KZ RU EN

Дана жол идеологиясы


Біз Қазақстандағы экономикалық жағдайды қарапайым мысалдармен суреттейміз және түрлі идеологиялық ағымдардың оны қалай шешуі керектігі туралы ұсыныстарын көрсетеміз.

Бүгінгі күні еліміздегі қалыптасқан жағдай шартты түрде келесідей көрініс алады. Қазіргі басқарушы тап өзен суы ағып жатқан әсем далада үй салды делік. Ол үйді барлығымыз үшін салды. Алайда басқарушы тап өз меншігіне жайлы бөлмелерді тартып алып, ал басқа адамдарды жертөлеге қоныстандырды. Басқарушы тап біздің ортақ үйімізді салғанда, - мамандардың пікірін сұраған жоқ. Яғни басқарушы тапты тек өз жанұя мүшелерінің пікірі қызықтырды. Сондықтан да біздің ортақ үйімізді салу кезінде кішігірім қателіктер жіберілді.

Бұл қателік – үй маңында ағып жатқан өзен суының арнасынан асып, уақыт өте келе далаға жайыла бастауы болды. Өз кезегінде бұл олқылық ортақ үйіміздің суға батуына әкелді.

Ал енді бздің басқарушы тап өзінің жанұясымен жайлы үйінде, камин маңында отыр деп елестетейік. Дәл осы кезде мынандай жағымсыз жағдай орын алды: өзен суы барлық аймақтарды басып, ортақ үйімізге жақындай бастайды. Су миллиметрлеп және сантиметрлеп паркетті жайлайды, қабырғалар көгеріп, қымбат итальяндық сылақ түседі. Алайда басқарушы таптың батыр атасынан қалған мылтық сақтайтын бөлмесі бар еді. Сондықтан ол өз үйіндегілерін қаруландырады да суға оқ ата бастайды, дамаск болатыннан жасалған қылышпен суды оса бастайды. Ерте ме, кеш пе сумен шайылған үйдің іргесі құлап, бұрынғы биліктегілерге мола болып қалады.

Қазақстанның түрлі идеологиялық ағымдары біздің ортақ үйіміздің құлауын тоқтату үшін өз шешу жолдарын ұсынады.

1. Қазіргі басқарушы тап судың жайылуы мен үйіміздің іргесін құлатуға тыйым салатын заң шығаруды ұсынады. Ал егер су бұл заңды тыңдамаса, онда суды автоматтармен атып немесе оны арқанмен байлап жазалау керек деп санайды.

2. Біздің зиялы қауым өкілдері қазақша бөрік киіп, домбыра алып, атқа қонып, қазақ әндерін айқайлап айтуды ұсынады. Біз мұны жасағаннан кейін су бірден шегініп, ортақ үйімізді басуды бірден тоқтатады деген ұсыныстарын білдіреді.

3. Діни ағымдар вахабиттер мен салафиттерді қоса алғанда түрлі діни ағымдар – біз шынайы мұсылман болмағандықтан, жүрегімізде имандылықтың жоқтығынан, су бізді басып жатыр деп есептейді. Егер біздің «басымызды» ауыстырса немесе имандылықты алға қойса, онда су тоқтайды. Осы жағдайда су үйімізді құлатуды және егінімізді жайлауды тоқтатады.

4. Түрлі оппозиция өкілдері сөз бостандығы мен сайлау еркіндігі болмағандықтан, су бізді басып жатыр деп есептейді. Біздің үйдің тұрғындары оппозициялық прессаны оқуы мен оппозицияның «көсемін» теледидардан көру мүмкіндігіне ие бола салысымен су бірден шегінеді деп ойлайды. Біздің оппозиция «көсемдерінің» «қатал» түрі немесе «иісі» бейне бір суды шошытатындай.

Дана Жол бұл жағдайға басқаша қарайды.

Біздің әлемдегі барлық нәрсе қоғамдық және экономикалық даму заңдарына бағынады. Ұлтына, дініне не мемлекетіне әлемнің заңдары мүлдем әсер етпейді немесе басқаша әсер етеді дейтін кез-келген адам қателеседі. Әлем заңдары барлығына бірдей әсер етеді. Бүкіләлемдік тартылыс күші оны біреудің теріске шығаруынан не білмеуінен әсер етуін тоқтатпайды. Сондықтан да биік мұнарадан секіруші кез-келген адам бұл заңға сәйкес басын жарады.
Қажетті нәтижеге жету үшін біз табиғат заңдарының ешқайсысын өзгертпейміз,тек оларды өз қызметімізге сәйкестендіріп қолданамыз.
Егер біз өз үйімізден көшкіміз келмесе, біз әлем заңдарын танып, суды пайдалы іске жаратуымыз қажет.Біз бұл мәселені бізді судан қорғайтын бөгет салу арқылы шешеміз.
Одан кейін біз гидроэнергетикалық тоған саламыз және де су біздің үйімізді құртудың орнына, оны электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Содан кейін егістік жерлерімізді суару жүйесін құрамыз. Осы кезде су біздің егістік жерлерімізді жайламайтын болады, қайта түсімімізді арттыруға көмектеседі.

Бұл әрекеттер біздің қазақылығымызды кеміте ме? Жоқ, кемітпейді. Қазақ тілі құрылыс, электронергетикасы, мелиорацияда қолданыла бастаса оның жағдайы мүшкіл бола ма? Жоқ, болмайды. Керісінше біз ұлтымыздың күшеюіне қол жеткіземіз. Біз қазақ тілінің қолдану аясының кеңейуіне, өндіріс пен алдыңғы қатарлы ғылым тіліне айналуына қол жеткіземіз.

Бұл әрекеттер біздің мұсылмандығымызды кеміте ме? Жоқ, кемітпейді. Керісінше, біз сөзбен емес, өндірістік мүмкіндіктерімізді мұсылман қоғамына іспен көрсетеміз. Біз ислам мемлекетінің өмір сүру деңгейінің артуын іспен дәлелдейміз. Біз ислам әлеміндегі білім мен ғылыми жаңалықтардың артуын іспен көрсетеміз. Бір кездері ислам ғылымы мен өндірісі батыстікінен әлдеқайда артық болған еді, ал енді Дана Жол мұндай артықшылықты тағы бір рет жасайды.