KZ RU EN

Көшпенділер империясының құлдырауы




Қазақ халқы ежелгі дәуірден бастап көшпелі өмір сүру салтын ұстанғанын біз жақсы білеміз. Алайда, шаруашылықтың бұл түрі бастапқы кезде біздің ұлтқа күш беріп келсе, кейіннен ол ұлттың әлсіреуі мен оның басқа мемлекеттермен күресі кезіндегі құлдырауының себебіне айналды. Неліктен осындай жағдайдың орын алғандығын тереңірек түсіну үшін, біз бұл мақалада көшпенділер мен жер иеленушілердің негізгі шаруашылық әдістерін және олардың мемлекеттің күшіне қалай әсер ететіндігін, оның ұлттың өз территориясын қорғап және жаңаларын жаулап алу кезінде қалай жұмыс істейтіндігін толығымен қарастырамыз.

Біз Қазақстан тарихын ұлттың өзіне-өзі қажетті тауарларды өндіру мен қамтамасыз ету тәсілі бойынша қарастырамыз. Десе де, оған тоқталмастан бұрын алдымен әр түрлі уақыттардағы көшпенділер мен жер иеленуші мемлекеттер қарым-қатынасының қандай болғандығына мән берейік. Шартты түрде бұл қарым-қатынастар екі кезеңге бөлінеді. Алғашқысы ежелгі дәуірден бастап шамамен 1400 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Екінші кезең 1400 жылдан басталып, көшпенділердің шаруашылық ғұрпының толықтай жойылуымен аяқталады.

Алғашқы кезеңде отырықшылар жер жағынан көшпенділермен салыстырғанда біршама артта болғандығын біз жақсы білеміз. Мысалы, шарықтау шегінің өзінде де Рим империясы өзінің территориясы жағынан ежелгі Түрік империясынан немесе Шыңғысхан империясынан әлдеқайда артта қалды. Сондай-ақ Ежелгі Парсы және Қытай мемлекеттері де көшпенді мемлекеттерге қарағанда едәуір аз аумақта өмір сүрген.

Сонымен қатар, көшпелі мемлекеттер отырықшыларға қарағанда шапқыншылыққа жиі шығып, өздеріне отырықшы мемлекеттерді бағындырып отырған. Жаңа территорияларды басып алу мен өктемдік саясаты бойынша, сол уақыттағы көшпенділердің тұрған экономикалық платформасы (өмір сүрудің шаруашылық әдісі) отырықшылар сүйенген платформаға қарағанда әлдеқайда тұрақты және тиімді болып табылған еді. Алайда, 1400-ші жылдан бастап, көшпенділердің экономикалық платформасы сол баяғы қалпында қалып, өз кезегінде отырықшылардың экономикалық платформасы бірден көтерілген жағдай орын алды.

Әр экономикалық платформа ұлттың өзіне қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нақты механизмге ие болатындықтан, осы орайда көшпенділер мен отырықшы ұлттардың шаруашылық әдістеріндегі негізгі айырмашылықтарын қарастырайық.

Бірінші айырмашылық егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдардағы ер адам күшінің қолданылу санымен анықталады. Барлық уақыттар бойында көшпенділердің негізгі азық түрі ет және ет-сүт өнімдері болып келді. Тамақтанудың негізгі көзі – мал шаруашылығын бағу үшін ер адамның күші аса қатты қажет етілмеді, себебі бұл жұмыспен шаруашылыққа ешқандайда зиянын тигізбестен жас баланың өзі де еркін айналыса алады. Сондықтан да, егерде мемлекет ішіндегі ер адамдардың басым көпшілігі соғысқа шақырылған күннің өзінде де, елде қалған әйелдер қауымы, қарттар мен жас балалар өздерінің қажеттіліктерін еш қиындықсыз қамтамасыз ете алды. Сәйкесінше, көшпелі мемлекеттердегі ер адам қауымының әскерге шақырылуының нәтижесі ұлттың құлдырауына не оның ашаршылыққа ұшырауына еш әсер етпеді.

Ал отырықшы мемлекеттердегі жағдай мүлдем басқаша көрініс тапты. Жер иеленушілердің негізгі тамақтану көзі жерде еңбек ету арқылы алынған өнім болып табылды. Сол кездегі қолда бар технология жер иеленушілерге үлкен көлемдегі азық-түлік өнімін алуға мүмкіндік бермеді. Шаруалар тек өздерінің тұтынулары үшін және кішкене ғана осының үстіне тұтынатын артық өнім ала алды. Артық өнім қалада шаруаларға қажетті өнім үшін алмастырылды және мемлекетті, соның ішінде әскерлерді қамтамасыз ету үшін салық ретінде төленіп отырды.

Сол себептен де, егерде отырықшылардағы ер адамдардың басым көпшілігін әскерге шақырса, онда ауылда қалған басқа шаруалар ұлттың өмір сүруі үшін қажетті тауарларды қамтамасыз ете алмайды. Нәтижесінде елде ашаршылық болады.

Бұл жағдайды тереңірек түсіну үшін мынандай қарапайым мысал келтіріп өтейік. Жер иеленуші қоғамда 100 адам өмір сүреді деп елестетейік, олардың әрқайсысына шартты түрде жылына бір тауар тұтыну керек делік. Өнім өсіру техноголиясы мен тамақ өндірісі егін шаруашылығынан 1,2 өнім алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, мұндай қоғамда өнім өсіру мен тамақ өндірісі саласында, басқаша айтқанда ауыл шаруашылығында кем дегенде 83 адам жұмыс істеуі қажет. Ал 100-ден басқа қалған 17 адам өнеркәсіпте, ғылымда, мемлекеттік қызметте, яғни тамақ өндірісімен айналыспайтын, ал оны тұтынатын салаларда қызмет етеді. Сондықтан да, жер иеленуші қоғам ауыл шаруашылығынан тұрғындардың тек 17% ғана «ала алады». Ал басқаша болған жағдайда елді ашаршылық жайлайды, себебі ауыл шаруашылығында қалған адамдар барлығы үшін жеткілікті көлемде өнім өндіре алмайды.

Ал көшпенділер қоғамында тамақтанудың негізгі көзі мал шаруашылығы болып табылады. Біздің жоғарыда атап өткеніміздей, мал шаруашылығынан өнім алу үшін адамдардың үлкен санын қажет етпейді. Көшпенділер қоғамында шартты түрде 100 адамның 12 адамы ғана барлығына қажетті өніммен қамтамасыз ететін тамақ өндірісінде жұмыс етеді делік. Яғни бүкіл қоғамға қажетті азық түлікпен тұрғындардың 12% толықтай қамтамасыз етеді. Ал қалған 88% өнім өндіру саласымен байланысы жоқ басқа салаларда қызмет ете алады деген сөз.

Отырықшылар мен көшпелі мемлекеттер арасындағы мұндай бөліністер, өз территорияларын қорғау мен жаңаларын басып алуға қатысты тұрғындарды әскерге шақыру кезінде, әлбетте, көшпенділер үшін зор артықшылыққа ие болды.

Оны мына мысалда анық көруге болады. Көшпенділер қоғамында 1000 адам, ал жер иеленушілерде 5000 адам өмір сүреді деп елестетейік. Соғыс болған жағдайда, шаруашылық ерекшелігіне сәйкес көшпелі мемлекеттер әскерге тұрғындарының 88% немесе 880 адамды жібере алады. Ал өз кезегінде жер иеленуші қоғам тұрғындарының тек 17% немесе 850 адамды жібереді. Демек, жер иеленушілердегі халық саны алдыңғы қоғаммен салыстырғанда бес есеге көп болған күннің өзінде, жер иеленушілердің әскері көшпенділер әскерінен аз болып табылмақ.

Көшпенділер мен отырықшы мемлекеттердің шаруашылық әдісіндегі екінші айырмашылық өндіріс пен тамақ өндіру саласында қандай мал түрі күшінің маңызды болып табылуында. Жер иеленушілерге ең алдымен жерді қазу қажет болғандықтан, олар шаруашылықта бұқа немесе жүк тартушы жылқы сияқты ауыр кәсіппен айналысуға жарамды мал түрін пайдаланды. Бұл жануарлар негізінен ерекше жылдамдықта қозғала алмайды, сонымен қатар оларға ерекше күтім мен жем-шөп қажет. Дәл осыған байланысты жер иелену қоғамның шаруашылық әдісі әскердегілерді жылдам жүретін әрі төзімді жылқылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Өз кезегінде көшпелі өмір сүру салты үнемі тұрақты және ұзаққа созылатын көшіп-қонуды талап етті, әлбетте осыған байланысты көшпенділер шаруашылығында тек тез жүретін және төзімді жылқылар пайдаланылды. Шаруашылықтың мұндай әдісі көшпелі мемлекеттер үшін өздерінің әскерлерін жақсы аттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы арқылы олар отырықшылармен қақтығыс кезінде ерекше артықшылыққа ие болды, себебі соғыс кезіндегі әскердің ұтқырлығы ерекше орынды алатын маңызды құрал болып табылады.

Шаруашылық әдісіндегі үшінші айырмашылық көшпелі және отырықшы мемлекеттердің өздерінің жаулап алған жерлерін сақтап қалу қабілетімен ерекшеленді. Мұның қалайша жүзеге асқандығын қарастырып көрейік. Өздерінің жаулап алған территорияларын сақтап қалу үшін жер иеленушілерге қосымша қарулы күштерді ұстау қажет болды. Осы қарулы күштерді қамтамасыз ету үшін үнемі азық-түлікті алыстан алдыру не болмаса жаулап алынған территорияларда нан өнімін өсіру қажет болды. Сол кездегі қолда бар технологиялар көшпенділерден жаулап алған жерлерге өнім өндіруге қолайсыз болып табылды, сол себептен де көшпенділерден жаулап алған жерлерді қорғап жатқан әскерді тағаммен қамтамасыз ету үшін азық-түлікті алыстан алдырту жалғыз ғана жол болып қала берді. Көшпенділер болса, осы кезде азық-түлікті жеткізетін арналарды жаулап алу арқылы оларды өз территорияларынан қуып шығара не болмаса олардың аштықтан қырылып қалуына себеп бола алды. Өз кезегінде көшпелі мемлекеттер өздерінің шаруашылық әдістерін пайдалана отырып, жаулап алған жерлерінде өз әскерлерін тамақпен толыққанды қамтамасыз ете алды. Ол үшін оларға тек өздерінің отарларын жаңа жерлерге айдап салу ғана қажет болды. Ал бұл жағдайда көшпенділер әскерлерінің азық-түлікпен қамтамасыз етілетін арналарын жер иеленушілердің әскерлері қиып тастай алмады, себебі көшпенділердегі әскерлердің тауарлармен қамдану базасы әскермен бірге үнемі саяхаттап отырады.

Территорияны жаулап алу мен сақтап қалудағы дәл осы айырмашылық, кезіндегі парсы, қытай, рим немесе славян әскерлеріне көшпенділер территориясын жаулап алуға мүмкіндік бермеген еді. Жер иеленушілердің барлық әскерлері көшпенділердің әскерлерін басып ала алды, ол шындық, алайда олар басып алған көшпенділер жерлерін ұзақ уақыт бойына жаулап және ұстап қала ала алмады.

Төртінші айырмашылық жер иеленушілер мен көшпенділердің әскери дайындығында болып табылады. Көшпенділердің шаруашылық әдісі олардың ерлер қауымының әскерге дайындалу үшін көп уақыт бөлуіне қолайлы болатын, сол себептен де көшпенділер қауымының жасағын жер иеленушілердің жасағымен салыстырып, орташа деңгейде алып қарағанда әлдеқайда жақсы дайындықта болып табылатын.

Жоғарыда аталған төрт айырмашылық көшпелі мемлекеттердің жер иеленушілерден әскери ерекшелігінің негізгі себептері болып табылады.

Жағдайдың осылай көрініс алуы шамамен 1400 жылға дейін орын алды, ал одан кейін көшпенділер мен отырықшылардың қарым-қатынасының екінші бір кезеңі басталды. Осы уақыттан бастап көшпелі мемлекеттердің экономикалық платформасы өзінің барлық қуаты бойынша жер иеленуші мемлекеттердің платформасымен салыстырғанда біршама төмендеп кетті.

Мұндай алмасу көшпенділердің әскери күшінің жеңілісіне, содан кейін барлық тәуелсіз көшпелі мемлекеттердің құртылуына әкеп соқтырды. Екі мыңдай жылдың көлемінде көшпенділер отырықшылардан өздерінің әскери артықшылығымен ерекшеленіп келді, алайда кенеттен көшпенділердің шаруашылық әдісі қиратылып, барлық көшпелі ұлттар жер иеленушілерге айналған жаңа дәуір бастау алды.

Әлемдегі заттардың орналасуын түбегейлі өзгерткен бұл құбылыс о баста алақандай ғана өзгерістен бастау алған еді. Бастапқы кезде өзгеріс кішкентай әрі әлсіз болған еді, алайда күннен күнге өсіп және қатая бастады. Нәтижесінде отырықшы мемлекеттердің күшті болғандығы соншалықты олар көшпелі мемлекеттермен қақтығыста оларға тіптен теориялық тұрғыдан да жеңуге мүмкіндік бермейтін ұлы күшке, сонымен қатар өз жолындағылардың барлығын қырып, жоятын құйынды дауылға айналды.

Көшпенділердің мындаған жылдар бойына отырықшылардан әскери тұрғыдан артықшылыққа ие болған осындай жағдайына не әсер етті? Көшпенділер өркениетінің отырықшыларға қарағанда үстемдікке ие болған жағдайын өзгерткен, бұл технологиялық алға жылжу болды. Егіншілікпен айналысатын қалаларға бейімделген өнеркәсіп салалары дамуын тоқтатпай одан әрі кең өріс ала бастады. Адамдардың әлемге әйгілі еңбек құралдары мен тауарлар өндірісінің технологияларына сәйкес түбегейлі жетіле бастаған сәті де туды. Бұл бір адамның тұтынатын азық-түлік өнімдері өндірісінің бірден үлкен қарқынмен өсуіне алып келді.

Өнеркәсіптің жер иеленушілерге ұсынған тағы да бір маңызды технологиялық артықшылығы ол оқ қару жасап шығару болып табылды. Дәл осы уақытта көшпелі мемлекеттердің өмір сүруінің тоқтауы мүмкін деген мәселе уақыт еншісіндегі сұрақ болып қала берді. Көшпенділердің шаруашылық әдісі ұлттың өзінің өнеркәсібінің бар болуы мен оны дамытуға қатысты негізделмеген, сондықтан да осы жағдайда көшпелі мемлекеттер үшін өмір сүрудің жалғыз амалы өнеркәсіп салаларын салу болып табылғандықтан, көшпенділерге отырықшылардың өмір сүру ғұрпына өту ғана қалды.

Дәл осы қиын сәтте көшпенділер әлімінің элиталарының ішінде шаруашылық тәртіпті тамырынан қайта тұрғызу үшін қажетті не ауызбіршілік, не көшбасшы да болмады. Көшпенділер өркениетінің отырықшы өмір сүру ғұрпына өтуі не осы көшпенділердің өздерінің күші арқылы, не жер иеленуші мемлекеттердің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыуы тиіс еді. Уақыттың әкелген жаңа өзгерісіне жауап беруге көшпенділердің не еркі, не мүмкіндігі болмағандықтан, көшпенділер элитасы өздерінің қоғамына қажетті жаңа өзгерістерді жасай алмады. Осы элита күшінің жеткен жері, ол – кешегі өтіп кеткен ұлы күндер, ұлы тарихтар мен өткен дәуірдің ұлы тұлғалар туралы әңгіме өрбіту ғана болды.

Көшпенділер қауымында осындай жағдайлар болып жатқандықтан, осы кезде технологиялық жағынан дамыған отырықшы мемлекеттер олардың территорияларын күшпен басып алды. Бұл көшпелі мемлекеттерге өздерінің өткендерінде тұрып, ал болашақтарын мойындағысы келмегені үшін соңғы нүкте және жаза болып табылды. Саны жағынан шамалы ғана отырықшы мемлекеттер нанға май жаққан пышақ секілді көшпенділердің территорияларына еніп, оларды қырып және бағындыруын жалғастыра берді. Көшпелі мемлекеттердің территориясын жаулап алуда технологиялық жағынан дамыған отырықшы мемлекеттер технологиялық жағынан әлсіз мемлекеттердің алдын алды. Сол себептен де Қазақстанды Иран не Қытай емес, ал технологиялық жағынан дамыған Ресей басып алды.

Келесі кезеңде технологиялық жағынан дамыған жер иеленуші Ресей империясы қазақтардың түрлі көшпелі қауымдастығын түгелдей жаулап алуды аяқтайды. Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін көшпелі мемлекеттер әзірге өздерінің өмір сүру әдісін өзгертпейді, сондықтан да өнеркәсіптің дамуы жүзеге аспайды.

Тарихымыздың 1933-1953 жылдар аралығында болған келесі кезеңінде көшпенділер әдет-ғұрпы құлдырап, олардың отырықшылардың өмір сүру әдісіне өтуі жүзеге асады. Алайда бұл өту үдерісі мәжбүрлеу арқылы жүзеге асты, сондықтанда күш қолданудың негізінде көшпенді тұрғындар арасында құрбан болған адамдар саны өте көп болды. Кейбір бағалаулар бойынша олардың қазасы 50% құраған. Сонымен қатар, адамдардың көп бөлігі отырықшы өмір сүру әдісінде өзін-өзі қалай тамақтандырудың керек екендігін білмегендіктен қаза тапқан. Көшпелі адам мал шаруашылығымен айналысқан сәтте өзіне керегін қалай тауып алу керектігін жақсы білген, ал енді ол отырықшы өмір сүру салтына келгеннен кейін жағдай басқаша көрініс алды. Яғни ол қалай жер жырту, егін егу, оны жинау керек екендігін білмеді, сондықтанда көшпенділер тұрғындарының басым көпшілігі ашыршылықтан қырылды.

Көшпелі өмір сүру салтынан отырықшыға күшпен өту үдерісінің өзі отырықшы жұмысшы қоғамға қажетті өнімді көшпеліге қарағанда көбірек өндіре алады дегенмен түсіндіріледі, яғни ол тек қана мал шаруашылығының өнімін емес, сонымен қатар өнеркәсіп өндіретін және өңдейтін барлық өнім түрін өндіреді.

Дәл осыған байланысты сол уақыттары КСРО үкіметі көшпелі мемлекеттердің отырықшы өмір салтына күшпен өтуі туралы шешім қабылдаған болатын. Үкіметтің жоспары бойынша бұрынғы көшпенділер енді ішкі және сыртқы нарық үшін нан өсіре, сонымен қатар кеңес өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін көптеген өндіруші кәсіпорындарда жұмыс істей бастауы тиіс еді.

Отырықшы өмір салтына күшпен өткізгеннен кейін, біздің ұлттың басым бөлігі отырықшылыққа қажетті, мысалға қалайша өнімді өсіру, өңдеу және сақтау керек екендігі жөніндегі білімдерді игере бастады. Отырықшы өмір салтында дүниеге келген қазақтардың келесі бір буыны енді ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын білімді толықтай игеріп алды. Осы буынның жер иелену қоғамындағы жұмыс істеу тиімділігі басқа отырықшы ұлттардың тиімділігінен еш қалысқан жоқ. Осы кезеңнен бастап, өнеркәсіп саласында терең білімге ие болған қазақ ұлтының Қ. Сәтпаев, Д. Қонаев және т.б. сияқты өкілдері пайда бола бастады. Алайда ұлттың басым бөлігі бұрынғысынша өнеркәсіп білімін игере қойған жоқ, себебі олар отырықшы өмір салтына өткеннен кейін ауыл шаруашылығында еңбек етеді және олар ауылдық жерлерге шоғырланған, ал өнеркәсіп саласы болса қазақ тұрғындары аз шоғырланған қалалық жерлерде орналасқан еді. Тұрғындардың көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа өтуі ауылдық жерлердің егіншілікпен айналысу кезеңдерінің негізінде жүзеге асатындығын атап өткен жөн. Сол үшін бұрынғы көшпенді ең алдымен жаңа өмірге толықтай бейімделуі, содан соң ол егіншілік бойынша білім алып, қалаға көшуі тиіс.

Келесі кезең 1953 жылдан 1991 жылдар аралығына дейінгі кезеңді қамтиды. Осы уақыт ішінде КСРО үкіметі мен Кеңестік Қазақстанның алдында ауыл шаруашылығындағы тауар өндірісін арттыру міндеті тұрды, бұл үшін осыны жүзеге асыратын адамдардың саны мен олардың білімін арттыру керек болды.

Осы жерде тауар өндірісінің не екендігін атап өткен жөн. Мысалы, шаруа өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жылына 10 кг нан өндіреді делік. Бұл жағдайда шаруа барлық өнімді өзі тұтынады, сол себептен де бұл жағдайда тауар өндірісі болмайды. Шаруа жылына 30 кг нан өндіріп, оның 10 кг өзінің жеке тұтынуы үшін, ал қалған 20 кг өнеркәсіп саласының тауарларына айырбастау үшін өндіретін болса, мұндай жағдайда тауар өндірісі жүзеге асады. Яғни тауар өндірісі тек қана жеке тұтыну үшін өнім шығаруда емес, ал басқа адамдар еңбектерінің өнімдеріне айырбас жасауда сипатталады.

Жер иеленуге көшкен көшпенділердің бірінші буыны тиімділік бойынша, әрине, отырықшылардан ұтылды. Егерде отырықшылар жылына 30 кг нан өндіре алатын болған болса, ал бұрынғы көшпенділер тек 15 кг өндірген. Шаруаның жылына тұтыну көлемі 10 кг нанды құрады дейтін болсақ, онда бұл жағдайда отырықшылардың тауар өндірісі 20 кг, ал бұрынғы көшпендінікі 5 кг құраған еді. Яғни отырықшы шаруаның тауар өндірісі жаңадан үйренген жер иеленушімен салыстырғанда 4 есе көп болды. Аталмыш мысалдағы сандардың шартты түрде көрсетілгендігін ұмытпайық.

Сонымен қатар, көшпенділерді жер иеленушілердің қоғамына күшпен өткізу кезіндегі ұлттың сан жағынан азаюы да, тауар өндірісінің төмендеу себептерінің бастысы болды. Осы жағдайдың алдын алу үшін КСРО үкіметі Қазақстан даласына басқа республикалардан халықтарды көшіру туралы шешім қабылдады. Кеңес Одағының жер иеленуші аудандарынан көшіп келгендер, аз уақыт ішінде отырықшы қоғамның тауар өндірісін ұлғайтуға қатысты мол тәжірибе мен білімге ие болатын. Аталмыш шара астықты тауар өндірісінің қарқынды өсетін жерлеріндегі, нақты Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы халықтың орналасу тығыздығын бірден өзгертті.

Кеңес үкіметі үшін маңызды тағы да бір мәселе, ол барлық кеңес даласындағы өндірісте Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану болып табылды. Дәл сол кезде мемлекет ішінде өнеркәсіп пен инженерия білімдеріне ие ұлттық кадрлар санының жетіспеушілігіне байланысты КСРО Үкіметі Ресей, Украина және Белоруссия сияқты дамыған өнеркәсіптік базалары бар Кеңес Республикаларынан Қазақстанға тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдайды. Сол арқылы Қазақстанның жаңадан салынған өнеркәсіптік орталықтарында КСРО-ның Еуропалық бөлігінен қоныс алударушылар саны көбейді. Қазақтарды өнеркәсіптік мамандықтарға оқыту үдерісі де осы уақыттарда қатар жүрді. Осы уақыттан бастап, біздің ел өнеркәсіп саласына қатысты бұрындары болмаған білім көздерін тереңінен ала бастады. Алдыңғы кезекте өнім өндіру салаларына қатысты білім көздері игеріледі, себебі мұндай жұмысшылардың біліктілігі машина жасау салаларындағы жұмысшылармен салыстырғанда төмен болып табылады. Шын мәнінде де, мысалға ұшақ жасап шығару үшін мұнай өндіруге қарағанда көбірек білім қажет екендігі анық. Осыған байланысты, өнім өндіру салаларындағы қазақтың ұлттық мамандар санының өсуі машина жасауға қарағанда жылдамырақ жүрді. Бұл құбылыс ұлттың «ақымақтығы» емес, жалпы қарапайым өмір заңдылығы болып табылатындығын атап өткен жөн. Бірде бір адамға физика мен математика бойынша білімдер берілмес бұрын, бірден ядерлік физика жайындағы ақпарат бермейді.

Кеңес үкіметінің үшінші міндеті КСРО-ның машина жасау өніміне қатысты жалпы тұтынуын қанағаттандыру үшін Қазақстан даласында машина жасау кәсіпорындарын ашу болып табылады. Бұл кезеңде қазақ кадрларын дайындау және оларға машина жасау саласына қатысты білімдерді беру жалғаса береді, алайда бұл саланың терең білімді талап ететіндігінен, кез-келген ұлт оны игеру үшін ұзақ уақыт жіберетіндігін түсінген жөн. Осы уақыттарда машина жасау білімін меңгерген қазақ ұлтының өкілдері шамалы ғана болды, сондықтан да ірі машина жасау кәсіпорындары орналасқан Қазақстан қалаларындағы қазақ тұрғындарының саны аз болып қала берді. Мұндай қалаларда КСРО-ның – Ресей, Украина және Белоруссия сиқты ірі машина жасау аудандарынан қоныс аударып келгендердің саны басым болды.

Қазақстанның барлық өнеркәсіптік орталықтарындағы қоныс аударушылардың этникалық тұрғыдан басымдылыққа ие болуы ерте ме кеш пе өзгеруі керек екендігін түсінген жөн, себебі машина жасау саласына қатысты білімді игеріп жатқан қазақтардың саны күннен күнге өсіп отырды. Бастапқы кезінде немістердің басымдылыққа ие болып, кейіннен табиғы ағым негізінде өнеркәсіптегі ұлттық мамандардың жергілікті мамандар орынын басқан дәл осындай көріністі кезіндегі Венгрия, Латвия немес Чехия сиқты мемлекеттердің мысалында көруге болады. Сондай-ақ, 30 жылдары Украинада, яғни Донец бассейні мен Киев қалаларының маңында орыс тұрғындарының саны басым болды, алайда содан кейін украиндық пролитариат өнеркәсіптен тұрғындарды ығыстырып, Украинаның барлық қалаларында басымдылыққа ие болған топ болды.

Сол себептен де, КСРО-ның өмір сүруі жалғаса берген күннің өзінде де, қазақтар ерте ме кеш пе қала тұрғындарының басым бөлігін құрайтын еді, себебі ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке қарай ағылған тұрғындар саны қайтымсыз үдеріс болып табылмақ. Сөзімізді дәлелдірек ету үшін Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы көрсетілген мәліметтерді қарастырайық (1-кесте).

1-кесте – Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы







Яғни 1970 жылдан бастап өскен қазақтардың табиғи өсімінің жылдамдығы орыстарды да, сонымен қатар барлық европалықтарды да басып озды, ал 1989 жылы басқа ұлттардың табиғи өсімінен 6 есеге асып түсті. Алайда, қазақ тұрғындарының табиғи өсімі тек ауылдық жерлерде жүзеге асты, ал қалаларда мұндай көрініс байқалмады деген де пікірлер қалыптасып жатыр. Осы жерде фактілерге көз жүгіртейік (2-кесте): қаладағы орыс тұрғындарының табиғи өсімінен қаладағы қазақтардың табиғи өсімі 1979 жылы 3 есеге дейін, 1989 жылы 10 есеге дейін басып озған. Сәйкесінше, қазақтардың ерте ме кеш пе өнеркәсіп және инженерлік саладағы басқа ұлт өкілдерінің орнын ауыстыратындығы айдан анық екендігі көрініп тұр.

2-кесте – Қазақстанның қала тұрғындарының табиғи өсімі







Салыстыру үшін тәуелсіздік алған уақыттағы Қазақстан жағдайын қарастыруға болады (3-кесте). Көріп отырғанымыздай, 2007 жылы қазақтардың табиғи өсімі 1989 жылмен салыстырғанда 10 есе төмен болған және де бұл жерде Ресейдің не болмаса орыстардың ешқандайда қатысы жоқ екендігі түсінікті. Негізгі себеп біздің мемлекеттің нашар экономикалық платформасында болып табылмақ.

3-кесте – Тәуелсіз Қазақстандағы қазақ тұрғындарының табиғи өсімінің жылдамдығы





Біз қарастыратын келесі бір кезең 1991 жылмен 2010 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстанды қамтиды. 1991 жылға дейін Қазақстан әлеуметтік платформаға ие болған, яғни өзінің қажеттіліктерін өз зауыттарында өндіре алатын мүмкіндігі зор болды. Ал 1991 жылдан бастап платформа феодал-буржуазиялық түрге ауысты, демек енді ұлт өзінің қажеттілігін тек 10% ғана қанағаттандырады деген сөз. Қазақстан халқының тұтынатын қалған 90% тауарлары шетелде өндіріліп, Қазақстанның шикізатына алмасу арқылы ішкі нарықта жеткізіледі. Сәйкесінше, қоғам ұшақ, микротолқынды пеш не болмаса көлік және т.б. өзіне қажетті заттарды жасау үшін өз мүшелерінен қажетті білімдерді талап етпейді.

Біздің ұлттың өзінде бар білімді жоғалта бастауының басты себебі дәл осы экономикалық платформаның өзгеруі болып табылды. Социализм кезінде біздегі ауыл шаруашылығын жоғары тауар өндіріспен энергоблоктар, темір жолдар, атом реакторлары, электр тоғын туғызатын қуаттылық пен жылу жүйелері қамтамасыз ете алды. Алайда экономикалық жүйенің өзгергенінен кейін біздегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрдырауға ұшырады, сондықтан да біздің ұлт өзінде бар білімдерді жоғалта бастады.

Социалистік платформа кезінде ауылдық жерлерден қалаға қоныс аударған ұлт өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесі бір жоғары деңгейдегі білімге ие болды. Содан соң, ауылдан келіп, өнеркәсіп пен инженерия салаларында жаңа білімдерге ие болған адамдар дамудың одан әрі жоғарғы деңгейіне көтерілді. Енді экономикалық платформа өзгерген кезде, ауылдық жастар қалаға көшіп келеді де, сәйкесінше бұл жерден өздеріне қажетті ешқандайда өнеркәсіп орындарын таба алмайды. Сәйкесінше, олар өнеркәсіп пен инженерия саласына қатысты қажетті білімді ала алмайды да, сол баяғы ауылдық деңгейде қала береді. Осылайша Қазақстандағы ұлттың өзінде болған білім жүйесінің құлдырауы басталады. Біздің көріп отырғанымыздай, бұл үдеріс мемлекеттен славяндық тұрғындардың кетуімен еш байланысты емес. Ресейде де, славяндық тұрғындардың басымдылыққа ие болуы кезінде жағдай дәл біздікіндей болған, яғни өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының құлдырауына байланысты білімнің жаппай құлдырауы жүзеге асқан.

Бүгінгі Қазақстан тұрған экономикалық платформа біздің ұлтқа қажетті поездарды, ұшақтарды, электростанцияларды, теледидарлар мен көліктерді және т.б. жасап шығаруға қажетті білімдерді талап етпейтіндігін тағы да атап өтейік. Ал осы салаларға қатысты білімдері бар ұлт өкілдері өздерінің мүмкіндіктерін Қазақстан даласында көрсете алмағандықтан, бізбен бірге білімін жоғалтуға не болмаса елден көшіп кетуге мәжбүр болып отыр. Сәйкесінше, біз үшін бізден механика, инженерия, термодинамика, төменгі температура физикасы және т.б. салаларға қатысты білімдердің үнемі жетіліп отыруын талап ететін экономикалық платформа құру қажет. Егер де біз өзіміздің қазіргі экономикалық платформамызды өзгертпейтін болсақ, онда біз осыдан 300 жыл бұрынғыдай өзіміздің жерді басқару құқығынан айырылып, бізден мықты келесі бір мемлекеттің құрамды бөлігіне айналуымыз мүмкін. Ал бүгінгі тарих жағдайында анағұрлым мықты мемлекетке айналып отырған мемлекет, ол – Қытай болып отыр.

Біздің мемлекеттің бүгінгі күнгі азаматтарына өткеннің сабақтарын еске алып, олардан нәтиже жасай білу қажет. Қазақтың көптеген зиялы қауымдары егерде біз өзіміздің дәстүрлерімізге қайта оралатын болсақ, онда Қазақстан өзінің ерекшелігі мен егемендігін сақтап қала алады деп санайды. Алайда өткен ғасырларда біз барлық адамдар қазақ тіліде сөйлеп, барлығыда қазақтың дәстүрлерін сақтайтын өзіміздің дара мемлекетке ие болғанбыз. Енді осы құндылықтар біздің егемендігімізді сақтап қалуға көмектесті ме? Жоқ, көмектеспеді, себебі мәдениет пен құндылықтар туралы сөз қозғаудан бөлек, бізге сонымен қатар бәсекеге қабілетті, мықты өнеркәсіпті құра білмек керек, себебі сөзден бөлек іс деген де нәрсе бар екендігін ұмытпаған жөн.

Енді қазақ тілінің негізгі проблемаларын анықтап, соларды қалай шешуге болады деген сұраққа жауап беруге тырысайық. Қазақ тілінде физика, астрономия, инженерия салалары бойынша қажетті білімнің жоқтығы бірінші проблема болып табылады. Екіншіден, қазақ тілінде ашылулар жасап, өздерінің білімдерін тәжірибеде қолданып және оларды келесі бір толқынға жеткізе алатын, яғни тілді тасымалдайтын адамдардың жоқтығы келесі бір проблема болып табылады.

Бірінші проблеманы шешу экономика, саясаттану, философия, география, биология, медицина, инженерия, физика және т.б. салалар бойынша еңбектердің барлығының қазақ тіліндегі сапалы аудармаларын жасауды қажет етеді, себебі бүгінгі күні тек қана қазақ тілін меңгерген адам өзіне қажетті білімді бұл саладан таба алмайды. Сонымен қатар, барлық еңбектерді қазақ тіліне аудару жұмысымен осы саланы терең түсінетін адам жасауы қажет. Себебі механикалық аударма жасау, бұл жұмыстың жалпы көрінісін бергенімен нақты проблеманы шешпейді.

Қазақстанда ең озық білім мен технологияны алу бойынша жалпымемлекеттік бағдарлама пайда болған кезде, біздегі екінші проблема да өз шешіледі. Ол үшін бізге жыл сайын ауылдық жерлерге басымдық бере отырып, он бес мыңға жуық оқушыларды білім алып келу үшін шетелге жіберу керек. Алдымен, өндірісті дамыған мемлекетке барған біздің оқушыларымыз сол елдің тілін жетік меңгереді. Уақыт өте келе оқушылар Швейцария, Германия, Жапония мемлекеттерінің тілдерін жоғары деңгейде меңгеріп, олардың мектептерін бітіреді де, сәйкесінше осы мемлекеттердің университеттеріне оқуға түседі. Инженерия мен медициналық іс олардың негізгі мамандықтарына айналады. Оқуға жіберілген барлық оқушылар Қазақстанға жоғары маманданған деңгейде келмейтіндігі түсінікті жайт, алайда олардың көп бөлігі бізге қажетті нәтижені алып келері анық.

Осылайша мемлекеттегі ұлттық инженерлік-техникалық мектептің құрылуы жүзеге асады. Мемлекеттік бағдарламаның басталғанынан кейінгі 6-7 жылдан соң, яғни біздің алғашқы мамандарымыздың елге оралатын шағында, бізге ұлт ретінде өзіміздің өнеркәсіптік базамызды аяғынан тұрғызу қажет. Бұлай болмаған жағдайда, жас кәсіби мамандар Қазақстан даласында өзінің білімін қолданатын жер таба алмай, өздері меңгерген білімді жоғалтып алады, не болмаса мемлекеттен кетуге мәжбүр болады. Егерде шетелге оқуға жіберілген оқушылардың саны жылына 10-15 мың адамды құрайтын болса, онда жеті жыл өткеннен кейін біздің мемлекет тек қазақ тілінде және өзінің барып келген мемлекетінің тілінде ойлайтын және қызмет ететін 15 мың маманға ие болатын болады.

Этникалық көрсеткіші бойынша бөлінудің алдын алу үшін, шетелге оқуға жіберудің алдында қазақ тілін еркін меңгеруге қатысты емтихан дайындау қажет. Осы кезде, өздерінің этникалық көрсеткіштеріне қарамастан, ата-аналар өздерінің балаларының болашақтарына алаңдағандықтан, оларға қазақ тілін үйретуге мәжбүр болады.

Көптеген адамдар оқушылар мен студенттерді шетелге оқуға жіберу дұрыс емес, қайта Қазақстанға шетелдің мықты деген оқытушыларын шақыруды қажет деген пікірді ұстанады. Алайда бұл жерде мынаны түсінген жөн: біздің білім беру жүйесінің бастапқы кезеңінде бізге қалай да болса шетелден білім алып келуге негізгі басымдылық берген жөн. Себебі бұл студенттер үшін шетелдерде дамыған өнеркәсіптік және зертханалық базалардың бар болуымен түсіндіріледі.

Мысалы, тағлымдама мен оқу үдерісін олар Siemens және АВВ сияқты зауыттардан өте алады. Олар неміс және жапонның энергетикалық бірлестіктеріндегі өндірістік үдерістердің қалайша орналасқандығын, Novartis және Roche сияқты швейцарияның фармацевтикалық компанияларының зертханаларындағы ғылыми ашылулардың қалайша жүзеге асатындығын өз көздерімен көретін болады. Біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз өздеріне қажетті білімді игеріп қана қоймай, ол жақтан ерте ме кеш па сол елдегі компанияның жетекшісі болатын қазіргі студенттермен берік те, мықты байланыс орнатуға зор мүмкіндік алады. Өз кезегінде бұл байланыстар біздің елге отандық өнімнің өндірісі мен өткізуіне қатысты тиімді бизнес-тізбекті құруға үлкен септігін тигізері хақ. Осы арқылы біз қадам қадам бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы озық білімге негізделген өзіміздің мықты экономикамызды құра бастаймыз.

Бұрынғы көшпелі мемлекет ретінде, бізге мынаны аса терең түсінбек керек: біздің көшпелі империя баяғыда құлдырап кеткен және біздің әлем жөніндегі барлық дәстүрлі түсініктерімізде онымен бірге қоса құлдыраған. Бүгінгі күні бізге озық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына негізделген жаңа империя құру қажет. Бізге қазақ тілі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озық тілі ретінде танымал болатын білім империясын құру керек. Бізге өзіміздің ұлы өткеніміз туралы қыңқылдай беруді тоқтатып, ұлы болашақ жасайтын уақыт келді...