KZ RU EN

Құнсыздану (Инфляция)




Инфляция – бұл экономикадағы ақша массасына өзгермеген немесе аз мөлшердегі тауар көлемі сәйкес келетін экономикадағы ақшаның көбеюі болып табылады.

Мысалы.

Экономикада екі тауар бар деп елестетейік. Мысалы, үстел мен телевизор. Бұл екі тауар экономикада бар барлық тауарлар санын құрайды. Ары қарай мемлекет тұрғындарының қолындағы ақша саны 2 долларды құрайды деп елестетейік. Демек, біздің экономикадағы барлық тауарлар, яғни бір үстел және бір телевизор 2$-дан артық тұрмайды (бағаланбайды). Себебі экономикада басқа ақша жоқ. Ал егерде экономикада +1$ артық доллар пайда болса, онда 2 тауар 3$ тұратын болады. Бұл жағдай экономикада «инфляция» деп аталады. Экономикадағы 2$-дың орнына 3$ қайдан пайда болды? Бұл қосымша (артық) доллар ауадан басып шығарылды және экономикаға енгізілді. Бұл ақшаны кім басып шығарды және не үшін? Бұл ақшаны басып шығарып, экономикаға енгізген мемлекеттің Ұлттық Банкі. Орталық банктің экономикаға қосымша ақшаның енгізудің 2 себебі бар.

Бірінші себеп.

Осы жылы, алдыңғы жылмен салыстырғанда экономикадағы тауар өндірісінің кеңеюі (артуы) өндірілген тауарларға қатысты қосымша ақша енгізуді талап етеді. Егерде қосымша ақшаны енгізбесек, қосымша өндірілген тауарлар сатылмай қалады, себебі олардың айналымы үшін жаңа ақша қажет. Ал ескі ақша массасы (ақша) жаңа тауарларды қоспағандағы тауар өндірісін қамтамасыз етуге арналған.

Мысал:

Экономика жылына 1 ірімшік және 1 үй өндіреді делік. Осы тауар айналымын қамтамасыз ету үшін Орталық Банк 2$ басып шығарады. Мысалды жеңілдету үшін осы екі тауар – ірімшік пен үйдің әрқайсысы бір-бір доллардан тұрады деп елестетейік. Яғни, 1$ осы 1 тауарды өндіруге кеткен барлық шығындар мен қалыпты табысты құрайды. Біз ақша айналымының жылдамдығын есепке алмаймыз. Себебі, қағидалық тұрғыда еңтеңе де өзгермейді, ал тек мысалымыз қиындайды.

Сол себептен, біздің экономикамызда барлық өндірістік тауарларды сатып алатын, – 2$, 2 тауарға қатысты ақша массасы жеткілікті.

Келесі жылы біздің экономика бұрын шығармаған тауар өндіруді бастайды, мысалға – 1 телевизор. Егер осы тауарға қатысты Ұлттық Банк қосымша ақша басып шығармаса не болмақ? Онда келесідей жағдай болады.

Экономика 3 тауар бірлігін өндіреді, ал оны сатып алуға арналған ақша 2 бірлікті құрайды. Сәйкесінше, осы тауарлардың кейбіреуі сатылмай қалады және олардың өндірушілері банкротқа ұшырайды. Экономикада бұл жағдай дефляция деп аталады. Сондықтан да, мұндай жағдайды болдырмау үшін және қосымша өндірістік тауарды қосымша ақшамен қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк қосымша 1 долларды басып шығарады және оны экономикаға енгізеді. Бұл жағдайда 3 тауар бірлігіне сәйкес экономикада 3$ бар, яғни инфляция да, дефляция да жоқ. Яғни тауар айналымы ақша массасымен толықтай қамтамасыз етілген.

Алайда проблема ҰБ-тің қосымша өндірілген тауарды ақшамен қамтамасыз ету үшін қанша ақша басып шығарып және оны экономикаға енгізетіндігін білмейтіндігінде болып табылады. Себебі нақты қажет етілетін ақша сомасын басып шығару мүмкін емес, сондықтан да ҰБ-те 2 таңдау болады, бірі қажет сомадан кішкене көбірек не кішкене азырақ басып шығару. Жоғарыда көрсетілген мысалдан байқағанымыздай дефляция инфляциядан да қауіпті, сол себептен де ҰБ қажет сомадан кішкене артық соманы басып шығарады. Демек, өндірістік тауар массасын қамтамасыз етуге арналған артық ақша массасы инфляцияға (құнсыздануға) әкеп соқтырады, міне құнсыздану осының себебінен болады.

Екінші себеп.

Ақша – бұл ақша иесінің алдындағы қоғамның қолма-қолсыз міндеттемесі. Қоғам міндеттемесі деген не? Бұл ақша иесіне белгілі-бір тауарлар мен қызметтер санын ұсыну дегенді білдіреді. Қоғам көрсететін тауарлар мен қызметтер саны ақша иесіндегі ақша санына тікелей байланысты.

Құнсыздану – бұл ақша иесінің алдындағы қоғамның міндетін төмендету мақсатында мемлекеттің (ақша эмиссиясының орталығы ретінде) қолданатын шарасы.

Яғни, мемлекет кейпіндегі қоғам, халыққа көп уәде беріп, ол шындығында өз уәдесін орындауға (қызмет көрсету не тауар ұсыну) жағдайы жеткіліксіз болғанда, инфляция болады. Демек, мемлекет инфляция арқылы ақша иесінің алдындағы өзінің міндетін түбегейлі немесе біртіндеп жояды.



Қазақстандағы инфляцияның себептері



1. Қазақстандағы құнсыздануды қарастырайық. Ол үшін алдымен Америка экономикасын қарастырамыз.

Америка үкіметі «жаңа жұмыс орындарын, жаңа тауарлар мен қызметтер өндірісін ынталандыру» үшін қосымша ақша басып шығарады және оны экономикаға енгізеді.

Америка Үкіметі бұл ештеңемен қамтамасыз етілмеген ақшаны «нақты секторға» барады деп үміттенеді. Алайда, басып шығарылған ақша бұл жерге бармайды.

Неліктен?

Себебі елдегі тауар өндірісінің өсуі байқалмайды.

Неліктен АҚШ өндірісіндегі тауар өндірісінің өсуі байқалмайды?

Себебі өндірілген тауарға деген төлемқабілеттілік сұраныс жоқ.

Неліктен өндірілген тауарға деген төлемқабілеттілік сұраныс жоқ?

Себебі тұрғындардың нақты табысы төмендеп жатыр.

Неліктен тұрғындардың нақты табысы төмендеп жатыр?

Оның екі себебі бар:



Бірінші себеп.

Тұрғындар бұрын жұмыс жасаған өндіріс орындары шығыс және Орталық Азияға көшіп кеткен. Себебі ол жақта арзан жұмыс күші бар.Арзан жұмыс күші дегеніміз не?

Екінші себеп.

Тұрғындардың көп бөлігінің кредитте өмір сүруі. Сәйкесінше, әрбір америка отбасысы кредитке бір машина алады. Ал үш жылдан соң бұл машина бұзылып қалды делік, және ол әлдеқашан қоқыста жатыр. Бірақ кредит әлі өтелмеген. Ал үй қожайыны кеше ғана жұмыс орынынан шығып кеткен. Себебі ол жұмыс істеген тоқыма өнеркәсібі Үндістанға көшіп кетті. Сол себептен де, бұл жанұя жаңа өнім сатып алмас бұрын алдымен өзінің шығындарын жабуды ойлайды.

Ал онда АҚШ Үкіметі басып шығарған, «ештеңемен қамтамасыз етілмеген» ақша қайда барады?

Бұл ақшаның баруы мүмкін үш нарық бар.

Бұлар:

1) Экономика кредиттері (тұрғындар кредиттері, бизнес кредиттері, нақты өндіріс кредиттері);

2) Тауар нарығы (мұнай, астық, мақта);

3) Қаржы нарығы (акция, облигация, бағалы қағаздар).

Жоғарыда біз бұл ақшаның не үшін нақты секторға, яғни «экономика кредиттері» нарығына бармайтынын көрсеттік.

Демек, ештеңемен қамтамасыз етілмеген қосымша ақша баруы мүмкін екі нарық бар.

Бұл шикізат пен қаржы нарығы. Бұл ақшалар шикізат және қаржы нарығына келіп, шикізат тауарлары мен қаржы активтеріне деген бағаның өсуіне әсер етеді. Мысалы, мұнай бағасы 20$ болса, ал «ештеңемен қамтамасыз етілмеген», ҰБ басып шығарған қосымша ақша ағымының кемуіне байланысты, енді мұнай бағасы 100$-ды құрайды.

Мысал:

Әлемдік нарықтағы баға мынандай: астық 1$ және мұнай 1$ (2 фишка және 2$ (картада)). Қазақстандағы астық бағасы 200 теңге және мұнай бағасы 200 теңге (бағам: 1$=200). Жоғарыдағы себепке байланысты әлемдік нарықтағы баға 2 есе көбейіп кетті делік. Енді, осыдан кейін әлемдік нарықтағы астық 2$ және мұнай 2$-ды құрайды (әрқайсысына 1-1$-н қосамыз). Бұл жағдайда отандық өндірушілер өз тауарларын, қосымша пайда табу мақсатында экспортқа шыға бастайды.

2. Банк секторы Қазақстандағы инфляцияға қалай әсер етпек?

Инфляция бұл – экономикада бар тауар санынан ақша массасының көп болуы екендігін ұмытпайық.

Экономикадағы тауар санынан ақша массасының көп болуына банк секторы қалай әсер етпек?

Бұл келесідей жүзеге асады.

Коммерциялық банктер шетелден доллар тартады және оны Қазақстан экономикасына құяды. Бұл ақшаны Қазақстан экономикасына құю үшін коммерциялық банктер шетелден тартқан долларды теңгеге айырбастауы тиіс. ҰБ қосымша теңге басып шығарады және оны коммерциялық банктер тартқан долларларға айырбастайды. ҰБ сатып алған долларлар алтын-валюта резервіне түседі. Коммерциялық банктер өздерінің долларларына теңге алғаннан кейін, оны кредит түрінде экономикаға құяды. Яғни қосымша теңге пайда болады. Ал тауар өндірісі өспеді және бұрынғыдай болып қала береді. Біздің мысалда екі тауар, ал ақша көлемі өскен. Сол себептен де, инфляция пайда болады.

Мысал:

Экономикадағы тауар саны 2 тауар. ҰБ-тегі $ саны 2$. ҰБ өзінде бар 2$ сәйкес экономикаға 400 теңге басып шығарады. Сәйкесінше, 2 тауар 400теңге тұрады. Енді коммерциялық банктер шетелден 2$ тартады және оны Қазақстан экономикасына құяды деп елестетейік. Осы тұста банктер 2$-ды ҰБ-гі 400 теңгеге сатады және оны экономикаға кредит түрінде құяды. ҰБ 400 теңгені ауадан басып шығаратындығын ұмытпауымыз керек.

Енді осыдан кейін экономикада 800 теңге пайда болады. Яғни экономикадағы тауар саны бұрынғысынша, 2 тауар болып қала береді, ал теңге көлемі болса 400-ден 800-ге өсті, сәйкесінше, енді 2 тауар 800 теңге тұратын болады. Міне, осылай инфляция пайда болады.

3. Экспорт арқылы пайда болатын инфляция.

Жоғарыда атап өткендей Америка Үкіметінің саясатына байланысты шикізат тауарларына деген баға деңгейі өседі.

Сәйкесінше, Қазақстандағы шикізат тауарларын, яғни мұнай және оның өнімдері (жанар-жағармайдың түрлері) астық, мақта және т.б. өндірушілерінің алдында өз өнімін қайда сатуға боладыдеген сұрақ тұрады.

Олар оны әлемдік нарыққа қоя алады. Және осы арқылы шикізат ресурстарының бағасының өсуінің негізінде олар қосымша пайда табады.

Не болмаса, олар бұл тауарларды бағасы сол қалпында өзгермеген Қазақстан нарығында қалдыруды ойланады. Алайда, бұл жағдайда олар қосымша табыс ала алмайды.

Әлбетте, шикізат тауарларын өндірушілер өз өнімдерін Қазақстан нарығындағы бағамен салыстырғанда бағасы өскен шетел нарығына шығару жолын таңдайды.

Осының негізінде экономикада астық, мұнай өнімдері және т.б. сияқты тауарлар саны азаяды. Бұл жағдайда тұрғындардағы ақша көлемі сол қалпында қала береді, алайда тауар көлемі азаяды. Сәйкесінше, бұл аталмыш тауар бағасының өсуіне әсер етеді және осы реттілік бойынша мұнай өнімдері мен астық қолданылатын барлық тауарларға да әсер етеді. Бұл жағдайда 400$ иеленетін Қазақстан тұрғындары шартты түрде 2400$ орташа жалақы алатын мемлекеттермен шикізат тауарлары бойынша бәсекеге түседі.

Мысал:

Экономикадағы тауарлар саны 2 тауар. Олардың 4 бірлігі астық, 4 бірлігі бензин өнімдері. Енді осының ішінен 2 бірлік астық пен 2 бірлік бензинді экспортқа шығарады делік. ҰБ-гі долларлар саны 2$. ҰБ өзінде бар 2$-ға сәйкес экономикаға 400 теңге басып шығарады. Сәйкесінше, экономикадағы 4 бірлік тауар бағасы 400 теңгені құрайды. 1 тауар бірлігінің құны 100 теңге.

Келесі жылы Америка Үкіметінің саясатына байланысты шикізат тауарларының бағасы 2 есе өседі. Біздің мысалда әлемдік нарықтағы бензин бағасы 1$-дан 2-ге, ал астық бағасы да 1$-дан 2-ге өседі.

Ал Қазақстандағы шикізат тауарларына деген баға өскен жоқ. Қосымша пайда табу мақсатында шикізат тауарларын өндірушілер әлемдік нарыққа өз тауарларымен шыға бастайды. Егер де бұрын олар 4 бірліктің 2-ін экспортқа шығарған болса, енді әлемдік нарықтағы бағаның өсуіне байланысты өндірушілер 4 бірліктің 3-ін экспортқа шығарады. Осы кезде Қазақстанда 1 бірлік бензин мен 1 бірлік астық қалады.

Енді экономикадағы ақша саны 400 теңгені құрайды, ал тауар саны болса 4 бірліктен 2 бірлікке қысқарады. Осы ретте 2 тауар бірлігіне 400 теңге келеді. Бұл бір тауар бірлігіне деген бағаның 100 теңгеден 200 теңгеге өсуіне әсер етеді. Бұл инфляцияның пайда болуына әсер етеді.

Егер банк шетелден келетін долларларға қатысты теңге басып шығармаса не болмақ?

Экономикадағы тауарлар саны 2 тауарды құрайды. ҰБ-тегі долларлар саны 2$. ҰБ өзінде бар 2$-ға сәйкес 400 теңге басып шығарады. Сәйкесінше, 2 тауар саны 400 теңгені құрайды. Әрбір тауар 200 теңге (2$). Бұл 200 теңге осы тауарға кеткен барлық шығындармен қалыпты табысты құрайды. Экономикаға жоғарыда көрсетілген себепке байланысты қосымша 2 доллар тартылады. Егерде банк осы долларларды сатып алу үшін теңге басып шығармаса, онда бұл долларлар валюта нарығынад сатылады. Яғни енді 4$-ға 400 теңге сәйкес келеді. Доллар бағамы төмендейді және 1$ 100 теңгені құрайтын болады.

Бұл экономикаға қалай әсер етпек?

Доллар курсының төмендеуінен тауар өндірушілер сомасының экспорты зардап шегеді.

Мысал:

Ұлттық өндірушілердің 1 тауары 200 теңге. Бұл баға барлық шығындар мен қалыпты табысты құрайды. 1$=200теңге бағамы бойынша, біздің өнім экспортта 1$ тұратын болады. Ұлттық өндіруші өз тауарын сатып 1$ алады және оны бағам бойынша 200 теңгеге айырбастайды. Бұл баға барлық шыығндар мен қалыпты табысты құрайды.

Жоғарыда аталған себепке байланысты экономикаға қосымша 2$ келеді. Енді 4$-ға 400 теңге келеді. Доллар бағамы төмендейді және 1$ 100 теңге болады. Ұлттың өндірушілердің 1 тауары 200 теңге тұрады. Бұл баға барлық шығындар мен қалыпты табысты құрайды. Біздің тауар экспортта бұрынғысынша 1$-ды құрайды. Өз өнімін сатқан ұлттық өндіруші 1$ алып, оны бағам бойынша 100 теңгеге айырбастайды.

Бұл ақша барлық шығындарды жаппайды және қалыпты табыс әкелмейді. Осы кезде ұлттық өндіруші банкротқа ұшырайды. Енді өндірілген тауарға деген барлық шығындарды жабу және қалыпты табыс табу үшін, ұлттық өндіруші экспортқа шығаратын тауарлардың бағасын 2$-ға көтеруге мәжбүр. Алайда бұл жағдайда оның тауары өтпей қалады және ұлттық өндіруші банкротқа ұшырайды.



Алтын валюта стандарты



Алтын стандарты – негізгі есеп айырысу бірлігі ретінде кейбір стандартталған алтын көлемі қарастырылатын ақша жүйесі. Алтын стандарттарына негізделген экономикада, әрбір шығарылған ақша бірлігі бірінші талап бойынша сәйкесінше алтын көлеміне айырбасталады деп қарастырылады. Алтын стандарты бар мемлекеттер арасындағы есеп айырысу кезінде валютаның алтын массасы бірлігіне қатынасы негізіндегі тұрақыт айырбас валюта курсы тағайындалады. Алтын стандартының жақтаушылары, бұл стандарт экономиканы инфляциясыз мейлінше тұрақты етеді деп пайымдайды, себебі алтын стандарты кезінде Үкімет ештеңемен қамтамасыз етілмеген ақшаны ауадан басып шығара алмайды. Бұл өз кезегінде инфляция пайда болуының алдын алады. Алайда төлем құралының тапшылығы өтімділік дағдарысының есебінен өндірістің құлдырауына әкеледі. Алтын валюта стандарты – тауар айналымын алтынмен қамтамасыз ететін жүйе.

Мысал:

Экономикадағы тауарлар саны 2 тауарды құрайды. Экономикадағы алтын монеталардың саны 2 монетаны құрайды. Сәйкесінше, экономикадағы 2 тауардың бағасы 2 алтын монетасын құрайды. Бұл жағдайда инфляция деңгейін бір қалыпта ұстап тұруға болады, себебі алтын ауадан басып шығарылмайды. Келесі жылы біздің экономика бұрын өндірмеген тауарды өндіре бастайды, мысалы 1 телевизор. Бұл жағдайда не болмақ? Онда мынандай жағдай орын алады. Экономика 3 тауар бірлігін өндіреді, ал оларды сатып алатын алтын монеталардың саны 2 бірлік. Сәйкесінше, кейбір тауарлар өтпей қалады, ал олардың өндірушілері банкроттыққа ұшырайды. Экономикада бұлжағдай дефляция деп аталады. Ал егерде экономикада дағдарыс болса, не болмақ? Бұл жағдайда адамдар өздеріндегі ақша массаларын сақтай бастайды. Осы кезде алтын монеталар экономикаға бармайды. Осы кезде өндіріске ақша түспегендіктен, өндіріс банктроттыққа ұшырайды.

Егер ақша курпюралары болғанда, тіпті халық қор ретінде ақша сақтаса да, ҰБ қажетті ақша көлемін басып шығара алатын еді. Мұндай жағдайда біртіндеп инфляция болады, бірақ өндіріс жалғаса береді. (мысал: 30-жылдары Рузвельт барлық алтын монеталары мен алтын құймаларын тапсыру жөнінде заң қабылданады). Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өте ауыр болған онжылдық бойы алтын паритетті қолдап келген Англия 1931 жылы алтынмен төлемдерді тоқтатты. Бұл осыған ұқсас уақытша тоқтатулар толқынын туғызды, сондықтан да 1932 жылдың бірінші жартысына қарай 40-тан аса мемлекеттер не алтыннан, не алтын валюта стандартынан бас тартты. Сол кезде, яғни 1933 жылы президент Франклин Делано Рузвельт АҚШ азаматтарына алтынды иеленуге,сатуға, сатып алуға тыйым салды.

Сол кездері АҚШ Үкіметі шетелдік Орталық банктерге, өндірістік ұйымдарға, спекулянттарға алтын сатуын жалғастыра берген кезде 1934 жылдың қаңтарында доллар девальвациясын (алтынға қатысты) қолдануға тыйым салды. Доллардың бағалана бастауы (обесценение) доллардың ресми құнын 65%-ға жоғарлатты ($20,67-дан $35-ға дейінгі трояндық унция (тройякую унцию)). Жинақтық (коллекционирование) ретінде саналатын алтын монеталар мен сертификаттарға, сондай-ақ Қаржы Министрлігінің ерекше лицензиясы қажет етілетін зергерлік және өндірістік металдарды тыйым салынбады. АҚШ Үкіметінің алтын резервін бақылау мақсатында заң ережелеріне өзлерістер енгізу барысында алтынмен жүргізілетін ресми операцияларды 1969 жылға дейін ресми басқарушылық баға бойынша жүргізуге тура келді. Сәйкесінше жаңа жүйенің негізінде әлемдік валюта бұрынғысынша доллар бойынша бағаланды, алайда доллар енді алтын резервтеріне қатысты болмады. Сонымен қатар 1968 жылдан бастап, лицензияланған дилерлер алтын сату мен сатып алуды нарықтық баға бойынша жүргізуді бастады.