


ДҰРЫС ШЕШІМ БЕЛГІЛЕРІ.


1. Саған сенің жайлылығыңнан тыс ұсыныс айтылады және осы ұсыныс саған Қорқыныш сыйлайды. Бұл Сенің қолыңнан келмейді, ақша жоғалтып аласың немесе басқа адамдар алдында күлкілі және ақымақ, т.с.с болып көріну қорқынышы.


2. Шешім қабылдаған соң жақсы оқиғалар бола бастайды, барлық іс оңға басып, тез әрі жеңіл жүреді, - бұл дегеніміз сенің қабылдаған шешімің дұрыс. Сол себепті тоқтама, керісінше шешімді соққы жасап, жеңісті ал.
ЖАМАН ШЕШІМ БЕЛГІЛЕРІ.

1. Сен келесі қағидалар негізінде шешім қабылдайсың: «давай-давай», «тез-тез»; «қанша ақша қажет болса да бөлуге дайынбыз, тек Менің қалағанымды алсақ болды»; «Мен қазір сендерге қандай мықты және күшті екенімді көрсетемін»; «Маған не істей алады екенсің, кәне көрейік!?»

2. Сен өзіңді - союға әкетіп бара жатқан қой секілді сезінесің. Саған қоқан-лоқы жасайды немесе саған «қазір немесе ешқашан», «не біздің айтқандай жасайсың, не біз сенімен жұмыс істемейміз» және т.б. деп айта отырып, қандай да болсын шешім қабылдауға мәжбүрлейді.

3. Сен адамдарға ұнауға деген құштарлық негізінде және оларға әсер қалдыру мақсатында шешім қабылдайсың.

4. Сен өзіңнің Маңыздылығың мен Күштілігіңді көрсетуге құштарлық мақсатында шешім қабылдайсың да, саған бәрі қызғана қарайтынын елестетесің.

5. Борыштық сезім (жанұяға, достарға, дін қоғамына, мемлекетке деген борыштық сезім), кінәлі болу сезімі немесе міндетті болу сезімі негізінде шешім қабылдайсың.

6. Дәл осы шешімді қабылдауға сенде орасан ықылас болды. Бұндай жағдайда жәй ғана кетіп бара жатқан жолмен жүруді жалғастыру қажет.

7. Сен бұл шешімді сені ұялаған үрей негізінде қабылдадың. Бұндай жағдайда жәй ғана кетіп бара жатқан жолмен жүруді жалғастыра беру керек және үрей туындағанға дейінгі қабылдаған шешімді ешқалай өзгертпеу керек.

8. Сен тұрақты түрде білгілі бір кедергілерге кезігесің. Сен жағдайды тізесінен сындырудасың. Қиындықпен жүретін жұмысты жасама.

9. Кенеттен бағаның өсуі.

10. Сен немесе басқа адам ұмытып кеткен шешімге қайта ораласың.

11. Шешім қабылдауға сені не Вервольф не Қансорғыш итермеледі.

ШЫДАМДЫЛЫҚ&ТАБАНДЫЛЫҚ


1. Егер шешім қабылдасаң, онда қайсарлықпен және шыдамдылықпен оны жүзеге асыр.

2. Барлығын алып, тастай салғың келгенде, яғни ары қарай ештеңе болмайтын секілді болған кезде, дәл осы сәтте сен жетістік табалдырығында тұрсын деген сөз.

3. Барлық нәрсе сені шаршатып, «қылышпен бұлғау»-ға құштарлық ашылатын болса, шыдамды және байсалды бол. Бұны - жағдай тыныш және сенің бақылауыңда болған кезде емес, керісінше жан-жақтың бәрінде үрей, қорқыныш болып, не істерін білмеген кезде жасау керек. Осындай кезде өз Қорқынышыңды басып, таңдаған жолыңмен баруды жалғастыра бер.

4. Бастаған кезде барлығы қолыңнан келе бастаса, - тоқтамай, жалғастыра бер. Жіпті тарттың ба, соңына дейін, шүйке жіп түгел тарқатылмайынша тарта бер.

5. Қорқыныш, үрей, адамдардың тойтарысы болған кезде әлдеқашан қабылданып қойған шешімді өзгертуге тыйым салынады. Әркез қорқынышқа, үрейге және адамдардың тойтарысына қарамастан, сен қабылдаған шешіміңді сақтасаң, сен мықтырақ боласың.


АДАМДАРМЕН ТІЛДЕСУ ЕРЕЖЕСІ.
1. Егер тірі жан өміріңе қауіп төндірмесе, оны өлтіруге тыйым салынады.
2. Тірі жанды азаптап, қорлауға тыйым салынады.

3. Егер адам ешқандай себеп бермесе, оған шабуыл жасауға тыйым салынады.

4. Басқа адамдардың еңбек өнімдерін күшпен, ұрлықпен немесес алдап тартып алуға тыйым салынады.
5. Өзаралық шарттар бойынша жақыныңа көмектес.

6. Егер «Қансорғышпен» немесе Басқыншылмен қақтығыссаң, бірден жауапты соққы беру керек.

7. Әрқашан шындықты айт. Себебі сен қорыққан кезде өтірік айтасың. Адамды ренжітіп алуға, дау, жан-жалға тап болуға және т.б. қорқасың. Бірақ шындықты адамға қорлаушы сарында айту керек деген сөз емес. Шындықты адамға өзін қорланған немесе шабуыл жасалынған адам ретінде сезінбейтіндей айт.

8. Басқа адаммен қарым-қатынасы бар адаммен төсектес болма, ұйықтама.

9. Егер адам әдейі емес қателессе, Кешірім Жауапты соққылар топтасынан құтылуға мүмкіндік береді.

10. Қызғаншақтықтың болмауы. Бұл басқа адамдардың жекеменшігін тартып алудың орнына сіздің энергияңызды кеңеюге және жаңа бір нәрсеге жасауға бағыттайды.

11. Шоғырлану, - яғни «Қорғаушы», «Қарапайым шаруа», «Кекшіл шаруа» (Капиталист), «Қанға қан», «Қанға екі қанды» бір жерге жинауды талап етеді. Осы біріккен кооперация арқылы адал емес стратегияларды күш бойынша жеңіп, өмір сүру арелын жаулап алуға болады.

«Вервольф», «Қансорғыш» «Дүбара», «Қорқау қасқыр», «Кентаврды» дос немесе ұзақмерзімді одақтас ретінде ешқашан қарастырма. «Кентавр» қорқақ болғандықтан, бірінші сыбдырдан қашып кетеді. «Вервольф», «Қансорғыш», «Дүбара», «Қорқау қасқыр» үшін қолайлы сәт бола салысымен саған шабуыл жасайды. Немесе сені ресурс тасымалдайтын олардың бағынушысы деп қолданады.

12. Агрессивті және эмоционалды адамдармен жұмыс істеу принциптері: Олар қысымға төтеп бере алмайды, қажет табандылыққа ие емес. Егер олардың алғашқы соққысына төзсең, онда олар өте тез арада шаршап, кейінге шегінеді. Алғашқы шабуылдан соң, тез арада күш-қуатынан айырылады да, олардың қоқан-лоқыларынан тек шаң қалады.

Позицияның табандылығы мен келісімге келмеу позициясынан олар қорқады, тізе бүгеді. Олар қорқақтау және қажет төзімділікке ие емес. Әрине бұл нәрсе олар төбелеспейді, өлтірмейді, тойтарыс бермейді деген сөз емес. Тіпті олар өздерін басында өте жауынгерше ұстаса да, кейін олардың күресі ұзаққа созылмайды және өте тез арада беріліп, кейінге шегінеді. Олар соңына дейін баруға шешім қабылдаған адамдар алдында тізе бүгеді.



ҚОРҚЫНЫШ.

Өмірге келгеннен бастап біздің басымызда қорқыныш ұялай бастайды. Қорқыныштың ұялауы бала бақшада, сосын мектепте, университетте, жұмыста жалғасады. Қорқыныштың себебі әр кезде әр түрлі –ата-ананы ренжітіп алу, нашар баға алып қалу, жалғыздық және достарсыз қалу, жұмыстан шығарылу қорқынышы, және т.с.с. Қорқыныштың бет бейнесі әр түрлі бірақ, мәні бір. Қорқыныш құшағынан шығу үшін, үнемі оған қарсы жүру керек.
Егерде сен ажалсыз екеніңді түсінсең және тек адам денесін иемденген таза энергия екеніңді білсең, ал қазіргі денең биологиялық өлімге тап болған кезде сен басқа тасымалдаушыға енетініңді ұқсаң, - қорқыныш сені басқармайтын болады.
Біздің өмір сүруімізге бөгет жасап, өміріміздің көп бөлігін шынжырда ұстайтын қорқыныштың екі түрі бар:

Жүре пайда болған қорқыныш – бізбен шынымен де болған оқиға нәтижесі болып табылады. Мысалы, қақтығыс нәтижесінде адам физикалық жарақаттар алып, басқа адамдармен қақтығысқа түсуден қорқа бастады. Немесе бастығына қарсы тұрғандықтан, жұмыстан шығарылған болатын, соның нәтижесінде өмірі нашарлай бастады. Сол себепті ол өз ойын айтудан қорқатын болды.

Осындай қорқынышты жеңу үшін осы негативті оқиғалардың барлығы адамның дұрыс емес жүріс-тұрысы екенін түсіну қажет. Бұл оның өз жануарлық түйсігін басқара алмағандықтың нәтижесі, яғни нәпсі, маңыздылық, басқа адамға ұнауға деген құштарлық, қорқыныш.

Сол себепті, егер адам өз жануарлық түйсігін бақылауда ұстаса, онда ол ешқашан жаман оқиғаларға тап болмайды.

Ойдан шығарылған қорқыныш – біз бір жерден естіген, оқыған немесе кинодан көрген жағдайлар адамды жаман зардаптарға душар етті дегенді білдіреді. Нәтижесінде ешқандай негативті тәжірибені иеленбей, біз басқа адамдар үшін жаман аяқтаманы болжаймыз. Нәтижесінде тіпті өз көлеңкемізден қорқа бастаймыз. Демек біз өзімізге өзіміз жеңе алмайтын қорқынышты ұялатамыз.

Бұдан шығу жолы болып қорқынышты қайта форматтау болып табылады. Егер балалық шағыңызда сізге қорқынышты оқиғалар айтып, түндегі сыбдыр дегеніміз сенің артыңнан қорқынышты бір нәрсе келіп, сені жеп қояды дегендіктен, сіз түнде сыбдырдан қорықсаңыз, онда келесі ретте сыбдыр естігенде, сіз өзіңізге осы сыбдырдың өміріңізге жақсы бір нәрсе еніп жатқандықтың белгісі деп айтыңыз. Осылайша бірнеше айдан соң, түндегі сыбдыр енді сізге қорқыныш емес өмірдегі жақсы оқиғамен байланысты болады.

Қорқынышты жеңудің принципі әрқашан бірдей – саған көбірек қорқыныш сыйлайтын нәрсені жаса.

Жалғыздық қорқынышы:

Сен жалғыз қалудан қорқуды доғарсаң, Жер бетіндегі ең мықты адам боласың. Жалғыздықтан қорқу – сенің жақсы не жаман өмір сүріп жатқаныңды тек басқа адамдар ғана бағалай алады дегенді мойындаумен тең.

Жалғыздықты мойындау және қабылдау тек СЕН ғана өзіңнің іс-әрекеттеріңді бағалай алатыныңды білдіреді. Бұл дегеніміз шешім қабылдау Орталығы тек сенің ішінде орналасқан.

Адамдардың Дұрыс тілдесу принциптерін ұстанбай, достарының, туыстарының немесе жұмыстағы әріптестерінің әдепке жатпайтын қылықтарына мін тағып, кінәламау себебі, - егер олар принциптерді ұстанып, акцентті адами қарым-қатынасқа қоймаса, онда олар жалғыздықта қалуы мүмкін. Және осы нәрсе көп адамға қорқыныш сыйлайды. Сонымен қатар тәжірибе келесі нәрсені көрсетеді: достар, туыстар жақсы қарым-қатынасты түсінбейді және достарыңмен қарым-қатынасты жақсартып, ерте ме кеш пе жақсы қарым-қатынас ұстаған адамың саған көмектеседі деп үміттенгенге қарағанда, көмекті бейтаныс адамдардан сұраған жақсырақ.


КЕЗ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ.

Қорқақтық – саған берілген мүмкіндікті қолдануға бөгет етеді. Шешім қабылдау керек кезінде Сен уақытын созып, қорқақтайсың, сол себепті өз Мүмкіндігіңді жоғалтып аласың. Қақтығысқа түскен кезде – Сен таяқ жеймін және жеңіліп қаламын деп қорқасың.

Сенің әрқашан жеңуге деген мүмкіндігің бар, тек жетістікке жетуге саған қорқақтық бөгет жасайтынын есте сақта.

Мүмкіндік әрқашан үрей, белгісіздік жағдайында, болашаққа деген қорқыныш кезінде беріледі. Өмір саған мүмкіндік берген кезде, сен не асықпағандықтан мүмкіндігіңді жіберіп аласың, не қорқып, қайтадан өз ініңе қарай жүгіресің. Осылайша сен мүмкіндітерді бірінен соң бірін жоғалтып аласың.

Асығыстық – жіберіп алған сәттің есесін толтыру мақсатында, соқыр тәуекелге бел буасың.

Соңына дейін апармау – уақытынан ерте берілу. Барлығын алып, тастай салғың келген кезде, дәл осы кезде, сен жетістікке жетудің табалдырығында тұрсын деген сөз.

ӨМІР СӨЗДЕРІ.


1. Нәресте дүние есігін ашқан кезде айтылуға тиісті сөздер:
Сені осы әлемде қош көрдік!
Сен біздің әлемге жаңа нәрсе жасау үшін келдің! Сен біздің әлемге мықтырақ болу үшін келдің! Сен біздің әлемге үлкен қуат көзіне айналу үшін келдің!
Өз жануарлық түйсігіңді тізгендеп ұста. Өз нәпсіңді басқара біл, Өз маңыздылығыңды көрсетуге деген тілегіңді тежей біл, өз қорқақтығыңды баса біл.
Бұл өмірді осы өмірге келгендегі күйіңе қарағанда мықтырақ болып кететіндей етіп сүр. Біздің әлем үшін үлкен қуат көзіне айнал!

2. Өлер алдында сенің айтуға тиісті сөздерің:
Мен дүниеге қайта келуге дайынмын! Мен бұл өмірден осы өмірге келген күйімнен мықтырақ болып кетіп барамын!
Мен жануарлық түйсігімді тізгендеп ұстай білдім. Мен өз нәпсімді басқара білдім, өз маңыздылығымды көрсетуге деген тілегімді тежей білдім, өз қорқақтығымды баса білдім.
Мен өз қорқақтығымды жеңіп, бұл әлемге жаңа нарсе жасай алдым!
Мен дүниеге қайта келуге дайынмын!
Әр жаңа өмір сайын Мен бұл әлем үшін үлкен қуат көзіне айналудамын!
Мен дүниеге қайта келуге дайынмын!

3. Сенен басқа адам дүниеден өткен кезде айтылуға тиіс сөздер:
Мен/Біз сенің дүниеге қайта келгеніңді білеміз. Мен/Біз сен бұл өмірге келген күйіңнен мықтырақ болып кеткеніңе сенеміз.
Мен/Біз сенің өз жануарлық түйсігіңді тізгендеп ұстай алғаныңа сенеміз. Мен/Біз сенің өз нәпсіңді басқара білгеніңе сенеміз, өз маңыздылығынды көрсетуге деген тілегіңді тежей алғандығыңа сенеміз, өз қорқақтығыңды баса алғандығыңа сенеміз.
Мен/Біз сенің өз қорқақтығыңды жеңіп, бұл әлемге жаңа нәрсе жасағаныңа сенеміз!
Мен/Біз сенің әр жаңа өмір сайын бұл әлем үшін үлкен қуат көзіне айналатындығына сенеміз!
Мен/Біз сенің жаңа өмірге қайта келгеніңді білеміз!

4. Жақсы оқиғаға тап болғанда айтылуға тиіс сөздер:

Жақсы оқиға, саған алғысымды білдіремін! Сен Менің дұрыс жолмен кетіп бара жатқандығымды көрсетесің.
Мен өз жануарлық түйсігімді тізгендеп ұстаудамын. Өз нәпсімді басқарудамын, өз маңыздылығымды көрсетуге деген тілегімді тежей алудамын, өз қорқақтығымды баса білудемін.
Мен мықтырақ болдым және менің қуатым көбейді. Мен бұл әлем үшін үлкен қуат көзіне айналудамын.
Жақсы оқиға, саған алғысымды білдіремін!

5. Жаман оқиғаға тап болған кезде айтылуға тиіс сөздер:
Жаман оқиға, саған алғысымды білдіремін. Сен менің жаман жолға түсіп кеткендігімді көрсетесің, сен қателік жасағандығымды көрсетесің, сен бұл өмірге келу себебімді ұмытқандығымды көрсетесің, сен жануарлық түйсігімді тежей алмағанымды көрсетесің.
Бұл маңыздылығымды көрсеткім келгені үшін берілген жаза. Бұл нәпсімді тізгіндей алмағандығым үшін жаза. Бұл қорқақтықтығымның маған үстемдік етуіне мүмкіндік бергенім үшін жаза.
Мен жіберілген қателіктерді түзетемін. Мен жануарлық түйсігімді тізгінге аламын. Мен нәпсімді бақылауда ұстаймын. Мен маңыздылығымды көрсетуге деген тілегімді тежеймін. Мен өз қорқақтығымды басамын.



БИЗНЕС.
1. Бизнестің мәні – әрдайым тауарды жетілдіру, өз бәсекелестеріңмен эволюциялық жарыс. Өзіңнен әрқашан «Менің бизнесімде нені тағы жақсартсам болады?» деп сұра және әрқашан тұтынушылар қалауының өзгеруін, басқа тауарлардың пайда болуын, бәсекелестердің бағасын қадағала.
2. Әуелі тиімді бизнес модель құрып ал, кейін өсесің. Егер керісінше жасасаң – жеңілесің.

3. Өзі ізденіп, қайқақ шалбармен жүгіріп, актив сатып алғанша, бизнесте ештеңе жасамаған жақсырақ.

4. Жоспардың орнына нақты әрекеттер болу керек. Жоспар қажет емес, ал да жаса.

5. «Күшті» және әдемі ғимараттар салатын немесе «күшті» немесе әдемі заттар жасайтындардың барлығы ерте ме кеш пе жеңіледі де пайда табу мен кэшті көбейтуге зейін қойған адамдарға сол заттар мен ғимараттарды жарты бағасына сатады. Маркетингке, әдемілеуге, қосымша заттар алуға және т.б. нәрселерге артық шығындалу сенің ақшаңды жейді және пайданың өсуіне алып келмейді. Осы себепті Порше Вольксвагенді емес, керісінше Вольксваген Поршені басқарады.


6. Жаңа заттар жасауға және бар тауарларды жақсартуға инвестициялау қажет. Сапа мен R&D-ге (Research and Development) шығындарды қысқарту әуелі пайданың өсуіне алып келеді (себебі шығындар азайды), ал кейін нарықтағы үлестің азаюына, одан кейін банкроттыққа алып келеді. Өйткені шығындарды азайту арқылы қысқамерзімді пайданы ұлғайту ұзақмерзімді нарықты жоғалтуға әкеледі.

7. Бизнес-жоспар:

• Нарықты бағалау: Егер сен нарықтың 10% нан аса бөлігін алғашқы бес жылда алмақшы болсаң, онда сенің бизнес жоспарың – өтірік деген сөз.
• Бәсекелестердің сипаттамасы. Әр нарыққа өз бәсекелестердің сипаттамасы бойынша өз өлшемдері болады. Мысалы: тауар бағасы, сапасы, объектінің орналасқан жері, көлік тұрағы, демографиялық немесе әлеуметтік бағыты, және т.б.
• Шоғырланған нарық па (бірнеше ойыншы нарықтың 60% нан астам бөлігін бақылайды) әлде шоғырланбаған нарық па. Егер шоғырланған нарық болса, онда бұл нарықта жұмысты бастау өте қиын болады және осы нарықтан бір үлес алу мүмкін емес.
• Сенің тауарыңды сатып алатын тұтынушының сипаттамасы
• Не себепті тұтынушылар сенің бәсекелестеріңнің емес, сенің тауарыңды сатып алатын болады? Бұл сұраққа жауап өтірік, аңқауларға арналған «Себебі біз басқаларға қарағанда күштіміз» деген жауап емес, шынайы болу керек. Есіңде болсын: Тұтынушыларға сендер барлықтарың бірдейсіңдер, өңсіз массаның ортасынан бөлініп шығу үшін өте қатты тырысу керек.
Қаржылық есеп, инвестициялық бюджет, бес жылға кэш, бес жылға пайда туралы есеп құру. Осыдан кейін егер осы инвестициялық ақшаны банкке депозитке салатын болсаң, бес жылда жиналатын пайданы банктік депозит бойынша кіріспен салыстыру қажет. Осы бизнес беретін Капиталға деген кірісті есептеу. Бұл үшін бес жылға жиналған пайданы есептеп, беске бөлу керек, сол кезде орташа жылдық пайда шығады, осыдан кейін осы орташа жылдық пайданы инвестициялық бюджетке бөлу керек. Егер шыққан сомма капитал бойынша талаптан төмен болса, онда бизеске инвестиция құюға болмайды.
8. Кіріс немесе болашақта кіріс әкелетін нәрсенің барлығы Капитал. Тұрақты түрде өзінің қамтамасыз етуі бойынша шығынды талап ететін және пайда әкелмейтін нәрсе Капитал болып табылмайды. Бұл сенің ақымақ намысыңа жұбаныш болатын қымбат ойыншықтан артық нәрсе емес.
КАПИТАЛ кіріс әкелетін АКТИВТЕР-ге жұмсау қажет. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР мен жеке ПАССИВТЕРДІ сатып алуға жұмсауға тыйым салынады.
Кірісті көбейтпейтін нәрселерге шығындалуға тыйым салынады.
9. Мына тыйымдарды бұзған уақытта банкроттық келеді:
Объектіге өз бағасынан қымбат баға төлеп, сатылым деңгейін көтеруге тыйым салынады.
Max. баға = ((пайда + амортизация + несие бойынша пайыз)/ CapRate) - қарыз.
Кірістің сақталуына немесе көбеюіне еш әсер етпейтін адамдарды жұмысқа алуға тыйым салынады: жеке көлік жүргізушелері, хатшылар, көмекшілер, әр деңгейлі басшылар. Егер сенде өндіріспен және ақша жасаумен айналысатын қызметкерлер көп болса, онда сен баисын. Егер құлдарың көп болса, сен кедейленесің.
Компанияда өндірісті емес шығындар жасауға тыйым салынады: су жаңа компьютерлер; көліктер; қымбат кеңселер, жиһаздар және т.б.
10. Инвестицияны қарапайым және тұрақты күн сайын кэш жасайтын және пайдасы бар салаларға салу керек. Басқа адамдардың стартап жобаларын қаржыландыруға тыйым салынады, сонымен қатар, бір қызметтен көп қызметі бар компанияларды қаржыландыруға тыйым салынады. Бастық бір уақытта мұнай компаниясын, ритэйл, аэропорт және қонақ үйді басқара алмайды. Бір жерде болмасын ол міндетті түрде сапасы не қызметі не бағасы жағын жіберіп алады. Сәйкесінше компанияның бәсекелес басымдылығын жоғалтып, банкротыққа ұшырайды.
Тәуекелділік пен кіріс деңгейі бойынша инвестициялар:

• Депозит – ең кіші тәуекелділік пен ең төменгі кіріс. Тек валюталық депозиттерді салыстыру керек. Төменгі әлеуметтік дәреже – адамдардың өте аз көлемі сенің өте көп көлемде ақшаң депозитте орналасқанын біледі.


• Акциялардың тәуекелділігі жоғарырақ – қосымша акцияларды басып шығару арқылы акция құнын төмендету. Дивидендтің кірісі жоғарырақ. Бизнесті шынайы тұрғыда қадағаламайсың. Шын мәнінде сенде меншік иесінің нақты билігі жоқ, тек иесінің титулы ғана бар. Жоғарырақ әлеуметтік дәреже – акциялар пакетінің ие екендігіңді көбірек адам біледі, себебі кем дегенде сен акционерлер жиналысына барасың.

• Жылжымайтын мүлікті жалға беру. Акцияға қарағанда кірісі көбірек, алайда бас аурулары бар және бизнес үрдіске кірісу қажет. Депозит пен акциялардың бақылаушы емес пакетін иеленуге қарағанда қоғамда жоғары дәрежелі деңгей болып табылады, себебі басқа адамдарға (жалға алушылар) әсер ететін шешім қабылдай аласың және адамдар саған тәуелді болады.

• Жеке бизнес. Ең жоғарғы кірісі бар және бизнесте туындайтын мәселелерді шешуге қатысуды жоғары деңгейде талап етеді және ең жоғарғы әлеуметтік дәреже – «Бұл менің компаниям», «Бұл менің брендім», «Бұл менің желім» және т.б.

11. Өзін өзі қамтамасыз ете алмайтын бағытты жабу қажет, оны басқа сәтті бизнеспен қамтамасыз етуге болмайды. Бизнестегі жаңа аумақты ұзақмерзімді жаулау, – тек егер жаулап алынған аумақты ұстау және кеңейтуге арналған ақша көзі – сол жаулап алынған жерде жасалса ғана мүмкін. Кез келген басқа жағдайда сен жаулап алған аумағыңды ақша көзі таусылған сәтте жоғалтып аласың.
Мысалы, сенде пайданы жақсы беретін бизнес бар және осы бизнестің арқасында сен басқа аймақтарда жаңа объектілер сатып ала бастайсың. Бірақ егер бұл объектілер саған пайда әкелмесе, сенің пайда әкелетін бизнесіңмен бір нәрсе бола салысымен сен ақшаңнан айырыласың және жаңа объектілерді қамтамасыз ете алмай қаласың. Себебі жаңа аумақтарды ұстау әкімшілікке, көлік, күзет және т.б. деген секілді тұрақты шығындарды талап етеді. Ал егер осы шығындардың қаржылануы сенің негізгі бизнесіңнің арқасында болса, онда бизнесіңмен бір нәрсе бола салысымен әкімшілік пен күзетке төлейтін ақша болмай, барлығы жан жаққа қаша бастайды.

Осы себепті жаңа жаулап алынған аумақта әрқашан өзінің жеке пайда көзі болу керек. Тек осы ғана жаулап алуға мүмкіндік берген бастапқы ақша көзіне тәуелді болмай жаңа жаулап алынған аумақтарды ұзақ мерзімді қадағалауға мүмкіндік береді.
12. Активті шыныменде қажет болған кезде ғана сатып ал, яғни олсыз өндіріс немесе компания қызметі тоқтап қалса ғана сатып ал. Компанияның негізгі қызметіне қатыссыз және артығымен активтерді сатып алуға тыйым салынады.


КАДРЛАР
1. Ешқашан саған ұнамайтын адаммен жұмыс жасама. «Қазір немесе ешқашан», «не біз айтқандай жасайсыз не біз сізбен жұмыс істемейміз» деп қоқан лоқы жасаушылармен ешқашан жұмыс істеме.

2. Бизнесттегі бағытқа бір адам жауапты болу керек. Идеяны жүзеге асыратын адам немесе топ болмайынша активтер сатып алуға және осы бағыт бойынша ақша жұмсауға болмайды.

3. Сенімен жұмыс істейтін адамдар жауапкершілігі бар және адал болу керек. Жауапкершілігі бар адамдар - алдында тұрған тапсырманы орындау үшін бар күшін салатын азаматтар. Адал адамдар - ұрламайды және сатпайды.

Жұмысқа не кәсіпқой не білімі жоқ кейін жұмыста үйренетіндей жас адамдарды қабылдау қажет. Жұмысқа туысқандарды және достарды қабылдауға тыйым салынады.

4. Жұмысқа компания оларсыз дұрыс жұмыс істей алмайтын адамдарды алу керек. Нәтиже бермейтін адамдарды жұмыстан бірден шығару керек.

5. Компания өз мақсаттарына жету үшін әр кілтті қызметкерде нақты, өлшемді тапсырмалар болу керек және оған өзі жете алатаныдай болу қажет.

6. Тонусты сақтау үшін қызметкерлерге келесіні айт:

Компанияға нәтиженің болмау себебі емес, нәтиженің өзі қажет. Проблеманы не үшін туындағанын түсіндірмей, оны шешу қажет. Сен осы мәселені шешу үшін не істедің?

Сіздердің жалақыларыңыздың кепілі компанияда емес, қанағаттанған клиенттердің санында.


КАПИТАЛИСТ:

1. Нақты активтерді иеленетін компанияда үлестерді басқарады және оның үлестері оған компанияның мүліктерін бақылауға мүмкіндік береді.
2. Қарызға ақша береді, бірақ тек өз ақшасын қайтадан қайтарып ала алатын адамдарға ғана береді.
3. Өзіне тиесілі компаниядан түсетін кірісті 100% өзіне алады.
4. Оның шығындарының 90%-ы өндіріс құралдарымен иеленетін компанияларды сатып алуға жұмсалады
5. Оның активтерінің 90%-ы өндіріс құралдарын иеленетін компаниялар.


Қалғандары:
1. Үйлер, автокөліктермен, яхталармен, саяжайлармен, теледидарлармен сонымен қатар бақылауға мүмкіндік бермейтін компания үлестерімен иеленеді. Сол себепті оларды өте жиі алдап, мүлкін шығарады немесе жәй ғана компанияны банкротыққа ұшыратады. Олар иеленетін компаниялар нақті өндіріс құралдарымен иеленбейді, олар: турфирмалар, нотариаттар және т.б.
2. Өздері кейін ақшасын қайтара алмайтын адамдарға қарыз береді.
3. Олардың алатын 100% табыстары өздерінің жеке болуын немесе қатысуын талап етеді, яғни жалақы немесе комиссиялар.
4. Олардың шығындарының 90%-ы үй, көлік, өндіріс құралдарымен иеленбейтін компанияларды сатып алуға жұмсалады.
5. Олардың активтерінің 90%-ы – үйлер, пәтерлер, автокөліктер.



ҚОР НАРЫҒЫ

Келесідей сипаттамасы бар компания акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
1. Құнды қағаздардың көп бөлігі активте орналасқан компанияның акциясын сатып алуға тыйым салынады. Себебі қандай акция баланста орналасқанын түсіну мүмкін емес, не жақсы компания акцияларында, не неше түрлі қоқыс компаниялардың акцияларында. Дағдарыс кезінде кез-келген акция арзандайды, ал баланста үлкен тесік пайда болып, компания банкротыққа ұшырауы мүмкін.

2. Теріс операциялық кірісі бар компанияның акциясын сатып алуға тыйым салынады. Бұл жағдай компанияның ақшасы оның негізгі қызметінен көбеймей, азайып жатқанын көрсетеді, сәйкесінше компания не банк, не акционерлер, не жеткізуші есесінен өмір сүріп жатыр.

3. Теріс пайдасы бар компания акциясын сатып алуға тыйым салынады. Бұл жағдай компанияның ақша таба алмайтындығын және білмейтінін көрсетеді. Сәйкесінше бұндай компания ерте ме кеш пе банкротыққа ұшырайды.

Егерде компанияның банк алдында қарызы болып, пайдасы болмаса, заңды сұрақ туындайды: қандай ақша негізінде компания банкке негізгі қарызын төлеп жатыр, себебі негізгі қарыз бойынша төлемдер пайда туралы Есепте көрсетілмеген. Сәйкесінше қарыз бойынша төлемдер не алыс-беріс арқылы, не акционер капиталы арқылы, не жеткізуші ақшасы арқылы жасауға болады. Сәйкесінше акционерлерде және банктерде ақша мен шыдамдылық болғанша дейін компанияны қаржыландырады, бірақ бұл шыдамдылық таусылған сәтінде компания банкротыққа ұшырайды.

Жеткізушілердің ақшасы арқылы қарыз өтелсе, операциялық қызмет бойынша пайда болмаған жағдайда, оң кэш байқалу керек, сонымен қатар жеткізушілер алдында қарыз өседі. Бұл жағдайдың қаншалықты созылатындығы жеткізушілердің шыдамдылығына байланысты. Компанияны жеткізушілердің өзі қамтамасыз етеді, осы ақшаны пайдалана отырып, компания өз қарыздарын өтейді, сонымен қатар жалақы, жалға алу және басқа төлемдерді жасайды. Жеткізушілерді компанияны қаржылай қамтамасыз ету жалықтырған кезінде, компания банкротыққа ұшырайды.

Пайдасы бар компанияны сатып алу керек. Оның үстіне компанияның пайдасы негізгі қарызды өтей алатындай болу керек. Әрине пайданың өзі жай сурет секілді жазыла салуы мүмкін, бірақ пайдасы жоқ компанияны сатып алуға және жалпы қаржыландыруға болмайды.
4. Бірнеше жыл бойы CAPEX-і амортизациясынан көп компанияның акциясын сатып алуға тыйым салынады, себебі бұл компанияда өндіріс пен кіріс өспейді. Бұл ақшаның ұрланып жатқандығы туралы тікелей дабыл. Немесе бұл Пайда туралы есепке қарағанда шығын көбірек дегенді білдіреді. Сәйкесінше егер Пайда туралы есепте шығындар туралы толыққанды көрсетсе, пайда азаяды, тіпті залалға дейін баруы мүмкін. Бұл қайтадан компанияның нағыз залалын жасыратын есептермен кәдімгі айлакерлік ету мен ұрлық жасау деген сөз. Ал көптеген шығынды CAPEX-те жасырады да, осылайша балансты үрлейді.

5. Бірнеше жыл бойы операциялық қызметтен(OFCF) таза кэш IFCF&CAPEX-тен төмен болған компаниялардың акциясын сатып алуға тыйым салынады. Бұндай жағдайда компания басшылары пайданың суретін сала алады, ал бар тым көп операциялық шығынды (пайдада көрсетілуі тиіс, сәйкесінше азайтуы керек) ұзақмерзімді қаржы жұмсау деп көрсете алады. Мысалы, қайта жөндеу жұмыстарын жасап, бірақ оны активтерге ұзақмерзімді қаржы жұмсау деп көрсете алады. Сәйкесінше пайда азаймайды, ал актив көбееді. Бірақ негізінде бұл балансты үрлеуге және тиімсіз ақшаны жұмсауға әкелетін Есеппен деген айлакерлік.

6. Компанияда теріс масштаб әсері болса, акциясын сатып алуға тыйым салынады. Яғни, капитал өскен жағдайда сату азаяды. Немесе сату көбейсе пайданың немесе операциялық кэштің төмендеуі болады.

7. Кассалық алшақтығы бар компания акциясын сатып алуға тыйым салынады, яғни операциялық кэш қарыз бойынша төлемдерден аз. Компанияның қарызы қандай ақша негізінде өтеледі деген заңды сұрақ туындайды? Бұл банк немесе акционерлер тарапынан қайта қаржыландыру болу мүмкін. Егер акционерлерде ақша болмай, ал банк ақша бермесе, онда бұл компания банротыққа ұшырайды.

8. Алдыңғы 18 айда компания қосылу және жұтылу бойынша келісім жүргізді. Осындай жағдай қор нарығында жиі болатын, жұтылатын компания өз шкафында соншалықты қаңқалары жинап еді, тіпті осы қаңқалар жұтатын компанияны түпке қарай сүйреп әкететін. Мұндай жағдай банкротыққа алып келуі мүмкін, себебі сатып алынған актив не кіріс не пайда әкелмейді, ал қарыз бойынша төлемдер әрдайым өтелуді талап етеді. Осы себепті біріккен компанияның пайдасына және кірісіне қосылу/жұтылу қандай әсер беретінін көріп, күтуге уақыт керек.


Келесі сипаттамаларға сәйкес акцияларды сатып алу:
1. Ірі және табысты компаниялардың акциясын теріс оқиғалар толқынында бағасы түскен кезде сатып алу керек. Мысалы, Бритиш Петролеум акциясы және Мексика шығанағы.

2. Жақсы капитализация - қажет кезінде акцияны сатуға мүмкіндік береді. Себебі компания жеткілікті ірі және оның акцияларына әрдайым ұсыныс пен сұраныс бар.

3. Ағымдағы активтері ағымдағы міндеттемелерден екі есе көп.

4. Компанияда 10 жыл бойы кіріс, пайда, дивидендтер бар.

5. P/E 7 есе көп емес, P/B 1,5 есе көп емес. Баланстың жай ғана суреті салына салуы мүмкін дегеннің өзінде, компанияға өз материалды активтерін байланыстыруға мүмкіндік беретін материалды емес және көрінбейтін байланыстарды пайдалана отырып сатуды және ақшаны жасай алатын адекватті баға. Яғни бұл өздігінше адамның ақылына деген сыйақы, өйткені ол сауда сөресі мен тауар жарында сату мен пайда жасай алатын бизнес құра білді.

6. Компания экономиканың қарапайым, түсінікті және тұрақты секорында жұмыс істейді. Компания бір сатып алушыға немесе жеткізушіге байланбаған.

7. Компанияда мықты бренд және монополиялық позициясы бар.

8. Real capitalisation > Market capitalisation.

9. Компанияның басшысы өткен жоспарларында айтқан нәрселерін орындайды.

10. Компанияның ұзақмерзімді келеші бар. Әрине болашақты болжау қиын, бірақ бу қозғалтқышты өндіретін компания акцияларын сату алудың қажеті жоқ, себебі нарықты іштен жану қозғалтқышы бар.

11. Бағасы $8-дан төмен акцияларды сатып алу керек. Себебі дәл осы акциялардың бірнеше есе қымбаттау ықтималдылығы жоғары. Дегенмен де қаржы есепке қарап, компанияның нақты бағасы нарықтық бағадан жоғары болса ғана сатып алу керек.


12. Актив бағасы: Иесінің осы актив жоқ кездегі дәрежесімен салыстырғанда оған жоғарырақ дәреже беруге болатын мүмкіндікпен анықталады.

Бағаның өзі белгілі бір нақты адамның жеке дәрежесін жоғарлатуға деген құштарлығы әсерінен, сонымен қатар нарықтағы бар лақап сөздер, өсектер, тобырдың қорқынышы біздің нақты адамды белгілі бір активті (акцияны) сатуға немесе сатып алуға деген шешімді қабылдауына алып келеді. Осыдан кейін қалған адамдардың барлығы осы бағаны өздерінің алдағы әрекеттерінің бастапқы бағасы ретінде қолданады. Алғашқы бағада «зәкірлену» басталады. Осыдан кейінгі барлық келісімдер келесі принциптер бойынша жүреді: «мына ұсыныс бастапқы (бірінші) бағадан әлдеқайда жақсы ма, жаман ма?» Әрбір кейінгі баға одан кейінгі келісімдер үшін бастапқы баға болып табылады. Компанияның капитализациясы және акцияның ағымдағы бағасы – бұл тек соңғы келісім жасасқанның үрейлі немесе масаттанған көңіл күйінің бейнесі.