KZ RU EN

Монархиялық капитал



Басқарушы тап әрқашанда өз мемлекетінің даму стратегиясын анықтайды. Билікте отырғандардан тек ұлттың әл-ауқаттылығы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тұтастығы мен оның егемендігі де маңызды. «Дана Жол» өзінің осы мақаласында Қазақстанның қазіргі саяси жүйесінің пайда болуы мен дамуы және оның ең соңында неге алып келетіндігі жөнінде баяндайды.

Қазақстан жағдайын талдауды біз еңбектің құн теориясы мен диалектикалық материализмге негізделе отырып жүргіземіз.

Еңбектің құн теориясы – ұлттық байлықтың қалай жасалатындығы туралы түсінік береді. Ол неліктен кейбір мемлекеттер бай және дамыған, ал басқалары кедей және артта қалған күйде өмір сүретіндігін түсіндіреді. Еңбектің құн теориясының негізін салушылар ағылшынның экономистері Адам Смит және Дэвид Рикардо болған, ал кейіннен ол Карл Марк арқылы жалғастырылып, одан әрі өңделінген.

Диалектикалық материализм – біздің әлемдегі болып жатқан құбылыстарды зерттеу динамикасындағы көзқарастардың жүйесі. Яғни, біз қандай да бір құбылысты өздігінен алып қараудан бұрын, оның пайда болуына алып келген себептерді және осының негізінде болуы мүмкін болашақтаңы өзгерістерді талдаймыз. Диалектикалық материализм бойынша біздің әлемімізде жақсы немесе жаман заттар жоқ, алайда адам оны өзгеше күйге айналдыра алады. Мысалы, интернет біреулер үшін ғылыми ашылулар жасау үшін керек болса, ал енді басқалары оны рұқсат етілетін ақпаратты жіберу үшін пайдаланады. Қаруды өз үйіңнің қорғанысы үшін пайдалануға болады, не болмаса тоңау мақсатында онымен адамды да өлтіруге болады. Бір уақыттары ақша ішкі тауар айналымының өсімі үшін қызмет етсе, бір уақыттары сол ақшаға адам сатып алуға да болады. Бұл біздің өз пиғылдарымызбен осы немесе өзге заттарға өзіміздің өзгешелік беретіндігіміздің айқын дәлелі.

Кез-келген мемлекет немесе қоғамдық құрылым өзіне қажетті тауарлар мен қызметтерді ала алу тәсіліне негізделетіндігінен бастайық.

Яғни, біздің айтып отырғанымыз, ұшақ жасайтын қоғам, осы кәсіпті одан әрі жалғастыру үшін өз мүшелерінен аэродинамика заңдарын, механика мен инженерияны білуді талап етедігінде болып табылады. Сондықтан да, бұл қоғамның мектеп және университет бағдарламалары да осы кәсіпке негізделе отырып, дайындалады. Жоғары білімді адамдардың саны да көп болады. Және сәйкесінше, бұл қоғам өзінің саяси құрылымы, идеясы мен мәдени деңгейі бойынша дәл осы білімдерді талап етпейтін қоғаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары деңгейде болатын болады.

Ал ұшақ жасамай, тек оны шикізаттан түскен табысқа айырбастау арқылы иеленетін келесі бір қоғам, өз мүшелерінен аэродинамиканы, механика мен инженерияны білуді ешқашанда талап етпейтін болады. Себебі, бұл қоғамға осы білімдердің қажеті де жоқ. Сәйкесінше, мектеп және университет бағдарламаларының деңгейі алдыңғы қоғаммен салыстырғанда төмен болады, сол себептен де бұл қоғамның мәдени және саяси дамуы әлдеқайда артта қалатын болады.

Демек, қоғамдық құрылымдағы айырмашылық ұлтқа, географиялық немесе нәсілдік ерекшелікке емес, ал ұлттардың өз-өзін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету тәсіліне негізделеді.

Қоғам өз ішінде таптардан тұрады. Адамдарды таптарға бөлу олардың негізгі табыс табу көзі мен қоғам жасаған өнімді бөлу кезіндегі алатын орнына байланысты анықталады. Бүгінде әлемде жеті тап бар:

1. Капиталистер табы немесе кәсіпкерлер. Негізгі кіріс көзі – өздерінің кәсіпкерлік қызметтерінен алатын табыс.
2. Пролетариат немесе жұмысшы табы. Олардың негізгі табысы – зауыттар, құрылыс және т.б. жерлердегі физикалық еңбектерінің нәтижесінде табатын еңбекақы.
3. Шаруалар – өздеріне тиесілі жерлердегі еңбегі арқылы негізгі табысын табады.
4. Қызметкерлер табы өзіне мұғалімдерді, дәрігерлерді, кеңсе қызметкерлерін, өнер қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді кіріктіреді. Олардың негізгі табысы – ой еңбегі арқылы алатын жалақы болып табылады.
5. Феодал-шенеуніктер табына қоғамның басқа мүшелерінің сұрақтарын шешу билігіне ие мемлекеттік органның қызметкерлері кіреді. Бұл адамдардың негізгі табысы – пара. Олардың отырған қызмет орны осындай табысты табу үшін мемлекет заңдарын өз мүдделеріне сай пайдалануға мүмкіндік береді.
6. Монархиялық капитал. Бұл адамдар табиғы ресурстар мен жерді (табиғи рента) сатудан түскен негізгі табысты алады. Алайда мұнда маңызды екі нәрсені ескеру қажет. Біріншіден, бұл табыстың бір бөлігін шетелдік инвесторлар иеленеді. Ал екіншіден, шикізаттан түсетін табыс қоғамның жақсы өмір сүруі үшін жеткіліксіз болып табылады.
7. Абсолютті монархия. Бұл адамдар да табиғи ресурстар мен жерді сату арқылы негізгі табысын алады. Алайда, бұл жағдайда табыс монополизацияланған, яғни табыс тек оларға ғана тиесілі және ол сома қоғамның жақсы өмір сүруін толығымен қамтамасыз етуге жеткілікті болып табылады.
Сонымен қатар, қоғамдағы жүргізіліп отырған саясатқа байланысты, сол қоғамдағы басқа таптармен салыстырғанда көбірек пайда табатын, әрбір қоғамның өзінің басқарушы табы болады. Басқарушы тап заңдар мен экономикалық саясатты өз қызығушылықтарына сай жүзеге асырады.

Биліктің бір басқарушы таптан екіншісіне өтуі революция деп аталады. Революциялар күш қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егерде басқарушы тап ұлт байлығының көп бөлігін өзінің қолында шоғыландыру саясатын жүргізіп, қоғамның басым бөлігін қайыршылыққа ұшыратса, онда осындай жағдай орын алады. Не болмаса, басқарушы таптың жүргізіп отырған экономикалық саясаты ұлттың ғаламдық бәсекелестік соғыста жеңіліп, территориясынан айырылу мен жаулап алушысына бағынуға алып келетін жағдай орын алса, онда осындай революция болады. Бұл жағдайда басқарушы таптың қарсыласы, қолында жеткілікті капиталы мен ұйымдастырушылық қабілеті бар тап қана бола алады. Қоғамның шынайы қызығушылықтарына алаңдай отырып, бұл басқарушы тап қазіргі басқарушы таптың саясатына қарсы шығып, одан билікті күшпен тартып алады. Күш қолдану арқылы жасалған революция жолымен Франция, Англия, Ресей, Германия, Қытай, Түркия және т.б. мемлекеттер жүріп өтті.

Күш қолданбай жүргізілетін революция басқарушы тап өзі жүргізіп жатқан саясаттың әлсіздігін сезінген уақытта жүзеге асады. Ұлттың кедейленуі немесе оның басқа мемлекеттердің боданына айналып кетуіне жол бермес үшін, басқарушы тап, экономикалық, содан кейін саяси билікті ұлттық байлықты тиімді ұлғайта алатын және жаңа территорияларды басып алу саясатын тиімді жүргізетін басқа бір тапқа береді. Күш қолданбай жүргізілген революцияны Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Чили, Шығыс Еуропа мемлекеттері және бүгінгі Қытай және т.б. елдер жасаған.

Енді қоғамдық-саяси жүйелерді қарастыруға көшейік. Осы сұраққа қатысты көп жағдайда шатасу пайда болады, себебі кейбір «мамандар» жүйелердің мынандай артық түрлерін ойлап тауып жатады: «неокапитализм», «адам бейнесіндегі социализм», «адам бейнесіндегі капитализм», «қытай жолы», «швед жолы» және т.б. Ал шын мәнінде бәрі әлдеқайда жеңіл болып табылады..

Алдымен тұрғындарды қажетті тауарлармен толықтай қамтамасыз ететін ұлттың өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы бар ма деген мәселеге баса назар аудару керек. Егер өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар болса, онда алдымызда капитализм немесе социализм. Олардың арасындағы айырмашылықты түсіну үшін бізге зауыттар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кімге тиесілі екендігін анықтап алған жөн: егерде жеке тұлғаларға болса, онда бұл капиталимз, ал егерде қоғамға болса, онда социализм. Әрине, шынайы өмірде барлық экономикасы тек жеке капиталға тиесілі болатын (таза капитализм) немесе тек қоғамға тиесілі (таза социализм) мемлекет жоқ, сондықтанда экономиканың басым бөлігі кімге тиесілі екендігін анықтай отырып, соның негізінде тиісінше қорытындыларды жасай білу қажет.

Ұлттың тауарларға деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз ететін өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы бар дегенде, біз ұлттың барлық тауарларды өздері жасап шығарады және ешкіммен сауда қатынасын жүргізбейді дегенді білдірмейміз. Мысалы, егер жапон капиталистері автокөлік жасап шығарып, оны әлемдік нарықта сатты делік, содан кейін сол сатудан түскен табысқа АҚШ ұшағын, Сауд Аравия мұнайы мен Кения кофесін сатып алады, яғни бұл ішкі өнеркәсіп жапон ұлтын барлық қажетті тауарлармен қамтамасыз етті дегенді білдіреді. Бұл аталған нақты жағдайда жапон өнеркәсібі еңбектің халықаралық бөлінісі арқылы өз ұлтын тіпті Жапонияда жоқ (мұнай және кофе) немесе Жапония өндірмейтін (жолаушылар ұшағы) тауарлармен де қамтамасыз ете алғандығын көрсетеді.

Капиталистік мемлекеттер экономикадағы ақшаның қайта бөліну деңгейі тәуелділігінің түрі бойынша бөлінеді. Жоғары салықтық төлемдер және әлеуметтік мақсаттағы маңызды қаржыландырулар шведтік капитализмге, ал төменгі салықтық төлемдер және төменгі әлеуметтік қамсыздандыру американдық капитализмге алып келеді.

Келесі мәселе, ұлттың тауарларға деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз ететін мемлекеттің өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының жоқ болуында болып табылады. Мұндай жағдайда біз алдымызда феодализм жүйесін көріп тұрмыз. Ол табиғи ресурстар мен ішкі өнеркәсіптің даму деңгейіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Өнеркәсібі мен табиғи ресурстары толығымен жоқ мемлекеттер мысалында Ауғанстан, Сомали және Суданды келтіруге болады. Ал кішкене өнеркәсібі мен орташа деңгейдегі табиғи ресурстары бар феодализм Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Нигерия мен Египет елдерінде байқалады. Аталған жағдайда ресей экономикасының қазақ экономикасынан өзгешелігі, олардағы ішкі өнеркәсіптің даму деңгейінің айырмашылығы мен жан басына шаққан кездегі шикізатты сатудан түсетін табысқа сәйкес анықталады. Сонымен қатар, әлемде жан басына шаққанда шикізатты сатудан түсетін табысы жоғары болып келетін мемлекеттер бар екендігін атап өткен жөн. Мұндай федализм Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Бруней және БАӘ мемлекеттерінде орын алады.

Ұлттың өзін-өзі барлық қажетті тауарлармен қамтамасыз ету тәсілі бойынша және билік басында тұрған тапқа байланысты бүгінгі әлемдегі барлық мемлекеттерді бес қоғамдық-саяси жүйеге бөліп қарастыруға болады.

1. Капитализм

Мұндай жүйеде халыққа қажетті барлық тауарлар ұлт иелігіндегі зауыттарда өндіріледі. Барлық зауыттар капиталистердің меншігінде, сондықтан, капиталистер табы билікте отыр. Табиғи ресурстары өздерінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өз кезектерінде тауарларға деген ұлттың қажеттіліктерін жүз пайызға қамтамасыз етеді. Мұндай елдердің мысалдары – АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Жапония және Оңтүстік Корея.

2. Социализм

Мұндай жүйеде де, капитализм жүйесіндегідей, халыққа қажетті барлық тауарлар өздерінің иелігіндегі зауыттарда өндіріледі. Бірақ, бұл жүйеде билік басында Пролетариат отырады. Себебі, барлық зауыттар жеке адамға емес, қоғамға тиесілі болып табылады. Пролетариат – зауыттарда жұмыс істеу арқылы өз еңбегімен ұлтты барлық қажет тауарлармен қамтамасыз ететін қоғамның бір бөлігі. Табиғи ресурстары өздерінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өз кезектерінде тауарларға деген ұлттың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Мұндай елдердің мысалдары – КСРО және Варшава блогының бұрынғы елдері.

3. Абсолютная монархия

Мұндай қоғам өздерінің табиғи ресурстарын барлық қажетті заттарға айырбастау арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. Билікте отырған тап - абсолютті монархия, себебі, ол шикізатты сатудан түсетін барлық табысты иеленеді. Бұл табыс халықты жақсы өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда шикізат басқа елдердің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдеріне айырбастау үшін пайдаланылады. Өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі жоқ. Мұндай елдердің мысалдары – Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы және Бруней.


4. Феодализм (шикізаты мен өнеркәсібі жоқ)

Мұндай қоғамдық-саяси жүйедегі қоғам «үй жағдайында» жасалынатын немесе «бақшада» өсірілетін заттар арқылы өздерін қамтамасыз етеді. Бұл жүйеде басқарушы тап феодалдар-шенеуніктер болып табылады. Олар қару мен күш қолдануды билікте отыру үшін пайдаланады. Табиғи ресурстары жоқ, сонымен қатар, өз ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі де жоқ. Мұндай елдердің мысалдары – Сомали, Судан, Ауғанстан, Тәжікстан.

5. Монархиялық капитал (феодал-буржуазиялық құрылым немесе кішкене өнеркәсібі мен орташа деңгейдегі шикізаттан түсетін табысы бар феодализм)

Бұл қоғам, негізінен, өздерінің табиғи ресурстарын халыққа қажетті тауарларға айырбастау есебінен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Жергілікті өнеркәсіп халыққа қажетті тауарлар мен қызметтердің бар-жоғы он пайызын ғана өндіреді. Билікте отырған тап – феодал-шенеуніктерге сүйенетін Монархиялық капитал. Ол шикізатты сатудан түсетін табысты бақылайды және оны өз бетінше бөледі. Осы себептен, ол билікте отыр. Аталған жүйеде табиғи ресурстар басқа елдердің аукыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдеріне айырбастау үшін пайдаланылады. Мұндай елдердің мысалдары – Ресей, Қазақстан, Нигерия, Түркменстан, Мысыр.

Енді біздің мемлекетімізде монархиялық капитал жүйесі қалайша қалыптасқандығын және оның ақыры нені күтіп тұрғандығын қарастырайық. Қазақстандағы монархиялық капиталдың қалыптасу кезеңдеріне көшеміз.

I. Бірінші кезең: 1991–1997 жж.

КСРО-ның құлдырауы кезінде Қазақстан өзінің тәуелсіздігін ең соңғы жариялаған мемлекет болды, біз Одақтан онда ешкім қалмаған кезде шықтық. Экономикалық және саяси шешімдерді өздігінен қабылдай бастаған уақытта, Қазақстан ұлттың ауыл шаруашылық тауарларына деген қажеттілігін 100%-ға қанағаттандыратын дамыған ауыл шаруашылығына ие болды. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте біздің мемлекет мықты, әрі дамыған инфрақұрылымға да ие болды, олар: темір және автокөлік жолдары, аэропорттар, элекри желісі, газ және мұнай құбырлары, жылу және электр станциялары және т.б. Қазақстанда тұрақты білім беру және денсаулық сақтау жүйесі қызмет етті, тұрғындар бала бақшалар және мектептермен қамтамасыз етілді. Мемлекет ретінде біз барлық шикізат түрімен толықтай қамтамасыз етілген болатынбыз, яғни: мұнаймен, газбен және металмен.

Қазақстанның тұрғындардың қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алмаған жалғыз саласы, ол өңдеуші өнеркәсіп болды. Мемлекетте толығымен дамыған сала тоқыма, аяқ киім, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылық машина жасау, станок жасау және т.б. болды. Тек элекронды, автомобильді, авиациялық өнеркәсіп пен роботты техника ғана жетіспеді. Яғни, социализмнен капитализмге өту барысында біз ұлт ретінде өзімізде бар өнеркәсіпті сақтап және социализм кезінде қызмет еткен экономика секторын дамыту арқылы өзіміздің әл-ауқатымызды көтеру мүмкіндігіне ие болдық.

20 жылдың ішінде Қазақстан дамыған капиталистік мемлекетті құрып, Германия немесе Швейцария деңгейіне дейін көтеріле алатын еді, алайда біз оны жасай алмадық. Құлдыраудың негізгі себептері жағымсыз сыртқы жағдайдар мен мемлекетіміздің басшыларының стратегиялық қателерінде жатыр.

Бізге қарсы ойнаған сыртқы жағдайлардың нәтижесі, отандық өндірушілердің өткізу нарығының жоғалуына, сәйкесінше өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауына әкелді. Өткізу нарығының жоғалуына екі себеп итермеледі, олар:

1. Біздің өнімді тұтынушылардың табысының банкторттыққа дейін төмендеуі.
2. Біздің өнімнің импорттық өндірушілердің өнімімен алмасуы.

Біздің өнеркәсіп салалары соцалистік болғандықтан, тұтынушылар импорттық тауарларды таңдай бастады. Соцалистік өнеркәсіп сатып алушылар үшін ешқашанда күрескен емес және жеке тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға емес, өнімді шығарудың сандық көлеміне мән берген болатын. Тұтынушы өзінің сұранысына негізделмеген және сұранысын ескерен екі зауыт өнімінің бірін таңдау құқығына ие болған кезде, ол әрине екіншісін таңдады.

Социалистік зауыттар өздерінің сатылмай қалған тауарларымен қала берді, осы кезде оларға ішкі нарықтың деңгейіне дейін өндіріс көлемін төмендетуге тура келді. Бірнеше жылдан кейін, бәсекелестік нарықта қалай жұмыс істеу қажеттігін, тұтынушылар қажеттілігін ескере отырып, өнім шығару керектігін, өз зауыттарын технологиялық жағынан қайтадан жабдықтауды үйренген уақытта, отандық өндірушілер қайтадан шетелдік нарықтарға шығып, шетелдік тауарларды жаулап ала алуы мүмкін ие болар еді. Алайда мұнда сыртқы жағдайлардың стратегиялық есептеулерді жүргізе алуы мен Қазақстан басқарушыларының қателіктері орын алды.

Алғашқы қателік біздің мемлекеттің ішкі нарығын шетелдіктер үшін ашу болып табылды. Биліктің мұндай шешімі біздің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын тұтастай қиратты, себебі оларға шетелдік жабдықтаушылардың бәсекесінен ешқайда да «тығылатын» жер болмады. Біздің тауарлардың шетелдіктерден бірден жеңілуінің тұтынушылық қабілеті, сапа мен баға позициясы болды.

Мұны түсіну үшін, екі бірдей зауыт бар деп елестетейік. Олардың біріншісі Қазақстанда, ал екіншісі Түркияда орналасқан. Түркия халқының саны жетпіс миллион адамды құрағандықтан, онда орналасқан зауыт жетпіс миллион дана тауар шартты түрде өндіреді. Қазақстанда он алты миллион адам тұрады, сондықтан, біздің зауыт он алты миллион дана өнім шартты түрде шығарады. Сәйкесінше, өндіріс көлемінің кеңдігі есебінен түрік зауытының бір дана тауарды шығарғанға жұмсайтын шығындары біздің зауытпен салыстырғанда анағұрлым төмен. Сондықтан, оның өнімі арзанырақ болып келеді. Бұл – шетелдік тауардың бірінші артықшылығы.

Ары қарай зауыттың екеуі де әр сатылған өнімнен түскен бір долларды технологиялық қайта жабдықтауға қалдырып отырады деп есептейік. Сонда бір жылда түрік зауыты жетпіс миллион доллар жинаса, ал біздің зауыт тек он алты миллион доллар ғана жинай алады. Сол себептен, келесі жылы түрік тауарлары отандық тауарлармен салыстырғанда тек бағасы жағынан ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан да ұтатын болады. Бұл – шетелдік тауардың екінші артықшылығы. Демек, екі жағдайдағы бірдей талаптардың өзінде де, біздің зауыт ерте ме, кеш пе жеңілтін еді.

Екінші стратегиялық қателік шикізат компанияларын жекелендіру мен оны жеке адамдардың қолына беру болып табылды. Осы қадамнан кейін шикізатты сатудан түскен табыс Қазақстан экономикасына емес, жаңа иеленушілердің оффшорлық шоттарына барып, шоғырлана бастады.

Үшінші қателік қаржы нарығының ашылуының орын алуы болды. Мұндай шара үнемі ұлттық валюта бағамының төмендеуіне алып келетін, капиталдың Қазақстаннан кетуіне жол ашты.

Сол себептен де, Қазақстандағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі шын мәнінде толығымен қирады. Зауыттар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басым бөлігі өз жұмыстарын тоқтатып, банкроттыққа ұшырады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының қаржысынан қамтамасыз етілмей қалған, инфрақұрылымда құлдырауға ұшырады. Осының шынайы дәлелін ресми статистикаға жүгіне отырып, көруге болады (1,2 кестелер). 1990 жылмен салыстыру үшін, біз мемлекетіміздің тәуелсіздік алған уақыттан бергі ең жоғарғы көрсеткішті көрсеткен 2007 жылдың мәліметтерін алып, қарастырдық.

1-кесте – ауыл шаруашылығының салыстырмалы көрсеткіштері


2-кесте – өңдеуші өнеркәсіптің салыстырмалы көрсеткіштері


Сол себептен де, өзінің жеке қателіктеріне байланысты Қазақстан басшылықтары мемлекетте пайда болып келе жатқан тауар өндірушілердің табын жойып жіберді. Алайда, бұған қарамастан капиталистер тап ретінде шамамен 1991 жылдан 1997 жылдар аралығына дейін өз билігін ұстап тұра алды.

Капиталистер, мемлекеттегі билікті ала алды, себебі олар жаңа экономикалық жағдайларды жасау қажет екендігін бірінші болып байқады. Мысалы, КСРО ыдырағаннан кейінгі ел ішінде пайда болған былық кезінде ешкімде де біздің өнімдерді қайда экспорттау қажет, қандай баға тағайындау керек және қандай жағдайларда тауарларды дайындау керек деген түсініктер болмады. Шешім қабылдаудың ортақ жүйесі болмағандықтан, тек капиталистер ғана қажетті үдерістерге бейімделе және реттеуге тырыса бастады. Олар қысқа кезеңнің ішінде Қазақстаннан тауарлардың сатылуын қамтамасыз ете және мемлекетке қажетті тауарларды жеткізе, ішкі территорияда тауарлардың сатылымын қамтамасыз ете алды. Сонымен қатар, капиталистер мемлекеттегі кейбір өндіріс түрлерінің сақталып және олардың жағдайын жақсарту туралы шешім қабылдай алды, сол арқылы олар өздерінің салған компанияларынан өз тұтынушыларын тез тауып ала алған тауарларды нарыққа шығара бастады.

Дәл осы жағдайлардың барлығын жасай отырып, капиталистер қоғамдық мүддені емес, ең алдымен өздерінің жеке капиталын ойлағандығын ескере кеткен жөн. Алайда, капитализмнің табиғаты тек нарыққа қажетті тауарларды шығару арқылы капиталды өсіруге болатындығында. Керісінше жағдайда құлдырау жүзеге асады.

Егерде 1997 жылдан бастап мемлекеттің қазіргі басқарушы табы капиталистер табына басымдылық беріп, оларға билікті өткізетін болса, онда кәсіпкерлер өздерінің қолдарында бар капиталды экономиканың нақты секторын дамытуға жұмсар еді. Шикізаттан түскен табыс мемлекеттендірілуі және ол отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын аяғынан тұрғызуға, жергілікті тауар өндірушілердің тура және жанама субсидияларын қаржыландыруға жұмсалуы қажет еді. Осындай жағдайда Қазақстан Сингапур, Оңтүстік Корея және Малайзия жүрген жолмен жүріп, ал Президент Мустафа Кемал, Ли Куан Ю және Мохатхир Мухаммaдпен бір қатарда тұрар еді. Алайда Қазақстанда монархиялық капитал жүйесін құруға бәйге тігіліп қойылған еді...

II. Екінші кезең: 1997–2002 жж.

Осы кезеңде біздің мемлекетімізде капитализмге зиянын тигізетін монархиялық капитал жүйесін құруға рұқсат етілген еді. Қазақстан басшыларының шикізаттан түскен табыс пен билікті капиталистердің қолына бергісі келмегендігі осы қадамның болуның басты себебі болды. Мәселе мынада, егерде ел ішінде дамыған капиталистік мемлекетті құру шешімі қабылданатын болса, онда шикізаттан түскен табыс өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға жіберілуі тиіс еді. Сәйкесінше, ақша шикізат компаниялары акционерлерінің шағын тобына емес, ал ұлттық өндірушілердің үлкен тобына барып, құйылатын еді.

Сонымен қатар, ішкі өндіріс халықтың тауарларға деген қажеттілігінің жартысын қамтамасыз ете бастаған сәтте, капиталистер мемлекеттегі билікті толығымен өз қолына ал үшін экономикалық негізге ие болар еді, мұндай жағдайда билік басшылардың шағын тобынан тауар өндіруші активтерінің меншігіне ауысатын еді. Яғни, саяси партияларды қаржыландыра отырып, парламентке әсер етеді де, сол арқылы өздеріне қажетті заңдарды жүзеге асыра алатын болады.

Құрылған Монархиялық Капиталдың жүйесі өз мүшелерінің (бірнеше жанұялардан көп емес) сан жағынан аздығына байланысты, сан жағынан көп тапқа сүйенуді қажет етеді. Әрине, ол тап адамдарға деген нақты билігін жүргізе алуы тиіс екендігін баса ескерген жөн. Мұндай таптардың саны екеу, олар: капиталистер мен феодал-шенеуніктер. Кәсіпкер өзінде жұмыс істейтін адамды басқара және оған жетекшілік ете алады, ол өз бұйрықтарын бере және оның орындалуын талап ете де алады. Милиция басшысы немесе әкім (феодал-шенеунік) де дәл осылайша адамдарға билік жүргізу құқығына ие.

Алайда, Монархиялық Капитал (шикізаттан түскен табысты қадағалайтын адамдар тобы) әрқашанда феодал-шенеунікті таңдайды. Мұндай таңдау жасаудың себептері өте қарапайым. Егер феодал-шенеунік монархиялық капиталдың бұйрықтарын орындамайтын болса, онда оны жұмыстан шығарып және оның орнына басқаны тағайындауға болады. Ал егер капиталист монархиялық капиталдың бұйрықтарын орындамаған жағдайда, оны жұмыстан шығару мүмкін емес, себебі капиталистің артықшылығы ол иеленетін қызмет деңгейіне байланысты емес, ал оған тиесілі өндіріс орындарының бар болуында болып табылады.

Монархиялық Капитал бірдей уақытта екі тапқа да негізделе алмайды, себебі капиталистер феодалов-шенеуніктер үшін пайда табудың негізгі көзі болып табылады. Демек, жоғарыда аталғандардан, мемлекет ішінде Монархиялық капитал әрқашанда феодал-шенеуніктерге негізделеді деген қорытынды шығаруға болады.

Сыртқы әлемде монархиялық капитал жүйесі ірі халықаралық капиталға негізделеді, себебі феодал-шенеуніктерге негізделген монархиялық капитал жүйесі біздің мемлекеттегі ішкі тауар өндірісінің дамуына кедергі келтіреді. Егерде билікте капиталистер отыратын болса, онда біздің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамып, өткізу нарығы мен пайда үшін сыртқы капиталмен бәсекеге түсу қабілетіне ие болар еді. Монархиялық капиталдың Қазақстанның ресурстарын шетелдіктердің бақылауына өткізуі қолдау көрсетудің келесі бір себебі болып табылады.

Аталмыш кезеңде монархиялық капитал жүйесінің қалыптасуы әрқашанда заң шығару мен қолданыстағы құқықтық тәжірибені өзгерту арқылы жүзеге асады. Яғни бұл жаңашылдыққа сәйкес қарапайым адам немесе кәсіпкер өзінің әрбір әрекеті үшін шенеуніктен рұқсат алу қажет еді. Мұндай уақытта мемлекетте анықтамалар мен рұқсат ететін құжаттардың саны көп болар еді. Міне бұл феодалдың қолдауы үшін Монархиялық Капиталдың төлеген ақысы болып табылады.

Енді осы кезеңдегі Қазақстандағы барлық таптардың жағдайын қарастырайық. Біз 2001 жылдың мәліметтерін алып қарастырдық, себебі дәл осы уақыттан бастап, мемлекеттің статистикалық қызметі таптарға кіретін адамдардың саны мен олардың табысының жуық мәнін көрсететін мәліметтерді ұсына бастады.

3-кесте – 2001 жылғы Қазақстан таптарының жағдайы




III. Үшінші кезең: 2002–2007 жж.

Осы кезеңде Қазақстанда қарқынды экономикалық өсу мен ұлттың әл-ауқатының өсуі көрініс алды. «Қазақтың экономикалық ғажабының» негізгі себебі шикізатты сатудан түскен табыс пен шетелдік несиелер болып табылды. 2002 жылдан 2007 жылдар аралығында мұнай бағасы баррельіне 26 доллардан 72 долларға дейін немесе үш есеге жуық өсті. Мұнай экпортынан түскен табыс бес есеге дейін, яғни 7 млрд. доллардан 32 млрд. долларға дейін өсті.

Қазақ банктері де дәл осы кезеңдерде шетелден 50 млрд. долларға жуық ақша тартты. Егер 2006 жылы тартылған қаржы құралдарының жалпы көлемі 15 млрд. долларды құраса, ал 2007 жылдың аяғына таман бұл сома 45 млрд. долларға дейін өсті. Басқаша айтқанда, екі жылдың ішінде біздің банктер Қазақстан экономикасына 30 млрд. доллар шамасында қаржы құйды.

Қазақстандағы таптарға және олардың нақты қатаң бағытта әрекет етуіне әсер еткен себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін экономиканың ақшамен қалай толыққандығын, яғни бюджет өсуі ненің негізінде жүзеге асқандығын және ұлттың әл-ауқатының қалай көтерілгендігін қарастыру қажет.

Кез-келген саяси өзгерістің астарында экономикалық базистің жататындығын ұмытпайық. Алдымен банк несиелерінен бастайық. Банктер арқылы тартылған ақшалар, экономиканың өсуіне қалайша әсер еткендігін бақылап көрейік.

Біздің банктер шетелден ақша тартып әкелгеннен соң, бұл қаржыны Қазақстан экономикасына бірнеше негізгі бағыттар бойынша құя бастады. Біріншіден, банк қаржыландыруының негізінде жергілікті өндірушілер мен импорттаушы компаниялардан құрылыс заттарын көп көлемде сатып ала бастаған құрылыс компаниялар арқылы экономикаға ақша енді. Сәйкесінше, құрылыс заттарын өндіру мен жеткізу бизнесінде айналысқандардың барлығы дерлік қосымша пайда алып, оны өзінің жеке тұтынуына, сонымен қатар бизнесінің дамуына жұмсай алуға мүмкіндік алды. Бұл компаниялар бизнесінің кеңеюуі шығындардың артуы мен аталмыш саладағы жұмыс орындарының көбеюіне әкелді.

Сонымен қатар құрылыс компаниялары жер қожайындарынан үлкен көлемдегі жер телімдерін сатып ала бастады. Осылайша түрлі жылжымайтын мүлік объектілерінің орасан зор саны бар иегерлері өз мүліктірі үшін ақша алды және оны өздерінің жеке тұтынуларына жұмсап отырды. Өз кезегінде тұтынушылық тауарларды жеткізу және сатумен айналысатын барлық компанияларда осы қосымша сұранысты сезініп, оларда өз бизнестерін кеңейте бастады. Олардың да бизнесінің кеңеюі шығындардың артуы мен жұмыс орындарының көбеюіне әкелді.

Жер телімдерін сатып алу, құрылыс және салынылған объектілерді сату бойынша құрылыс компанияларының қызметі риэлторлар, нотариустар, кеңесшілер сияқты түрлі делдал компаниялар қызметіне деген сұраныстың артуына, өз кезегінде бұл осы тізбекте тіркелгендердің штаттары мен жалақыларының өсуіне алып келді.

Банктердің ақшаларды экономикаға бағыттауының екінші нысаны импорттық тұтынушылық тауарларды жеткізуші сауда компанияларын қаржыландыру болып табылды. Мысалы, «Астана Моторс» және «Планета электроники» сияқты компаниялар. Сауда компаниялары банктерден алған ақшаларын өзінің жеке бизнесінің кеңеюіне, яғни жаңа аудандарды алу мен олардың құрылысы және штаттардың санын арттыру сияқты жұмыстарға жұмсады. Бұл әрекеттердің барлығы осы тізбектегі барлық компаниялардың шығындарының артуы мен жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

Банктердің ақшаларды экономикаға бағыттауының үшінші нысаны түрлі жылжымайтын мүлік иегерлері, яғни шағын және ірі телімдердің, пәтерлердің, базалар мен үйлердің иегерлері болды. Өз мүліктерін кепілге қоя отырып, олар банктен алған несиелерін өздеріндегі бар немесе жаңадан салуды көздеген бизнестерін дамытуға жұмсады. Бұлардың осындай іс-әрекеттері өз кезегінде шығындардың артуы мен жұмыс орындарының көбеюіне алып келді.

Жоғарыда аталған үш салада жұмыс істеген немесе жаңа жүмыс орындарына ие болған тұрғындар бөлігі бұрынғыға қарағанда көбірек табыс таба бастады. Яғни, осы салаларда жұмыс істеген тұрғындардың жалпы табысы жоғағарыда аталған себептерге байланысты өсіп отырды. Осы табыстың өсіп жатқандығын көрген банктер Қазақстан экономикасына ақша құюдың тағы да екі арнасын ойлап тапты.

Ипотекалық несиелер төртінші бағыт болып табылды және олар тұрғындар тарапынан мүліктерге деген қосымша төлем қабілетті сұраныстың пайда болуына алып келді. Құрылыс компаниялары жаңадан салынған жылжымайтын мүліктерін сату арқылы қосымша табыстарын тапты, ал екінші нарықта үйлерді сату кезінде жылжымайтын мүліктің барлық басқа иегерлері де табыс табуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, риэлторлар, нотариустар және кеңесшілер сияқты делдал компаниялар да табыс тауып отырды.

Банктердің ақшаларды экономикаға бағыттауының бесінші нысаны тұрғындардың тұтынушылық несиелері болды. Дәл алдындағы сызба секілді, тұрғындарда банктен алған ақшаларын тұтынушылық мақсаттарға жұмсады. Сәйкесінше, тұтынушылық тауарларды сату мен тұрғындарға қызмет көрсетумен айналысатын барлық компаниялар қосымша табыс тауға мүмкіндік алды. Бұл соңғысына жөндеу-құрылыс, сауда, транспорттық компаниялар мен мейрамханалар жатады, оларда өз кезегінде жұмысшыларының жалақысын көтермен не болмаса жаңаларын жұмысқа алуымен айналысты.

Банктердің түсінбеген жалғыз нәрсесі, ол тұрғындар қаржысы – банктердің өздерінде бар болған ақшалар екендігі, яғни олардың тек айналым жасап отырғандығы. Тұрғындардың қолдарындағы ақша массасын көрген банк иегерлері қуанып, азаматтарды несиелеу туралы шешім қабылдайды. Алайда олар банктердің алдыңғы кезеңде құрылыс және сауда компанияларына, сондай-ақ жылжыайтын мүліктің түрлі иегерлеріне берген несиелері дәл осы аұша екендігі туралы ойланбады. Бейнелеп айтар болсақ, ит өз құйрығын өзі тістеді. Міне бұл мемлекетке келіп жатқан ақша саны кетіп жатқанмен салыстырғанда көп болған кезде жұмыс істейтін қаржы пирамидасының қағидасы болып табылады. Ал 2007 жылы шетелдің несие беру ағыны тоқтады және өз ізімен «қазақтың экономикалық кереметтілігі» жоғалды.

Біз банк несиелерінің біздің экономикамыздың және ұлттың әл-ауқатының өсуіне қалайша әсер еткендігін көрдік. Енді біздің мемлекет бюджетінің қалыптасуы қалай және ненің есебінен жүргізілгендігін қарап көрейік.

Мемлекет барлық экономикалық қызметтегі агенттерге салық салу арқылы бюджетті толтырып отырды. Яғни құрылыс және сауда компаниялары, түрлі жылжымайтын мүлік иегерлері, ұйым делдалдары арқылы жасалынған барлық келісім шарттарға тура және жанама салықтар арқылы салық салынды. Сонымен қатар, құрылған жұмыс орындарына жалданған жұмысшыларға төленген жалақыларға да салық салынды. Осылайша, шын мәнінде мемлекет банктердің шетелден тартылған ақшаларындағы өз үлесін алып отырды. Осы кезеңде мемлекет бюджетінің 60% банктер арқылы тартылған ақшадан, яғни шетелдік инвесторлардың ақшасынан тұрды.

Сөзімізді дәлелдірек ету үшін, мұнайды сатудан түскен табысты біздің мемлекетке банктерден түскен ақша санымен салыстырып көрейік (4 кесте). Кестені талқылауға өтпестен бұрын, мұнайдан түскен ақшалардың барлығын біздің Қазақстанға түспейтіндігін атап өткен жөн. Шикізатты сатудан түскен табыстың бір бөлігін біздің мұнай кен орындарымыздың иелері болып табылатын шетелдік инвесторлар дивидент түрінде алып отырады. Келесі бөлігін біз экономикамызға жұмсамай, шоты шетелдің банктерінде сақталған Ұлттық қорға жұмсап отырамыз.

Мұнайдан түскен ақшаның тағы бір бөлігі біздің мемлекетімізге мұнай жабдықтарына деген жоғары бағаның белгіленуіне, мұнай кен орындарындағы жұмыс көлеміне және кен орындарының шетелдік иелері біздің мемлекетімізден капитал шығару кезінде қолданатын инвестициялық шығындарға байланысты біздің мемлекетімізге түспейді. Мұнай табысының жалпы көлемінің ішінен Қазақстан экономикасына тек өндірудің өзіндік құнына сай келетін бөлігі ғана келіп түседі. Өзіндік құнға салықтардың барлық түрлері, барлық қызметкерлердің жалақысы, транспорттық шығындар, ағымдағы жөндеу жұмыстарына кететін шығындар, сонымен қатар энергетикалық, газ, жылу және су шығындары кіреді.

4-кесте – 2002-2006 жылдардағы ҚР келген қаржы ағындарының салыстырмалы талдауы, $ жылына



Аталмыш кестелер Қазақстан экономикасында дағдарыс болатын жылдарға дейін банктерден алынған ақшалардың басымдыққа ие болғандығын көрсетіп тұр. Мемлекетке құйылған қаржылардың жалпы көлемінің ішінде банктердің алған үлесі осы кезеңдерде 50-ден 66-ға дейінгі пайызды құрады, яғни мемлекеттік бюджетте негізінен осылардың есебінен қаржыландырылып отырылған.

Енді Қазақстандағы билікке таласып отырған негізгі таптардың табыс көздеріндегі өзгерістерді қарап көрейік. (5 кесте).

5-кесте - 2007 жылғы таптардың жағдайы






Аталмыш кестелер монархиялық капитал табының табысы осы кезеңдер аралығында 200 млн. доллардан 3 млрд. долларға дейін немесе 15 есеге дейін көтерілгендігін көрсетеді, ал бұл көрсеткіштің басым бөлігі бұл таптың ешкіммен бөліспеген шикізатты сатудан түскен түсімі арқылы қалыптасты.

Феодал-шенеуніктер табыс табудың негізгі екі көзіне ие болды, олар: мемлекеттік бюджетті тонау және пара. Мемлекет бюджеті осы кезеңдерде тұрақты түрде өсіп, 2002 жылғы 5 млрд. доллардан 2007 жылы 19 млрд. долларға дейін көтерілген көрсеткішті көрсетті. Сәйкесінше, феодал-шенеуніктердің «азық-түлік базасыда» 4 есеге өсті. Біздің білетініміздей, негізінен мемлекеттік бюджет шетелдік инвесторлардың ақшасынан құралған, кәсіпкерлік қызметтен алынған салықтар арқылы қалыптасады. Осыған байланысты, феодал-шенеуніктер бюджетті тонай отырып, шын мәнінде шетелдіктердің ақшаларын тонап жатты. Мұндай іс-әрекеттер Қазақстандағы қандай да бір таптың мүддесіне қайшы келген емес.

Феодал-шенеуніктердің 2002-2007 жылдар аралығында алған пара көлемі де едәуір өсті. Экономиканың өсуі бизнестің кеңеюі, жаңа құрылыс орындары мен Қазақстанға жаңа өнімді жеткізу арқылы сипатталды. Ұлттық кәсіпкерлер кәсіпорындар, мейрамханалар, дүкендер ашып, импорттық тауарларды әкелу кезіндегі кедендік алымдар төлеп отырды. Бұл әрекеттердің барлығы шенеуніктерден үлкен көлемдегі рұқсат алуларды талап етті және барлық қажетті құжаттарды бергеннен кейін қосымша табыс алуға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлер табыстары жедел өскендіктен, бұл жағдайда олар үшін салыстырмалы түрде үлкен қиындықтар әкелмеді, сондықтан да екі тап арасында айтарлықтар қарама-қайшылықтар болмады. Феодал-шенеуніктердің жалпы табысы 2002 жылы 500 млн. доллардан 2007 жылы 11 млрд. долларға немесе 22 есе өсті.

Капиталистердің табысы да дәл осы кезеңдерде шетелден тартылған банктердің ақшаларында 2,5 млрд. доллардан 37 млрд. долларға немесе 15 есе дейін жедел түрде өсті. Табыстырының осындай деңгейде өсуі бизнесмендерге шенеуніктер тарапынан болған алым-салықтардан тыныш қана өтіп кетуге мүмкіндік берді және монархиялық капиталдың аумағына енуге тырысуға да жол ашты. Дәл осы кезеңде жеке кәсіпкерлер Қазақстанның шикізат компанияларын сатып алу туралы мемлекетке ұсыныс бере бастаған еді.

Сол себептен де, біз мемлекеттегі билікке ұмтылып отырған негізгі таптардың табысы дағдарысқа дейінгі уақыттарда әрқашанда өсіп отырғандығын көріп отырмыз, сондықтан да таптар өз араларында өзара қарама-қайшылықтарды сезбеді.

IV. Төртінші кезең: 2007-2011 жж.

Осы кезеңдерде Қазақстан жаһандық капиталистік артық өндіру дағдарысымен тұспа-тұс келген, өзінің ішкі дағдарысына ұшырайды. Ал монархиялық капитал мемлекеттегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға тырысады.

Қазақстандағы дағдарыс 2007 жылдың шілде айындағы банктерге шетелден алатын қарыз ақшаның келіп түсуі тоқтатылған кезден басталды. Бұл батыстың қаржылық құрылымдарының қазақстандық банктерді несиелеуді тоқтатып, алдыңғы берілген ақша көлемін қайтаруды талап ете басталуынан пайда болды. Шетелдіктерден алған несиелерді берудің кезі келді. Дәл осы кезде біздің банктер экономикадағы бар ақшаны жұтып отырған насос кейпін танытты. Сонымен қатар, доллар есебіндегі несиені тек тауар шығарып және оны сыртқы нарықта валютаға сататын салалар ғана қайтара алатындығы анықталды.

Қарапайым мысалмен түсіндіріп өтейік. Түсінуге жеңіл болу үшін, Қазақстанда мүлдем ешқандай да валюта жоқ және біздің коммерциялық банк шетелден 100 доллар қарызға алды деп елейтетейік. Банк бұл қарызды бір жылдан кейін негізгі қарыз 100 доллар және пайыз ретіндегі қосымша 10 доллар қылып қайтаруға уәде береді. Енді осы жерде мынандай заңды сұрақ туады: коммерциялық банк уәде еткен міндеттемені толықтай көлемде орындау үшін осы алған ақшаны қай салаға құюы керек?!

1. Біздің банк 100 долларды тұтынушылық немесе сауда несиелеріне, яғни «Астана Моторс» немесе «Планета электроники» сияқты компанияларды қаржыландыруға жұмсаса не болатындығын қарап көрейік. Онда несиеге алған ақшалар шетелге жіберіледі де, оның орнына мемлекетімізге автокөліктер мен микротолқынды пеш келетін болады. Ал бір жылдан кейін банк 100 доллар көлеміндегі алған несесін қайтаруы керек, алайда біздің банк мұны істей алмайды, себебі оның қолында тек қолданылған автокөлік және микротолқынды пеш қана бар. Осылайша біздің банк банкроттыққа ұшырайды.
2. 100 доллар ипотека немесе құрылыс салаларын қаржыландыруға жұмсалған жағдайда, осы ақшаға үй сатып алынады немесе салынады. Несиеге алған 100 доллар біздің мемлекет құрылысшыларының қолында қалады және біздің банктің есеп шотында сақталатын болады. Алайда біз қалай дегенде де дефолт аламыз, себебі бізде бар жоғы 100 доллар, ал бізге қайтару керек сома 110 долларды құрайды.

Негізгі қарызды және оның үстіне пайызды да қайтаруға мүмкіндік беретін жалғыз сала, ол тауарлары валютаға сатылатын және экпортқа шығарылатын сала болып табылмақ. Сондықтан да, қазақ банктері шетелден тартқан валюта қаражаттарын өз тауары үшін валюта алатын немесе мемлекеттен валютаның кетуін төмендететін, импортты алмастыратын салаларға, яғни экспортқа бағытталған салаларға құюға міндетті. Ал басқа салаға құйылған ақша ерте ме, кеш пе дефолтқа алып келіп, банктік жүйенің немесе тұтастай мемлекеттің банкроттыққа ұшырауына алып келері анық.

2007-2008 жылдарда алған несиені қайтаратын уақыт келген кезде, қазақ банктері несиелеген салалардың барлығында валюталық кіріс болмағандығы анықталды. Банктерде белгілі-бір теңгелік жинақтар шоғырланады, олар қазақстандық компанияларға берілген несиелер бойынша төлемдер және жылжымайтын мүлік, тұрмыстық және автомобиль техникалары, құрал-жабдықтардың және т.б. сипатындағы кепілдердің үлкен көлемі болып табылады. Алайда шетелдік қаржы құрылымына тек валюта ғана қажет болды.

Осы уақытқа дейін мемлекетке доллардың енуінің екі жолы бар еді, олар: банктік несиелер мен шикізаттан түскен табыс. Ал 2007 жылдан кейін Қазақстанда тек мұнайды сатудан түскен түсім ғана қалды.

Банкроттыққа ұшырамас және шетелден тартылған несиелерді қайтару үшін Қазақстандық банктерге біздің шикізаттан түскен табысымызды қадағалап отыратын адамдарға келуден басқа амал қалмады. Яғни банкирлер монархиялық капиталдан көмек сұрауға мәжбүр болды.

Монархиялық капиталдың алдында өз кезегінде мынандай дилемма пайда болды. Егерде банктерге долларлар бермейтін болса, онда барлық ірі банктер бір уақытта банкроттыққа ұшырап, мемлекеттің қаржы жүйесінің толықтай жойылуы жүзеге асады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың барлық депозиттерінің жойылуына алып келіп, билікті ауыстыруға дейін жеткізетін әлеуметтік шиеленістің бастауы болып табылмақ. Ал егерде банктерге (ірі капиталистерге) долларлар беретін болса, онда олар өздерінің активтерін сақтай отыра, өз проблемаларын өзгенің ақшасының көмегінде шешетін болады. Монархиялық капитал мұндай жағдайды өзі үшін әділетсіз деп тапты, сол себептен де банктердің қарыздарын жабу үшін доллар беруге дайын болды, алайда оның орнына олар банктердің бақылау пакеттерін талап етті.

Кейбір ірі капиталистер мұндай ұсынысты қабылдады және олардың бақылау пакеттерін билік етуші тапқа өткізу әлдеқайда тыныш өтті (мысалы, «Казкоммерцбанк» АҚ). Ал енді біреулері қарсы болды және бағыну саясаты алдыңғымен салыстырғанда дау-дамайға толы болды («БТА» АҚ), алайда осылай ма, әлде басқаша ма, бұл үдереіс болуы қажет еді. Төбеге лақтырылған тас, ерте ме, кеш пе жерге құлауы тиіс.

Осылайша Қазақстандағы ірі капиталистер тобының өздерінің ақымақтығының себебінен жойылуы жүзеге асты, олар өздерінің активтерін еркін басқару құқығынан айырылып, монархиялық капиталдың толықтай бақылауына тап болды. 2007 жылдан бастап біздің банктер мұнайды сатудан түскен түсімнің негізінде экономикадан ақшаны тартып алып отырды (6 кесте).

6 – кесте – ҚР қаржылық ағымы, жылына доллармен алғанда


Енді осы кезеңде Қазақстандағы негізгі таптар жағдайының қалай өзгергендігін қарап көрейік (7-кесте). Мәліметтер монархиялық капитал табысының 2007 жылғы 3 млрд. доллардан 2009 жылы 2 млрд. долларға дейін төмендегендігін көрсетіп тұр. Себебі монархиялық капитал банк қарыздарын «жеке өзінің» қаржы құралдарымен жауып отырған еді. Есесіне билік етуші тап ірі капиталистердің бизнес-активтерін түгелдей өзінің меншігіне өткізді. Сәйкесінше, табыстарының төмендеуі бойынша ұтыла отырып, монархиялық капитал ең басты – билікке таласып отырған өзінің тікелей бәсекелестерін жойуда және Қазақстанның қаржы жүйесінің тұтастай жойылып кетуінің алдын алуда ұтты.

Феодал-шенеуніктердің табысы осы кезеңдерде капиталистер табысының бірден төмендеуі мен мемлекеттің бюджеттің қысқару негізінде төмендеді. Бизнестен алынатын салық, бюджетті тонауға деген мүмкіндіктің бар болуы секілді төмендеп кетті.

Ірі капиталистер тап ретінде жойылды. Орта және шағын бизнесмендер банктік несиелеудің тоқтауының себебінен өз табыстарынан айырылды. Сонымен қатар, қазақ банктері олардан бұрындары берілген несиені талап ете бастады, бұл өз кезегінде капиталистер арасындағы үлкен көлемдегі банкроттыққа әкелді. Саяси тұрғыдан кәсіпкерлер мемлекетке доллар келуінің көзі болып табылған және «аш» феодал-шенеуніктің шабулынан құтқарған монархиялық капиталға толықтай қайта бағдарланды.

7-кесте – 2009 жылғы таптардың жағдайы





V. Бесінші кезең: 2011 – 2013 жж.

Осы уақытта монархиялық капитал Қазақстан тұрған экономикалық платформаны өзгерте отырып, дамыған капиталистік мемлекетті құру туралы шешім қабылдайды. Енді осындай шешімнің шығарылу қалай болғандығын және неліктен екендігін қарастырып көрейік.

Бүгінде Қазақстанда болып жатқан нәрселердің барлығы қоғамдық және экономикалық заңдардың үдемелі даму заңдылығы болып табылады. Қоғамдық күштің және қоғамдағы әрбір нақты сәттегі қалыптасатын жүйенің дамуын шын мәнде не нәрсе анықтайды? Оны анықтайтын факторлардың саны екеу.

Олардың біріншісі – қоғамның өндірістік күштері, яғни өмір сүруге қажетті құралдарды қоғамның ала алу тәсілі (тамақ, киім, аяқ киім, көлік және электроника, құрылыс материалдары, отын және т.б.). Екінші фактор – аталмыш игіліктерді құру үдерісіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, яғни өндірістік қатынастар.

Басқаша айтқанда, өндіріс тәсілі қоғамды, оның идеялары мен теорияларын, саяси көзқарастары мен сенімдерін анықтайды. Аталмыш теория біздің бүгінгі күннің ашылулары емес, оны әртүрлі уақыттарда К. Маркс, Ф. Энгельс және И. Сталин өңдеп жетілдірді.

Біз өзімізге қажетті барлық тауарлар мен қызметтерді қалай алатындығымызды қарап көрейік. Біздің тұтынатын тауарларымыздың басым бөлігін, ал нақтырақ айтар болсақ, 85% біз өндірмейміз, ал мұнайды сатудан түскен долларға сатып аламыз. Сол себептен де, біздің тұтыну біздің мұнай түсімдеріне байланысты болып табылады. Сәйкесінше, осы табысты қадағалап отыратын адамдар әркез Қазақстандағы Ұлттық банкке тұрғындардың тұтынуына жеткілікті болу үшін қанша қаржы бөлу керектігін шешіп отырады. Біздің ұлтымызға долларлар көлемі көп түскен сайын, біз шетелдік тауарларды көп сатып ал бастаймыз да, өзімізді ауқаттырақ сезінеміз. Долларлар көлемін бізге аз бөлген сайын, біз соншалықты аз көлемдегі шетелдік тауарларды сатып аламыз да, өзімізді кедей сезінеміз. Өз кезегінде ұлттың ішінде долларлық табысты қадағалап және бөліп отырған адам не болмаса адамдар тобы іс-жүзінде біздің мемлекетімізді тауармен қамтамасыз етіп отыр.

Мысалмен түсіндірейік. Біздің қоғамымызда 100 адам өмір сүреді делік, оның бесеуі – бұл жұмысшылар, шаруалар және тауар өндіруші актив иегерлері (капиталистер) болып табылады. Олар заттық игіліктерді жасайды, алайда олардың мүмкіндіктері қажетті тауарлардың тек минималды көлемін ғана өндіруге жеткілікті. Ешқандай ұшақтарды, автокөліктерді, поездтар мен электроника және т.б. жасап шығармайды. Осы 100 адамның қалған 95 адамы тауар өндірісінде жұмыс істемейтін, яғни зейнеткерлер, балалар, қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері. Сонымен қатар, біздің қоғамда қымбат бұйымдарға толы сандық тауып алған адам бар. Бұл сандық оның меншігі емес. Тек ол оған 1991 жылы бәрінен де жақын орналасқан еді және ол оны өзінің қалауы бойынша пайдаланып келеді. Енді әр күн сайын осы адам сандықтағы бір қымбат бұйымды нарыққа алып шығып, оны сатады және сатудан түскен кірістің бір бөлігін жүздеген адамдардың арасында бөледі. Ол қоғамды қамтамасыз етіп отыр, сондықтан да ол өзін тұрғындар әулетінің басшысы ретінде санайды және барлығы оған бағынуы тиіс деп санайды.

Біздің бүгінгі саяси-экономикалық платформамыз дәл осындай көрініс алады. Біз осыны анықтаған сәтте біздің мемлекетімізде болып жатқан барлық үдерістер түсінікті және айдан анық болатын болады.

Осыдан шығатын қорытынды, біз монархиялық капиталдың ерте ме, кеш пе мемлекеттегі жемқорлықпен күресті бастауы керек екендігін түсінуіміз қажет. Сонымен қатар, «науқаншылық» емес, нағыз күресті бастады. Себебі бұрындары, феодал-шенеуніктер капиталистер бизнестерін құлатып немесе мемлекеттік бюджетті тонаған кезде, олар біздің мемлекетімізге банктер арқылы тартылған шетелдіктердің ақшаларына қол салған болатын.

2007 жылдан бастап, шетелдік банктердің мемлекетті несиелендіруі тоқтатылды және экономикадағы жалғыз ақша көзі монархиялық капитал иеленетін мұнайдан түскен табыс болып қала берді. Демек, енді бюджетті тонаушының қайсысы болмасын, монархиялық капиталдың қалтасындағы ақшаны суырып алып жатыр. Сәйкесінше, қалған таптардың өмір сүруі үшін аз қаржы құралдары бөлінетін болады, бұл монархиялық капиталдың ұлтты қолдауының базасын төмендетіп, мемлекеттегі тұрақтылықты әлсіретеді де, әлеуметтік жарылысқа әкеледі. Сол себептен де, Қазақстандағы жемқорлықпен күрес ерсі әзіл емес, ал шынайы құбылыс болып табылады.

Сонымен қатар, монархиялық капитал импорттық тұтынушылық тауарларды қысқарта бастауы тиіс. Бұл не кедендік баж салығын көтеру, не болмаса квота тағайындау арқылы жүзеге асатын болады. Кедендік саясаттың әсерінен импорттық тауарлардың бағасы өседі, бұл табиғи түрде долларға деген сұранысты төмендетеді. Монархиялық капитал осы ретте мемлекет ішінде бөлінетін долларлар санын қысқартады да өзінің кірісін ұлғайтады. Енді Қазақстан экономикасына мұнайды сатудан түскен табыс көлемі мен отандық банктердің ақшаларын салыстырып көрейік (8-кесте).

8-кесте – ҚР қаржылық ағымы, жылына доллармен алғанда



«Экономикаға банктер арқылы келетін ақша ағымы» бағанындағы минус белгісі банктердің Қазақстан экономикасынан қанша ақша алатындығын көрсетеді. «Сонымен, Қазақстанға мұнайды сату және банктер арқылы түсетін ақша» бағанындағы теріс мән 2009 жылы мұнайдан түскен түсім тіпті банктердің экономикадан алған ақша сомасында жабуға да жетпегендігін көрсетіп тұр. 2007 жылдан бастап Қазақстанда тек бір ғана мотор қалды. Ол мұнайды сатудан түскен түсімнен мемлекетке келетін ақшалар болып табылады. Осы қаражаттар шетелдік несиелердің тоқтаған ағымдарының орнын өтеп қана қоймай, сонымен қатар банктердің экономикадан алып, өздерінің қарыздарын жабуға жұмсаған ақша көлемінің орынын толтыруға тиіс еді. Алайда статистика біздің мұнай моторымыздың осындай қуаттылыққа ие емес екендігін көрсетіп тұр.

Мұндай жағдайда экономикалық саясатты жедел өзгерту қажет. Мемлекетке келетін долларлар ағымының төмендеуі импорттық тұтынушылық тауарлардың төмендеуіне алып келеді. Ұлттың өзінің ішкі тауар өндірісі болмағандықтан, тұрғындардың нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуі жүзеге асады, бұл өз кезегінде әлеуметтік наразылыққа және біздің басқарушы тапты орнынан құлатуға дейін апарады. Қазақстандағы болып жатқан жағдайдың бәрін ескере отырып, монархиялық капитал Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысуға мәжбүр болды.

Монархиялық капитал шағын және орта бизнестің тарапынан болатын бәсекеден қорықпай-ақ қойса болады, себебі олар саны жағынан өте аз болғандықтан, билік үшін ешқандайда қауіп тудырмайды. Керісінше, егерде шағын және орта бизнес өндірістік секторға бағытталатын болса, онда нарықты жергілікті тауарлармен толтыруға және импорттың төмендеуі барысында осы шетелдік тауарлардың орнын отандық тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік алуға болады. Бұл табиғи түрде мемлекеттегі әлеуметтік шиеленісті төмендетеді және масштабты түрдегі толқудың болуына жол бермейтін болады. Сонымен қатар, импорттық тауарлардың орын басу монархиялық капиталдың өзінің табысынан бөліп отырған долларға деген сұраныстың төмендеуіне алып келеді.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, монархиялық капитал феодал-шенеуніктің аяқ-қолынан қағады, әлеуметтік тосқауылдарды қысқартады және кәсіпкер тарапынан жасалынған жөнсіздіктер үшін заң алдындағы жауапкершілікті төмендетеді. Монархиялық капитал феодал-шенеуніктер табының қолдауынан бас тартады да, шағын және орта бизнес келбетіндегі капиталистерге сүйене бастайды.

Сонымен қатар, бизнеске қатысты феодал-шенеуніктерді шектеу бойынша өзінің қызметінде монархиялық капитал нақты бір мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігінен де қолдау табады. Бұның жүзеге асуының келесідей себептері бар, біріншіден, көптеген феодал-шенеуніктер өздерінің билігін ақшаға қатысты конверсияланған, яғни феодалдардың және басқалардың тарапынан болатын қысымды сезінетін кәсіпорындарға ие болады.

Екіншіден феодал-шенеуніктер өздері жұмыстан шыққаннан соң, жас және ақшаға құмар олардың ізбасарлары әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, шенеуніктерге тиесілі меншікті тартып алу мүмкін екендігін түсінеді. Осыған байланысты бұрынғы ұландар жаңадан келген феодал-шенеуніктердің буынына жеке меншік құқықтарын арсыз түрде жүзеге асыруға мүмкіндік болмайтындай етіп ойын ережесін өзгертуге қатысты қызығушылық танытады.

Осы кезеңді қорытындылай келгенде, 2010 жылға қарай монархиялық капиталдың барлық ақшаны тудыратын секторларды өз қарамағына қарай жұтып, әрі тартып алғандығын атап өткен жөн. Бұл Қазақстандағы монархиялық капитал табының даму шыңы болып табылады. Одан әрі қарайғы даму эволюциясы оны біздің табиғи ресурстарымызды иелік ететін ірі трансұлттық компаниялардың территориясына алып келеді, демек бұл дегеніміз ерте ме, кеш пе Қазақстанның шикізаттан түскен табысына қатысты қақтығыстың болатындығын білдіреді.

Ең алдымен, келесі кезеңді қарастырмастан бүрын, қазақстандық мұнайдың кімге тиесілі екендігін атап өтейік (9 кесте). Біз мемлекеттің ірі мұнай кен орындарына тәулігіне 1,302 млн. баррель мұнай өндірудің сәйкес келетіндігін көріп отырмыз. Егерде Қазақстан тәулігіне 1,429 млн. баррель мұнай өндіретіндігін ескерсек (2008 жылдың мәліметтері), онда ірі мұнай кен орындарына мемлекеттегі мұнай өндірісінің 91 пайызының сай келетіндігін анықтауға болады.

9-кесте – Қазақстанның ірі мұнай кен орындары


Сонымен қатар, біздің өндіретін мұнайдің 80 млн. тоннасының тек 12 млн, тоннасы ғана біздің мемлекетке тиесілі, ал біздің мұнай кен орындарымыздың 33% Қытайдың меншігінде, 16% Еуропа мемлекеттеріне, 25% – АҚШ және 11% – Ресейдің меншігінде болып табылады.

Сонымен, біздің мұнайдың көп бөлігін әлемдік мықты мемлекеттер қарамағындағы трансұлттық компаниялар (ТҰК) иелік етеді. Ірі ТҰК-мен қарсы күресу үшін монархиялық капиталдың жалғыз өзінің күші жеткіліксіз болып табылатындықтан, ол ірі әлемдік ойыншылардың қолдауын қажет ететін болады. Осы жерде Ресей мен Белоруссия арасындағы Кедендік Одақты құрудың себебі айдан анық болады, яғни осы арқылы билік етуші тап Қытай мен АҚШ тарапынан болатын қауіптен сәлде болса сақтануға тырысты. Осының барлығын жасай отырып, монархиялық капитал АҚШ пен Ресейдің әсер етуінен қорғану үшін ҚХР-дың біздің мемлекеттің табиғи ресурстарына деген иелік ету аумағын кеңейтіп те жатыр.

Біздің мемлекетіміздің тарихи мұндай саясаттың ақыр соңында немен аяқталатындығын анық және нақты көрсетіп берді. «Абылай» хан өзінің билігін сақтап қалу үшін Ресей мен Қытай империяларының араларында айналшақтап жүрген еді, алайда бұл үдеріс Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруімен аяқталды. Егерде біздің ұлт бұл сабақты түсінбеген болса, онда тарих оны тағы да бір рет қайталайды.

6. Алтыншы кезең: 2012 – 2025 жж.

Бұл Қазақстандағы монархиялық капитал жүйесінің соңғы кезеңі болып табылады. Оның ақыры қазіргі мемлекет басшысының өмірден кеткенінен кейінгі бес жылға сай келеді. Осы кезеңдегі монархиялық капиталдың негізгі міндеті Қазақстанды капиталистік дамыған мемлекетке айналдыру не болмаса өз билігін сақтап қалу болып табылады.

Бірінші кезекте, жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік аппаратты құруға деген әрекет жүзеге асады. Осы бағыт бойынша елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін монархиялық капитал феодал-шенеуніктердің әлемді психологиялық тұрғыдан қалайша қабылдайтындығын түсіну керек. Бүгінгі күні ол заңдардың орындалуы Қазақстан азаматтары үшін міндетті, ал ол үшін міндетті емес деп санайды. Сонымен қатар, бюджетті тонау мен бизнесті пара арқылы қоршап алуды шенеуніктер өздерінің ажырамас құқығы ретінде санайды.

Біз қарастырып отырған осы кезеңде монархиялық капиталдың шенеунікке олардың қателескендігін және заңның сақталуын бұзғандығы үшін оларды жазалау арқылы оларды барлығы да сақтап жүрген заң формаларын сақтаудың қажет екендігін түсіндірудің сәті келетін болады. Ең алдымен монархиялық капитал қадағалайтын мұнайдан түсетін табыстың мемлекетке доллардың енуінің жалғыз жолы болып қала беретіндігін ұмытпайық және барлық шенеуніктер мемлекеттік бюджетті тонай отырып, билік басында тұрған адамдардың қалтасындағы ақшаны ұрлап жатқандығын да атап өтейік.

Монархиялық капитал шенеуніктердің капиталистерге билік жүргізуін шектейді және шенеуніктердің бизнеске қатысты жасайтын кедергілерін біртіндеп жоя бастайды. Шағын және орта бизнес өз көлемінің шағын ғана аумағына байланысты, монархиялық капиталға аса үлкен қауіп тудырмайтындығын ұмытпайық. Керісінше, бизнес арқылы тауар өндірісінің өсуі мемлекет ішіндегі әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына және монархиялық капиталға тиесілі долларға деген сұраныстың азаюына алып келеді.

Монархиялық капиталдың белсенді түрде қызмет ете бастайтын келесі бір бағыты, ол біздің шикізатты сатудан түскен табысты бөлген уақыттағы Қазақстанның алатын үлесін көбейту болып табылады. Қойылған мақсатқа жету арқылы монархиялық капитал өзінің жеке табысын ұлғайта алады және банктер арқылы экономикадағы жоғалған ақша ағымының орнын толықтыра алады. Демек, ерте ме, кеш пе монархиялық капитал мұнай эспортына деген баж салығын ұлғайтуға көшеді және біздің ресурстарымыздан табыс алып отырған шетелдік компаниялармен бекітілген келісім шартты қайта қарауға тырысатын болады.

Біз алдыңғы кезеңдерде 2006 жылдан 2007 жылдарға дейін аралықта банктер мемлекет экономикасына 30 млрд. доллар ақша тартқандығын айтқан болатынбыз. Дәл осы кезеңдерде трансұлттық компаниялар Қазақстаннан дивиденд ретінде 19 млрд. доллар ақша тартқан (10 кесте). Бұл монархиялық капитал мен трансұлттық компаниялар арасындағы әскери қызметтер жүзеге асатын мұнай бәлішінің бір бөлігі болып табылады.

10-кесте – ҚР қаржылық ағамы, жылына доллармен есептегенде



Монархиялық капитал шетелдіктердің біздің мемлекеттен алып кететін дивидендтер көлемін азайта отырып, праллельді тұрғыда Қазақстанның мұнай өндірісін өсіріп отыруға әрекет етеді. Алайда шикізатты өндіру үлесінің өсуі мен жаңа кен орындарын пайдалануға кірісу (Қашаған) мұнайға деген сұраныстың әлемдік деңгейде төмендеуіне алып келеді (11 кесте).

11-кесте – мұнай тұтыну, тәулігіне млн. баррель


Біз Солтүстік Америка мен Еуропаның мұнай тұтынуы тұрақты түрде төмендеп жатқандыығн көріп жатырмыз, сондықтан да біздің кен орындарымызды иелік ететін еуропалық және американдық мұнай компаниялары Қазақстандағы мұнай өндіру көлемінің өсуіне қызығушылық танытпайды. Бүгінгі күні әлемдегі мұнай тұтыну нарығының жалғыз тұрақты дамып жатқан жері, ол – Қытай. Сол себептен де, қытай компаниялары Қазақстанның қазіргі билік етуші табы секілді мұнай өндіру көлемін ұлғайтудағы тиімді позицияны көріп тұр. Алайда американдық ТҰК біздің мұнайдың Қытайға деген жеткізу көлемінің өсуіне қызығушылық танытпайды, себебі бұл мемлекет олардың экономикалық және саяси бәсекелесі болып табылады.

Мұндай жағдай ақырында қазіргі Қазақстанның билігі мен Қытай арасындағы одақтың құрылуына және біздің мемлекеттің мұнай секторынан американдық және еуропалық компаниялардың ығыстырылып шығуына алып келеді. Нәтижесінде біз Қазақстанның қалған мұнай кен орындарының Қытайдың меншігіне өтуіне, ал біздің мемлекеттің ҚХР әскери-саяси әсеріне біртіндеп өтуіне тап келетін боламыз.

Енді неліктен американдық және еуропалық компаниялардың біздің Қытайға мұнай экспортымыздың өсуіне қарсылық көрсететіндігін атап өтейік. Осы мемлекеттердің мұнай тұтынуына көз жүгіртейік. Алдымен, АҚШ-тан бастайық. АҚШ-та 300 млн. адам тұрады, ал олар тәулігіне 20 млн. баррель мұнай тұтынады. Қытайдың қазіргі тұрғындарының саны 1,5 млрд.-ты құрайды немесе АҚШ-пен салыстырғанда бес есе көп. Сондықтан да, орташа қытайлықтың өмір сүру деңгей мен мұнайды тұтынуы американдықпен теңесетін болса, онда Қытай қазіргі АҚШ-пен салыстырғанда бес есе көп мұнай тұтынатын болады немесе тәулігіне 100 млн. баррель тұтанады, ал өз кезегінде әлемдегі мұнай өндірісі тәулігіне 86 млн. баррельді құрайды. Міне, сондықтан, АҚШ Қытайдың өмір сүру деңгейінің өздерінің өмір сүру деңгейіне жетуіне мүмкіндік бермейді.

Қазіргі таңда Қытай мұнайдың көп бөлігін теңіз жолы арқылы парсы шығанағы елдерінен тасымалдайды. Барлық басты араб елдерінде - Сауд Арабиясында, Катарда, Кувейтте, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Иракта және Бахрейнде АҚШ-тың әскери базалары орналасқан. Сондықтан, әзірге Қытайға мұнай, негізінен, парсы шығанағы елдерінен жеткізіліп тұрғандықтан, АҚШ-тың мазасыздануына себеп жоқ. АҚШ кез келген қолайлы сәтті пайдаланып, Қытайға теңіз жолымен келетін мұнай жеткізілімін тоқтата алады.

Қазақстаннан мұнай тасымалдау Парсы шығанағы елдерінен мұнай тасымалдаудан несімен ерекшеленеді? Ол біздің еліміз бен Қытайдың арасында құрлық шекарасының болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, Қытай Қазақстан арқылы құрлық жолымен ирандық және таяу шығыс мұнайды қоса алғанда Каспийдің барлық мұнайын ала алады. Міне, сондықтан, АҚШ Қытайға біздің мұнайды жеткізу көлемін арттырғысы келмейді. Парсы мұнайының жеткізілімімен салыстырғанда, АҚШ кез келген ыңғайлы сәтті пайдаланып, Қазақстаннан тікелей келетін және Қазақстан арқылы келетін мұнай жеткізілімін тоқтата алмайды.

Монархиялық капиталдың біздің мұнайды өндіру мен сату саласындағы саясатын қарастырып біткеннен соң, олардың ішкі тауар өндірісін көтерудегі құнарсыз әрекетінің мәні болып табылатын ішкі экономикалық саясатты талқылауға көшейік.

Біздің айтып кеткеніміздей, шағын және орта бизнестің дамуы монархиялық капиталға тиесілі долларларға деген сұраныстың төмендеуне және мемлекеттегі әлеуметтік тұрақтылыққа алып келетіндігін тағы да атап өткен жөн. Саяси алаңда ірі кәсіпкерлермен салыстырғанда, шағын және орта кәсіпкерлер монархиялық капиталға деген нақты қауіп тудыратындай үлкен капиталға ие емес топ болып табылады. мДәл осыған байланысты монархиялық капитал Қазақстанның шағын және орта бизнесінде өзіне деген тіректі іздей бастайды.

Алайда бұл жерде нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес болады. Жеңіске жету үшін алдымен Қазақстандағы ішкі тауар өндірісінің дамуына не кедергі келтіріп тұрғандығын анықтап алған жөн.

Бұл үшін біздің мемлекетіміздің экономикасын суға толуы тиіс бөшке ретінде қарастырайық. Аталмыш мысалдағы су ішкі тауар өндірісінің дамуын көрсететін болады. Бүгінгі күнге дейін бөшкені суға толтыруға байланысты біздің әрекеттеріміз сәтсіздікке ұшырады, себебі ол 8 жерден тесілген. Енді осылардың әрқайсысы өздігінен қандай мағынаны білдіретіндігін қарап көрелік.

Біздің бөшкеміздегі бірінші тесік — шетелдік капитал қадағалайтын шикізат секторы болып табылады.

Екіншісі — мемлекет ішіндегі өткізу нарығының тарлығы мен Қазақстаннан ірі шетелдік нарықтардың қашықтығы.

Үшінші тесік үлкен транспорттық шығындар болып табылады. Әлем территориясының көлемі бойынша 9-шы орынды алып отырған Қазақстанда 17 млн. халықтың орналасуы өз кезегінде бір өнім бірлігін тасымалдауға кететін өте көп шығындардың болуына алып келеді.

Төртінші тесік — ашық теңізге шыға алмау, бұл өз кезегінде Сингапур мемлекетіндегідей экспортқа бағытталған салаларды орналастырудың тиімсіздігін тудырады.

Біздің бөшкеміздегі бесінші тесік — капиталистердің қолында экономикалық және саяси биліктің болмауы немесе басқаша айтқанда – шикізаттық емес сектор компаниялары үшін тым көп әкімшілік және салықтық кедергілердің бар болуы.

Алтыншы — бұл ашық нарық. Біз өзіміздің өндірушімізді «Coca-cola» немесе «Рrocter&Gamble» сияқты ірі әлемдік корпорациялармен шайқасуға жібереміз.

Жетінші тесік мемлекетте бізге қажетті білім мен технологияның болмауы болып табылады. Яғни біз осының әсерінен әзірге өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында сапалы және арзан тауарларды өндіре алмай отырмыз.

Біздің бөшкеміздің сегізінші тесігі — тәуелсіз қаржы жүйесінің, яғни, тауар өндірісінің өсуіне байланысты ұлттық валютаны басып шығаратын және экономикаға енгізетін жүйенің жоқтығы.
Аталған мәселелерді шешудің жалғыз жолы – бұл экономикалық платформаның толықтай ауыстыру және Швейцария, Сингапур және Финляндия сияқты экспортқа бағытталған экономиканы құру. Бұл мемлекеттер Қазақстан сияқты ірі нарықтармен шекаралас жатыр және бұлардың да халқы саны жағынан аз болып келеді. Енді Қазақстандағы қалыптасқан проблеманы шешу үшін қандай шаарларды қолдану қажет екендігін қарастырайық.

1. Шикізатты сатудан түскен барлық табысты мемлекеттің меншігіне қайтару. Яғни бүгінгі шикізат иелеріне өтемақы төлеу арқылы мұнай кен орындарын 100% мемлекеттендіру.
2. Мемлекеттендірілген табысты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын жабдықтауға бағыттау.
3. Шикізаттан түскен табысты тауар өндірушілердің тікелей және жанама субсидиясына бағыттау.
4. Экономиканың тауар өндіруші салаларындағы барлық әкімшілік кедергілерді алып тастау.
5. Жабық тәуелсіз қаржы жүйесін құру.
6. Экономикалық қайта жаңару кезінде мемлекеттен капитал шығаруға тыйым салу.
7. Қазақстанда өндірілетін тауарлар санаты бойынша ішкі нарықты квота арқылы бекіту.
8. Инфрақұрылым, электроэнергетика, коммуналды шаруашылық және т.б. сияқты экономиканың осындай монополиялық салаларын мемлекет меншігіне қайтару.
9. Мемлекеттік органдардың тауар өндіруші кәсіпорындарды сот шешімінің қаулысынсыз немесе қылмыстық іс қозғалмай жатып тексеруіне тыйым салу.

Егерде реформа жүргізілетін болса, онда біз мемлекет ретінде Сингапур, Оңтүстік Корея және Швейцария елдерінің жолдарымен жүретін боламыз. Монархиялық капитал капиталистер табымен бірлеседі, ал біздің қазіргі мемлекет басшысы Ли Куан Ю, Мустафа Кемаль, Мохатхир Мохамад және Конрад Аденауэрлардың қатарынан орын алатын болады.

7. Жетінші кезең: 2025-2035 жж.

Бұл кезең Орта Азиядағы ірі құрылымдық өзгерістердің бастауы болып табылады. Әр түрлі күш көрсету деңгейіне байланысты Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді барлық аймақтар біртіндеп жалындай бастайды. Тұрғындар кедейленуінің жалғаса беруі мен осы мемлекеттердегі экономиканың құлдырауына байланысты бұл елдерде бірден түрлі діни ағымдардың түбегейлі ағамы пайда бола бастады.

Егерде осы кезеңдерде біз ұлт ретінде өзіміздің экономикалық платформамызды өзгертпейтін болсақ, онда 2035 жылға қаарй Қазақстан Қытай Халық Республикасының автономды ауданына айналады. Мемлекеттің қазіргі басшысы президент тұғырынан кеткеннен кейінгі шамамен бес жыл ішінде Қазақстан фазалық ауысулар нүктесіне көшетін болады. Біздің алдымызда мемлекеттің әрі қарай дамуының екі жолы ашылатын болады және де олардың екеуі де революциялық болып табылады. Енді осы жолдардың әрқайсысы біздің мемлекетімізді неге алып келетіндігін қарап көрейік.

Ең алдымен революцияның экономикалық базасы қайдан шығатындығын анықтап алайық, себебі онсыз барлық пайда болған шиеленістер ішкі жүйе ішінде сөніп, өз кезегінде қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге алып келмейтін болады. Революцияның базасы өндірістік күштер өндірістік қарым-қатынасты басып озған кезде пайда болады. Атап өтейік, өндірістік күштер – бұл ұлттың білгілі бір кезеңде жасап шығара алатын барлық тауарлар саны болып табылады. Өндірістік қарым-қатынас деп жасап шығарылған өнімнің осы ұлт ішіндегі барлық таптар арасындағы бөлінісін атайды.

Кез-келген қоғамның тауар өндіруші таптары болады. Олар ұлтты тамақпен қамтамасыз ететін шаруалар, өнеркәсіптік тауарларды жасап шығаратын жұмысшылар және өндіріс ошақтарының иелері, яғни капиталистер болып табылады. Аталған таптар ұлтты көп тауарлармен қамтамасыз ете алатын сәтте, қоғамдағы қалыптасқан өнім бөлінісі осыған кедергі келтіретін болса, онда революцияның экономикалық базасы туындайды. Басқаша айтқанда, қоғамдағы басқарушы тап шаруалардың, жұмысшылардың және капиталистердің қарауына олардың жасап шығарған тауарларының минималды ғана бөлігін қалдырады. Тауарлардың басым бөлігін басқарушы тап өз меншігіне алады. Сонымен қатар, тауар өндіруші таптарға берілетін өнімнің сол бір бөлігі оны жасауға кеткен шығындарды ақтамайды, сондықтан да өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар аарсында жанжал пайда болады. Өндірістік қатынастар өнім өндірісін алдағы уақытта ұлғайту жолында тежегіш қалпында орын алады, өз кезегінде ұлттың байлығыда осындай көрініске ие болады.

Өндірістік күштерді босату және қоғамдағы экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет ішінде пайда болған саяси-экономикалық жүйені құрту қажет. Кез-келген революция дәл осылай жасайды. Енді бүгінгі күні революцияның қандай типтерінің бар екендігін қарап көрелік.

Аграрлық революция – басқарушы тап шаруадан оның жасап шығарған өнімін оған ешқандай тең келетін айырбасты ұсынбастан, тартып алған кезде пайда болады. Не болмаса ауыл шаруашылығындағы қалыптасқан жағдай ірі жер иеленушілердің қолдарында жердің шоғырлануы мен шаруалар массасының басым бөлігін кедейлендіретін сәтте пайда болады.

Буржуазиялық (капиталистік) революция – феодалдардың тауар өндіруші актив иегерлерінен (капиталистерден) олардың табысының өте көп бөлігін тартып алып, ал оның орнына айырбас ретінде ештеңені де ұсынбаған кезде пайда болады. Яғни, капиталистер өздерінің зауыттарында көп тауарларды шығара алады, алайда феодалдар бәрібір де олардың көп бөлігін тартып алады және шын мәнінде айырбас ретінде ештеңені де бермейді. Аталған жағдайда шамалас келетін айырбас ретінде капиталистердің қолына саяси билікті беруді атауға болады.

Пролетарлық (социалистік) революция – тауар өндіруші актив иегерлері (капиталистер) жұмысшы жасап шығарған өнімнің үстеме құнының өте көп бөлігін тартып алған кезде пайда болады. Осылайша жұмысшылар кедейлене түседі. Социалистік революция егерде билікте капиталистер табы отырған кезде ғана болуы мүмкін.

Революцияның экономикалық базасының түсінігі мен оның қайдан пайда болатындығын қарастырып болғаннан кейін, біздің мемлекетіміздің бару мүмкін революцияның екі жолын қарастыруға көшейік.

Бірінші жол дамыған капиталистік мемлекетті құруды тауар өндіруші актив иегерлеріне, яғни капиталистерге саяси билікті беру арқылы жүзеге асады. Қазақстан осы жолды таңдаған жағдайда, мемлекет ішінде буржуазиялық революция болатын болады. Біз жүйені ауыстырамыз да, өндірісті ұлтқа айналамыз, ал біздің мемлекет даму деңгейі бойынша қазіргі Швейцарияға айналатын болады. Қазақстан Орта Азияның құлдыраған мемлекеттеріне қатысты жауапкершілікті өз мойынына алатын болады және біздің экономикамыздың экономикалық интеграциясы жолымен Еуропалық Одақ іспеттес экономикалық-саяси бірлестікті құратын болады.

Буржуазиялық революция бейбіт өтетіні секілді, күш қолдану арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Бірінші жолымен Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және Чили сиқты мемлекеттер жүріп өткен. Бұл мемлекеттердегі монархиялық капитал барлық қажетті жаңартуларды «төбеден» жүзеге асырды, кейіннен капиталистер табының арасына сіңіп кетті.

Өз кезегінде күшпен жүзеге асатын революцияны Түркия мен Қытай таңдаған. Түрік немесе Кемалдық революция Түрік сұлтанына және болатын. Қытай революциясы Қытай императорына қарсы және Англия, Франция және Жапония сияқты шетелдік мемлекеттердің бақылауына қарсы жасалған. Екі жақта да ұлттық буржуазияның, еңбек ететіндердің және феодалдардың прогрессивтік бөлігінің одағын құруға негізделген революция – жеңіске жетті.

Біздің мемлекеттегі бейбіт революцияның мүмкіндіктерін қарауға кірісейік. Біз айтып өткендей, бұл жағдайда билік етуші тап капиталистердің қолына саяси билікті өз еркімен беруі қажет. Осындай жағдай болуы үшін, революцияның экономикалық базасы, яғни өндірістік күштер өндірістік қатынастармен қайшылықтарға тап болуы қажет. Осы нұсқа бойынша Қазақстандағы жағдайды қарап көрейік.

Мысалы, біздің ұлттың тұтастай тұтынуы шартты түрде 100 тауарды құрайды деп елестетейік. Олардың ішіндегі тек 10 дана өнімін біз өзіміз өндіреіз, ал қалған 90 бөлігі біздің шикізатқа айырбас арқылы алатын импорттық тауарлар болып табылады. Осы жерде, шикізатты адам өз еңбегімен жасап шығармайтындығын атап өткен жөн. Мұнайды сатудан түскен табыс – тек табиғи рента ғана болып табылады. Сол себептен де, біз Қазақстандағы буржуазиялық революцияның болуы мүмкін алғышарттарының жоқ екендігін көріп отырмыз.

Жағдайдың өзгеруі үшін, өндірістік күштер өндірістік қатынастармен қайшылықтарға тап болуы қажет. Яғни біздің өндірушілеріміз 100 тауарды шығара бастауы тиіс. Ал бүгінгі күні олар 10 есе төмен өндіреді, сәйкесінше, Қазақстандағы таптардың басым бөлігі біздің капиталистердің табысының бір бөлігінен тартып алған ақшаға емес, ал мұнайды сатудан түскен табысқа өмір сүреді. Осы арқылы тауар өндіруші таптар мен қоғамның басқа бөліктерінің арасында аса қатты қайшылықтың жоқ екендігін дәлелденеді.

Біздің тауар өндірісіміздің ұлғаюын 10 есеге дейін көтеру қабілетіне әлі дайын емес екендігіміз және ұлттың барлық қажеттілігін ішкі өнеркәсібіміз бен ауылшаруашылығмыз арқылы қамтамасыз ете алмайтындығымыз белгілі. Дәл осыған байланысты, бүгінгі Қазақстандағы революциялық қайта жаңарулар тек жоғарыдан ғана жүзеге асуы мүмкін және толығымен басқарушы таптың бастамасымен орындалады.

Бейбіт революция жолы, монархиялық капитал табиғи рентадан түскен табысты өз еркімен ішкі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын тұрғызуға жұмсаған кезде жүзеге асады. Осыдан кейін, отандық өндірушілер тауарларға деген ұлттың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын болады. Біздің мысалымызда, олар – 100 бірлік өнімді шығаратын болады. Дәл осы кезде революциялық жағдай пайда болады, яғни: капиталистер тауар өндірісін 110 бірлікке дейін көтере алады, сол арқылы өз кезегінде ұлттың тұтынуын арттырады, алайда оларға осыны жасауға түрткі болатындай теңдей айырбас құралы қажет болады. Саяси билікті капиталистердің қолына өткізу аталған жағдайда революциялық жағдайдың рұқсаты мен ізделініп отырған айырбас құралы болып саналады.

Өз кезегінде капиталист пен қоғам арасындағы келісім шарттың жүзеге асқандығындай болады. Бизнесмендер ұлтты қамтамасыз етуді өз мойындарына алады, ал ұлт оларға билік пен құқықты береді. Ұлттық байлықты өсіру – капиталистердің билік үшін беретін ақысы болып табылады. .

Алайда алдымен, Қазақстанның басқарушы табы (монархиялық капитал) келесідей қадамдарды жасауы қажет екендігін атап өтейік.

1. Шикізатты сатудан түскен барлық табысты мемлекеттің меншігіне қайтару. Яғни бүгінгі шикізат иелеріне өтемақы төлеу арқылы мұнай кен орындарын 100% мемлекеттендіру.
2. Мемлекеттендірілген табысты өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын жабдықтауға бағыттау.
3. Шикізаттан түскен табысты тауар өндірушілердің тікелей және жанама субсидиясына бағыттау.
4. Экономиканың тауар өндіруші салаларындағы барлық әкімшілік кедергілерді алып тастау.
5. Жабық тәуелсіз қаржы жүйесін құру.
6. Экономикалық қайта жаңару кезінде мемлекеттен капитал шығаруға тыйым салу.
7. Қазақстанда өндірілетін тауарлар санаты бойынша ішкі нарықты квота арқылы бекіту.
8. Инфрақұрылым, электроэнергетика, коммуналды шаруашылық және т.б. сияқты экономиканың осындай монополиялық салаларын мемлекет меншігіне қайтару.
9. Мемлекеттік органдардың тауар өндіруші кәсіпорындарды сот шешімінің қаулысынсыз немесе қылмыстық іс қозғалмай жатып тексеруіне тыйым салу.

Аталған шаралар тауар өндірісін шартты түрде 10-нан 100-ге дейінгі аралықта көбейткен жағдайда, монархиялық капитал капиталистерге саяси билікті береді де, өздері солардың арасына сіңіп кетеді. Осы сәттен бастпа, ұлт қажеттілігі табиғи рента арқылы емес, ал ішкі тауар өндірі арқылы қамтамасыз етілетін болады. Әлбетте, бізге қажетті барлық тауарларды біз өндіре алмаймыз және де әлемдік еңбек бөлінісін де жоққа шығармаған абзал екендігі сөзсіз. Алайда Қазақстан бұрындары ұшақты шикізаттан түскен табысқа айырбастау арқылы иеленсе, енді оны ауыл шаруашылығы тауарларын экспортқа шығару арқылы түскен ақшаға иеленетін боламыз.

Енді Қазақстандағы күшпен жүзеге асатын революцияның нұсқасын қарап көрейік. Оның экономикалық базасы, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың арасындағы қақтығыстар болап табылады, алайда бейбіт революциямен салыстырғанда бұл қайшылық мұнайдан түсетін түсімнің бірден төмендеп кетуінің негізінде жүзеге асады. Мұндай жағдайдың туындауының екі жолы бар. Біріншіден, әлемдік нарықтағы мұнайдың құны оның өзіндік құнына дейінгі мөлшерде төмендеп кетіп, аталмыш деңгейде мұнай бағасы екі жылдай шамасында өзгермеген жағдайда болады. Екіншіден, біздің мемлекетіміздің мұнайдан түсетін табысының басмы бөлігін шетелдіктер иеленетін болса, ондай осындай жағдай пайда болады.

Бірінші және екінші мысалда да, мемлекетке келіп, ұлт арасында бөлініске түсетін ақша саны нөлге тең болады. Мұндай жағдайда монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктер тауар өндіруші таптардан, яғни шаруалар, жұмысшылар және тауар өндіруші актив иегерлерінен (капиталситерден) олардың табысының үлкен бөілігін тартып ала бастайды.

Шартты мысалға қайтадан оралайық. Біздің ұлттың барлық тұтыну көлемі 100 тауарды құрайды делік. Оның ішіндегі 10 бірлік өнімді біз өзіміз жасап шығарамыз, ал қалған 90 бірлігін шикізатқа айырбастау арқылы иеленеміз. Егерде шикізатты сатудан түскен табыс жоғалып кететін болса, онда біз тек 10 дана отандық тауарларды сатып ала аламыз, сәйкесінше, Қазақстандағы тұтыну деңгейі 90% дейі төмендеп кетеді. Сонымен бірге монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктер өндірушілерден олардың табысының басым бөлігін тартып ала бастайды да, оны қоғам ішінде таратады. Мұндай әрекеттер тауар өндірушілер табының наразылығын туғызады, себебі аталған жағдайда тең келетін айырбас құралы көрсетілмейді (капиталистерге билікті өткізу).

Енді Қзақатсандағы күш қолдану арқылы жүзеге асатын революциясы базасының пайда болуының келесі бір себебіне көшейік. Оның жүзеге асуының бастауы біздің шикізат ресурстарымыздың Қытайға өтуі болып табылады. Мәселе мынада, қытайдың мұнай компаниялары батыстікімен салыстырғанда, қазақ мұнайынан алатын аз көлемдегі дивидентке келісуі мүмкін. Сонымен қатар, біздің білуімізше соңғы жылдары Қытайдың мұнай тұтынуы Еуропа мен АҚШ елдерімен салыстырғанда, артып жатыр. Ал ол елдерде керісінше үдеріс байқалуда. Осыған байланысты Капийде (Қашаған) өндірілетін қазақ мұнайының жаңа көлемі, тұтынуы төмендеп жатқан еуропа нарығының орнына тұтынуы артып жатқан қытай нарығына баратын болады.

Дәл осы бағытта монархиялық капиталмен Қытайдың одағы негізделетін болады. АҚШ мемлекетіне қарағанда ҚХР-дың дивиденд көлемі үшін аз ақшаға көнуінің негізінде моанрхиялық капиталға тиесілі табиғи рентаның көлемі өседі. Қосымша пайда болған ресурстарды монархиялық капитал революциялық жағдайдың пайда болуының себептерін жою үшін, ұлт тұтынуын сол қалпында сақтап тұруға жұмсайды.

Қытай біздің мұнайымызға бақылауын айтарлықтай деңгейде күшейткеннен кейін, экспансиясын басқа бағыттар бойынша жалғастыратын болады. Теміржолдарды, құбыр жүйелерін, электр және газ компанияларын сатып ала бастайды. Біз тұтынатын тауарлардың түгелімен Қытайдан сатып алынуы жөнінде Қазақстанмен келісімге қол қояды. Бұдан кейін Қытай отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындарын сатып алады. Сосын қытайлық жұмыс күшінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге тырысады. Ең соңында Қазақстанның қаржы жүйесін өзіне бағындырады.

Осыдан кейін Қытай Қазақстан бюджетіне мұнайдан келіп түсетін соманы қысқартады. Бұл біздің мүнай кен орындарымызды алу кезіндегі Қытайдың инвестициялық шығындарды көтеру есебінен жүзеге асатын болады. Не болмаса қытайлық компаниялардың иеленетін біздің шикізатты сатудан түскен дивиденд сомасының өсу есебінен жүзеге асады. Яғни Қытай өз мүддесі үшін монархиялық капиталмен барлық келісім шартқа отырады. Мұның барлығы мұнайдан түскен біздің табысымыздың төмендеуіне алып келеді және Қазақстандағы революциялық жағдайдың пайда болуына әсер ететін бірінші фактор болып табылады.

Екінші фактор монархиялық капитал арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына салынған шикізат ақшалары тиімділігінінің төмен және нөлдік деңгейде болуы болып табылады. Зауыт құрылысына жұмсалған инвестиция сомасы, сол зауыт өнімін сату арқылы иеленетін ақшадан әлдеқайда көп болып табылуы мүмкін. Қайтадан салынылған кәсіпорындардың бір бөлігі ашылғаннан кейін өз өнімінің өткізу нарығын таба алмай, өндірісін тоқтатады. Ал басқалар аз уақыт ішінде жұмыс істеуі мүмкін, алайда кейіннен тұтынушылардың тауарларға деген баға және сапа жағынан сенімдерін ақтамағандықтан, оларда өздерінің қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болады.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмендей беретін болады, себебі қолда бар экономикалық платформа уақыт бірлігіне сәйкес өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында үнемі технологияны алмастырып тұруға ынталанбайды. Нәтижесінде біз ұлт ретінде ештеңе өндірмейтін, моральдық және физикалық тұрғыдан тозған зауыттарға ие боламыз. Яғни, бос және етеңеге тұрмайтын «қорапшаларға» ие боламыз.

Сыртқы қытайлық және ішкі фактор Қазақстандағы ұлттық-буржуазиялық революцияның базасына айналады және оның қалай аяқталатындығына байланысты біздің мемлекетіміздің де тағдыры шешілетін болады. Революция – бұл адамдар тобымен билікті басып алу ғана емес, бұл қоғамдық форманың, билікте тұрған таптың өзгеруі болып табылады.

Мемлекеттегі билікті игере және сақтап қала алатын тап қандай сипаттамаларға ие болу қажет екендігін талдап көрейік. Біріншіден, ұлттық масштабта ұйымдастыра алатын қабілетке ие болуы тиіс. Тапта олардың бақылауындағы партиялар, кәсіподақтар, БАҚ, сонымен қатар күш көрсету кезінде жұмылдыруға болатын басқада қоғамдық бірлестіктер болуы қажет. Екіншіден, ол өзінің қызметін қаржыландыру үшін жеткілікті капиталға ие болуы керек. Үшіншіден, өз арттарынан адамдарды ертіп жүре алатын тартымды идеологияға немесе идеяға ие болуы қажет.

Енді аталған сипаттамаға қандай таптардың сәйкес келетіндігін қарап көрейік.

Феодал-шенеуніктен бастайық.

1. Феодал-шенеунікте ұлттық масштабтағы өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндік бар. Олардың бақылауында партиялар, кәсіподақтар, БАҚ, сонымен қатар күш көрсету кезінде жұмылдыруға болатын мемлекеттік басқару органдары бар.

2. Тап өзінің қызметін қаржыландыру үшін қажетті еркін капиталға ие. Бұл капитал олардың мемлекеттік бюджетт тонауы мен пара алуының барысында қалыптасқан болатын. Сонымен қатар, феодал-шенеуніктер өздерінің саяси қызметтерін қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетті ресми түрде қолдана алады.

3. Оларда адамдарды өз арттарынан ертіп жүруге қажетті идеология да бар. Ол өз көрінісін мемлекетті нығайту, оның территориясын кеңейту, мықты мемлекетті құру мен жеке мүдделерді мемлекеттің мүддесімен бірлестіре отырып жүзеге асыру барысында көрінеді. Үлкен деңгейде бұл идеология өзіндік энтикалық топтардың өкілдерінің қолдауына незілделеді. Сәйкесінше, осы тапта «өзің – жат» қағидасы бойынша белгілі-бір ұлтшылдықтың (нацизм емес) бар екендігін атап өткен жөн.

Сонымен, феодал-шенеуніктер мемлекеттегі билікті басып алу мен сақтап қалуға қатысты барлық мүмкіндіктерге ие.

Капиталистерге көшейік.

1. Капиталистерде ұлттық масштабтағы өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндік бар. Олардың өздерінің жеке бақылауында партиялар, кәсіподақтар, БАҚ базалары, сонымен қатар күш көрсету кезінде жұмылдыруға болатын түрлі аймақтық және ұлттық бизнес-ассоциациялары бар.

2. Тап өзінің қызметін қаржыландыру үшін қажетті еркін капиталға ие. Бұл капитал оларда өздерінің жеке бизнестерін жүргізу нәтижесінде қалыптасты.

3. Оларда адамдарды өз арттарынан ертіп жүруге қажетті идеология да бар. Ол байыту мен жаңа территорияларды сақтап қалуда негізделеді. Феодал-шенеуніктермен салыстырғанда капиталистердегі территорияларды жаулап алу қарудың күшімен емес, сауда өктемдік саясатының күшімен жүзеге асады. Жағдайға мұндай тұрғыдан қарау анағұрлым шығынсыз және тиімді болып табылмақ. Сонымен қатар капиталистер капиталдың қызығушылықтарын қорғайтын мемлекетті құру идеологиясында тұр. Мемлекеттің қызығушылықтары ішкі тауар өндірушілердің қызығушылықтарына сай келеді. Мемлекет қызығушылықтары жеке қызығушылықтарға бағынады. Алайда дүкендер, мейрамханалар, зауыттар және т.б. өндіріс ошақтарына ие жеке адамдардың мүдделері ескеріледі. Идеология осы мемлекетті өздерінің Отандары санайтын, кез-келген этникалық топ өкілдерінің қолдауына негізделеді.

Біз капиталистердің де мемлекеттегі билікті басып алу мен сақтап қалуға қатысты барлық құндылықтарға ие екендігін көріп отырмыз.

Енді пролетариат табына қарап көрейік.

1. Ол да алдыңғы екі тап секілді ұлттық масштабтағы өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндікке ие. Олардың өздерінің жеке бақылауында ұлттық масштабтағы өзін-өзі ұйымдастыруға мүмкіндік беретін партиялар, кәсіподақтар, шағын БАҚ базалары бар.

2. Пролетариат ұлттық масштабта өзінің қызметін қаржыландыруға қажетті еркін капиталға ие емес. Себебі жұмысшының жалақысы бұған мүмкіндік бермейді. Түрлі таптар бір-біріне өзара көмектескен күннің өзінде де олардың қаржылық ресурстары феодал немесе капиталисте бар ресурстармен сәйкес келмейді. Осыған байланысты пролетариат өзінің қызметінде әрқашанда не феодалдың, не болмаса капиталистің қаржылық көмегіне мүдделі болады.

3. Пролетариат идеологиясының мәні еңбек ететін массаның қызығушылықтарын қорғайтын және әлемдік деңгейде адамдардың адамдарға деген қанаушылығын тоқтататын мықты мемлекет құру. Пролетариат еңбек ететіндердің құқықтарын олардың этникалық құрамына қарамастан қорғауды негізге алады.

Пролетариат билікті басып алуға қажетті барлық сипаттарға иелік етпейтіндігін қорытындылап атап өткен жөн. Сійкесінше, тап капиталистердің қаржылық мүмкіндіктеріне зиянын тигізетін масштабты ұлттық дағдарыс жағдайында ғана билікті ала және сақтап қала алады. Сонымен қатар, мемлекеттік аппаратты (феодалдарды) босаңсыта және олардың берекесін қашырта алады. Ал осы жағдайлар болмаған сәтте пролетариат билікті басып ала алмайды.

Жұмысшылар табына көшейік.

1. Жұмысшыларда ұлттық масштабта өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндік жоқ. Олар түрлі шығармашыл одақтар мен кәсіподақтарды бақылай алады, алайда оларда тұрғындарды жұмылдыруға мүмкіндік беретін партиялар мен БАҚ құралдарына билік ете алмайды. Сонымен қатар, оларда бар кәсіби және шығармашылық одақтар ешқашанда бір майданда күреске түспейді, яғни дәрігерлер мұғалімдердің көтерілістерін қолдамайды және сол сияқты суретшілер музыканттардың көтерілісіне шықпайды және т.б.

2. Ұлттық масштабта өзінің қызметін қаржыландыруға қажетті еркін капиталға ие емес. Сонымен қатар, жұмысшылар өздерінің қызметтерінде әрқашанда не болмаса феодалдардың, не болмаса капиталистердің қаржылық мұқтаждығына зәру болып табылады.

3. Оларда өздерінің арттарынан адамдарды ертіп жүруге қажетті да идеология жоқ. Оларда не ұлттық, не болмаса жалпы адамдардың мүддесін қорғауды қарастыратын жекеленген және дерексіз пікірлер бар.

Сол себептен де, жұмысшылар билікті жаулап алу мен сақтап қалуға қажетті сипаттарға ешқандайда ие емес болып табылады. Алайда бұл олардың аттарынан жүретін мықты тұлғалардың олардың арасында мүлдем жоқ дегендігін білдірмейді. Ал осы мықты тұлғалардың барлығы басқа таптардың қызығушылықтарын қолдап жатыр. Дәл осылай И. Ленин, К. Маркс, И. Сталин, Ф. Кастро, Э. Че Гевара сияқты өкілдер пролетариат табының қызығушылықтарын ұстанған еді. А. Линкольн, Аденауэр және Т. Рузвельт капиталистерді қолдады. А. Гитлер және Муссолини феодалдар мен капиталистердің қызығушылықтарын қолдады.

Шаруаларға қарап көрейік.

1. Бұл таптың ұлттық масштабта өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндігі жоқ. Шаруалар кәсіподақтарға, бақылайтын партиялар мен БАҚ құралдарына ие емес. Бұл жағдайда мәселе ауыл шаруашылық бизнесімен айналысатын капиталистер жайында емес, өздерінің ауылдарындағы жерлерде жұмыс істейтін адамдар жайында айтып жатырмыз.

2. Шаруалар ұлттық масштабта өзінің қызметін қаржыландыруға қажетті еркін капиталға ие емес.

3. Оларда өзіндік идеологиясы да, өз арттарынан адамдарды ертіп жүретін мүмкіндігі де жоқ. Оларда не ұлттық, не болмаса жалпы адамдардың мүддесін қорғауды қарастыратын жекеленген және дерексіз пікірлер бар.

Енді өзін-өзі қамтамасыз ететіндер мен ешқандай тапқа жатпайтындардың элементтерін қарастырайық. Бұл тапқа өмір сүруін жақсарту мақсатында қалаға көшіп келген кешегі ауылдықтар және кездейсоқ жалақыға тап болғандар жатады.

1. Бұл таптың ұлттық масштабта өзін-өзі ұйымдастыруға деген мүмкіндігі жоқ. Оларда тұрғындарды жұмылдыруға қажетті кәсіподақтар, бақылайтын партиялар мен БАҚ құралдары да жоқ.

2. Өзін-өзі қамтамасыз ететіндер ұлттық масштабта өзінің қызметін қаржыландыруға қажетті еркін капиталға ие емес екендігін түсінікті.

3. Өзіндік идеологиясы да, өз арттарынан адамдарды ертіп жүретін мүмкіндігі де жоқ. Сонымен қатар, бұл тапта дәл шаруалардағыдай секілді халық қалауы мен әлеуметтік әділдікке деген жекелеген пікірлері ғана бар.

Барлық таптарды қарастырып болғаннан кейін, Қазақстандағы билікті жаулап алумен сақтап қалуды тек феодал-шенеуніктер немесе капиталистер жүзеге асыра алатындығын анықтадық.

Қазақстандағы келесі революция ұлттық сипаттағы мәнге ие болады, яғни мемлекеттің экономикасындағы шетелдіктердің бар болуына және шетелдік бақылаудың болуына қарсы бағытталған сипатта болады. Бұл қозғалысты қай таптың басқаратындығына байланысты революцияның барысы мен нәтижелері анықталатын болады. Егер басшылық капиталистерге берілетін болса, онда Қазақстанда Кемал немесе Гоминьдан (Түркия және Қытай) революциясына ұқсас жағдай орын алады. Егерде капиталистер біздің мемлекетімізге деген жауапкершілікті өз мойындарына алудан қорқақтап қалатын болса, онда ұйымдастырушы тап феодал-шенеуніктер болып табылады.

Капиталистер табы революцияны басқарады деген кезде, біз сүт зауытының иесі броневик киіп, Ақ үйді басып алуға қарсы бағытталады деп айтпаймыз, ал бұл революцияның ішкі тауар өндірушілердің қызығушылықтарына сай жүзеге асатындығын білдіреді. «Күрес алаңында» кез-келген таптың өкілдері де дәл шенеунік сияқты өзінің бұйрықтарын бере алады.

Қаладағы шаруалар мен ешқандай тапқа жатпайтындардың элементтері біздің ұлттық революцияның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып саналады. Басқарушы таптың қазіргі саясаты шаруаларды кедейлендіру мен олардың жерлерін тартып алуға және әкімдер немесе басқада феодал-шенеуніктер сипатындағы ірі жер иеленушілердің қолдарына ауыл шаруашылық жерлерді шоғырландыруға бағытталған. Мысалы, Қазақстанның статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің 60 пайызы 350 компанияның меншігінде, яғни 350 адамның қолында шоғырланған.

Сонымен, қорыта келгенде Қазақстандағы болуы мүмкін аграрлық революцияның барлық алғышарттары бар екендігін қарап көрдік. Мемлекетімізде жаппай жұмыссыз қалып жатқан шаруалар мен өзінің жерін өңдеп, одан пайда көруге мүмкіндік беретін техникасы жоқ шаруалар пайда болуда. Біріншісі және екіншісі де ерте ме, кеш пе шығынға ұшырап, өзінің жерінің қалған бөлігін феодал-шенеунікке сатады да, көп жағдайда жалақыға өмір сүру үшін қалаға көшуге мәжбүр болады. Осыған мысал ретінде қалалардағы ешқандай тапқа жатпайтындардың элементтері 2008 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықта 770 мыңнан 1 млн. адамға дейін өсіп кеткендігін атап айтуға болады.

Бүгінгі күні шаруаларды ұстап тұрған негізгі фактор, бұл шикізатта сатудан түскен табыс арқылы берілетін тұрақты зейнетақы, жалақы және әлеуметтік жәрдемақыларболып табылады. Шаруалар өздерінің осы бір кепілдендірілген табыстарынан айырылып қалудан қорқады, сондықтан да таптың наразылығы бір төбеге жинақталып жатыр, алайда аталған себепке байланысты сыртқа шығып жатқан жоқ. Табиғи рента нөлге тең болған кезде осы ұстап тұрған фактор жойылады және шаруалар Қазақстандағы аграрлық және буржуазды-ұлттық революцияның негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Ендігін сұрақ қай тап шаруаларды өздерінің артынан ертіп жүретіндігінде байланысты болып табылады. Капиталистердің қолдарында осыны жасаудың барлық мүмкіндіктері бар. Ауыл шаруашылық жерлерінің ірі иегерлері негізінен феодал-шенеуніктер болып табылатындықтан, осы жерде кәсіпкерлер беделқұмарлыққа сай әрекет ета алды, яғни феодалдан жерді тартып алып, оны шаруаларға үлестіріп беруге қатысты шараларды жүзеге асыра алады. Осылайша капиталистер экономикалық база бойынша өздерінің жаулары – феодал-шенеуніктерге соққы бере алады.

Ал егерде капиталистер қорқақтанып, өз арттарынан шаруаларды ертіп жүрмейтін болса, онда шенеуніктер табы араларынан көшбасшыларын шығарып, осы қозғалысты бастап кететін болады. Сонымен қатар, бұл көшбасшылар діни платформаға ие болатын болады, себебі діни ұйымдар дәл осы таппен жұмыс істеуді қалап отыр. Осы ортадағы діни ұйымдар ұлттық ұйымдарға қаарғанда анағұрлым көп болып табылады, себебі олар мемлекеттегі билікті жаулап алу мен сақтап қалуға қатысты барлық критерийлерге сай келеді.

1. Діни ұйымдарға ұлттық масштабтағы ұйымдастыруға деген қабілет тән. Осы үшін мешіттер пайдаланылуы мүмкін.

2. Өздерінің қызметін қаржыландыру үшін олардың капиталы жеткілікті болып табылады. Олар қаражатты шетелдік феодал-шенеуніктерден алатын болады. Мысалы, Сауд Аравиясы, БАӘ, Катар және т.б. елдерден алады.

3. Діни ұйымдардың идеологиясы діннің қағидаларына сәйкес қоғам мен мемлекетті құруға негізделеді. Шын мәнінде осы адамдар өздерінің көзқарастары бойынша кімнің дұрыс, ал кімнің бұрыс жолмен жүретін адам екендігін шешу құқығын өздеріне алады.

Жоғарыдағы аталғандар, діни платформа ешқандай тапқа жатпайтын элементтердің арасында жеңіске деген барлық мүмкіндіктерге ие және оларды өздерінің арттарынан ерттіру мен билік үшін күресте де жеңу мүмкіндігіне ие екендігін көрсетеді.

Ұлттың революцияның қозғаушы күші болып табылатын жұмысшылар табын қарастыруға көшейік. Пролетариат – ішкі халық шаруашылығының өсуіне басқалармен салыстырғанда әлдеқайда қызығушылық танытатын қоғамның бір бөлігі болып табылады. Ол өзінің қажеттіліктерін басқалардың есебінен қанағаттандыра алмайды, себебі ол ештеңені де ұрлай алмайды және өзі жасап шығарғаннан артық ештеңені де тұтына алмайды.

Жұмысшылардың негізгі талаптары – бұл кәсіпорындарды мемлекеттендіру және жалақыны көтеру болып табылады. Бұл тап осыны жүзеге асыруға уәде беретін не феодал-шеенуніктердің, не болмаса капиталистердің арттарынан еруі мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанның шаруалар табының негізгі өкілдері көбінесе мұнай және тау-кен салаларында, металлургия, өндіріс пен электроэнергиясының бөлінісінде, жылу, су және транспорттық салаларда еңбек етеді. Бұл салалардың барлығы не монархиялық капитал арқылы феодал-шенеуніктермен, не шетелдік инвесторлармен қадағалынады. Сәйкесінше, осы таптар бүгінгі күні Қазақстанның жұмысшылар табының негізгі пайдаланушысы болып табылады.

Логикалық тұрғыда, оларға қарсы күресте пролетариат тауар өндіруші буржуазияны қолдайтындығы мәлім. Шаруалар табы біздің экономикамызға деген шетелдік бақылаудың әсеріне және феодалдық ескіліктің түбегейлі жойылуы мен феодал-шенеуніктерге негізделген моанрхиялық капитал жүйесінің жойлыуына қарсы күреске шығады. Осылайша пролетариат мемлекеттегі монархиялық капитал мен феодалдың қолындағы экономикалық және саяси биліктің ұлт буржуазияның қолына ауысуды қалайтындардың жағына қарай ауысады.

Ұлттық-буржуазиялық революцияның негізгі қозғаушы күші болып табылатын капиталистерді талдауға көшейік. Кәсіпкерлер осы кезеңдерде олардың табыстарының бір бөлігін тартып ала бастайтын монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктерге қарсы саясат жүргізеді. Яғни осы уақыттарда Қазақстанда капиталистер өздерінің табыстарының өсіп жатқандығынан ешқандайда мән көрмейтін сәт пайда болады, себебі табыстың барлығы не болмаса басым бөлігі түрлі салықтар, пара немесе бизнеске деген басқа салмақтың әсерінен олардан тартып алынатын болады.

Кәсіпкерлер революцияны не өздері бастай алады, не болмаса олардың қорғанысы мен қызығушылықтарын қамтамасыз етуге уәде беретін феодал-шенеуніктердің бастауына негізделетін болады. Тап ретінде капиталистер шикізаттан түскен табысты мемлекеттендіруді қолдайды, себебі осыдан кейін олар алынған ақшаны экономиканың нақты секторын тиімді қайта жабдықтауға және өздерінің кәсіпорындарын субсидиялауға жұмсай алатын болады. Осымен қоса, шикізат компанияларын өздерінің меншігіне алу мүмкіндігіне ие капиталистер мемлекеттендіру үшін қарсы болуы да мүмкін, десе де жалпы алғанда бұл тап осы идеяны қолдайтын болады, себебі мемлекеттендіргеннен кейін шикізаттан түскен табыс тек шикізат компаниялары иегерлеріне ғана емес, сонымен қатар бизнесмендердің үлкен көлеміне де тиесілі болатын болады.

Қазақтың ұлттық революциясының қозғаушы күшін талдауды феодал-шенеуніктер табымен аяқтайық. Тап ретінде олар революцияның қозғаушы күші болып табылмайды, алайда ол басталғаннан кейін феодалдар белсенді түрде мемлекеттегі билікті алуға қатысты күреске қатысатын болады. Олардың бір бөлігі шаруалар мен ешқандайда тапқа жатпайдындарға негізделетін діни платформаға сүйенеді. Феодал-шенеуніктердің басқа бір бөлігінің сүйенуі қаладағы жұмысшылар мен қызметкерлер табы болады, сондықтан да олар түрлі реңк беретін ұлттық платформада тұратын болады.

Сонымен қорытынды жасасақ. Егре де біздің мемлекетімізде күш көрсету арқылы жүзеге асатын революциюны капиталистер басқарса, онда Қазақстан мемлекет ретінде өзін-өзі сақтап қалады және 20 жылдан соң Қытай мен Түркия секілді дамыған капиталистік мемлекетке айналады.

Егерде билікті феодал-шенеуніктер алатын ұлттық-азаттық жолындағы күрес болатын болса, онда Қазақстан заң жүзінде тұтас мемлекет бола отырып, іс жүзінде басқандай мемлекетке айналады. Яғни біз Қырғыз мемлекетінің нұсқасына ие боламыз, немесе басқаша сөзбен айтқанда билікте тұрған адамдар тегінің өзгеруіне ғана қол жеткіземіз. Осы жағдайда біз өзіміздің ескі феодал-буржуазиялық платформамызда қала береміз де, 2035 жылға қарай өзіміздің егемендігімізді жоғалтып аламыз.

Ресей мен Қытайдың экономикалық және әскери жағдайына байланысты біздің ұлт басып алудың мүмкін болатын үш нұсқасының біреуімен ғана жүретін болады. Егерде Ресей сол уақыттарға таман өзінің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытатын болса, онда ол бұрынғы Ресей империясы және КСРО сияқты технологиялық және экономикалық қуаттылығы жағынан Қытайдан озып кететін болады. Мұндай жағдайда ұсақ бөлшектерге бөлініп кеткен Қазақстан қайтадан Ресей құрамына кіретін болады.

Ал егерде Ресей батыстың дамыған елдерінің өндірістеріндегі қосымша шикізат көзі ретінде қала беретін болса, онда оның халқының саны азая беретін болады және мемлекеттергі орыс халқының салыстырмалы үлесі 50 пайызғы дейін төмендейтін болады. Қытай Ресейді технологиялық, экономикалық және әскери қуаттылығы бойынша басып озатын болады, ал біздің мемлекет Қытай Халық Республикасының Қазақ автономды ауданына айналуы мүмкін.

Үшінші аралық нұсқа егерде Ресей Қытайға қатысты өзінің әскери артықшылығын сақтап қалатын болып, алайда экономикалық сферада дамыған мемлекеттердің қосалқы шикізат көзі болып қалған жағдайда мүмкін болып табылады. Аталмыш жағдайда Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аудандары Ресейдің құрамына, ал Оңтүстік ауданнан бастап, Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы территория Қытайдың құрамына енеді. Бізге Қазақ әмірлігі Қазақстанның батыс аймақтарын қалдыруы мүмкін, алайда біз Ресей мен Қытайдың бірлескен әскери протекторатында өмір сүретін боламыз.

Тарих бізге өз жерін басқара алмаған кез-келген ұлт жойылып, оның орнына басқа бір ұлт келетіндігін көрсетіп келеді. Өз территориясын экономикалық қарым-қатынаста және жауынгерлік күресте қорғай алмайтын кез-келген ұлт ерте ме, кеш пе оған тиесілі жерге деген барлық құқықтан айырылады. Осыған ұқсас мысалдар біздің тарихымызда да және басқа мемлекеттердің тарихында да орын алды.

Осылайша 1920 жылы Ресей мен Қытай мемлекеттері Монғолия екі бөліп алды. 40 жыл бойына өмір сүрген соңғы тәуелсіз Тибет мемлекетін Қытай 1950 жылы басып алды. Соңғы тәуелсіз Ұйғыр мемлекеті де 1955 жылы Қытайдың боданына айналды. Егерде біз біздің мемлекетіміздің экономикасында ештеңені де өзгертпейтін болсақ, онда ерте ме, кеш пе бізде осындай халге душар боламыз.

Қорыта келгенде мынаны айтқымыз келеді: біздің болашағымыздың қандай болатындығын тек біздің өзіміз ғана шешеміз. Алайда өзгерістерді қазірден бастап жасау керек, олай болмаған жағдайда төбеге лақтырылған тас, ерте ме, кеш пе, төменге түсері анық.