KZ RU EN

Сайлау жүйесі


Бұл мақала жалпы сайлау жүйесінің қалай жұмыс істеуі қажет екендігін Алматы қаласының мысалында көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жүйе мемлекет дамуына әсер ететін тіректің қалай жұмыс жасап және сол тіректі кім басқаруы керек екендігін көрсетеді. Аталған мақалада Сайлау жүйесі үш деңгейден тұрады. Олардың өз талаптары мен міндеттері, сонымен қатар өз сайлаушылары бар. Сайлау жүйесінің әр деңгей шарттарының қандай екендігін, қандай қызмет атқаратынын және оған кім мүше бола алатындығын төмендегі мақаладан оқи аласыздар. Сайлау жүйесінің І-деңгей мүшесі - І-деңгей сайлаушысы деп аталады.

Соңғы 5 жыл бойы қала бюджетіне салық төлеген Алматы қаласының 21 жастан асқан әр тұрғыны І-деңгей сайлаушысы бола алады.

Яғни соңғы 5 жыл ішінде төленген келесідей салықтар түрі есептелінеді: мүлік салығы, жеке тұлғалар үшін табыс салығы, көлік салығы, сонымен қатар бизнес иелері үшін Корпоративті Табыс Салығы (КТС) және олардың компаниясынан төленген Қосалқы Құн Салығы (ҚҚС).

Жұмыс берушінің жұмыскер үшін төлеген Табыс салығы ескерілмейді.

Сайлау жүйесінің І-деңгей сайлаушысы атану үшін келесілерді жасау қажет:
- Салық комитетінен соңғы 5 жылда төленген салықтар туралы анықтама алу;
- Сайлау жүйесінің сайтында тіркелу (Бұл сайт «Facebook» секілді ашық, барлығына қол жетімді сайт болады) Бұл сайт арқылы кез келген адам І-деңгей сайлаушылар тізімін ашық көре алады. Сонымен қатар, олар тіркелушілердің аты-жөнін, ЖСН, фото суретін және соңғы 5 жыл ішінде төлеген салықтар құжатының скан нұсқасын да көре алады. Осы сайт арқылы кез келген адам сайлаушының шыныменде соңғы 5 жыл ішінде салық төлеген/төлемегендігіне, демек басқаларды сайлау құқығына ие/ие емес екендігіне көз жеткізеді. Бұл жүйе І-деңгей сайлаушылар Тізілімі (Реестрі) деп аталады.

Алматы қаласы бойынша І-деңгей сайлаушыларының шарттарына сәйкес келетін тұрғындар саны 600 000 адамды құрайды.

І-деңгей сайлаушыларының қызмет мерзімі 7 жылды құрайды. 7 жылдан артық болған сайлаушы автоматты түрде тізілімнен (реестрден) жойылады. Егер ол қайтадан І-деңгей сайлаушысы болғысы келсе, оған жаңадан тіркелу қажет.

Кез келген адам І-деңгей сайлаушысы болып кез келген күні, кез келген уақытта тіркеле алады. Ол үшін тіркелуші І-деңгей шарттарына сәйкес болу қажет. Осы себепті де бұл Тізілім (Реестр) ашық болып табылады және тіркелушілер тізімінің соңғы нұсқасы ешқашан бекітілмейді.

* І-деңгей сайлаушылары өз қызмет мерзімінде, яғни 7 жыл ішінде бір рет ғана дауыс бере алады.

Сайлау жүйесінің ІІ-деңгей мүшесі - ІІ-деңгей сайлаушысы деп аталады.

ІІ-деңгей сайлаушылары тек І-деңгей сайлаушылары арасынан ғана сайланады. Ол үшін оған І-деңгей сайлаушыларының 10 дауысын жинау керек.

Дауыс берген әр сайлаушы өзінің жеке парақшасында нақты кімге дауыс бергендігі туралы қолжазба арызының скан нұсқасын жариялайды. Сайлаушының дауыс бергендігі жөнінде басқаларға бірден белгілі болу мақсатында Жүйе оның жеке парақшасын белгілі бір түспен бояйды. І-деңгейдегі әр сайлаушының дауысын жүйе тек бір рет ғана есептейді.

Сайлау процесінің бұл әдісі бір сайлаушының екі рет дауыс беруінің және І-деңгейдегі сайлаушылар дауыстарын бұрмалаудың алдын алу үшін жасалады.

Кез келген адам «І-деңгей сайлаушылар Тізіліміне (Реестріне)» кіріп, осы деңгейдегі сайлаушылардың кімге дауыс бергендігін ашық түрде көре алады.

І-деңгейдегі сайлаушылар өз дауыстарын ІІ-деңгей сайлаушыларына бере бастаған соң, «ІІ-деңгей сайлаушылар Тізілімі (Ресстрі)» қалыптасады. Бұл Тізілімде(Реестрде) І-деңгейдегі сайлаушылардың 10 дауысын жинаған ІІ-деңгей сайлаушыларының барлығы көрсетіледі.

Кез келген І-деңгей сайлаушысы кез келген күні, кез келген уақытта ІІ-деңгей сайлаушысы бола алады. Ол үшін оған І-деңгей сайлаушыларының 10 дауысын жинау қажет. Осы себепті де бұл Тізілім (Реестр) ашық болып табылады және оның соңғы нұсқасы ешқашан бекітілмейді.

ІІ-деңгей сайлаушыларының қызмет мерзімі 7 жылды құрайды. 7 жылдан артық болған сайлаушы автоматты түрде тізілімнен (реестрден) жойылады. Егер ол қайтадан ІІ-деңгей сайлаушысы болғысы келсе, онда оған сайлау үрдісін жаңадан бастау қажет. Яғни, әуелі ол І-деңгей сайлаушысы ретінде тіркеледі, кейін І-деңгей сайлаушыларының 10 дауысын жинап, ІІ-деңгей сайлаушысы атанады.

* ІІ-деңгей сайлаушылары өз қызмет мерзімінде, яғни 7 жыл ішінде бір рет ғана дауыс бере алады.

ІІ-деңгей сайлаушыларының шарттарына сәйкес келетін Алматы қаласы тұрғындарының максималды саны келесіні құрайды:
600 000 І-деңгей сайлаушылары/ 10 дауыс =60 000 ІІ-деңгей сайлаушылары Сайлау жүйесінің ІІІ-деңгей мүшесі - ІІІ-деңгей сайлаушысы деп аталады.

ІІ-деңгей сайлаушыларының 30 дауысын жинаған кез келген ІІ-деңгей сайлаушысы ІІІ-деңгей сайлаушысына айналады.

Осылайша, «ІІІ-деңгей сайлаушыларының Тізілімі (Реестрі)» қалыптасады.

Дауыс берген әр ІІ-деңгей сайлаушысы өзінің жеке парақшасында нақты кімге дауыс бергендігі туралы қолжазба арызының скан нұсқасын жариялайды. Сайлаушының дауыс бергендігі жөнінде басқаларға бірден белгілі болу мақсатында Жүйе оның жеке парақшасын белгілі бір түспен бояйды. ІІ-деңгейдегі әр сайлаушының дауысын жүйе тек бір рет ғана есептейді.

Сайлау процесінің бұл әдісі бір сайлаушының екі рет дауыс беруінің және ІІ-деңгейдегі сайлаушылар дауыстарын бұрмалаудың алдын алу үшін жасалады.

Кез келген адам «ІІ-деңгей сайлаушылар Тізіліміне (Реестріне)» кіріп, осы деңгейдегі сайлаушылардың кімге дауыс бергендігін ашық түрде көре алады.

Кез келген ІІ-деңгей сайлаушысы кез келген күні, кез келген уақытта ІІІ-деңгей сайлаушысы бола алады. Ол үшін оған ІІ-деңгей сайлаушыларының 30 дауысын жинау қажет. Осы себепті де бұл Тізілім (Реестр) ашық болып табылады және оның соңғы нұсқасы ешқашан бекітілмейді.

ІІІ-деңгей сайлаушыларының қызмет мерзімі 7 жылды құрайды. 7 жылдан артық болған сайлаушы автоматты түрде тізілімнен (реестрден) жойылады. Егер ол қайтадан ІІІ-деңгей сайлаушысы болғысы келсе, онда оған сайлау үрдісін жаңадан бастау қажет. Яғни, әуелі ол І-деңгей сайлаушысы ретінде тіркеледі, кейін І-деңгей сайлаушыларының 10 дауысын жинап, ІІ-деңгей сайлаушысы атану қажет, содан кейін ІІ-деңгей сайлаушыларының 30 дауысын жинап, қайтадан 7 жылға ІІІ-деңгей сайлаушысы болу керек.

ІІІ-деңгей сайлаушыларының шарттарына сәйкес келетін Алматы қаласы тұрғындарының максималды саны келесіні құрайды: 60 000 ІІ-деңгей сайлаушылары/ 30 дауыс =2 000 ІІІ-деңгей сайлаушылары Қаланың атқарушы және заң шығарушы билігін сайлау үрдісі.

Қала әкімі ІІІ-деңгей сайлаушылары арасынан таңдалып, 7 жылға сайланады. Оның қызмет мерзімі өткен соң, оған өмір бойына кез келген сайлаулы және мемлекеттік лауазымды иеленуге тыйым салынады.

Қала әкімін сайлау үрдісі 2 айналымнан тұрады.

Алдымен сайлаудың 1-айналымы белгіленеді, оның ережесі келесідей:
ІІІ-деңгей сайлаушыларының дауысын ең көп жинаған ІІІ-деңгейдің кез келген сайлаушысы (сонымен қатар кем дегенде 100 дауыс жинауы қажет), қала әкімі болып тағайындалады.

Егер 1-айналымда үміткерлердің ешқайсысы ІІІ-деңгейдегі сайлаушылардың кем дегенде 100 дауысын жинай алмаса, онда 2-айналым жарияланады.

Әкім сайлауының 2-айналымы келесі ережелер бойынша жүзеге асады:
ең көп дауыс жинаған үміткер – қаланың әкімі болып тағайындалады. Яғни, егер тіпті әкім лауазымының жеңімпазына тек екі ғана сайлаушы дауыс беріп, ал оның қарсыласына тек бір ғана сайлаушы дауыс берген болса да, сайлау жүргізілді деп есептелінеді.

Дауыс берген әр сайлаушы өзінің жеке парақшасында нақты кімге дауыс бергендігі туралы қолжазба арызының скан нұсқасын жариялайды. Сайлаушының дауыс бергендігі жөнінде басқаларға бірден белгілі болу мақсатында Жүйе оның жеке парақшасын белгілі бір түспен бояйды. Әкім сайлауы кезінде әр сайлаушының дауысын жүйе тек бір рет ғана есептейді.

Сайлау процесінің бұл әдісі бір сайлаушының екі рет дауыс беруінің және ІІІ-деңгейдегі сайлаушылар дауыстарын бұрмалаудың алдын алу үшін жасалады.

Кез келген адам «ІІІ-деңгей сайлаушылар Тізіліміне (Реестріне)» кіріп, осы деңгейдегі сайлаушылардың кімге дауыс бергендігін ашық түрде көре алады.

Маслихат депутаты тек ІІІ-деңгей сайлаушыларының арасынан таңдалады және оған тек ІІІ-деңгей сайлаушылары ғана дауыс береді. Депутат 7 жылға сайланады.

Маслихат депутатын сайлау үрдісі 2 айналымнан тұрады.

Алдымен сайлаудың 1-айналымы белгіленеді, оның ережесі келесідей:
ІІІ-деңгей сайлаушыларының арасынан ең көп дауыс жинаған бірінші 70 сайлаушы, сонымен бірге олардың әрқайсысы ІІІ-деңгей сайлаушыларының кем дегенде 20 дауысын жинаса ғана қала маслихатының депутаттары ретінде тағайындалады.

Яғни, бірінші айналымнан кейін маслихат депутаттығына келесі 2 шартқа сәйкес барлық үміткерлер өтеді:
Біріншіден, - бәрінен көп дауыс жинаған үміткер; Екіншіден, - ІІІ-деңгейдегі сайлаушылардың кем дегенде 20 дауысын жинаған әр үміткер; Егер осыдан кейін 70 депутат сайланбаса, ал мысалы оның орнына тек 50 ғана депутат сайланған болса, онда қалған 20 депутатты сайлау мақсатында 2-айналым жүргізіледі.

2-айналымда сайлау келесі ереже бойынша жүзеге асады:
ең көп дауыс жинаған кез келген үміткер – қала маслихатының депутаты болып тағайындалады.

Дауыс берген әр сайлаушы өзінің жеке парақшасында нақты кімге дауыс бергендігі туралы қолжазба арызының скан нұсқасын жариялайды. Сайлаушының дауыс бергендігі жөнінде басқаларға бірден белгілі болу мақсатында Жүйе оның жеке парақшасын белгілі бір түспен бояйды. Маслихат депутатын сайлауы кезінде әр сайлаушының дауысын жүйе тек бір рет ғана есептейді.

Сайлау процесінің бұл әдісі бір сайлаушының екі рет дауыс беруінің және ІІІ-деңгейдегі сайлаушылар дауыстарын бұрмалаудың алдын алу үшін жасалады.

Кез келген адам «ІІІ-деңгей сайлаушылар Тізіліміне (Реестріне)» кіріп, осы деңгейдегі сайлаушылардың кімге дауыс бергендігін ашық түрде көре алады.

Тағайындау Алматы қаласының әкімі өз орынбасарларын, барлық қала қызметтерінің жетекшілерін ІІІ-деңгей сайлаушылары арасынан өзі тағайындайды.

Жергілікті полиция басшысын маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы ІІІ-деңгей сайлаушылар арасынан тағайындайды және орнынан босатады. Жергілікті полиция басшысы лауазымына үміткерді тек қала маслихатының кез келген депутаты ұсына алады. Маслихат депутаттарының ұсынған үміткерлерінің барлығы сайлауға қатысады және ең көп депутат дауысын жинаған үміткер 7 жылға жергілікті полиция басшысы болып тағайындалады.

Жергілікті салық қызметінің басшысын маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы ІІІ-деңгей сайлаушылар арасынан тағайындайды және орнынан босатады. Жергілікті салық қызметінің басшысы лауазымына үміткерді тек қала маслихатының кез келген депутаты ұсына алады. Маслихат депутаттарының ұсынған үміткерлерінің барлығы сайлауға қатысады және ең көп депутат дауысын жинаған үміткер 7 жылға Жергілікті салық қызметінің басшысы болып тағайындалады.

Қалалық сот және қаланың аудандық сот төрағасы ІІІ-деңгей сайлаушылар арасынан 7 жылға маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы тағайындалады (орнынан босатылады). Осыдан кейін оларға өмір бойына кез келген сайлаулы және мемлекеттік лауазымды иеленуге тыйым салынады. Қалалық сот және қаланың аудандық сот төрағасы лауазымына үміткерді тек қала маслихатының депутаты (кез келген) ұсына алады. Маслихат депутаттарының ұсынған үміткерлерінің барлығы сайлауға қатысады және ең көп депутат дауысын жинаған үміткер 7 жылға қалалық сот және қаланың аудандық сот төрағасы болып тағайындалады.

Маслихат депутаттары дауыс көпшілігі бойынша қала бюджетін, қала ішінде жердің бөлінуін, қала жерін сату және қала жерін жалға беру туралы, сонымен қатар қаланың қайта құру жоспарын, қала дамуының бас жобасын, барлық қала қызметтерінің жалақысы мен штатын және қаланың жергілікті салық мөлшерлемесін бекітеді.

Маслихат депутаттары ІІІ-деңгей сайлаушылары арасынан қаладағы жаңа құрылысқа немесе қаланың кез келген нысанын бұзуға рұқсат беретін қала құрылысы бойынша кеңес сайлайды.