Келіссөз
Мінез-құлық психологиясы #5
Адамдардың өзара тілдесу қағидасы әрқашан мінез-құлықтың қатал детерминантасына бағынады, яғни бірі екіншісінде көбірек қызығушылық танытса, оған тәуелді болып, оның Маңыздылығы мен Құндылығын арттырады. Ал немқұрайлықты көрсеткен адам басқалардың Маңыздылығын төмендетіп, сол адамдар алдында өзінің Құндылығын арттырады.
Осындай жағдайдың орын алу себебі үйірдің басшысы мен көшбасшысын анықтайтын
жануарлық түйсікте болып табылады. Жануарлық иерархиялық көзқарас бойынша, басшы
үйірдің ең жоғарғы сатысын иеленгендіктен, ол үйірдің ең күштісі, ең ақылдысы, ең
басқыншысы және ол нағыз ең мықтысы. Ал одан жоғарырақ ешкім болмағандықтан, саған
қарағанда ақымағырақ адамның пікірін сұрап, қызығушылық танытудың мәнісі жоқ. Сол
себептен де басқа адамдардың пікірі қызықтырмайтынын көрсететін адам, үйір «басшысы»
рөлінде қабылданады және басқа адамдар оның осындай мінез-құлқына қарап, инстинкт
деңгейінде қайда бару керек екендігін білетін және басқалардың өмірі соған тәуелді, әрі оған
бағыну керек Көшбасшы ретінде қабылдайды. Бұл фактіден келесі қорытынды шығады, -
мысалы, егер екі Көшбасшы тіпті бірін-бірі жоятын екі түрлі жол көрсетсе, адамдар сыртқы
белгілері бойынша, яғни мимикасы, дене қимылы, дауыс ырғағы және жүріс-тұрысы бойынша
ең аз күмән белгілері бар Көшбасшының артынан барады. Қайтадан мынадай ереже жұмыс
істейді: Егер аз күмәнданса, демек сол басшы. Кеттік басшының артынан!
Үйір басшысы және көшбасшы әрқашан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адам болғандықтан,
өзіне жолды өзі таңдап, басқалардың пікіріне құлақ аспайды. Көшбасшылардың өзі таңдаған
жолға қатысты күмән деңгейі басқа адамдарға қарағанда әрқашан төмен. Осы кезде әйгілі
лениндік сөзді айту орынды болады: «Қобалжитындарды артыңнан ерту үшін алдымен өзіңе
қобалжымау керек».
Жоғарыда айтылғандар Көсбасшының әрқашан толық сәтсіздікке емес, керісінше жақсы
мақсатқа апарады деген мағынаны бермейді. Біз жай ғана жол таңдау кезде күмән аз болған
сайын, артынан еретін адамдар саны көп болатынын көрсетудеміз, себебі олар оның қайда
бару керектігін біледі деп ойлайды (бұл туралы толыққанды «Ойындар стратегиясы»
мақаласында талқылаған болатынбыз). Дегенмен өте жиі керісінше жағдай орын алады, яғни
өз-өзіне деген зор сенімді және өте үлкен күмәні бар адамдар өздерінің артынан ерген
адамдарды апатқа әкеледі.
Бір адам басқа адамға деген қарым – қатынаста оған деген қызығушылығын көрсетсе, онда
сол адамның құндылығы автоматты түрде өседі. Бұл жерде де жануарлық түйсік жұмыс
істейді, яғни тек сенен ақылдырақ немесе саған қарағанда жақсырырақ жұмыс істей алатын
адамдарың ғана ой пікірі қызықтырады. Жануарлық түйсік бойынша саған басқа адамнан бір
нәрсе керек болса, бұл келесіні білдіреді: яғни «бір нәрсе» сол адамда бар, ал сенде «сол
нәрсе» жоқ. Сол себептен де онымен салыстырғанда сен кемшілігі бар туынды болып
табыласың. Жалпы сіз сол адамнан бір бас артық болсаңыз да, - бұл мүлдем маңызды емес,
себебі инстинкт дәл осы жағдайда (сол адамнан бір нәрсе керек болған сәтте) сіздің сол
адамға қарағанда бағынушы сатыны иеленетініңізді айтады.
Дәл осы ереже зат бойынша да жұмыс істейді. Егер бір адам басқа адам иеленетін белгілі-бір
затқа деген қызығушылық танытса, онда сол заттың құндылығы бірден артады. Мысалы,
қандай да бір жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу туралы келіссөз жүргізу кезінде сіз
өзіңіздің сол объектіге қызығушылығыңызды көрсетсеңіз, онда сатушы өзін қаталырақ ұстап,
баға бойынша жұмсақтық танытпай, жеңілдік жасаудан бас тартады. Немесе өз тауарының
Құндылығы мен Маңыздылығын арттыру мақсатында, сатушылар объектіге бірнеше сатып
алушылардың бар екендігін айтып және сондықтан да объектінің бағасын төмендетпейміз деп,
сатып алушылар арасында бәсекелестік тудырта алады.
Осы ереженің расталуын біз Монкап және Капитализм бойынша ойын тренингтерінде бірнеше
рет көрген болатынбыз. Монкап ойынының мақсаты мұнай тербелмесі және зауыты бар 3
Империалист (Ойыншы) өз алаңында зауыт пен тербелменің белгілі бір көлемін салуы қажет
басқа ойыншының, яғни Монкаптың мұнай кен орындарын жаулап алуы керек. Монкап өзіне
қажет зауыт пен тербелмелерді тек қана Империалистерден сатып ала алады, ал
Империалистер өз кезегінде Монкаптың рұқсатынсыз мұнай кен орындарын ала алмайды. Кен
орын мұнай тербелмесінсіз жұмыс істемейді. Сол себепті Монкап Империалистерді олардың
көмегінсіз жеңе алмайды (Монкапқа олардан тербелме және зауыт қажет), ал Империалистер
Монкаппен байланысқа түспей, мұнай кен орындарын жаулай алмайды (Империалистердің
зауыт, тербелме орнатуы үшін Монкаптың рұқсаты қажет).
Жоғарыда көрсетілген келіссөз қағидалары бір де бір бұзылмаған болатын. Біз Монкаптың
зауыт немесе тербелме сатып алуда өз қызығушылығын таныта салысымен, Империалистер
Монкаптың бұл әрекетін әлсіздік белгісі деп қабылдап, Монкапқа айтарлықтай қатал талаптар
қоя бастайтындығын ылғи көреміз. Ал керісінше Монкап тербелме сатып алуда өз
қызығушылығын көрсетпесе, Империалистер өздері Монкап үшін тиімді шарттар бойынша
тербелме орнатуды ұсына бастайды.
Келіссөздің екінші қағидасы да ешқашан бұзылмаған: бір нәрсе сатып алғың келсе, ешқашан
ақшаңның көп екендігін көрсетпе. Империалистер әрқашан Монкаптың ақшасы көп екендігін
білгенде, Монкаптан мұнай тербелмесі құнынының толық өтелуін талап етіп, ешқандай
жеңілдік бермейтін. Ал енді Империалистер Монкаптың ақшасы аз не жоқ екенін білгенде
немесе Монкап оларды ақшасының аз не жоқ екендігіне сендіре алған жағдайда, тербелме
және зауыт сатудың шарттары бірден жеңілдетіліп, зауыт, тербелменің толық құнының өтелуін
талап етпей, айтарлықтай жеңілдік беріп, тіпті жеңілдіктер толық құнының 100%-на дейін
жететін.
Үшінші қағида келесідей: келіссөзде әрқашан өз тауарыңыз үшін қарсыластарыңыз арасында
шынайы немесе өтірік бәсекелестік тудыру қажет. Яғни, егер сіз сатушы болсаңыз, онда
бәсекелестікті тауарды сатып алушылар арасында ұйымдастырыңыз, ал егер сатып алушы
болсаңыз, онда сатушылар арасында бәсеке тудырыңыз. Бәсекенің пайда болуы кез келген
адамда үйір Басшысы және Альфа-көшбасшы деген жануарлық түйсікті оятады, сол кезде ол
басқа бәсекелестерін жеңіп, тіпті бұл нәрсенің ешқандай экономикалық мәнісі болмаса да,
сіздің тауарыңызды сатып алады. Альфа-көшбасшылық инстинкті қосылған адам үшін басқа
адамдарды жеңу және оларға өзінің Бірінші және Күшті екендігін дәлелдеу әлдеқайда
маңызды, ал онымен, яғни заманының ең ұлы адамымен салыстырғанда, басқалары бейбақ
және бос тұлға болып табылады.
Ал бәсеке тудыртқан тауар, - жеңімпаздың өздігінше жүлдесі мен ең мықты генетикалық
қасиеттерінің расталғаны болып табылады. Осы жүлденің түкке тұрмайтын бұйымша болуы
немесе оның бағасының сөзсіз асқынуы Альфа-көшбасшы инстинкті қосылған адамды мүлдем
қызықтырмайды. Көп адамда инстинкт санаға қарағанда мықтырақ екенін есіңізде сақтаңыз.
Маймыл әрқашан басқаларға өзінің үйірдегі бас бабуин екенін дәлелдегісі келеді. Осымен
қолданыңыз.
Маңыздылығы бойынша емес, кезектілігі бойынша келесі қағида – келіссөз барысында
қолданылатын құрал-сайман ретіндегі секс. Әрқашан біз сексуалды тартымды әйелді көрген
кезде ол ер адамдар тарапынан ең үлкен жеңілдік пен ең жақсы ұсыныстарды алып отырды.
Әйелдер әрқашан саналы немесе бейсаналы түрде келіссөз кезінде ер адамдар тарапынан ең
жақсы жағдайға қол жеткізу үшін өз сексуалдығын пайдаланып, көп жағдайда соған қол
жеткізген болатын. Бұл жағдай тиімді баға бойынша зауыт немесе тербелме орнатып беруді
сұраған сексуалды бойжеткенді көрген кезде ер адамда оянған ұрпақ жалғастыру инстинктінің
жұмысымен түсіндіріледі. Не себепті ер адамдар материалды құнды заттарды тартымды
бойжеткенмен секс болудың бұлдыр және қияли мүмкіндігіне айырбастайды? Себебі жануар
деңгейінде өмір сүретін, яғни өзінің жеке инстинкт бақылауындағы ер адамдар үшін негізгі
тапсырма болып келесі ұрпаққа өзінің генін өткізу болып табылады. Ал жанында отырған
сексуалды бойжеткен, дәл осы үшін қолайлы. Осындай құндылықтар жүйесінде ер адамдар
иеленетін материалдық игіліктер абстрактілі құндылық болып табылады және биология
тарапынан қызығушылық танытпайды. Сондықтан да ер адам өзінің шынайы материалдық
игіліктерін секстің қияли мүмкіндігі мен ұрпақ жалғастырудың бұлдыр мүмкіндігіне оп–оңай
айырбастауға дайын.
Осы жерден кез келген келіссөздің бесінші қағидасы туындайды, - сіз басқа тарапқа ұнап,
оларда сізді ұнату сезімін тудыртуыңыз керек (counterpart). Бұл ереже тек ер адамдар тұратын
келіссөзде ғана емес, сонымен қатар әйел мен еркек, немесе әйел мен әйел арасындағы
келіссөзде жұмыс істейді. Егер адам басқа тарапқа ұнап, олардың көңілін аулай алса, онда
жоғары ықтималдылықпен оның сұранысын қанағаттандыратын болады. Егер де бірінші адам
екінші адамда ұнату сізімін емес, керісінше агрессия сезімін тудыртатын болса, онда тіпті
бірінші адамның тиімді ұсыныстарына қарамастан, екінші адам бұл тиімді ұсыныстан бас
тартады. Себебі, егер адам сізге ұнау сезімінің орнына агрессия сезімін ұялататын болса,
онда сіз оны потенциалды түрде сізді жойып жібере алатын жау ретінде қарастыра бастайсыз,
бұл - тіпті оның ұсыныстары сіз үшін экономикалық тиімді болса да, бұндай адаммен келісімге
келу болмайды дегенді білдіреді. Бұл жерде қайтадан эмоция логиканы басады және келесі
қағида жұмыс істейді- "жаудың қажет еткен нәрсесін оған беруге болмайды, себебі ол соны
пайдаланып, саған қарсы күш ретінде пайдалануы мүмкін".
Сондықтан да, егер сіз келіссөзде басқа тараптың сізден қауіптеніп тұрғанын немесе сізге
агрессия сезімінде болса, онда ең бірінші кезекте сіздің жасауыңыз қажет әрекет, - кез келген
тәсілмен оны күлдірту және жымиту. Әрине сіз ақымақ болып көрінуден қорқасыз, бірақ
ескеріңіз, ақымақ болып көрінетін адамды ешкім қауіп ретінде қабылдамайды.
Сіздің counterpart (келіссөздегі басқа тарап) жабық кейіпте отырғанша (қолдары кеудесінде
айқастырып тұрса немесе осыған ұқсас кейіп) ешқандай келіссөзді бастамаңыз, себебі, бәрібір
түк шықпайды. Әуелі сізге жағдайды жайласыңқырату қажет. Сounterpartыңызға қорғаныш
кейіпінен шығып, сізді қауіп ретінде қабылдауды доғартуыңыз керек. Белгілі бір қызықты
оқиғаны айтудан бастаңыз, бір қызықты нәрсе жасап, оны күлдіртіңіз. Және тек Сіздің
counterpart өзінің қорғаныш кейіпін шешкеннен соң ғана және бірнеше рет күлгеннен соң ғана
сіз тікелей келіссөзге өтіп, сізге қажет нәрсені сұрасаңыз болады.
Адамның сізге агрессия сезімінің орнына оған сізді ұнату сезімін ұялаттырудың тағы бір әдісі,
араларыңызда ортақ нәрсенің бар болуын көрсету, мысалы ортақ қызығушылықтар, мінез
құлықтарыңыздың ортақ ерекшеліктері, ортақ туылған жер, ортақ әлеуметтік, ұлттық,
этникалық шығу тегі, ортақ құндылықтар, яғни адамда Маугли қағидасын ояту қажет: «Біз
екеуміз бір қаннанбыз – сен және Мен». Және адамда осы қағида жұмыс істей салысымен, ол
бірден сізге көмектесуге, қолдауға немесе сізге кез келген көмек көрсетуге ұмтылады. Өйткені
ол осы сәтте бүкіл әлемге қарсы тек ол және сіз деп түсіне бастайды, – «Біз және олар»,
«Қалалықтар кенттіктерге қарсы», «өзіміздікілерге көмектесу керек» және т.б. Бірақ
байқаңыздар, өздеріңіз осы айлакерлікке алданып қалмаңыздар. Бұндай әдіс өте жиі әртүрлі
сала сатушыларымен пайдаланылады. Мысалы, Бостонда көлік сатып алған біздің бір
жолдасымыз, өзінің осыған ұқсас жағдайға тап болғандығы туралы айтып берді. Ол өзіне
ұнаған көліктерінің бірін сатып алу туралы ойланып тұрған сәтінде, оған оның жергілікті емес
американдық екенін көріп тұрған бірнеше консультант-сатушылар жақындап, өзара әңгіме
айта бастады, кейінірек сатушылардың бірі кездейсоқ өзінің жергілікті емес, басқа елден
келгендігі туралы айтып қалады, дәлел ретінде ол өзінің жолда жүру куәлігін көрсетеді. Бұл
«Біз екеуміз бір қаннанбыз – сен және Мен» деген техниканың көрінісі болды. Ал біз екеуміз
бір қан болғандықтан, біз сені алдамаймыз және саған ең тиімді шарттарды ұсынамыз, сол
себепті ойлануды доғарып, біздің көлікті сатып ал дегенді білдіреді.
Жалпы Монкап ойыны тағы бір қызық заңдылықты анықтады, яғни бірнеше қатысушылар
арасындағы қақтығыс кезінде жеңімпаз психотипі текетірес болып жатқан ортаға байланысты
болады.
Мысалы, егер белгілі бір ресурс, жүлделі орын, президент сайлауындағы жеңіс үшін күрес
қақтығысқа түсуге қорықпайтын, көшбасшылық қабілеттері мықты адамдар арасында болатын
болса, онда басқа тең жағдайларда осы өзара бәсекелесуші көшбасшылар өздері азырақ
қорқатын және азырақ қауіп төндіретін адамдарды таңдайды, себебі олар қажет кезде сол
адамдарды жеңе алады. Сәйкесінше, өз қарсыластарына азырақ қорқыныш сезімін
тудыратын адам жеңіске жетеді. Дауыс құқығына ие емес қорқақ адамдар мен дауыс құқығына
ие Альфа Көшбасшылары қатысатын текетіресте жеңіс ең әлсіз Альфа Көшбасшыға немесе
Альфа Көшбасшы емес адамға беріледі. Себебі, біріншіден текетірес кезінде Альфа
Көшбасшылар өздері бірін-бірі басады, ал екіншіден олар үлкен күш пен жігерге ие және
күресте жеңілген Альфа Көшбасшылардың барлығын бағындыра алатын адамға жеңісті
бергенше, өздері қорықпайтын және басқара алатын адамға жеңісті береді.
Және керісінше, егер белгілі бір ресурс, жүлделі орын, президент сайлауындағы жеңіс үшін
күрес өздерінің сыбдырынан да қорқатын адамдар дауыс құқығына ие қоғамда өтетін болса,
онда осы үйірді қаттырақ қорқыта алған адам жеңіске жетеді. Яғни текетіресте Альфа
Көшбасшыларымен бірге көптеген қорқақ адамдар дауыс құқығына ие болса, жеңіс дауыс
құқығына ие үйірді қаттырақ қорқыта алған Альфа Көшбасшыға беріледі.
Өмірде бұл жағдай дамыған капиталистік елдерде және дамушы, әлемнің үшінші
мемлекеттерінде (феодалды және монкап) билікте отырған адамдардың мысалдарында
жақсы көрініс алады. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Жапония, Тайвань секілді
дамыған капиталистік мемлкеттерде нақты билік банк, зауыт, БАҚ және басқа да компания
иелеріне тиесілі. Сол себепті елдегі жоғарғы билік үшін күрес өзара ұазақмерзімді және
қысқамерзімді одақ құратын түрлі компания иелері арасында жүреді. Көп жағдайда
компанияның иелері өз қызығушылықтары үшін қақтығысқа түсуден қорықпай, жауапкершілікті
өз мойнына ала алатын адамдар болып табылады. Сондықтан да осындай адамдар
арасындағы күрес нәтижесінде жеңіске еш қызығушылық пен қауіпті тудырмайтын қарапайым,
еленбейтін тұлға иеленеді. Бұндай жағдай АҚШ, Германия, Жапония және т.б. елдерде ірі
капитал, банк, зауыттар және компанияларды иемденушілер, – өзінің жеке қасиеттері
бойынша жекеменшікті бөлісу, шешім қабылдайтын саласын өзгертетін немесе ірі капиталдар
иелері көп ақша жоғалтып алатындай етіп, ойын ережесін өзгертіп, төңкеріс жасайтын
адамның мемлекет басына келгенін қаламайды.
Және керісінше, феодалды және монкап елдерінде көптеген адамдар өз сыбдырынан қорқып,
олардың жекеменшіктерін мықтырақ адам келіп алып кетеді деп қауіптенетін, долы полиция
қызметкерлері үйін және жерін тартып алады деп қорқатын қоғамда жағдай түбегейлі өзгереді.
Бұндай елдерде дауыс берушілер қаттырақ қорқатын адамға дауыс береді. Оның мысалы
ретінде, Сталин, Путин, Лукошенко, Назарбаев, Каримов және африкалық, афгандық, таяу
шығыс елдері мен аумақтарындағы билікке ие дала командирлерін айта аламыз.
Дәл осы заңдылықты этолог ғалымдар жас әтештердің иерархиясын зерттеу және тәжірибе
жасау барысында көрсеткен болатын. Әтештер өте агрессиялы болады және өздерінің
қоғамында иерархияны тез қалыптастырады. Осы эксперимент туралы біз Дольниктің
әңгімесінен келесіні білеміз: «топтағы ең бейшара және қажыған әтешті ұстап алып, оның
басына жоғарғы иерархиялық ранг дәрежесінің символы ретінде поролоннан үлкен қызыл
айдар тағып, қайтадан қораға жіберді. Бастапқыда өзінің басында жалған айдарының бар
екенін білмейтін әтеш өзін бұрынғыдай қажыған қалпында ұстады. Оны шоқығысы келген
басқа әтештер, оның үлкен айдарын көріп, бірден жасқанады. Біраздан соң басқа әтештердің
сенімсіздігін байқаған жалған айдарлы әтеш көкірегін керіп, басын көтеріп, қадам–қадаммен
иерархия сатысының шынына ешкімнің қарсылығынсыз көтеріледі. Бірнеше күн өтіп, оның
айдарын шешкен соң, ол қайтадан пирамида түбіне сырғиды».
Басқа эксперименттерде, яғни иерханияның шыңында орын алған Альфа Көшбасшы
әтештердің керемет айдарын жабыстырғышпен жабыстырған соң, олар өздерінің қасиеттеріне
қарамастан, төменнен орын алды. Экспериментаторлардың төменгі сатыдан Альфа
Көшбасшыға айналдырған әтештер нағыз Альфа Көшбасшыларға қарағанда біршама
қаталырақ болды. Себебі олар өмірлерінің көп бөлігін сол төменгі түпте өткізіп, кез келген
әтештен көп шоқылған. Сол себепті олар басқаларға қарағанда өзіне сенімсіздеу, қорқағырақ
болады және билікті жоғалтып алудан көбірек қорқады, соның нәтижесі ретінде
бағынушыларға көбірек террорлық әрекет көрсетеді. Нағыз Альфа Көшбасшы болып
табылатын әтештің айдарының көлемін өзгерту арқылы оның билігінің толықтығын жасанды
түрде өзгертуге болады. Экспериментаторлар сол әтешке билікті көбірек берген сайын, ол
өзін көбірек агрессивті ұстап, бағынушыларын қаттырақ езеді. Егерде ең мықты әтештің
айдарының биіктігін басқа әтештердің айдарларының биіктігімен теңестіретін болсақ, ол
альфа көшбасшы әтештің билігі бірден азаяды, себебі әтеш басқа да билікке таласушы
Альфа Көшбасшы әтештердің шабуылына тойтарыс беруі керек. Бұл ретте қалыптасқан
жағдай тыныш қалыпта болады, – басқаларға лаңкестік жасай алатындай оның қажетті
көлемдегі билігі болмайды.
Біз әтештер мен жануарлық түйсік басқаруымен өмір сүретін адамдардың реакциясы бірдей
екеніне көз жеткіздік. Сондықтан да жануарға айналмай, адам қалпында қалыңыз.
Егер сіз осы қағидалар тек сауда және бизнесте ғана жұмыс істейді деп ойласаңыз, - терең
қателесесіз. Формула барлық жерде, – барлық адам үшін және барлық қарым–қатынас саласы
үшін бірдей жұмыс істейді. Мысалы ер адам мен әйел адам арасындағы келіссөз тақырыбы
секс болып табылады. Сәйкесінше сексте көбірек қызығушылық танытқан адам, бағынушы
позициясында болады. Және секстегі қызығушылығын жасыра алған басқа тарап, енді сексті
манипуляцияның құралы ретінде пайдалана алады.
Биологиялық көзқарас бойынша толыққанды секс тек екі тарап, яғни ер адам да, әйел адам да
қатысқан кезде ғана болады. «Монкап» ойынымен таныс адамдар үшін, бұл келесі мағынаны
береді: Империалист келіспейінше тербелме орнатуға болмайды, ал Монкап тербелменің
орнатылуына өз рұқсатын бермейді. Сонымен қатар, «Монкап» ойынындағыдай, егер ер
адамдар әйел адамдарға қарағанда секске көбірек қызығушылық танытса, әйелдер бірден ер
адамдарға қажет құнды ресурсты иеленетінін түсінеді. Содан кейін әйелдер секстің құнын
асқындыра бастайды және сыйлықтар, қарым–қатынас және т.б. түріндегі сыйақы талап ете
бастайды.
Әйелдер мен ер адамдарға секс бірдей қажет қоғамды елестетейік. Бұл жерде қарапайым
тепе–тең айырбас жүзеге асады – ерлер әйелдерге секс береді, әйелдер ерлерге секс береді.
Ешқандай қосымша міндеттемелер жоқ және гүл, кәмпит секілді ешқандай сый жоқ және секс
үшін берілу керек сыйлық жоқ. Әйелдерге қарағанда сексте ерлер көбірек қызығушылық
танытатын қоғамда бұл жағдай басқаша орын алады. Ол кезде әйелдер секс береді, ал ерлер
секс және оған қоса қандай да бір сыйлық береді. Сыйлықтың көлемі әр нақты ер адамның не
бере алатындығына байланысты. Біреуден шоколад алса, ал енді біреуден 10 000 000
доллар тұратан гауһар алқа талап етеді. Қайтадан «Монкап» ойынында көрген қағида жұмыс
істейді, - егер ойыншыда ақша аз болса, тербелме сату шарттары оңай болады, ал егер көп
болса, онда Империалистер құнының толық өтелуін талап етеді.
Немесе, мысалы, егер ер адамның қоғамдағы орны немесе ақшасы болмау себебінен секс
үшін сыйақы беру мүмкіндігі жоқ, бірақ әйелдер арасында өзінің сырт келбеті мен ерекше
дарындылығымен әйгілі болса, онда тіпті осындай ер адаммен бір төсекке жатқан әйелдер,
одан секс үшін сыйақы талап етпей, ер адамды аяп және құнына жеңілдік жасадық деп
ойлайды. Бұл әйелдің ер адамға басқа сатып алушыларға қарағанда сен тауарды арзанырақ
алдың деген кінә сезімін тағуға деген талпысынан білінеді. Нарықта біз өте жиі ұқсас жүріс-
тұрыспен кезігеміз, сол кезде сатушы былай дейді: «Тек сен үшін ғана бағаны төмендетіп
жатырмын!» немесе «Тек сенің сондай керемет жігіт болғаның үшін, саған жеңілдік жасап
жатырмын!» Осы сәтте сіз өзіңізді міндетті ретінде сезінесіз, себебі сатушы сізге тауарын өз
бағасынан да арзанырақ сатты.
Сол себептен де, басқа адамдармен қарым-қатынастағы келісмшартта өзінің жеке
қызығушылығынды көрсетпеуден бөлек, қаржы ресурс көлемін жасырған дұрыс. Егер басқа
адам сіздің бай екеніңізді білсе, онда ол тауарды сізге басқаларға қарағанда қымбаттырақ
сатуға тырысады. Егер сатушы сізде ақшаның аз екеніне сенімді болса, онда ол сізден көп
ақшаны сыдырып алуға тырыспайды. Монкап және Капитализм бойынша тренингтердің
көбісінде біз осы жағдайды көп бақылаған болатынбыз. Әрқашан Монкапта ақша көп болған
кезде, барлық Империалистер зауыт және тербелмені өз ақшасына сатып алуға мәжбүрледі.
Алайда, егер Империалистер Монкапта ақшаның жоқ екендігін білсе, бұл жағдай түбегейлі
өзгеретін, яғни осы кезде олар зауыт және тербелмені өз ақшасына сатып ала бастайды.
Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасында ер адамның қаржы көлемін әйелдің мінез-
құлқы мен әйелдің секс үшін талап ететін сыйақы көлемі анықтайды. Егер мысалы, тартымды
студент жас және сұлу, сонымен қатар оған да сексуалды құштары бар бойжеткенмен
төсектес болғысы келсе, онда бойжеткен тартымды студенттен тек секстің өзін қанағат
тұтады, себебі кедей студент бұдан артық ештеңе бере алмайды. Бірақ егер кедей студенттің
орнында жас әрі тартымды бизнесмен болып, сонымен қатар бойжеткеннің оған сексуалды
құштары бар болса, жағдай түбегейлі өзгереді. Бұл кезде егер жас бизнесмен бойжеткенге
қарағанада секске деген қызығушылығы көбірек екенін көрсетсе, онда бойжеткен, - секске секс
- деген қарапайым айырбасты қанағат тұтпайды. Ол сыйақы талап ететін болады. Сыйақы
мейрамханалар ақысы мен сыйлық әперуден бастап сол бойжеткенмен ұзақмерзімді қарым
қатынасқа деген ер адамның келісіміне дейін болуы мүмкін.
Біздің талқылауды қорытындылай келе, қандай да бір тауарды сатып алуға байланысты,
сонымен қатар сексуалды нарықта әйелдерге қатысты кез келген келіссөзде тауар үшін артық
төлемеуге кеңес береміз. Ол үшін келесі ережелерді ұстану керек:
1. Сатып алу кезінде өз қызығушылығыңызды көрсетпеңіз. Әйелдерге қатысты өзіңіздің
онымен болатын сексте қызығушылығыңызды көрсетпеңіз.
2. Өзіңізді көп ресурсы бар адам ретінде көрсетпеңіз. Өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың
нақты көлемін көрсетпеңіз, әйтпесе басқаларға қарағанда сол тауар үшін көбірек төлейтін
боласыз.
3. Сізге қажет тауар үшін сатушылар арасында бәсеке немесе бұлдыр бәсеке тудырыңыз.
Яғни егер сол сатушы қажет тауарды сіздің шарттарыңыз бойынша сізге сатпайтын болса,
онда одан басқа сізге қуана – қуана қызмет көрсететін сатушылардың көп екендігін көрсету
қажет. Әйелдерге қатысты, егер ол сізбен кездесуге келіспейтін болса, онда оның орнын қуана
баса алатын сұлу және жас әйелдердің бар екенін көрсетіңіз. Бірақ сонымен қатар келесі
нәрсені ескеріңіз: егер сіз тек бәсекенің елесін ғана тудырсаңыз, онда бұл жерде ең бастысы
тым әсірелеп жібермеу, яғни өтірік шындыққа жанасу керек.
4. Әйелдерге өзінің сексуалдығын пайдалана отырып, сіз үшін емес өзі үшін тиімді шарттарды
сізден алуға рұқсат бермеңіз. Жұмыста сізге кеңесшінің орнында Санаңыз емес жыныс
мүшеңіздің болуына жол бермеңіз. Жануар болмай, адам болып қалыңыз.
5. Сізге басқа тараптың сізді ұнату сезімін оятуыңыз керек (counterpart). Себебі ұнайтын
адам мен ұнату сезімін тудыртатын адамға жоғары ықтималдылықпен келісімге келіп,
сұранысты қанағаттандырады. Егер де ұнату сезімінің орнына бірінші адам екінші
адамның агрессия сезімін оятса, онда тіпті бірінші адамның ұсынып отырған тиімді
ұсыныстарына қарамастан, екінші адам бұл тиімді ұсыныстан бас тартады. Сіздің
counterpartыңыздың жымиюы мен күлуі үшін барлық әрекеттерді жасаңыз да, ақымақ
болып көрінуден қорықпаңыз. Келіссөз барысында қауіпті болып көрінгеннен ақымақ
болып көрінген жақсырақ.
6. Сіз бен counterpartыңызды арасында ортақ нәрсені тауып, соны көрсетіңіз. Ортақ
қызығушылықтар, мінез құлықтарыңыздың ортақ ерекшеліктері, ортақ туылған жер, ортақ
әлеуметтік, ұлттық, этникалық шығу тегі, ортақ құндылықтар, яғни адамда Маугли қағидасын
ояту қажет: «Біз екеуміз бір қаннанбыз – сен және Мен». Және адамда осы қағида жұмыс істей
салысымен, ол бірден сізге көмектесуге, қолдауға немесе сізге кез келген көмекті көрсетуге
ұмтылады.
7. Жеңімпаздың анықталуы қатысушылардың психотипіне байланысты және осы психотип
жеңімпаздың психотипін де анықтайды. Дауыс құқығы тек қатысушы Альфа Көшбасшыларда
ғана болып, ал қорқақ адамдардың осы дауыс құқығы жоқ текетіресте жеңіс ең әлсіз Альфа
Көшбасшыға немесе мүлдем Альфа Көшбасшы болып табылмайтын адамға беріледі. Себебі,
біріншіден текетірес кезінде Альфа Көшбасшылар өздері бірін-бірі басады, ал екіншіден олар
үлкен күш пен жігерге ие және күресте жеңілген Альфа Көшбасшылардың барлығын
бағындыра алатын адамға жеңісті бергенше, өздері қорықпайтын және басқара алатын
адамға жеңісті береді.
Және керісінше, текетіресте Альфа Көшбасшыларымен бірге көптеген қорқақ адамдар дауыс
құқығына ие болса, жеңіс дауыс құқығына ие үйірді қаттырақ қорқыта алған Альфа
Көшбасшыға беріледі.
Қорытындылай келе маңызды нәрсені айтқымыз келеді, яғни бұл ережелердің барлығы
жануарлық инстинктің бақылауында өмір сүретін адамдарға ғана жұмыс істейді. Егер сіз осы
ережелерді жануарлық күйден шыққан және өзінің жануарлық түйсігін басқан адамға
қолдануға тырыссаңыз, онда жалпы сіз кері нәтижеге ие боласыз. Себебі ол үшін сіздің
барлық әрекеттеріңіз келесідей көрініс алады: сіз оны қонаққа шақырдыңыз да, оған иттің
тамағын ұсынып, - «Асыңыз дәмді болсын!» деп айтқаныңызбен тең.