KZ RU EN

Текетірес


1-бөлім Елімізде билік үшін талас туатын уақыт жақындап келеді. Бұл таласқа қатысатын негізгі таптар мен саяси топтарды қарастырайық. Ең алдымен, еліміздің жалпы экономикалық жағдайына сипаттама беріп өтейік.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы секторы өте қиын жағдайды бастан кешіріп отыр. 2007 жылға дейін берілген несиелердің көпшілігі жұмыс істемейтін, үмітсіз несиелерге айналған. Мұндай несиелерден кіріс келмейді, сондықтан банктердің жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Ал, банктік қарыздар мен операциялық шығындар бойынша төлемдер жүргізу ақша түсімін талап етеді. Бұл жағдайлар қаржы компаниялары қызметкерлері санының қысқаруына алып келеді. Сонымен қоса, 2007 жылға дейін жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу үшін несие алған компаниялардың қаржылық жағдайы да өте ауыр күйде қалып отыр. Себебі, объектілердің сатып алу құны мен олардан түсетін кіріс мөлшері қатты төмендеп кетті. Ал, бұл компаниялардың ақша қаражаттарының түгелге жуығы негізгі қарыз бен пайыздар сомасын төлеуге жұмсалатынын білдіреді. Компаниялар несиені төлеу мерзімін ұзартып отыру арқылы банкроттықтың алдын алып отыр. Жалпы, елімізде төлемге қабілетті сұраныс пен жеке меншік шикізаттық емес секторға инвестициялар тарту іс жүзінде жоқ.

Ауыл шаруашылығының жағдайы қаржы секторына қарағанда сәл жақсырақ: орта және ірі компаниялардың қаржылық жағдайы тұрақтырақ және оларда одан әрі дамуға қажетті ақша көлемі бар. Бірақ, ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі аз, сондықтан, бұл жалпы қалыптасқан жағдайға ешқандай әсер етпейді. Ауылда ұсақ шаруашылықтар тоқырауға ұшырап, бұрын егістікте жұмыс істегендер жұмыссыз қалып, амалсыздан қалаға кетіп жатыр. Алайда, қалада жеке сұраныстың жоқтығымен қоса, өнеркәсіпке инвестициялар салынбағандықтан, ауылдан келгендер қаладан жұмыс таба алмайды. Мұндай жағдай қалаларда жұмыссыз, маргиналды топтардың шоғырлануына алып келеді.

Дәл қазіргі уақытта мұнай ақшасына негізделген мемлекеттік сұраныс қана экономикаға қолдау көрсетіп отыр. Үкімет мұнай сатудан түскен ақшаның есебінен жол, мектеп, аурухана мен зауыттар құрылысын қаржыландыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканы ынталандырып отыр. Бірақ, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы аясында ашылған зауыттар Үкіметтің тұрақты, жан-жақты қаржылық қолдауына сүйенеді. Егер мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек тоқтатылса, зауыттар ары қарай жұмыс істей алмай, банкроттыққа ұшырайды. Әзірге

2 мұнайға деген баға жоғары, сондықтан, Қазақстан Үкіметі салынған зауыттарға қаржылай қолдау көрсете алады. Алайда, бұл зауыттар ары қарай тоқтаусыз жұмыс істеп тұру үшін, жыл өткен сайын көбірек ақша бөлінуі қажет. Мемлекеттің жүргізіп отырған осындай экономикалық саясаты нәтижесінде, ақша шенеуніктердің қолына шоғырланады. Себебі, шенеуніктер мемлекеттік бағдарламалар бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуді және салынған объектілерді ары қарай қаржыландыруды бақылайды. Ал, халықтың қалған бөлігі азық-түлік, үйге қажетті тауарлар мен коммуналдық қызмет бағаларының ұдайы өсуінен қиындық көретін болады. Нәтижесінде, халықтың кірістері тауар мен қызмет бағаларына қарағанда баяуырақ өседі. Сондықтан, халықтың басым бөлігі біртіндеп кедейленеді. Ал, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бақылайтын шенеуніктердің байлығы ары қарай арта түседі. Мемлекеттік бағдарламаларға байланысы жоқ, шикізаттық емес жеке кәсіпкерлік сектор ауқымы ақырындап тарыла түседі. Билік үшін күрес осындай әлеуметтік-экономикалық жағдайларда орын алады.

Енді әр таптың Қазақстан экономикасынан иеленетін үлесін қарастырайық. Әзірге тек 2009 жылға толық ақпарат бар, сондықтан, жалпы көріністі түсіну үшін, осы жылдың мәліметтерін аламыз. 2009 жылы қалыптасқан жағдай 2012 жылы да сақталып отырғанын айта кетейік. 2009 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 17 трлн. теңгені құрады.

1-кесте.

Кестедегі мәліметтерден еліміздегі негізгі таптардың қандай үлестерді иеленетінін көруге болады.

Қазақстанның экспорттық түсімдерінің 75 %-ын беретін мұнай-газ саласы шетелдік капитал мен монархиялық капиталдың иелігінде. Бүкіл экспорттық түсімдердің 20 %-ын беретін металлургия саласы да монархиялық капитал мен шетелдік капиталдың меншігінде. Атап айтқанда, Еуразиялық топ, Қазцинк, Қазақмыс компаниялары монархиялық капиталдың, ал Гленкор мен Арселор Миттал (Қарметкомбинат) компаниялары шетелдік капиталдың меншігінде.

Көлік және байланыс саласындағы Қазақстан Темір Жолы, КСелл, Қазақтелеком, Қазпошта, Эйр Астана секілді компаниялардың басым бөлігін мемлекеттік аппарат арқылы феодал-шенеуніктер бақылайды.

Электр энергиясын, газ бен су өндіру жəне бөлуді әр түрлі әкімдер мен министрлер бейнесіндегі феодал-шенеуніктер бақылайды.

Қаржы қызметі. Еліміздің несие және депозит нарықтары қызметтерінің 90%-ы 6 ірі банктің – Қазкоммерцбанк, БТА, Альянсбанк, АТФ, Халықбанк, Центркредит банктерінің үлесіне тиіп отыр.

Оның ішінде, Центркредит және АТФ банктері шетелдік капиталға, ал Халықбанк монархиялық капиталға тиесілі. «Самұрық-Қазына» мемлекеттік 4 холдингі арқылы бақыланатын БТА, Альянсбанк және «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі және «Әлнаир» холдингі арқылы бақыланатын Казкоммерцбанк монархиялық капиталдың меншігінде.

Мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау монархиялық капитал және феодал-шенеуніктермен бірлесіп бақыланады.

Ұлттық буржуазия немесе кәсіпкерлер металлургия мен мұнай өңдеуді қоспағандағы өңдеу өнеркәсібіне қатысады. Ұлттық буржуазия бұл саланы толықтай бақылайды. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, қонақ үйлер мен мейрамханаларды ұлттық кәсіпкерлер мен феодал-шенеуніктер бақылайды. Көріп тұрғанымыздай, еліміздің экономикасының басым бөлігі монархиялық капитал мен шетелдік капиталдың меншігінде. Ал, ұлттық кәсіпкерлер экономиканың 20 %-ын иеленеді жә

не олардың көбісі сауда саласына шоғырланған.

Сонымен, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларын қарастырып болдық. Енді әр таптың алдында тұрған саяси мақсаттар мен міндеттерге көшейік.

2-бөлім.

Феодал-шенеуніктер табынан бастайық. Мемлекеттік аппарат негізгі табысын түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру кезінде бағаны қымбаттатудан, Қазақстанда бизнестің дамуына кедергілер туғызудан және бизнестен ақша алудың негізінде осы кедергілерді шешуден табады.

ІІМ, ҰҚК, Қаржы полициясы, Бас прокуратураның негізгі табысына қылмыстық іс-әрекеттен түскен табыстар мен заңды бұзған немесе заңды бұзды деген күдікті азаматтардан алынған ақша жатады. Кеден негізгі табысын сырттан контрабандалық тауарлар әкелуден, сонымен қатар, экспорт пен импортқа кедергілер туғызып, оларды ақшамен шешуден табады. Контрабандалық тауарларды сырттан тасып әкелу шетелдік өндірушіні қолдау болып табылады.

Аталған феодал-шенеуніктер осындай жолдармен табылған ақшаны ел ішінен және шет елдерден мүліктер мен компаниялар сатып алуға жұмсайды. Қазіргі экономикалық жүйенің ерекшеліктеріне байланысты капитал кәсіпкерлерге қарағанда феодал-шенеуніктерде көбірек шоғырланады. Демек, феодалдар кәсіпкерлерге қарағанда әртүрлі бизнестерді сатып алуға көбірек ақша жұмсай алады. Сондықтан, феодалдар, ерте ме, кеш пе, сол кәсіпкерлердің өздеріне айналады. Нәтижесінде, кәсіпкерлерге айналған феодалдар мен бизнестен пара алғысы келетін жаңа феодалдар арасында қарама-қайшылықтар орын алады. Бизнестің меншік иелеріне айналған феодалдар жалпы феодал- шенеуніктердің бизнеске тікелей шабуылына қарсы күресті күшейтеді. Ал, бұл

5 заңнаманы ырықтандыруды және жалпы феодалдардан заң шығару базасын тартып алуды білдіреді. Содан кейін, құжаттарды алу үдерісі жеңілдетіліп, көптеген рұқсат алулар жойылады.

Феодал-шенеуніктер үш ірі топқа бөлінеді.

Олардың бірінші тобына қазақтың ескі дәстүрлеріне сүйенетін тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктер – Мұхтар Шаханов, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Серікжан Мәмбеталин, Рысбек Сәрсенбай, Арон Атабек, Жанболат Мамай, т.б. адамдар кіреді. Біз жоғарыда аталған адамдарды бұл тапқа жұмыс орны бойынша емес, саяси көзқарастар жүйесі мен олар сүйенетін тап бойынша жатқыздық. Себебі, адам феодал-шенеуніктер табының мүдделерін қорғау үшін, феодал-шенеунік болуы міндетті емес. Мысалы, Ленин жұмысшы болмаса да, жұмысшы табының, ал Авраам Линкольн кәсіпкер болмаса да, кәсіпкерлер табының мүдделерін қорғады. Сондықтан, Мамай мырза сияқты адамдар феодалдардың мүдделерін қорғау үшін, мемлекеттік аппаратта жұмыс істеуге міндетті емес.

Қазақтың ескі дәстүрлеріне сүйенетін феодал-шенеуніктер өз қызметтерін атқару кезінде  қазақтілді қызметкерлерге, студенттерге және қалаға жақында көшіп келген әр түрлі жұмыстағы адамдарға сүйенеді. Бұл феодал-шенеуніктерде билікті басып алу мен ұстап тұруға қажетті жеткілікті капитал жоқ. Сонымен қатар, бұл топта Арон Атабектен басқа, өз арттарынан адамдарды ертіп жүре алатын, ерік-жігері мықты және харизмалық жетекшілер жоқ. Сондықтан, олар нақты күш болып табылмайды. Нәтижесінде, қазақтілділер қоғамында қазақтың ескі дәстүрлеріне сүйенетін феодал- шенеуніктер діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктерден жеңіледі.

Сондықтан, қазақтілділер діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктердің арттарынан ереді.

Екінші топқа діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктер – Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан және әзірге танымал емес т.б. адамдар кіреді. Олар Қазақстанды теократиялық мемлекетке айналдырғысы келетін феодал-шенеуніктерге, қазақтілді қызметкерлерге, студенттерге және қалаға жақында көшіп келген әр түрлі жұмыстағы адамдарға сүйенеді. Діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктердің өз идеяларын қаржыландыру үшін капиталы жеткілікті және олар мемлекеттік аппараттың біраз қолдауы мен бақылаудағы күзет компаниялары түріндегі күш ресурстарына ие. Бұл топ өз жақтастарын жұмылдыру мақсатында мешіттерді ұйымдық құрылым ретінде пайдаланады. Егер бұл феодал-шенеуніктер қазақтілділердің жеткілікті қолдауына ие болып жатса, онда Қазақстанның қазіргі басшысы биліктен кеткен кезде, адамдарды көшеге шығарып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенеді.

Қазақтілділер тарапынан жеткілікті қолдау болмаса, Үкімет портфельдерінің бір бөлігі үшін зайырлы тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктермен одақтасады.

6 Бірақ, өз саясатын жүргізуді жалғастыра береді. Мысырлық «Мұсылман бауырлар» мысалына сүйене отырып, мемлекетті шайқалту арқылы ақырындап билікті күшпен басып алуға тырысады.

Бұл феодал-шенеуніктер Қазақстанда БАӘ, Кувейт, Катардағыдай мемлекеттік құрылымды орнатқысы келеді. Бірақ, олар тек өз ұрандарына сүйенгендіктен және ешқандай экономикалық және қоғамдық даму заңдарын түсінбегендіктен әрі білмегендіктен, Қазақстанда ешқандай екінші Кувейтті орната алмайды.

Мысалы, олар Кувейттің тәулігіне 2,4 млн. баррель мұнайды экспортқа шығаруының нәтижесінде жылына $ 70 млрд. табыс көретінін білмейді. Кувейт азаматтарының саны 1 млн. адам, сондықтан, жан басына шаққандағы мұнайдан түскен табыс $ 70 000-ды құрайды. Ал, Қазақстан тәулігіне 1,3 млн. баррель мұнайды экспортқа шығарады, сәйкесінше, жылына $ 53 млрд. табыс табады. Қазақстан халқының саны 17 млн. адамды құрағандықтан, жан басына шаққандағы мұнайдан түскен табыс $ 3 000-ды құрайды. Бұл көрсеткіш Кувейтпен салыстырғанда 23 есе төмен болып табылады. Сондықтан, олар билікке келгенде, Қазақстанды екінші Кувейт емес, екінші Ауғанстан, Сомали немесе Судан сияқты елге сөзсіз айналдырады.

Нәтижесінде, Қазақстанда мұндай феодал-шенеуніктердің билікке келуі Иран төңкерісі сияқты жағдайдың орын алуына, ары қарай оның азаматтық соғысқа ұласуына және Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймақтарының бір-бірінен бөлінуіне әкеледі. Осыған ұқсас жағдайды Абхазия мен Оңтүстік Осетияның Грузиядан немесе Приднестровьенің Молдовадан бөлінгендігінен көруге болады.

Енді феодал-шенеуніктердің үшінші тобын қарастыруға көшейік. Бұл топқа зайырлы тұғырнамада тұрған және ұлтшылдық ұрандарды көп пайдаланбайтын феодал-шенеуніктер – Нұртай Абықаев, Аслан Мусин, Өмірзақ Шөкеев, Иманғали Тасмағанбетов, Ахметжан Есімов, Кәрім Мәсімов сияқты адамдар кіреді. Бұл феодал-шенеуніктер мемлекеттік аппаратқа, орта кәсіпкерлерге және қызметкерлерге сүйенеді. Сонымен қатар, олар шетелдіктер мен монархиялық капиталға тиесілі шикізат компанияларын мемлекеттендіру кезінде жұмысшы табын қосымша құрал ретінде пайдаланып, ары қарайғы күресте жұмысшы табымен одақтасады.

Феодал-шенеуніктердің бұл тобы әр түрлі діндер мен этникалық топтардың өкілдерімен өте көп туысқандық және іскерлік байланыстарда болып келеді. Сондықтан, олар мемлекеттің зайырлы сипатта болуын назарда ұстап, ашық түрдегі ұлтшылдық ұрандарды немесе басқа этникалық топтар ұлтшыл ретінде қабылдайтын ұрандарды пайдаланбайды. Бұл топ билік үшін күресте ең көп потенциалға ие топ болып табылады. Феодалдың жеке тұлға ретінде билікті басып алуы оның қазіргі немесе «Х» сағатындағы лауазымына байланысты

7

емес. Билікті тек талабын анық әрі түсінікті қоя білетін және ІІМ мен ҰҚК-мен келісе алатын феодал ғана басып алады. Себебі, тек ІІМ мен ҰҚК ғана барлық потенциалды билікке үміткерлерді тұтқындай алатындықтан, билік үшін күресте шешуші рөл атқаратын болады. Ал соттар мен Бас прокуратураны қоса алғандағы барлық қалған мемлекеттік органдардың Қазақстан заңдарына сәйкес кез келген адамды тұтқындауға физикалық тұрғыдан мүмкіндіктері жоқ. Демек, қажет болған жағдайда ІІМ мен ҰҚК Үкімет, Парламент немесе Жоғарғы сот басшысын жемқорлық немесе қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдалану фактілері бойынша айыптап, тұтқынға алуы мүмкін.

Ал, потенциалды билікке үміткерлердің тұтқынға алынуы билікті басып алуды тез әрі елеусіз етеді. Егер ІІМ бір феодал-шенеуніктерді, ал, ҰҚК басқа феодал-шенеуніктерді қолдайтын болса, билік үшін күрестің нәтижесі осы екі органның қайсысы бір-бірінің басшыларын жылдамырақ тұтқындайтынына байланысты болады. Яғни, алдымен ҰҚК ІІМ басшылығын тұтқынға алады немесе ІІМ ҰҚК басшылығын тұтқынға алады.

Билік үшін күресте жеңген феодал-шенеунік билікке келгеннен кейін, жаңа монархиялық капитал жүйесін құрады. Бұдан кейін жеңілген топтарға тиесілі болған ірі шикізат компаниялары мен банктерді өз пайдасына қарай қайта бөледі. Демек, ескі монархиялық капитал жүйесіне кірген адамдар Қазақстандағы өз меншіктерінен айырылады. Феодал-шенеуніктер табын қарастырып болдық. Енді кәсіпкерлер табына өтейік.