KZ RU EN

Еуропалық дағдарыстың Қазақстанға әсері




Бүгінде Еуропа экономикасы қарапайым капиталистік артық өндіру дағдарысын бастап кешуде. Капиталистік елдерде мұндай әртүрлі деңгейдегі күші бар артық өндіру дағдарысы әр 7-15 жыл сайын болып отырады. Мұндай дағдарыстың болуының түрлі жылдамдығы, ең алдымен қоғамдық еңбек өндірісінің өсу жылдамдығына байланысты. Өндірілетін тауарлардың саны мен жылдамдығының күрт өсуімен қатар, осы тауарға жарататын тұрғындар ақшасы да тезірек тауысылатын болады.

Екіншіден, мұндай дағдарыстардың пайда бола бастауы, ең алдымен өндіріс құралдарының меншік иесінің (капиталистер), яғни кішігірім адам топтарының қолында қоғамдық табыстың шоғырлану жылдамдығына байланысты болады. Ұлттық табыс шағын капиталистер тобының қолында жылдамырақ шоғырланған сайын, соғұрлым қоғам осы топтың шығынына тәуелді бола бастайды. Ал егер бұл бай топ өз шығындарын азайтса, онда жалпы қоғам, экономикада өндірілген барлық тауарды сатып алу үшін жеткілікті деңгейде табыс алмайды.

Міне осылайша, халық экономикада өндірілген барлық тауарларды сату алуға қабілетсіз болған жағдайда капиталистік артық өндіру дағдарысы туындайды. Сондықтан да тауарлары сатылмай қалған компаниялар банкртоттыққа ұшырап, ал оларда жұмыс жасаған адамдар жұмыстарынан айырылып, өмір сүру көзі болып келген қаражаттарынан қол үзеді. Бұл жағдай барлық өндірілген тауарларды сатып алуға қандай да бір сәтте ұлттың жалпы табысы жеткіліксіз болған кезде орын алады. Ұлттың жалпы табысына халықтың жалақысы, сонымен қатар капиталистердің жеке сұраныстарына деген шығындары мен өндіріске салған инвестициялары кіреді. Кез келген Үкіметтің міндеті – экономикада өндірілген барлық тауарларды сатып алуға халықтың қолында жеткілікті қаражат болу үшін ақшаны қайта бөлу немесе халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Кез келген капиталистік билік сияқты, еуропа елдірінің басшылығы да бұл проблеманы шешу жолында үнемі жұмыс істейді. 2008 жылға дейін Еуропа халқының нақты жалақысының төмендеуі мәселесін, осы халықты жеке қаржы секторлары тарапынан несиелеу арқылы шешіліп келді. Сәйкесінше Еуропа мемлекеттері халықтарының кірісі мен олардың алған несиелері, олардың экономикада өндірілген бүкіл тауарды сатып алуына мүмкіндік берді. Бірақ 2008 жылдан бастап, Еуропа халқының ең кедей бөлігі өздерінің алған несиелерін жаба алмады. Осы себептен банктер жаңа несие берулерін тоқтатты да, бұырнғы берілген несиелерін қайтаруды талап етті. Жеке меншік Еуропа банктерінің бұл шешімі қаржы секторының Еуропа экономикасын қаржыландыруды мүлдем тоқтатуына алып келді. Сәйкесінше халықтың қолындағы ақша көлемі азайды және экономикадағы жалпы төлем қабілеттіліктің төмендеуі орын алды. Сұраныстың мұндай қарқынды төмендеуінен өз тауарлары мен қызметтерін сата алмаған компаниялар банкроттыққа ұшырады немесе қызметкерлерін жұмыстан қысқартты. Компаниялардың құрдымға кетуі мен жұмыс орындарының қысқаруы экономикада өз кезегінде халық кірісінің одан әрі төмендеуіне әкелді. Халық кірісінің төмендеуінің осылай жалғаса беруі экономикадағы төлемге қабілетті сұранысты азайтады және құрдымға кеткен компаниялардың санын одан әрі көбейтеді. Бұл толық экономикалық дағдарысқа дейін жалғаса береді. Экономикадағы мұндай жағдай дефляциялық шиыршық (спираль) деп аталады.

Еуропа елдері экономиканың дефляциялық шиыршық бойынша жүруін тоқтату үшін, экономиканың жеке несиелеу орнын мемлекеттік несиелеумен алмастыру керек еді. Біз білетіндей, несиелерді қайтаруда прблемалар болғандықтан, жеке инвесторлар еуропа экономикасын несиелеуді тоқтата тұрды. Сондықтан, мемлекет өзінің кепілдігімен жеке сектордан қарыздар тартуға және тартылған қаржыны экономикада үйлестіруге мәжбүр болды. Мемлекеттің экономикаға бөлген ақшаларының бару арналары – мемлекеттік секторда жұмыс орындарының көбеюі, халыққа түрлі әлеуметтік жәрдемақылардың төленуі, құрылыс пен инфрақұрылым бойынша бағдарламалардың көбірек қаржыландырылуы болды. Экономикадағы жеке секторлардың ақшаларын қайта бөлу бойынша мемлекеттің іс-шаралары – төлем қабілетті сұранысты қажет деңгейде ұстап тұруға және дефляциялық шиыршықтың «оралуының» алдын алуға мүмкіндік берді.

Мәселені әрі қарай қарастыру үшін Еуропа экономикасындағы ақшаны тарату үрдісін 2008 жылмен, яғни дағдарыс басталған жылдармен қарастырған жөн.

Жеке меншік қаржы секторы 2008 жылға дейін экономикада несиелерді үлестірудің және халықты қаржыландырудың басты негізі болып табылды. Жекеменшік қаржы секторы барлық Еуропалық Одақ азаматтарына несие ұсынатын. Гректер мен испандықтар несиелерді неміс банктерінен алатын, ал ағылшын мен француз банктері Португалия мен Италияда мүлік сатып алуды қаржыландыратын еді.

Бірақ дағдарыс басталысымен, еуропа экономикасын жекеменшік қаржы секторы тарапынан несиелеу тоқтатылды. Осы кезде орын алмасу болды. Яғни, экономиканы несиелеудің негізгі қайнар көзі жеке меншік қаржы секторының орнына, мемлекеттік сектор келді. Осы сәттен бастап, негізгі қаржыландыру көзі ұлттық үкіметтер болды және олар несиелік ақшаларды тек өз экономикасы ішінде үлестірді, өз халқын ғана қаржыландыруды қолға алды. Мұндай жағдай өз кепілдіктерімен жеке меншік қаржы секторынан ақша ала алмаған, одан кейін өз елі ішінде оларды үлестіре алмаған ұлттық үкіметтердің дефолт алдында тұруының бірден бір себебі болды.

Бұл елдердің ұлттық үкіметтеріне жеке меншік қаржыландыруды мемлекеттікпен алмастыру үшін және дефляциялық шиыршықтың сырғуын тоқтату үшін ақша қажет болды. Бірақ олардағы ақшаның болмауы экономиканың мемлекет тарапынан қаржылануын болдырмады. Бұл аталған елдердің дағдарысына алып келді. Бұл дағдарыс банкрот-компаниялардың санының өсуі мен халық кірісінің жалпы құлдырауының себебі болды. Өз кезегінде бұл салық салынатын база мен салықтық төлемдердің құлдырауына әкелді. Салықтық алымдардың азаюынан мемлекетте мынандай жағдай орын алды: мемлекеттік қызметкерлерге бұрынғы деңгейдегі жалақы төленбеді, түрлі жәрдемақылар берілмеді және мемлекеттік даму бағдарламалары қаржыландырмады. Яғни бұл елдердің ұлттық үкіметтері төлемдер бойынша міндеттемелерді орындай алмады.

Экономикалық дағдарыс барлық еуропа елдерін екі жаққа бөлді. Біріншісіне жататын елдер бүгінгі күннің өзінде өз міндеттемелерін орындай алмай отыр және толық масштабты дефолт алдында тұр, басқалар әзірше оны айналып өте алуда. Еуропа елдерінің екі жаққа бөлінуі ұлттың жинақтаулары мен үнемдеулеріне байланысты болды. Яғни бір жылда тұтынуына қарағанда өндіруі көбірек болған ұлттар біршама артықшылыққа ие болады. Бұл артықшылық ұлттың біз айтып отырған «жинақтаулары» болып табылады. Бұдан кейін мемлекет бұл артық өндіруді жеке сектордан алады да, оларды несие жүйесі, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз азаматтарының арасында таратады. Бір жыл ішінде тұтынуына қарағанда өндіруі көп, сәйкесінше, біршама артық өндіру үрдісі бар елдердің қатарына Германия, Нидерланды, Франция мемлекеттері кіреді.

Бірақ бір жыл ішінде өндіруіне қарағанда тұтынуы көбірек басқа да ұлттар бар. Мұндай ұлттарда артық өндіру дағдарысы байқалмайды. Сондықтан да бүгінгі күні мұндай ұлттар тұтынуларын өз өндірісінің деңгейіне дейін түсіруге немесе осы артық өндірісі бар ұлттардан қарыз алуға мәжбүр болып отыр.

Бір жыл ішінде тұтынуынан өндіруі аз, сәйкесінше, ешқандай да артық өндіруі жоқ елдер тізіміне Грекия, Португалия, Испания кіреді. Бұрын бұл кедей ұлттар өзінің кішігірім өндірісі мен үлкен тұтынуы арасындағы айырмашылықты Еуропаның жекеменшік қаржы секторы тарапынан қаржылану арқылы жүзеге асыратын. Олар жеке меншік неміс және француз банктерінен қарыз алып, осы несиелік ақшаға өздеріне қажетті тауарларды сатып алатын. Жеке меншік банктер тарапынан қаржыландыру тоқтағаннан кейін, кедей елдер бай елдерге олардың артық өндіруімен бөлісу туралы өтініш білдірді. Бірақ бай елдер жайдан жай бөліскілері келмейді, бұл үшін олар экономикалық және саяси егемендікті беруді талап етеді. Бай ұлттар бар артықшылықтарымен тек кедей елдердің экономикасын бақылауды қолға алумен айырбастау арқылы, яғни темір жолдарды, порттарды, жерлер мен басқа да қызықты активтермен айырбастау арқылы бөлісуге дайын болады. Дәл осылайша, экономикалық егемендіктің бір қолдан екіншіге өтуі жүзеге асады. Саяси егемендікті беру, бұл кедей елдердің мемлекеттік қызметкерлерінің санының қанша болуы керектілігін, жалақы мөлшері қандай болу керектігін, әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі қандай болу қажеттігін, полиция мен әскер санының қанша болатындығын бай елдердің шешкісі келетінін білдіреді.

Сондықтан да қазіргі кезде кедей ұлттардың өздерінен әлдеқайда бай көршілеріне экономикалық және саяси егемендікті беру бойынша сауда жүріп жатыр.

Мұндай сауданың нәтижелерінің бірі ретінде экономикалық және саяси егемендіктің берілуі болуы мүмкін. Бұл жағдайда, кедей мемлекеттер өз егемендігінің белгілі бір бөлігін өндірістік тұрғыдан әлдеқайда дамыған Еуропа елдеріне береді және осы арқылы экономикалық құлдыраудың алдын алады. Бұл кедей мемлекеттер өзінің бай көршілерінен көмек алғаннан кейін, өз халқының өмір сүру деңгейін 10-15% - ға төмендетеді де, 15 – 20% жұмыссыздыққа тап болады. Көрсетілген көмекке қарамастан, кедей елдердің өмір сүру деңгейі бәрібір төмендейді, себебі артық өндіру дағдарысы баяғысынша орын ала береді және де экономикадағы белсенділер оны жеңіп шықпағанша, өмір сүру деңгейі барлық елдерде осылайша біртіндеп төмендей беретін болады.

Егер де кедей елдер экономикалық және саяси егемендіктің жартысын болса да беруден бас тартса, онда тіпті басқа жағдайдың орын алуы мүмкін. жағдайда кедей елдердің үкіметтері ақшасыз қалып, өз міндеттемелерін орындай алмағандықтан, дефолт жариялауға мәжбүр болады. Жағдайдың бұлайша шиеленісуі нәтижесінде Еуропа кедей елдерінің өмір сүру деңгейі бүгінгі күнмен салыстырғанда 35-40 %-ға, ал жұмыссыздық 7-10 % шамасында төмендейтін болады.

Бірінші нұсқамен салыстырғанда елдегі жұмыссыздық – өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі себебінен пайда болады, соның салдарынан халықтың нақты жалақысының азаюы орын алады. Жалақы көлемінің былайша қатты төмендеуі Еуропаның кедей елдерінде өндіріс ошақтарын орналастыруды әлдеқайда тиімді етеді, сәйкесінше, аз жалақы болса да адамдардың көбісі жұмысқа тұрады.

Жағдайдың бұлайша шиеленісуінің мысалы ретінде Исландияны алуға болады, онда жұмыс істейтін азаматтың бүкіл берешектерін алып тастағандағы жылдық табысы 2007 – жылғы 23000 еуродан 2010 – жылы 14000 еуроға дейін немесе 40 %-ға төмендеді. Ал осы жағдайдағы Исландиядағы жұмыссыздық деңгейі 8 %-ды құрайды.

Кедей елдер үшін жағдайдың шиеленісуінің үшінші нұсқасы еуро шекарасынан шығып, өз валютасын енгізу болып табылады. Мұндай жағдайда бұл елдердегі өмір сүру деңгейінің төмендеуі бүгінгі күнмен салыстырғанда 50 %-ға жетеді, ал жұмыссыздық 8-12 %-ды құрайтын болады.

Еуро аймағынан шығатын елдердің өмір сүру деңгейін сипаттау үшін мысал ретінде Польшаны алуға болады. Бұл ел Еуропалық валюта одағының мүшесі болып табылмайды, яғни еуро аймаққа кірмейді. Польшаның жұмыс істейтін азаматының бүкіл берешектерін алып тастағандағы жылдық табысы 2007–жылғы 5000 еуродан 2010 – жылы 5400 еуроға дейін өсті, ал жұмыссыздық мөлшері 10 %-ды құрайды.

Ал енді еуропаның кедей елі саналатын және еуро аймаққа мүше Греция елінің көрсеткіштерін Польша көсеткіштерімен салыстыру әлдеқайда толығырақ мәлімет береді. Грецияда жұмыс істейтін азаматтың бүкіл берешектерін алып тастағандағы жылдық табысы 2007 – жылғы 10500 еуродан 2010 – жылы 11200 еуроға дейін өскен, ал жұмыссыздық мөлшері 17%. Яғни көріп отырғанымыздай, орташа деңгейде жұмыс істейтін грек жұмысшысы орташа деңгейде жұмыс істейтін полякқа қарағанда екі есе көп ақша табады. Жалақыдағы дәл осындай айырмашылық есебінен Польшадағы жұмыссыздық Грециядағыға қарағанда шамамен екі есеге төмен.

«Еуро аймағының құлауы мен біріңғай валютаның өмір сүруінің тоқтауы мүмкін ба?»-деген көптеген адамдарды мазалап жүрген сұрақты талдауға көшейік. Біз жағдайдың осылай орын алуы мүмкін дегенге күмәндана қараймыз. Біз бірыңғай еуропалық валюта сақталады деп есептейміз.

Еуропаның экономикалық жағынан дамыған Франция мен Германияның қызығушылықтары - бірыңғай валютаның сақталуының басты себебі болып табылады. Бұл дегеніміз, алдымен Франция мен Германия еуропалық валютаны Еуропалық одаққа кіретін барлық елдердің экономикаларын қадағалаудағы маңызды құрал ретінде қолданатынын түсіну керек. Бұл қадағалауды олар бірыңғай еуропалық валютаны басып шығару мен айналымға жіберу арқылы жүзеге асырады. Еуропалық одақтың барлық елдері бұл валютаны өз елдері ішінде тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу үшін қолданады. Осылайша, яғни айналымға түсетін еуро көлемін азайту немесе көбейту негізінде Франция мен Германия мемлекеттері Еуропалық одақтағы басқа елдердің экономикаларын қадағалауға мүмкіндік алады.

Бірыңғай еуропалық валютаның сақталуының тағы бір себебі еуроның жинақтау функциясы болып табылады. Бірыңғай еуропалық валюта бүкіл әлем халқының жинақтау құралы. Сондықтан да, өз кірісінің белгілі бір бөлігін еурода жинақтайтын кез келген адам, кез келген компания, кез келген мемлекет Франция мен Германияның экономикасын қаржыландырады.

Еуропалық одақ елдерінің қарыздары еуроның сақталуының үшінші себебі болып табылады. Франция мен Германия еуропалық елдердің басты кредит көздері болып табылады. Осымен бірге бүкіл қарыздар Франция мен Германия басып шығаратын еуро валютасында берілген. Жоғарыда аталған елдердің үкіметтері, осы қарыздар арқылы, Еуропалық одақтың басқа да қатысушыларын қадағалайды. Ал егерде Франция не Германия еуро аумағынан шығу және өздерінің ұлттық валюталарын енгізу туралы шешім қабылдайтын болса, онда берешек елдерден қарыздарды қайтарып алу әлдеқайда қиынырақ болады.

Жоғарыда көрсетінген үш себеп бойынша, Франция мен Германияның Еуропалық валюта одағынан шығуы мен өз ұлттық валюталарын енгізуі болмайтынына көз жеткіздік. Әрине еуро аумағы кедей және әлсіз елдер есебінен кішіреюі мүмкін, алайда Франция мен Германия ортақ еуропалық валютадан қосымша пайда алып отырғандандықтан, бұл валюта сақталады.

Еуропадағы қазіргі дағдарыс неден болғанын түсініп, сонымен қатар оқиғалардың даму нұсқаларын қарастырғаннан кейін, Еуропа экономикасы жағдайының Қазақстан экономикасына қалайша әсер ете алатынына көшейік.

Ол үшін Қазақстан экономикасының Еуропа экономикасымен қалайша байланысатынын көрейік. Қазақстан еуропамен басты үш бағыт бойынша байланысады.

Бізді еуропалық экономикамен байланыстыратын бірінші бағыт экспорт болып табылады. Біз өз тауарларымызды Еуропаға экспорттаймыз және ол арқылы экспорттық пайда табамыз. Әрі қарай біз еуропалықтардан алған ақшаны өз экономикамызда өндірілмейтін тауарларды сатып алуға жұмсаймыз.

Сандармен дәлелдейік. 2010 – жылы Қазақстанның экспорттық табысы 61 млрд.долл. құрады. Бұл соманың 21 млрд. біз тауарларымызды Еуропаға экспорттаудан алдық. Осы 21 млрд.-тық экспорттық пайдадан мұнай сату 19 млрд. әкелді.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, еуропалық дағдарыстың өршуі Еуропа халқының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Бұл жағдайда еуропалықтар өз тұтынуларын қысқартуға мәжбүр болады, соның ішінде мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну. Бұл өз кезегінде біздің мұнайдың Еуропаға экспортталуының төмендеуіне алып келуі ғажап емес. Мұндай төмендеудің нәтижесі біздің экспорттық табыстарымыздың азаюы болып табылады. Экспорттық бағыт бойынша Еуропаның біздің экономикаға қауіпті әсері дәл осында жатыр.

Егер біз Еуропадағы мұнайды тұтынудың сандарына жүгінсек, онда біз мұнай импортының 2005-жылғы 620 млн. тоннадан 2009-жылы 555 млн. тоннаға дейін немесе 70 млн. тоннаға төмендегенін көреміз. Осы құлдыраудың нәтижесін өзімізде бірден сезінуіміз керек еді, бірақ бұлай болған жоқ. Себебі еуропалықтар қазақ мұнайын емес, орыс мұнайын тұтынуды қысқартты. Орыс мұнайының Еуропаға экспортталу сандарына жүгінсек, онда 2007 – жылғы 190 млн. тоннадан 2009 – жылы 170 млн. тоннаға дейін құлағанын көреміз. Дәл сол уақыт аралығында қазақ мұнайының Еуропаға экспортталуы 2007- жылғы 26 млн. тоннадан 2009 – жылы 28 млн. тоннаға өскенін көреміз. Орыс мұнайын тұтынуды былайша төмендету және қазақ мұнайын тұтынуды арттыру Еуропалық одақтың Ресейге деген энергетикалық тәуелділікті төмендету бойынша арнайы саясаты болып табылады. Сондықтан да, Еуропадағы дағдарыс одан әрі мұнай тұтынуды төмендетуге алып келсе де, еуропалықтар қазақ мұнайын емес, орыс мұнайын тұтынуды азайтатын болады.

Бізді еуропа экономикасымен байланыстыратын екінші бағыт – импорт болып табылады. Біз Еуропалық одақ мемлекеттері өндіретін тауарларды сатып аламыз, яғни машиналар, құрал-жабдықтар, химия өндірісі өнімдері және т.б. Сандарға жүгінетін болсақ, онда 2010 жылы Қазақстанның 32 млрд. долларға тауар импорттағанын көреміз, оның 25 % - ы немесе 8 млрд. доллары Еуропалық импорттың еншісінде екендігін атап өткен жөн. Енді еуропалық дағдарыстың біздің импортқа қалай әсер ететінін көрелік. Еуропадағы қаржылық және экономикалық тұрақсыздық еуроның долларға шаққандағы бағамын төмендетуге әкелетіндігін түсінген жөн. Біз үшін бұл пайдалы, себебі кірістің көп бөлігін біз АҚШ долларымен аламыз, ал еуропалық тауарларды еурода сатып аламыз. Сәйкесінше, еуро бағамының төмендеуі еуропалық тауарларды бізге арзан бағада ұсынуға жол ашады. Бұл жағдайда Қазақстанның доллардағы кірісі ұлғаяды, ал еуропалық тауарлар импортына деген еуродағы шығын қысқарады. Біз үшін бұл өте пайдалы, себебі бізге өндіріс пен ауыл шаруашылығын қайта жасақтау үшін еуропалық құрал – жабдықтар тапшы болып табылмақ.

Қаржы секторы біздің экономикамызды Еуропамен байланыстыратын үшінші бағыт болып табылады. Бір жағынан біз еуропалық ақшаларды тартып, өз экономикамызға саламыз. Екінші жағынан біз өз ақшаларымызды еуропа экономикасына саламыз. Біздің ақшамыздың салынуы еуропалық компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу және ақшаны еуропа банктеріне салу арқылы жүзеге асады.

Бұл бағытты қарастыру үшін алдымен еуропалық банктердің біздің экономиканы қаржыландыруына мән берейік.

Еуропаның қаржы институттары біздің экономиканы 2007 жылдың шілдесіне дейін қаржыландырып келген негізгі көздердің бірі болды. 2004 жылдың басынан біздің банктердің батыс банктері алдындағы берешектері 3,5 млрд. доллардан 2007 жылы 46 млрд. долларға дейін жетті. Бұл соманың басым бөлігі Қазақстан экономикасына бағытталған болатын. Бұдан кейін біздің елде дағдарыс басталған сәттен бастап, батыс банктері қаржыландыруды тоқтатты да, алдында берілген несиелерді қайтаруды талап етті. Қазіргі сәтте, еуропалық банктерден алынған несиелердің басым бөлігі не төленді, не жойылды. 2011 жылғы батыс банктері алдындағы біздің банктердің берешегі 16 млрд.-қа дейін түсті. Одан бері жағдайдың өзгергені шамалы. Сондықтан да бұл бағыттан жақсару да, құлдырау да күтілмейді.

Бұдан бөлек, Қазақстан нарығындағы еуропалық банктер қазақ салымшыларының ақшаларын жинап, содан кейін бұл ақшаларды өздерінің Еуропадағы орталық банктеріне бағыттай алады. Мысалы, еуропалықтарға тиесілі АТФ іспетті банктер Қазақстаннан ақша құралдарын тартып, содан кейін оны қаржы құралдарынан тапшылық көріп отырған Еуропадағы аналық банкке жібере алады. Бірақ бұл мәселе бойынша қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Еуропалық банктердің Қазақстаннан тартқан ақшасының пайызының мөлшері мен Еуропада бұл ақшаны орналастырудың пайыздық мөлшері еуропалықтар үшін тиімсіз болып табылады.

Біздің экономикамыздағы банк секторына қарағанда, шикізат секторы батыстың қаржы институттары алдындағы қарыздарын ұлғайтты. Бұл қарыз 2007 жылғы 38 млрд. доллардан 2010 – жылы 93 млрд. долларға дейін немесе 55 млрд. долларға өсті. Атап өтетін жайт, өсімнің көп бөлігі мұнай секторына тиесілі болып табылады. Мысалы, дәл сол 2007 – 2010 жылдар аралығында, Қазақмыстың қарызы 1,6 млрд. долларға ғана, Еуразиялық топтікі тек 700 млн. долларға, ҚТЖ-нікі тек 1 млрд. долларға өссе, Қазмұнайгаздың қарызы 10 млрд. долларға ұлғайған. Жоғарыда көрсетілген 55 млрд. долл. соманың ішіндегі қарыздың қалған өсімі Қазақстанның шетелдік капитал қадағалайтын мұнай компанияларына тиесілі.

Біздің мұнайды қадағалайтын батыс компанияларына Ресейден келетін энергетикалық әкелімдерді қысқарту қажет болып табылатындықтан, біздің мұнай секторын қаржыландырудағы айтарлықтай ауырпалықты сезінбей де қаламыз. Біздің мұнайды қадағалайтын Қытай компанияларының алдында да олар үшін тиімсіз болып саналатын теңіз жолдары арқылы келетін мұнай тасымалына деген тәуелділіктен арылу керек деген міндет тұр. Осыған байланысты, Қазақстанның шикізат секторын қаржыландыратын Қытайдың Қазақстанға құятын өсімі өсетін болады.

Енді біздің ақшаны еуропаның қаржы секторына орналастыруға көшейік. Дәл осы сала біздің экономика үшін аса қауіпті.

Біз үшін Қазақстан азаматтары мен қазақ компанияларының ақшалары сақталынған еуропа банктерінің банкроттыққа ұшырауы қауіпті болып табылмақ. Бұл жағдай домино принципі бойынша біздің елдегі көптеген ірі компаниялардың банкроттығына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда оқиғаның қалай өрбитінін түсіндіріп өтейік. Жалпы сатылымның құлауынан, еуропалық компаниялар мен еуропа банктерінен қаржы алған тұтынушылар несиелерін төлей алмайды. Одан әрі еуропалық банктер берілген несиелерді қысқарту жолдарын іздестіруге, өз жеке капиталын азайтуға және пайдасыздық көрсетуге мәжбүр болады.

Бұл Еуропаның қаржы нарығына деген сенімнің жоғалуына алып келеді. Еуропаның барлық компаниялары мен банктері бір-біріне банкроттық алдында тұр деп күмәнмен қарайтын болады. Банктерге туындаған күмәннің негізінде, қарапайым халық пен компаниялар өз қаржы құралдарын әлдеқайда әлсіз банктерден шығара бастайды. Өз клиенттеріне ақшаларды қайтара алмаған банктер банкрот болады. Банктерден алынған қаржылық құралдардың санын көбейіп, қобалжу өршиді. Бұл одан әрі кіші және орта банктердің банкроттығына алып келеді.

Ерте ме, кеш пе, бұл басталған қобалжу мен ақшалай құралдарды банк есеп шотынан алып алу толқыны, одан кейін жүретін банкроттықтар қаупі біртіндеп Еуропаның ірі банктеріне де төнеді. Сәйкесінше Еуропа банктерінде шот ұстайтын Қазақстан азаматтары мен қазақ компаниялары бұл банктердің құлдырау жағдайларында өз ақшаларынан айырылады. Біздің компаниялардың мұндай көп көлемдегі ақшаларын жоғалтулары олардың Қазақстан экономикасына құятын шығындарының азаюына әкеледі, яғни: түрлі ағымдық және толық жөндеулерге деген шығындардың, жаңа объектілердің құрылысына және т.б. деген шығындардың азаюына алып келеді. Сәйкесінше, бұл өз кезегінде Қазақстан халқы жалпы кірісінің төмендеуіне әкеледі. Бұл жағдайды 2013 жылғы Кипрдың дефолты және Кипр банктерінеде орналасқан шетелдіктер ақшасының тартылуы анық көрсетті (бұл болжам Кипрдағы дефолтқа дейін жазылған болатын).

Еуропалық бағалы қағаздарды сатып алып жатқан біздің банктердің, компаниялардың, Қазақстанның Ұлттық қорының алдында да дәл осындай қауіп тұр. Жоғарыда суреттелген домино принципі бойынша, Ұлттық қор мен қазақ компанияларының ақшалары салынған еуропалық компаниялардың немесе мемлекеттердің банкроттығы, өз кезегінде Қазақстанның банктері мен ірі компанияларының банкроттықа ұшырауына, сонымен қатар Ұлттық қор ақшаларының жойылуына алып келеді.

Бұл жағдайдың шынайылығын дәлелдеу үшін Ұлттық қорымыздың баламасы ретіндегі Норвегияның Дербес қорын келтіруге болады. 2008 жылы дағдарыс пен әлемдік қор нарығының құлауы әсерінен, Норвегия қоры шамамен 150 млрд. АҚШ долларындай шығынға ұшырады. 2011 жылдың бірінші тоқсанында Еуропадағы қарыздық дағдарыс әсерінен бұл қор 50 млрд. АҚШ долларын жоғалтты. Салыстыра кету үшін, Қазақстанның Ұлттық қоры құралдарының жалпы көлемі 43 млрд. долларды ғана құрайтынын атап өтейік. Сонымен қатар, біз Ұлттық қорымыздың қаржысы қандай компаниялар мен мемлекеттердің бағалы қағаздарына салынғанын білмейміз. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды сараптай келе, Қытайдан 10 млрд. доллар қарыз алуымыздың себебінің бірі ретінде Ұлттық қорымызда нақты қаражаттың болмауы мүмкін деген қорытынды шығарамыз.

Осымен біз еуропалық дағдарыстың себептері мен оның біздің елге тигізетін әсерлері туралы әңгімемізді аяқтаймыз. Жоғарыда айтылғандардың барлығынан қандай қорытынды шығаруға болады? Шығарылған қорытынды келесідей болып табылмақ.....

Еуропалық дағдарыс біздің компаниялар мен Ұлттық қорымыздың ақшалары салынған Еуропа мемлекеттерінің, компаниялары мен қаржы институттарының банкроттығы жағдайында Қазақстанға қатты әсер етуі мүмкін. Оның үстіне, мұндай жағдай орын алса, онда біз Ұлттық қорымызды толық немесе жартылай жоғалтуымыз мүмкін. Сонымен қатар, біз өз ақшаларын еуропалық дағдарыстың әсерінен жоғалтқан қазақ банктері мен компаниялары банкроттығының куәгерлері боламыз.

Еуропадағы өмір сүру деңгейінің төмендеуі мен жаппай жұмыссыздықтың әсерінен туындаған ел ішіндегі созылмалы бүлікті біздің мемлекет те қатты сезінетін болады. Бұл басталған бұзақылықтар, біздің мұнайымыздың экоспортын қиындатады немесе тоқтата тұрады, ал бұл өз кезегінде біздің кірісіміздің төмендеуіне алып келеді, ал кірістің мұндай азаюы біздің халқымыздың өмір сүру деңгейінің төмендеуінің себебі болады.

Бірінші және екінші жағдай да шикізаттық тауарлар бағасының, соның ішінде біздің мұнай бағасының төмендеуіне әсер етеді, сондықтан бізге басқа елдердің садақасына емес, барынша өз ішкі нарығымызға, өзіміздің талпынысымызға тәуелді экономика құру керек.