Таңдауды кім жасайды, - еркек пе әлде әйел ме?
Мінез-құлық психологиясы #6
Осы сұраққа жауап берер алдында әйелдер - өз және құрбыларының тәжірибесін еске алып, ойланады да, таңдауды әйел жасайды деген шешімге келеді. Дәл осындай шешімге өзінің жеке тәжірибелер негізінде көп еркектер де келеді. Бірақ бұған түбегейлі келіспейтін еркектер де бар.
Қызығы - олардың әрқайсылары дұрыс айтады.
Осы сұрақты түсіну үшін, - мектептегі биология оқулығынан бастайық. Осы оқулықтан біз әйел адамдарда ұрық жасушаның көлемі шектеулі екенін және ол жылына бір баладан артық туа алмайтынын, ал еркектің миллиондаған спермотозоидтары бар екенін және жылына еркек потенциалды түрде 5 000-нан көп әйелді жүкті қыла алатынын білеміз. Әрине бұндай жағдайда еркектің басқа ештеңеге уақыты қалмайды.
Осындай айырмашылық бар болғандықтан, дұрыс және жақсы серіктесті таңдауда әйел адам ер адамға қарағанда көбірек қызығушылық танытады. Себебі сапасыз серіктестен жаман ұрпақ әкелу деген қате жасау көзқарасы бойынша әйел адамның еркекке қарағанда мүмкіндігі азырақ. Заманауи биологтардың көбісі келесідей ойды ұстанады: әйел адамның ұрық жасушасы ер адамның спермотозоидтарына қарағанда азырақ болғандықтан, тек әйелдер ғана нарықта дефицит тауарларға иелік етеді, ал еркектер, - арзан және қолжетімді көпшілік қолданатын тауарларды сатады, сол себепті әйелдер келесі ұрпаққа қай еркектің гені жалғасатынын шешуші төреші болып саналады дейді.
Мысалдың қарапайымдылығы мен көрнеікілігі үшін бала тууға қабілетті орта статистикалық еркек пен әйелдің 14 пен 34 жас аралығын алайық. Осыдан 20 жыл шығады. Дәл осы уақыттың аралығында орта статистикалық әйел қанша бала туа алады. Қалыпты жағдай бойынша әйел адам жылына бір дені сау баланы дүниеге әкеледі деп есептейік, жылына әйел адам бір ұрықты 6 егізді дүниеге алып келетін жағдайды қарастырмаймыз. Бір әйелдің түрлі еркектермен болуы мүмкін байланысы оның жылына дүниеге әкелетін бала санына әсер етпейді. Әйелдің жылына түрлі еркектермен 100 байланысы болса да, нәтижесінде әйел сол жылдың ішінде дені сау бір баладан артық бала туа алмайды. Осылайша орта репродуктивті уақыт ішінде өз генін келесі ұрпаққа беру және ұрпақ жалғастыру түйсігін орындау үшін әйелде потенциалды түрде тек 20 ғана мүмкіндігі бар, себебі ол осы 20 жылдың ішінде тек 20 ғана баланы дүниеге әкеле алады.
Осы репродуктивті 20 жыл ішінде түрлі әйелдермен максималды байланысқа түскен ер адамның қанша баласы дүниеге келуі мүмкін жағдайын қарастырайық. Еркектің әйелден айырмашылығы, - ол түрлі 100 әйелмен байланысқа түссе, онда сол түрлі әйелдер сол жылдың ішінде потенциалды түрде оған 100 бала туып бере алады. Нәтижесінде сол 20 жыл ішінде еркектің өзінің генін келесі ұрпаққа беру және ұрпақ жалғастыруға 2 000 мүмкіндігі бар (100 мүмкіндік * 20 жыл). Біз әйелдер мен еркектердің өздерінің гендерін келесі ұрпаққа беру мүмкіндіктерінің айырмашылығы пайызбен, есемен және ретпен емес, - олар жүз есе өзгешелікпен ерекшеленетінін көрдік.
Бұл жағдайды көрнектірек көрсету үшін, ең жақсы нан үшін байқау өтіп жатқандығын елестетейік. Байқау нәтижесі бойынша әділ қазы алқасы жеңімпаздарға үлкен көлемдегі ақшалай сыйақы береді. Бұл байқаудың қатысушылары көп және олар өзара екіге бөлінген: бір бөлігіндегі адамдардың әрқайсысында 20 кг ұны бар, ал келесі бөлігіндегі әрбір адамда 100 000 дана жұмыртқа бар. Бір нанды пісіру үшін 1 жұмыртқа және 1 кг ұн жұмсау қажет.
Енді өзіңізді ұны бар адамның орнына қойып көріңіз. Сіз қасыңызда тұрған, жұмыртқасы бар адаммен бірігіп, өзіңіздің алғашқы наныңызды пісірмекшісіз. Алайда пісірілген нан дәмсіз және шикі, ал жаңағы нанды жақсы пісіремін деп сендірген адам нанның дұрыс пісірілуі туралы еш түсінігі жоқ шебердің қарапайым көмекшісі болып шықты. Ал сізде енді 19 кг ұн және ашу мен ыза қалды. Осылайша сізге жарамды деп көрінген наубайшымен өзіңіздің нан пісіру мүмкіндіктеріңізді жалғастыра бересіз. Бірақ әр қадам сайын сіздің жасаған наныңыз не күйген қабықша не шикі нан болуда. Ұн азая береді, міне енді тек 5 кг қалды. Сіз енді өзіңізге әйтеуір біреумен нан пісіруге рұқсат бермейсіз, сіз өз мүмкіндігіңіздің көзден ғайып болып бара жатқанын түсінесіз және де сізге шебердің көмекшісі емес нағыз шебер керек екенін де түсінесіз. Ал жұмыртқасы барлардың сізге қарағанда әлі 99 990 мүмкіндігі бар және олармен нан пісіруге келіскен кез келген адамға өздерінің жұмыртқасын ұсына отырып, олар еш уайымға салынбайды.
Соған қарамастан, сіз осы адамдардың үлкен тобының арасында нан пісіру бойынша шеберлердің бар екенін білесіз және сізге оларды тек табу қажет. Сіз не істейсіз? Ыңғайсыз топтың арасынан шеберді қалай іздейсіз? Дұрыс, - сіз жарнама бере бастайсыз, сіз өңсіз топтың ішінен шебердің көзіне түсу мақсатында ерекшелену үшін бәрін жасайсыз. Сонымен қатар өзіңізден сізбен соңғы 5 кг ұнды пайдаланып, нан пісіремін деген шебердің көмекшісі дегендердің барлығын қуа бастайсыз. Жоқ, сіз оларға соңғы қалған 5 кг ұнды бермейсіз, олар бұған тұрарлық емес, сізге тек қажет нан пісіре алатын нағыз шебер ғана қажет.
Мінекей сіздің жарнамаңыз жүзеге асты да сізді байқады, сізге өзін нағыз шебер деп таныстырып, бір адам келеді, ал сіз тәжірибелі болғандықтан және ұныңыз аз қалғандықтан, тәуекелге бармай, жаңағы келген адамның тіл мен жағына сүйенген шебердің көмекшісі емес, сізге нағыз шебер келгендігіне көз жеткізгіңіз келеді. Сіз оған қанша адам өзінің ұнымен нан пісруге келетініне, шебердің наубаханасының бар-жоқтығына және оның қимылы, іс әрекеті, мимикасы және әңгімесі кәсіби шеберге сәйкес келетініне қарайсыз. Егер барлығы сәйкес келетін болса, сіз лезде оған жүгіріп барып, өзіңіздің ұныңызды ұсына отыра, қалған 5 кг ұныңыздан нан пісіруге келісу үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті жасайсыз.
Өзіңіздің жеке өміріңізден немесе жолдастарыңыздың өмірінен кез келген тәжірибені есіңізге түсіріңіз, сол кезде сіз әйел адам мен ер адамның арасындағы қарым – қатынасты көресіз. Нақты өмірде, қатыгез әділ қазының орнына эволюциялық іріктеу заңы жұмыс жасайды, ақшалай сыйақының орнына генетикалық сәтті ұрпақ, ал 100 000 жұмыртқаның не екенін бізсіз-ақ та білесіз.
Өмірде әйелдер дәл сол секілді әртүрлі еркек шебер көмекшілері тарапынан кең көлемді жағынулармен қоршалған, сонымен қатар әйелдер бұндай еркектерді өзіне жақындатпайды, себебі олардың өздері іздеген нұсқасы емес екендігін біледі.
Әйелдер дәл сол секілді өздерін көрсету мақсатында топтан ерекшелену үшін өздерін жарнамалайды, яғни боянады, сексуалды, құштарлық сезімін оятатын киімдер киеді, еркектердің есінде сақталуы үшін түрлі иіс суларды пайдаланады және т.с.с Оларды Шебер байқауы үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Дәл осы себепті де әйелдер құрбыларының өздерімен бірдей көйлек немесе туфли алса, өте қатты уайымдайды - шебер тек ОНЫ ғана топтан байқауы мақсатында әйел үшін өзінің бірегейлігі мен қалғандарына ұқсамайтындығын көрсету өмірлік маңызды болып табылады. Сондықтан да барлық мәдениет және барлық діндегі әйелдер сексуалды және құштарлықты оятатын, ашық түсті киім кию мүмкіндігі үшін күресуде. Паранджа оранған әйел өзіне назар аудартудың ең басты құралынан айрылған, ол Шебер үшін қалғандары секілді қара және өңсіз.
Шебер дегеніміз кім? Шынайы өмірде шебер рөліндегі адам Альфа Көшбасшының жүріс-тұрысын көрсететін еркек. Не себепті әйел осындай адамды Шебер ретінде қабылдайды? Себебі, эволюциялық іріктеу көзқарасы бойынша Альфа Көшбасшы жануарлар иерархиясы бойынша ең жоғарғы сатыны иеленеді және ең мықты гендердің иесі болып табылады. Өз түрінің қалған өкілдерін жеңіп, өзіне бағындырып, өмір сүру (аумақ) ареалының көп бөлігін жаулай алған дарақ, өзінің ең күшті, ең ақылды, ең бейімді және жалпы ең, ең екендігін нақты фактілермен және нақты іспен дәлелдеді. Сәйкесінше осы нәтижеге жетуіне мүмкіндік берген оның мінездемесі генетика нарығында ең жоғарғы сұранысқа ие тауар болып табылады. Себебі бұл дарақ өз түрінің басқа өкілдерімен шынайы бәсекелестік күресте оның гені ең мықты екенін дәлелдеді. Өмірде Альфа Көшбасшы ең мықты, ең агрессивті дарақ. Ол ешқашан ешкімге бағынбайды және өз түрінің өкілдеріне өзінің ережелерін міндеттейді. Оның жүріс-тұрысы бір ғана тіркеспен сипатталады: «Мен ешкімге бағынбаймын және мен басқаратын аумақта өзімнің ережелерімді орнатамын».
Дәл осы сигналды Альфа Көшбасшы өзінің жанындағы және оны бақылаушы адамдарға таратады. Әйел адам дәл осы қимылды, іс әрекетті, мимиканы және жүріс-тұрысты оқу арқылы өзінің алдында нағыз Шебер немесе көмекшісі тұрғандығын анықтай алады.
Осы сигналды еркектердің өте аз көлемі ғана тарата алатындығын атап өту қажет. Өйткені, тіпті өте мықты еркектердің өзі кейде сүйікті балаларына мойнына шығуға рұқсат береді және олардың жетегінде жүреді. Мықты еркектер өздерінің қарт ата-анасына олардың өтініштерін орындау мақсатында көмектеседі, сонымен қатар олар өздерінің достарының пайдасы үшін өз шешімдерін өзгерте отырып, оларға көмектеседі. Бұл нәрселердің барлығы жануарлық деңгейде тек бағынушылық ретінде танылады. Бұл жерде кімге бағынғаныңыз маңызды емес, маңыздысы әйел адам сіздің бағынғандығыңызды көрді. Бағынсаңыз, демек сіз жануарлық иерархияға сәйкес Алфа Көшбасшы емессіз және әйелдің түйсігі сізді кезекті шебердің рөліндегі көмекшісі деп қабылдайды.
Мықты еркек тарапынан өз жақындарына көрсетілетін көмек – қалыпты және дұрыс әрекет, бірақ жануарлық деңгейде бұл сигналды «оны басқаруға болады» дегенді білдіретіндіктен басқа адамдар үшін бұл нәрсе мықты еркекті өз талпыныстарына бағындыру немесе одан белгілі бір ресурс алғысы келетіндерге ол мылтықтың тартпасы ретінде қабылданады. Осы кезде келесі қағида жұмыс істейді: егер ол басқа адамдардың (балалар немесе ата-ана) қалауын орындаса, онда оны мен үшін де бір нәрсе жасауға мәжбірлеуге болады.
Алдыңызда тұрған адам нағыз Шебер немесе оның көмекшісі екенін анықтау барысында сіз оған өз ұнын ұсынып, онымен нан пісіргісі келетіндер санына қарайтындығыңыз туралы айтылған мысалға оралайық. Шынайы өмірдегідей кез келген әйел белгілі бір еркектің ықыласына қанша әйел қол жеткізгісі келетініне қарайды, сонымен қатар осының негізінде еркектің нағыз Альфа Көшбасшы екендігі туралы қорытынды жасайды.
Әрине наубайхананың бар болуы міндетті! Бұл дегеніміз өмірде ер адам $20 млн. тұратын яхтаның немесе «Арсенал» футбол клубының иесі болу керек дегенді білдірмейді. Өмірде еркектің өзі толыққанды иесі болып табылатын және сол жерде өз ережелерін бекітіп, олардың орындалуын талап ететін аумақтың бар болуы керек дегенді білдіреді. Ол басы байлы рок тобы, байкерлерге арналған кішігірім кофейня немесе «Форд автокөліктерінің» үлкен концерні болуы мүмкін.
Және егер де еркек 3 факторға ие болса: Альфа Көшбасшының мінез- құлқы, табынушы әйелдер мен өзі толыққанды иесі болып табылатын аумақ бар болса, онда әйелдер бірден өз ұндарын алып, бірге нан пісіруге асығады. Осыдан кейін еркек сол әйелмен байланысқа түсу-түспеу туралы шешім қабылдап, - келіседі немесе әйелдің ұнында құрттардың бар болу немесе жеткілікті таза болмау себебінен бас тартады. Яғни таңдауды еркек жасайды. Алайда қарапайым еркек емес, Альфа Көшбасшы еркек. Бірақ өздерінің 100 000 жұмыртқасын ұсынып, кіммен каравай пісіретіндігін білмей жүрген шебер көмекшілерінің көп болғандығынан, таңдауды әйел жасайды деген көзқарас қалыптасады. Ал бұл олай емес. Таңдауды еркек жасайды, бірақ қарапайым емес -Шебер, Альфа Көшбасшы еркек.
Еркектің таңдау жасайтындығы қалыңдықты алып қашу рәсімі мысалында жақсы көрініс табады, жас жігіт өзіне ұнаған бойжеткенді көріп, оны өзінің әйелі етуі үшін, күшпен алып қашады. Яғни жануарлар әлемінің заңымен өмір сүретін қоғамда күш заңы билейді. Кім мықтырақ, - соныкі дұрыс. Кім мықтырақ болатын болса, басқа тараптың ойын сұрамастан өз таңдауын жасайды.
Таңдауды еркек жасайтындығының тағы бір дәлелі физиология болып табылдаы. Мысалы, егер еркектің әйелге деген қалауы болса, онда тіпті әйел сол қалауға өзінің қалауымен жауап бермесе де, ол оны күшпен ала алады. Еркектің әйелді зорлауы тіпті өркениетті қоғамды кеңінен таралған құбылыс болып табылады. Ал әйелдің еркекке деген қалауы болып, бірақ еркектің сол әйелге деген қалауы болмаса, олар байланысқа түсе алмайды. Еркектер үшін әйел қалауының болмауы тосқауыл емес. Егер еркек әйелді таңдап, бірақ еркек әйелге ұнамаса да, олардың арасында байланыс бәрібір де болатынына көз жеткіздік. Ал егер еркек ұнатпайтын әйел, сол еркекті таңдайтын болса, онда еш байланыс бола алмайды. Физиология рұқсат бермейді. Және физиологиялық көз қарас бойынша таңдауды еркек жасайтындығы расталды.
Бірақ қазіргі таңда біз жануарлар әлемінің заңдары бойынша өмір сүрмейміз, тым болмағанда тырысудамыз, және сәйкесінше қолжетімді құралдардың мүмкін тізімінен күш арқылы таңдау сызылып тасталынған. Бұндай қоғамда еркек өзіне ұнаған кез келген әйелді күшпен ала алмайды. Қандай амал қалады? Жеке тұтыну үшін емес, сатылым үшін өндірілетін, тауар өндірісі заңдылығына сүйенген қоғам қалады. Бұндай қоғамда пирамида шыңында ең күшті және агрессивті (Альфа Көшбасшы) адамдар емес, ақшаны көбірек ала алған адамдар орнығады. Сәйкесінше кімде ақша көп болса, билік сонда. Ақшаны кез келген уақытта жануарлар әлемінің билік символдарына айырбастауға болады – автоматы бар оққағарлар, қымбай әшекейлер, көліктер, ұшақтар, зауыттар, кемелер, БАҚ және т.б.
Еркек өзіне ұнаған әйелді күшпен ала алмайтын қоғамда, жағдай өзгереді және әйел келесі ұрпақты жасау үшін тек 20 ғана мүмкіндігі бар екендігін түсінеді, ал оның айналасында дәл сол нәрсені жасау үшін өздерінің 100 000 мүмкіндігі бар адамдар қоршауда. Және осы адамдардың барлығы оған бірге нан пісіруді ұсынады. Сол кезде өзінің басымдылққа ие екендігін түсінген әйел бұндай жағдайда төмендегі секілді айтады:
Менімен нан пісіргісі келетін барлық үміткерлер, менде тек 20 ғана мүмкіндік бар, ал сендерде 100 000 мүмкіндік бар екенін түсіну керек. Сол себепті Мен өз нанымды тек ең жақсы шарттар мен ең жақсы наубайхананы ұсынған адаммен ғана пісіремін.
Және әйел өзіне тендер жариялап, нәтижесі бойынша ең жақсы үміткерді таңдайды. Алайда барлық мүмкін еркектер арасынан емес, тек осы байқауға қатысуға келісімін берген еркектер арасынан таңдайды. Сәйкесінше тендерге қатысу туралы шешім қабылдаған еркектер, әйелдің көңілін аулау мақсатында көріністер жасай бастайды. Біреулер ән айтады, біреулер көлік сыйға тартады, біреулер шоколад және гүлмен шектеледі, біреулер телевидениеге түсу бойынша келісімшарттар ұсынады, біреулер миллиондаған долларлар ұсынады және т.б.
Сонымен қатар келесіні түсінген жөн: әйел өзіне тендер жариялағанымен, жануарлар әлемінің көз қарасы бойынша ең күшті генге ие еркек, нағыз Шеберді іздеуді доғармайды. Оны осы әрекетке итермелеуші түйсік өте мықты және оны жеңу мүмкін емес. Сол себепті тіпті «наубайханада» ресми қарым қатынаста жүрген әйел боянуын, құштарлықты оятатын, сексуалды киім киюін жалғастырады, осының барлығы оның жанынан нағыз Шебер өтіп қалып, онымен нан пісіріп қалуы мүмкіндігі үшін жасалады.
Сол себепті мынаны ескеріңіз: егер сізбен ресми қарым қатынаста жүрген әйел, адамдар арасында өзін сексуалды ұстаса (киім, бояулар және т.б.), онда ол сіздің жаныңызда нағыз Шебер (немесе Шебердің рөлін жақсы ойнай алатын адам) пайда болғанша ғана жүр және бұл дегеніміз оның сізді жәй шебердің көмекшісі ретінде қабылдайтындығының тікелей сигналы.
Біз айтқанымыздай әйелдің бұл жүрісі өркениетімізге қарсы келетін жануарлық түйсікпен түсіндіріледі. Өркениеттің көз қарасы бойынша адамзат қоғамындағы әлеуметтік пирамидасының шыңында ең мықты және ең агрессивті дарақ емес, өзін қоршаған адамдармен байланыс орната алатын, басқалар үшін қызық бір нәрсе жасай алатын немесе басқа адамдарға ұнай алатын дарақ орын алады.
Егер сіз өзіңізді бірнеше «майшам» зауытының немесе кофейнялардың иесі ретінде елестетсеңіз, өз тауарыңызды өндіруге сізге еркектің қатқыл күші қажет емес екендігін түсінесіз. Сізге мықты және агрессивті адамдар қажет емес. Сіз даяшы болып жұмыс істейтін Альфа Көшбасшыны кофейня келішулеріне кофе апарып, жымиюға мәжбүрлеп көріңіз. Кофені дұрыс апару туралы кезекті нұсқамадан кейін, Альфа Көшбасшы сіздің басыңызға шәугім кидіретініне жоғары ықтималдылық бар. Ал сіздің келушілеріңіз бұндай даяшыдан соққыны кішкентай кезінде ата–анасынан алған соққыдан жиірек алатын болады. Осындай жұмысшылармен сіздің бизнесіңіз қанша уақыт өмір сүре алады? Дәл осы үшін өркениет капиталистік қоғамдағы өндірістің түрлі үрдісінде оларды пайдалануды ыңғайлырақ жасау үшін Альфа Көшбасшыларды басып, сындыруда. Өркениеттің дамуы жоғарылаған сайын, ол өндірісте немесе кеңседе пайдалануға жарамды ету мақсатында өркениет адамды тегістеп, қаттырақ басып, психологиялық тұрғысынан сындырады.
Біз өркениетте әлеуметтік пирамида шыңына адамдарды іріктеу критериі мен механизмі шыңында ең мықты және ең агрессивті дарақ отыратын жануарлар әлемінде жүретін іріктеу критериісінен мүлдем өзгеше екенін көріп тұрмыз. Және осы кезде 5 - 30 мың жыл болған адамзат өркениеті мен миллиард жылдан астам уақыт өмір сүрген жануарлар түйсік әлемі арасында қайшылық пайда болады. Сонымен қатар, қарама қарсы жыныстың сүйкімділігін анықтауға жауап беретін ген өркениеттегі жетістікке жеткен не жетпегенін анықтайтын критериені елемейді. Ген тек жануарлар әлемінде дарақтың доминантты жағдайды игеруге мүмкіндік беретін критериіне ғана қарайды. Ген фактілі тұрғысында біздің адамзат Санасына келесіні айтады:
Дарақтың жетістікке жеткенін не жетпегенін анықтайын адамдардың қасиеттері өте осал және кез келген уақытта күйреп кетуі мүмкін өркениет бар кезде ғана жұмыс істейді.
Тіпті кішігірім соғыс, табиғи апат немесе құрғақшылық болса жеткілікті, осы кезде бірден жануарлар әлеміндегідей ең мықты және ең агрессивті дарақтар өздеріне бүкіл тамақты жаулап алып, өздерінің ережелерін бекітіп, адамзат иерархиясында ең жоғарғы сатыны иеленетін болады.
Одан басқа, эволюцияның миллиардаған жылдарымен салыстарғанда сіздердің өркениеттеріңіз өте аз уақыт өмір сүруде. Сол себепті, Мен – Ген, ұрпақты жалғастыру мақсатында серіктес таңдау үшін әйел адамға жануарлар әлемінің заңдылықтары бойынша басшы болуға және жабайы табиғатта өмір сүруге мүмкіндік беретін мінез құлқы мен қасиеттері бар адамды таңдасын деген әмір беремін.
Дәл осы үшін еркектің ақша көлеміне және оның лауазымына (жетістікке жетудің өркениетті критериелері) қарамастан, әйелдер жануарлар әлемінің көз қарасы бойынша ешкімге бағынбайтын және өзінің жүріс тұрыс ережелерін міндеттейтін, агрессивті еркек - Альфа Көшбасшы болып табылатындарға тартылатын болады. Әйел адам бұл жағдайда жануарлардың көзқарасы бойынша иерархияның жоғарғы шыңын жаулап алуға көбірек мүмкіндігі бар және жануарлық жүріс тұрысты көбірек көрсететін еркекті сексуалды тартымды деп тану деген Геннің тапсырмасын орындайды. Бұндай еркектің жүріс тұрысы бетпақ, басқалардың ой пікіріне елең қылмайтын және әйелдерге немқұрайлы қарым қатынас ұстанатын болады. Алайда әйел адамның гені, - еркекте жануарлар әлемі заңдылықтары бойынша потенциалды көшбасшыны және сәйкесінше ең мықты генофондтың бар екенін тану үшін дәл осындай жүріс тұрысты іздеуде.
Және керісінше, егер еркек өзін сыпайы ұстап, әйелге үлкен құрметпен қарай бастаса, әйел гені бұндай жүріс тұрысты бағынудың, қорқақтықтың және әлсіздің мықтыға жағымпаздану белгісі деп таниды. Сәйкесінше, әйел гені бұндай еркекті перспективасы жоқ және адамзат қоғамындағы иерархияның ең төменгі сатысын иеленетін адам деп танып, оны мүлдем қарастырмайтын болады.
Осындай қорытындыны жақсылап растайтын екі оқиғаны айтып берейік. Біріншісі Богемияда орын алған, ол жерде біздің бір жолдас Эляна деген бойжеткенмен танысады да, бірінші рет оны біздің серіктігімізге шақырады. Үстел үстінде біздің жолдас қатты қобалжи бастады. Оның қобалжуы өте үлкен әңгімешілдігімен көрсетілді және ол әрдайым Элянаның көңілін табуға тырысып, оның не қалайтынын әрдайым сұрап отырды. Эляна оның қобалжығанын байқай салысымен, бұны бірден әлсіздіктің белгісі деп қабылдады да, өзін сәйкесінше ұстай бастады. Ол оны өзінен бір саты төмен қойып, өзінің әр қылығымен онымен бірге емес екендігін көрсетті.
Бұл жағдайды біздің басқа жолдасымыздың әйелі – Аурика құтқарды, ол жігіттің жанына отырып, оған өзін бірінші рет жүздесуге келген жас өсіпірім секілді ұстауын доғартуды ұсынды. Ауриканың кеңесін тындаған соң, ол Элянаға назар аударуды қойды да, керісінше оның жанында отырған үш жас бойжеткеннің назарына, қызығушылығына кенелді, - осы кезде оның ер адам ретінде сүйкімді және әйелдер арасында ұнамды екенін айта кеткен жөн. Эляна оның жүріс тұрысындағы осындай өзгеріске шыдамай және инициативаны өз қолына ала отырып, оны біздің серіктіктен алып кетті, шамасы ол өз олжасын басқаларға қалдырғысы келмеді.
Екінші оқиға біздің француз жолдасымыз – Доминиктің яхтасында болды. София атты жас бойжеткен бастапқыда біздің таныс емес серіктіктен қорқақтап өзін тұйық ұстады. Бірақ содан кейін, 30 - 40 минуттан соң, белгілі бір түсініксіз себептен өзгеріп, қалжын аралас ретінде Бэридің басынан ұра бастады. Ары қарай оның өзгеруі жалғасып, кешке қарай бойжеткеннің көңіл тапқысы келген байқус Бэриді ол тіптен елемеді. Сонымен бірге, Бэри өте сүйкімді және ер адамдар арасындағы жетістікке жеткен еркек болып табылады, яғни ол секілді еркектер әйелдер журналдарының мұқабасында жүреді. Алайда әйелге еркектен оның сүйкімді келбеті мен материалдық ауқатынан басқа тағы бір нәрсе қажет.
Сырттай бақылаған кезде, еркектердің әйелге ұнауға деген тырысушылықтары, оларға былпыңдауы әйелдердің бейсана деңгейінде әлсіздік ретінде қабылданатындығы өте жақсы көрінеді.
Осыдан шығатын қорытынды, - әйелдер әрқашан сізді өздерінің тарапынан болатын манипуляцияға қарсы тұрақтылығыңызды тексеруге тырысады және сіз оларға беріле салысымен немесе тіпті кішкене иіле салысымен, шабуыл жаңа күшпен қайта жалғасады. Соңына қарай әйел өзінің алдында иілген еркекті лайықты деп қабылдауын доғарады. Сол себепті, егер еркек жанұяда немесе қарым қатынаста көшбасшы болғысы келсе, ол ешқашан әйелге басқаруға рұқсат бермеуі керек және ол әйелді орнына қойып тұруға дайын болу керек.
«Дұрыс еркектер», яғни фильмнен көрген немесе кітаптан оқыған дұрыс жүріс тұрыс моделін бейсаналы түрде қайталайтын еркектер үшін бұл қатал соққы ретінде көрінеді, себебі осы нәрсе олардың ой өрісінің барлық суретін бұзады. Әйелдердің бейсаналы түрде олардың тәрбиелілігі мен жақсы әдептілігін әлсіздік пен топтың төменгі әлеуметтік сатысы деп қабылдайтындығы олар үшін шок болады. Және керісінше, ер адам өз жүріс тұрысында арсыздық танытса, әйел бұны бейсаналы түрде күш пен жоғары статустың белгісі ретінде қабылдайды. Жалпы айтқанда, еркектер мен әйелдер арасындағы «дұрыс» қарым қатынас бойынша келесі нәрсені ескеріңіз, кітаптар әлемі мен шынайы өмірдің арасында ештеңе ортақ емес. Сол себепті келесі қатал ержені сақтаңыз: Әйелдердің алдында ешқашан жалпақтамаңыз.
Әйелдің гені еркектер бойынша жасайтын таңдауын қарастырып болған соң, енді еркектің гені қандай әйелді таңдайтындығын қарастырайық. Егер әйел адам әйелдік геннің көзқарасы бойынша өзін мінсіз еркек өзін қалай ұстаса, сол секілді, яғни арсыз, әдепсіз, өжет және агрессивті ұстаса не болады?
Осындай ситуацияның мысалы ретінде Монкап ойынының бірінде көрсетілген. Жеткілікті сүйкімді жас бойжеткен өзін Альфа Көшбасшы ретінде ұстаған жігітке қырындай бастады. Бұның мақсаты ойында жігіттен тауар тасымалының ең тиімді шарттарын алу, сонымен қатар ары қарай мүмкін қарым қатынастың жалғасуы болатын. Әрине біздің Альфа Көшбасшы әйелдік секспен алдап арбауына ілінді және оған құны бойынша жеңілдіктер жасады, ең жақсы шарттар айтты және ойында оның кез келген қалауын орындай бастады. Ол ақыл есі дұрыс кезінде бұндай шарттарды тіпті өзінің жақын досына да бермеуші еді. Бірақ сексуалды сигнал беруші әйел - басқа жағдай, бұндай кезде кез келгені сынады.
Сонымен олардың қырындауы тым алыс кетіп қалғаны сонша, бұл флирт ойын үстіндегі романға айналып кете жаздады. Содан кейін бойжеткен өзінің қырындауын доғаруды шешті, себебі оның жанында оның жоспары бар тағы бір еркек отырды. Ол өз жүріс тұрысын бірден өзгертіп, Альфа Көшбасшы ретінде өзін ұстай бастайды, - ол бағана қырындап отырған жігітке сөзбен және әрекетпен шабуыл жасай бастайды.
Әуелі жігіт бұндай өзгерістің не себепті болғанын түсінбей, анықтағысы келді және бойжеткенмен қарым қатынасын жанадан жақсартқысы келді. Бірақ бойжеткен оның талпыныстарына мән бермей, барлық майдан бойынша шабуыл жасауды жалғастыра берді. Біраз уақыттан соң жігіт бойжеткенге әйел ретінде қарамады, ол оған соғыстағы ресурс үшін және үйірдің басшы орнына деген бәсекелесі деп қарай бастады. Оның сексуалды инстинкті толыққанды басылып, «Мына аумақта кім басшы» деген инстинктпен ығыстырылды. Ойынның соңына қарай осы екеуінің арасында сол ойынның үстінде роман бола жаздағыны туралы ештеңе қалмады, осы кезде біздің алдымызда бірін бірі жойып жіберуге дайын екі ызақор жау отырды.
Дәл осылайша кез келген еркектің гені әйелдің (тіпті сүйкімді болса да) осындай арсыз және агрессивті жүріс тұрысын қабылдайтын болады. Себебі еркек осындай жүріс тұрысты көрсететін әйелді, - әйел ретінде қабылдамайды, еркек оны жау ретінде қабылдап, үйірдегі басшының орны мен ресурс үшін күрестегі бәсекелесі ретінде көретін болады. Еркектің сексуалды инстинкті бұндай жағдайда не толығымен не жартылай басылады. Және осындай жағдайда ұзақмерзімді қарым қатынас болмайды.
Сол себепті әйелдерге кеңес: егер өздерінің қасында мықты еркекті ұстап қалғыларың келсе, ешқашан оларға не сөзбен не әрекетпен шабуыл жасамаңдар. Сөзбен немесе әрекетпен еркекке жасалынған әйелдің шабуылы еркектің ол әйелді өз өмірінен қуып шығаратынына алып келеді.
Әлсіз еркекті әйелдер әрине сындыра алады, бірақ олармен бақытты өмір сүрмейді. Әлсіз еркек бұндай әйелмен қарым қатынасынан ешқайда қашып кете алмайтын күніге бару керек, кезекті жақсы көрмейтін жұмысы, мектептегі жексұрын 10 жыл және университеттегі қызықсыз 4 жыл секілді қарастыратын болады.
Әлсіз еркек осындай әрдайым шабуыл жасайтын әйелді қуып жібере алмайды және одан кетіп қалуға қорқақтайды, яғни жалғыз қалудан қорқады, халық не ойлайды деп қорқады және жалпы қақтығысқа барғысы келмейді. Сондықтан да осындай әлсіз еркек өзін жақсы көрмейтін жұмыстағыдай ұстай бастайды, - барынша жауапкершіліктен қашу, диванда ештеңе жасамай сағаттап жату, достарымен демалысқа кетіп қалуға талпыну немесе өзінің ішкі дауысын басу мақсатында алкоголь ішу.
Бұл жағдай біздің жолдасымыздың жанұялық қарым қатынасында жақсы көрініс алды. Оның әйелі аяғы ауыр кезінде күйеуін соншалықты тоздырып жіберді, тіпті күйеуі содан кейін әйелін өзінің әйелі ретінде емес, жер астына көмілгісі келетін, кезекті жұмыстағы бастық деп қабылдай бастады.
Еркекті әйелдің келесі қасиеттері қызықтырады:
Біріншіден, көшбасшы ретінде есептелінетіндей жеткілікті мықты болу керек. Себебі бұл әйелдер арасында оның гені ең мықты және ең жақсысы екенін көрсетеді, ал бұл өз кезегінде жануарлар классификациясы бойынша бұндай әйелдің жануарлар әлемінің заңдылықтары бойынша ең жоғарғы сатыны алу үшін көбірек мүмкіндіктері бар дегенді білдіреді. Сонымен қатар келесіні түсіну қажет: қасында көшбасшы әйелді ұстау үшін еркектің өзі де өте мықты болу керек. Әлсіз еркекті көшбасшы әйел ерте ме кеш пе жаншып, езіп, керек емес заттай лақтырып тастайды. Немесе лақтырмай, сынған еркекті шаруадағы үй жануары негізінде қалдыруы мүмкін.
Екіншіден, әйел өз еркекігіне әрдайым шабуыл жасамау қажет, себебі еркек оны әйел ретінде емес, ресурс үшін күресте жойып жіберуді қажет ететін бәсекелес ретінде көреді. Мықты еркекпен қарым қатынаста әйел неғұрлым көбірек өзін бас иетін, тіл алғыш ретінде көрсетсе, соғұрлым олардың одақтары мықты және ұзақмерзімді болады.
Заманауи қоғамда барлық еркектер 3 санатқа бөлінеді. Бірінші және ең үлкен санаттағы еркектер қайта қайта әртүрлі әйелдердің ұйымдастыруымен болатын байқауларға әрдайым қатысады. Бұндай еркектер әйелдің таңдауын дәл өздері ғана лайық екенін әртүрлі бағадағы сыйлықтарды беру немесе бауырымен жоғарғалаушылардың жүріс тұрысы арқылы көрсетеді. Әйелдер бұндай еркектерге үй жануарлары секілді қарайды, яғни саууға болатын ешкі мен сиыр секілді, қырқуға болатын қой, жер жыртатын бұқа, өзінде жүк таситын қашар, өздерін қорғайтын күзет иттері секілді қарайды. Әйелдің еркектерге деген бұндай қарым қатынасы «Қансорғыш» стратегиясы деп аталады (Ойындар стратегиясы мақаласы).
Сонымен қатар әйелдің еркекке үй жануары секілді қарауы, әйелдің олар туралы, яғни оның үй жануары (күйеуі) кенеттен қайтыс болса немесе ауруханаға түсіп қалса шынайы уайымдамайтындығын білдірмейді. Егер ер адам жоғалып кетсе немесе рұқсатсыз қыдыруға кетсе, мысалы, аңшылыққа, балық аулауға немесе достарымен отырысқа кеткенде әйел адам шынайы түрде алаңдайды. Ер адам әрдайым өзінің жолдастарымен бір жаққа барғысы келетін болса, ол міндетті түрде әйелін ескертуге мәжбүр. Егер олай жасамаса, үйіне оралған сәтте оны үлкен жанжал күтеді. Үй жануары бақылаудан шығып, еркіндік көрсетуі қожайынға ұнамайды.
Әйелдер шынымен де олардың үй жануары (еркегі) көрші әйелдікінде көбірек қыдыруды ұнататын болса немесе басқа әйел оның жекеменшігіне қол сұғып, алып кетсе қызғанады.
Алайда айтылғанның ешқайсысы жалпы мәнді өзгертпейді, әйел үшін бұндай еркек оның наздарын орындайтын және оны ресурспен қамтамасыз ететін қойдан артық емес. Әйел бұндай еркекпен Шебер пайда болғанша дейін ғана болады.
Егер сіз еркектердің осындай санатына жататын болсаңыз, онда өз әйеліңізге ештеңе айтпай демалысқа бір жаққа барып көріңіз. Бұл жерде сіз өзіңізге курорттық роман ұйымдастырыңыз дегенді мүлдем білдіртпейді. Сіз жәй ғана демалып, күш жинау үшін кеттіңіз, бірақ бір ғана айырмашылық – сіз өз әйеліңізге ештеңе айтпадыңыз. Үйіңізге оралған соң сізді үлкен жанжал күтетін болады, сізді опасыздық, Отанға сатқындық және көптеген кінә тағудың психологиялық әдістерін қолдана отырып, кәналайды, осыдан кейін сіздің өміріңіз тозаққа айналады да, енді сіз өз қожайныңызды ренжітіп, бір жаққа баруды ешқашан қаламайындай боласыз.
Әрине әйелдің бұндай қарым қатынасы сізге деген қамқорлық, ол сіздің қайда екеніңізді білмей, сізге қалай көмектесерін білмей, сізбен бір нәрсе болып қалды ау деген уайым ретінде көрсетіледі. Не айта аламыз? Қошқары жоғалған кезде немесе отарынан жылқының кетіп қалуы шаруаны шынайы қатты уайымдатады. Шаруа да жоғалып кеткен қошқарына іздеу салады да оның табылуы үшін көп күш жұмсайды. Алайда сонымен қатар шаруа қошқардың теңі емес, ол оған кіріс беретін қошқардың қожайыны. Шаруаның уайымы (шынайы) жоғалып кеткен қошқарды адамға теңестірмейді. Әйелдің осы санаттағы ер адамның жоғалып кетуі бойынша уайымы қошқары жоғалып кеткен шаруаның уайымынан еш ерекшеленбейді, уайымдаушының эмоциясы шынайы, бірақ адам сізді емес көбірек өзі үшін уайымдауда. Бұл нәрсе әйел адамның айтатын келесі сөздерінен байқауға болады: «Мен қатты уайымдадым», «Мен сағындым», «Сен бізді уайымдаттырдың» - осыны айтып тұрған адамның эмоциясы өзіне қарай, ішкі тыныштығына қарай бағытталғанын көруге болады және ол сіз секілді жекеменшікпен бір нәрсе болып қалса, ол қалай өмір сүреді деген уайыммен айтты. Осы айтылғандардың барлығы сізді кінәлі сезіндіреді және біздің жолдас айтпақшы: Кінәлі еркек шаруадағы ең қажет зат!
Сізді өз үй жануарын уайымдағандай емес, адам ретінде шындығында уайымдаған әйел мүлдем басқаша фразалар қолданады: «Сенде барлығы дұрыс па?», «Саған менің көмегім қажет пе?», «Жақсы демалып, уақытыңды жақсы өткіздің бе?», «Өткізген уақытың қызықты болды ма?» және осыған ұқсас фразалар. Бұл фразалардан сіздің кісіңізге деген қызығушылыққа бағытталған екені және бұл фразалардың ешқайсысында сізге кінәлі болу сезімін тудырмайтыны немесе ескертусіз жоғалып кеткеніңіз жөнінде ақталуға да мәжбүрлемейтіні көрінеді.
Нағыз еркін ер адам өз әйеліне хабарлап, ескертпей-ақ, қайда баруды жөн көрсе сонда байсалды түрде бара алады. Қайта оралу кезінде ол әйелінің тарапынан орасан зор жанжал емес, қуанышты жүздесу мен оның оралуының құрметіне мереке күтетін болады.
Әрине, мұнда айтылғандар бұдан былай сіз әрқашан ешкімге ештеңе ескертпей кетуіңіз керек дегенді білдірмейді. Сіз ескерте аласыз, бірақ екі жағдайды, яғни өзіңіздің жеке қызығушыларыңыз негізінде жақындарыңызды ескерту және қайта оралғанда пайда болатын жанжалға кезігуден қорқу негізінде ескертуді айыра біліңіз. Бұл жерде, өз қожайынының алдында үй жануарының рөлін атқаратын барлық ер адамдар, әрине, жанжалға қалудан қорыққаннан емес, жеке мүдделері үшін өз әйелдерін хабардар ететінін айтады. Бірақ қауырсын мен тұмсықтың бар болуы тауықты бүркіт етпейтінін ескерейік.
Ескертусіз кеткен еркін ер адамға және өзінің үй жануары тәрізді қарастыратын ер адамға әйелдің эмоциялық реакцияларының айырмашылығын келесідей мысалмен сипаттауға болады. Өзіңізді барлық адам бір-бірін танитын, көретін және еш кедергісіз өзара араласатын шағын компанияда жұмыс істейді деп елестетіңіз. Күндердің бір күнінде компанияның иесі ешкімді ескертпестен кетіп қалады. Әрине ұжым уайымдап, алаңдайды және не себепті директор жұмысқа келуді тоқтатқаны, не жағдай болғандығы жөнінде жорамалдайды. Бірнеше күннен соң директор күнге күйіп, риза болып келген кезде, барлығы уайымдауды тоқтатып, оның қайта оралғанына қуанады. Қызметкерлердің ешқайсысы оған жақындап, аяқ асты кетіп қалу себебін сұрап, кінәрат тақпайды.
Енді басқаша жағдайды елестетіңіз, мысалы, сізге тікелей бағынатын қол астыңыздағы қызметкер сізге ештеңе айтпастан бір жаққа кетіп қалады. Сіз дәл солай уайымдап, алаңдайсыз. Бірақ осы қызметкер бірнеше күннен соң күнге күйіп, демалып қайта оралғанда, сіз оған мүмкін болатын барлық наразылықты айтып, реніш, кінәрат тағасыз. Бұл екі жағдай бір-бірінен - бірінші жағдайдағы адам сізге бағынбайтынымен, ал екінші жағдайда бағынатынымен ерекшеленеді. Және сұрақтың мәнісі бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да сізде алаңдау сезімі болғандықтан емес, қайғыруда емес, сұрақ келесідей - әр түрлі реакцияның болуында, яғни еркін және тәуелсіз адам іс-әрекетіне басқаша реакция және сізге бағынатын адамның іс-әрекетіне басқаша реакция болады.
Көп адамдар бұл мысалмен келіспейді, себебі әр адам өз координат жүйесінде өмір сүріп, өзіне не пайдалы болса, соны қорғайды. Яғни бағыныңқы болып жүрген ер адамдар бұл нәрсемен өзінің бағыныңқы жағдайын мойындағысы келмегендіктен келіспейді, ал әйелдер отбасын басқаруда қолданып отырған алдап-арбау әдісін жасыру үшін келіспейді.
Осы жағдайларды өте жақсы сипаттайтын екі оқиғаны әңгімелейік.
Жаз айында, біздің жолдасымыз Ригаға өзіне шақырды. Латыштар бізге әрқашан ұнағандықтан, біз ұсынысты ризашылықпен қабыл алдық. 6 адамнан тұратын біздің топ Ригада қыдырып болып, демалуды Юрмалада жалғастырайық деп шешті. Бұл қала Ригадан 20 минуттық жерде, Балтық теңізі жағалауында орналасқан. Жағажайда қыдырып, КВН командасы мен 45 жастағы әкесі және 6 жасар ұлынан тұратын шведтік құрама командасымен футбол ойнап болған соң, тамақтануды жөн көрдік. Автобус толы болып жеткізілген ашыққан немістер мен скандинавтық туристер мейрамханадағы бүкіл тамақты жеп қойған болатын. Нәтижесінде, біздің топтың бір бөлігі - немістер дәмін татып үлгермеген вискиге тапсырыс берді. Бұл тағамнан кейін аз уақыттың ішінде, жолдасымыздың әйелі, ұлты орыс және Мәскеу қаласының бұрынғы тұрғыны ашыла әңгімесін айта бастады:
- Сіздер Мені неліктен латышқа күйеуге шықты деп ойлайсыздар? Латыштар бағынып үйреніп қалғандықтан да, шықтым. Олар басында немістерге, сосын орыстарға, ал енді тағы да немістерге бағынады! Және менің күйеуім де сондай, яғни Мен не айтсам, соны істейді!
Бұл жағдайдан кейін оның әйелін біздің ортақ тобымыздан ешқашан көрмедік. Сондықтан да, құрметті ханымдар, егер сіздер үйде басқаратын болсаңыздар, бұл жайлы ұлттық радиодан хабарлаудың қажеті жоқ, себебі, әйелжандылы еркектер өте қатты ренжіп қалады.
Екінші оқиға «Монкап» ойынының турнирінде орын алды. Қатысушылардың арасынан бір ер адам тапқан ақшасының барлығын сақтауға жанында отырған әйел адамға беріп отырды. Басқа бір қатысушы ол адамнан неге бұлай жасап отырғандығын сұрағанда, ол еш ойланбастан келесідей жауап берді:
- Ал қалай басқаша? Әрқашан тапқан ақшаның барлығын әйелге беріп отыру керек! Ол ақшаны өте жақсы сақтайды. Ал егер маған ақша қажет болып жатса, Мен одан аламын.
Яғни бұл ер адам тіпті ақшаны өзінде сақтап, әйелге өзі керек деп тапқан шығындарға ғана қажетті соманы беруге болады деген нұсқаны қарастырмайды. Оған ер адам тапқан ақшасын өзінде сақтап және отбасы бюджеті шығындарын өзі қадағалау керектігі жөнінде айтқанда, ол бұл нәрсемен түбегейлі келіспеді. Неліктен? Себебі ол бала кезден барлық тапқан ақшаны әйелге беру керек деген тәртіппен өсті. Ол ешқашан таныстарының, достарының және туыстарының арасынан бұдан бөлек мінез-құлық көрмеген. Сол себептен ол ер адамдардың ресурстарды әйелге қарай сүйреу мінез-құлқын дұрыс деп есептеген. Бұл жағдайда не айтасың? Соқырға жұлдызды аспанның әдемілігін ешқашан түсіндіре алмайсың. Suum Cuique
Енді, осы еркіндігінен адасқан ер адамдар өз еркіндігін үй қойының рөліне айырбастай отырып неліктен тендерге қатысуға келісім беретінін талқылайық. Себебі мұндай ер адамдар ұрпақ жалғастыруға бағытталған өте мықты жануарлық түйсікпен өмір сүреді. Олар үшін өмір сүрудің мәні - өз генін келесі ұрпаққа жеткізу. Ал әйелдерсіз бұлай жасау мүмкін емес. Және мұнда ер адам өмірінде қаншалықты бай немесе нәтижелі болғанына қарамастан, ол өмірінде әйелдің жоқтығынан өзін толыққанды сезінбесе, онда ол әрқашан бақытсыз болады да, мағынасыз кеуектікті толтыру үшін және өзінің өмірдегі мәнінің бұлдыр елесін жасау мақсатында қандай да бір әйелге иеленуге жан-тәнімен тырысады.
Келесі себеп мұндай ер адамдар өздерінде бар әйелді (керемет сұлу) өздерінің жоғарғы дәрежесінің белгісі ретінде қарастыратындығында. Шын мәнінде, жануарлық көзқарас бойынша, әйелі бар ер адам (өз генін ары қарай жалғастыру мүмкіндігі бар) әйелі жоқ ер адамға (өз генін жалғастыруға мүмкіндігі жоқ) қарағанда жетістікке көбірек жеткен болып табылады. Сондықтан өздерінде бар әйелдер жетістіктің және мәртебелі дәреженің көрсеткіші етеді. Және мұндай дәреженің көрсеткіші үшін ер адамдар өз гаражынан тағы да бір феррари беруге немесе ылғи да бұзылып қала беретін қытай смартфонын беруге дайын болады. Себебі, әрқайсысында әр түрлі деңгей екенін ұмытпау керек.
Жалпы, мұндай ер адамдар өмірлерінде әйелдің болмауын өзінің төмен әлеуметтік деңгейі ретінде, жануарлар иерархиясындағы төмен орын, түкке тұрмайтын және өмір сүрудің мән-мағынасыздығы ретінде және толық өмір сәтсіздігі деп қабылдайды.
Ер адамдардың келесі категориясын қарастыруға көшетін болсақ, бұл ер адамдар әйелдер үшін тендерге қатыспауды шешкен, өз ісімен, өзін өзі дамытумен айналысатын және өз болашағын әйелдерге қарамастан құратын ер адамдар. Олар үшін әйелдер өмір мақсаты болып табылмайды, сондықтан да мұндай ер адамның өз-өзін бағалауына өмірінде әйелдің бар-жоқтығы ешқалай әсер етпейді. Мұндай ер адамдар әйелдердің артынан жүгірмейді, ал егер де әйелдің өзі оған келсе, онда ол оны өз өміріне әлбетте кіргізе алады және әйелдің жүріс-тұрысына байланысты не ұзақ не қысқа уақыттық одақ құрады.
Әйелдер мұндай ер адамдарға мысығындай қарайды. Яғни, өз еркімен жүретін, өзін сипауға, еркелетуге, мүмкіндік беретін, әйелдің қолынан тамақтанатын, алайда, ешқашан бағынбайтын және әйелдің еркелігін орындамайтын мысық секілді қарым-қатынаста болады. Олар әйелдер үшін жер жыртпайды және олардың мүдддесін қорғамайды. Дегенмен, кейде, мұндай мысық әйел қуанып қалсын деп алғыс есебінде оған ұсталған тышқанды сүйретіп әкеп беруі мүмкін. Бұл қарым-қатынаста ер адам әйелге бағындайды, сонымен қатар әйел де бұл ер адамды нақты бедел деп емес, еркіндікті сүйетін және әлі қолға үйретілмеген жабайы аң ретінде қарастырады.
Мұндай ер адамдармен қарым-қатынастың ұзақтығы неліктен ер адамға емес әйелдерге байланысты екенін түсіндірейік. Әйелдер бұл категориядағы ер адамды өзіне тең және айтқынын тыңдау керек, беделді адам ретінде қарастырмайтындықтан, ерте ме кеш пе әйел өмірінде өте жиі көрген мінез-құлық моделін орындауға тырысады. Яғни әйел бұл ер адамға дейін кездескен ер адамдардың көп бөлігін бағындырғандай, осы еркекті де өзі үшін болып жатқан тендерге қатысуға мәжбүрлеуге тырысады. Әйел еркекті өзіне бағындырғысы келеді және еркін мысықты қойға айналдыруға тырысады. Әйелдердің мұндай мінез-құлқы қарым-қатынасты доғарушы, төмен түсіретін ілмектей қызмет етеді, яғни не ер адам әйелді өмірінен өзі қуып шығарады немесе әйел еркекті бағындыру және оны тіл алғыш қойға айналдырудағы сәтсіз талпыныстарынан соң, онымен қарым-қатынасты тоқтатып, оған қарағанда тіл алғыштау және мінез-құлық моделі обйынша сәйкес келетін басқа адам іздестіре бастайды.
Енді ер адамдардың үшінші категориясына келіп жеттік, бұл - Альфа-Көшбасшылар, яғни, әйелдер олардың қыр соңынан қалмайтын нан пісірудегі Шебер мамандар. Мұндай Альфа-Көшбасшылардың соңынан жүгіретін әйелдер қандай да бір рок-жұлдыз фанаттарының мінез-құлқы мысалында жақсы көрініс алады. Мұндай ер адамдарды тек қана жас әрі сұлу әйелдер ғана қызықтырады және оларды әйелдің әлеуметтік жағдайы немесе банк шотында қанша ақшасы бары мүлдем кызықтырмайды. Осы жағдаймен шын Альфа-Көшбасшы мен Альфа-Көшбасшы мінез-құлқына ұқсаушы ер адамдардың айырмашылығы көрінеді. Альфонс-еркектер (имитаторлар) әрқашан бірінші кезекте әйелдердің дәрежесі мен ақшасын қарастырады, олар үшін жас және сұлу болу міндетті шартқа жатпайды. Әйел тек Альфа-Көшбасшыны ғана үй жануары ретінде емес, бағыну міндетті және оның барлық талаптарын орындау керек, беделді адам ретінде қабылдайды.
Альфа-Көшбасшы жануарлық деңгейнің мінез құлқы екендігін ескерсек, ол тек түйсікке бағына отырып жұмыс жасайтынын айта кетейік. Егер сіз адам болып қалғыңыз келсе, өзіңіздің санаңыз арқылы жануарлық түйсікті қадағалайтын Прима-Көшбасшы (Альфа VS Прима, Ойын стратегиялары мақалалары) болғаныңыз дұрыс.
Мақаламызды қорытындылай келе, жасалған тұжырымдарды көрсетейік.
Әйелдер мен еркектер арасындағы жынысаралық күш қолданылатын қоғамда, күш легитимді құрал болып табылады және бұл жерде таңдауды тек еркек ғана жасайды Қарапайым ақиқат бойынша, яғни ер адам физикалық тұрғыдан күштірек және өзіне ұнаған әйелді өз қалауына бағындыра алады.
Әйелдер мен еркектер арасындағы қарым-қатынаста күш қолдануға тыйым салынған және күш легитимді құрал болып табылмайтын қоғамда еркектер әйелді күшпен ала алмайды. Сондықтан да бұл жерде таңдауды жасау бір-бірімен өзара қиылыспайтын екі әлемге бөлінеді. Өздерінің 100 000 мүмкіндіктерімен көп көмекші шеберлер әйелдердің соңынан жүгіретін бірінші әлемде әйелдің тендеріне қатысқысы келетін еркектер арасында таңдауды әйел жасайды.
Ал екінші әлемде, барлық әйелдер ашық және сексуалды киімдер киіп, макияж және иіс сулар қолданып, шоғырланған жарнама компаниясын ұйымдастыру арқылы Альфа-Көшбасшының, яғни Шебердің көңілін өзіне қаратуға тырысады. Және нақ сол адам олардың ішіндегі көп ұн құртпағанын, ұнына құрт түспегенін және макияж қолданбай-ақ ұнының өзі көз шағылыстыратындай ақ түстісін алып, таңдау жасайды.