KZ RU EN

Отбасы заңнамаларының қағидалары


1. Мүлікті бөліп иелену

Күйеуінің де, әйелінің де тек жеке меншік негізінде ие мүлкіне ғана құқықтары бар. Некеде бола тұра ерлі-зайыптылардың әрқайсысы екінші тараптың рұқсатын сұрамай-ақ, өзі қалағанындай мүлкін басқара алады – сату/сатып алу, сыйға беру, кепілдікке қою немесе т.б. Ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне тиесілі мүлікке немесе кіріске қатысты ешқандай құқығы жоқ.

Ажырасу барысында ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншік негізінде иеленген мүліктерін ерлі-зайыптылар арасында бөлектеуге болмайды. Бұл ереже ерлі-зайыптылардың некеде бірге иеленген мүлікке де қатысты. Ерлі-зайыптылардың екеуі де бір-бірінің мүлкіне таласа алмайды.

Сонымен қатар ерлі-зайыптылар біріге жеке меншік мүлік сатып ала алады. Бұндай жағдайда олардың әрқайсысының ортақ жеке меншік мүліктегі үлестік қатысулары көрсетулуі керек. Мысалы күйеуі мен әйелі бірігіп үй сатып алды. Бұл жағдайда «жылжымайтын мүлік иесі» деген бағанда өздерінің жеке үлестерін көрсетеді (өзара келісім бойынша). Мысалы, әйелі 80 пайыз, ал күйеуі 20 пайыз. Және ажырасу кезінде немесе ортақ мүлікті бөлісу кезінде, олардың әрқайсысы келісімшартта көрсетілген иелену үлесін алады. Егер күйеуі мен әйелі қаласа, онда екіжақты келісім бойынша дәл осы тәжірибені басқа да жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша қолдануға болады. (Бұл үшін сәйкес өзгертулер Азаматтық кодекске және басқа да заң немесе қосымша заңнамаларға енгізіледі).

Ажырасудың заңды негіздері:

Ерлі-зайыптының бірі опасыздық жасағандығы туралы сотта дәлелденсе, екіншісінің ажырасу туралы арыз жазуына құқығы бар және кінәлі тараптан тұрғылықты ауданнан 100 шаршы метр жылжымайтын мүліктің құнына тең айыппұл ала алады. Айыппұлды толыққанды өтемейінше опасыздық жасаған тараптың кез келген кірісі мен кез келген мүлкі айыппұл төлеуге жұмсалады.

Ерлі-зайыптының бірінің ішімдікке, нашақорлыққа, ойынға тәуелділігі дәлелденсе, екіншісінің еш айыппұл төлемей ажыраса алуына құқығы бар.

Ерлі-зайыптының бірі екіншісіне не балаларына қатысты зорлық-зомбылық көрсету немесе балаларына сексуалды зорлық көрсету фактісі сотта дәлелденген жағдайда, ерлі-зайыптының екіншісі біріншісіне еш айыппұл төлемей ажыраса алады.

Некедегі жұптың бірі бедеу екендігі сотта дәлелденсе, онда ұрпақ қалдыруға қабілетті жұбы біріншісіне еш айыппұл төлемей ажыраса алады.

Ерлі-зайыптының бірі сотталған болса, екіншісі ажырасуға арыз беріп, еш айыппұл төлемесе де болады.

Жоғарыда аталғандай ажырасудың негіздері болмаған жағдайда, неке тек ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана бұза алады. Егер «Ажырасудың заңды негіздері» болмай, ерлі-зайыптылардың бірі ажырасқысы келіп, ал екіншісі ажырасудан бас тартса, онда ажырасуды ұсынған тарап ажырасудан бас тартқан тарапқа тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұл төлеуі қажет. Айыппұл толыққанды өтелмейінше, неке бұзылмайды. йыппұл толыққанды өтелмейінше, неке бұзылмайды.

Опасыздық.

Жанұя дегеніміз әйелінің өз күйеуімен және күйеуінің өз әйелімен ғана ұйықтауы (төсектес болуы). Өзге жағдайлардың барлығы опасыздық деп танылып, қоғам тарапынан жазалануы керек. Жаза келесідегідей:

Сотта опасыздығы дәлелденген ерлі-зайыптының бірін екіншісі талап етсе ғана, ата-ана құқығынан айыру. Егер екінші тарап (кінәсіз тарап) бірінші тараптың (кінәлі тарап) ата-ана құқығынан ауыруды талап етпесе, онда опасыздық жасаған тарап ата-ана құқығынан айырылмайды.

Опасыздық жасаған жұбайды сабау. Қоғамдық орында 20 рет көтенінен сабау.

Опасыздық жасаған тарапқа айыппұл салу. Яғни, екінші тарапқа (кінәсіз тарапқа) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұл төлеу. Айыппұл толыққанды төленбейінше, опасыздық жасаған тараптың кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

«Ерлі-зайыптылардың ажырасуы барысында 13 жасқа дейінгі балалар үнсіз келісім бойынша әкесімен қалады» Заңы. Мұндай жағдайда әкесімен қалған балаларды қамтамасыз ету бойынша анасы ешқандай алимент төлемейді. 13 жастан асқан балалар ата-анасының қайсысымен қалатындығын өздері шешеді.

«Ерлі-зайыптылардың ажырасуы барысында 13 жасқа дейінгі балалар үнсіз келісім бойынша әкесімен қалады» Заңы жұмыс істемей, балаларына деген қамқоршылықты анасы (егер анасы осы нәрсені қаласа) алатынының шарттары келесідей:

Сотта әкесінің ішімдікке тәуелділігі дәлелденсе Сотта әкесінің нарақорлыққа тәуелділігі дәлелденсе Әкесі бұрын-соңды сотталған немесе қазіргі уақытта өз жазасын өтеуде болса Сотта әкесінің психикалық ауытқулары дәлелденсе Сотта балаларына қатысты зорлық-зомбылық көрсету немесе әкесінің өз балаларына деген сексуалды зорлау фактісі дәлелденсе Сотта әкесінің опасыздық жасағаны дәлелденсе. Мұндай жағдайда, әкесі анасына тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады. Сотта әкесінің құмар ойындарға тәуелділігі дәлелденсе Әкесі өз еркімен өз балаларын қамқорлығына алудан бас тартып, балаларға деген қамқорлықты анасына тапсырса. Әкесінің қамқорлықтан өз еркімен бас тартып, анасына тапсырған жағдайда, ол (әкесі) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

Сонымен қатар, өз еркімен балаларынан бас тартқан әкесі ай сайын анасына балаларды қамтамасыз ету мақсатында өзінің айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес, бірақ ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақыдан көп емес ақшасы анасына қамқорлыққа тапсырылған балалар санына көбейтілген ақша сомасын төлейді. Мысалы ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақы 1000 долларды құрап және әкесі 4 баласына деген қамқорлықтан бас тартып, анасына тапсырса, онда балаларды қамтамасыз ету бойынша жіберілетін минималды сома оның айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес болады. Ал максималды сомасы (егер оның айлық кірісі ірі соманы құраса) айына 4000 доллардан аспайды (4 бала * 1000 орташа жалақы)

Егер, анасы балаларына деген қамқорлықты өзіне алу мақсатында сотта 4.1.-4.7. пунктерінің бірін дәлелдесе, онда әкесі балаларды қамтамасыз ету бойынша ақша (алимент) төлеуге міндетті емес.

Ерлі-зайыптылардың ажырасқан жағдайда балаларды қамтамасыз ету.

Алименттер.

Сот шешімі бойынша балаларға қатысты қамқорлықты алған тарап балаларды өзі қамтамасыз етеді. Екінші тарап балаларды қамтамасыз ету бойынша ешқандай жәрдемақы (алименттер) төлеуге міндетті емес. Яғни, «Балалар менімен қалғанын қалаймын» деп айтқан ерлі-зайыптының бірі, сонымен қатар,сот оның жағына шықса, тек әкесі өзінің балаларына деген қамқорлықтан өз еркімен бас тартқан жағдайдан бөлек жағдайларда балаларды өзі қамтамасыз етуге және некенің екінші тарапынан қаржылық көмекке сүйенбеуге міндетті.

Әкесі өз еркімен өз балаларын қамқорлығына алудан бас тартып, балаларға деген қамқорлықты анасына тапсырса, ол (әкесі) тұрғылықты аудан бойынша 100 шаршы метр жылжымайтын мүлік құнына тең айыппұлды төлейді. Айыппұл толыққанды төленбейінше, әкесінің кез келген мүлкі және кез келген түсетін кірісі айыппұлды өтеуге жұмсалады.

Сонымен қатар, өз еркімен балаларынан бас тартқан әкесі ай сайын анасына балаларды қамтамасыз ету мақсатында өзінің айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес, бірақ ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақыдан көп емес ақшасы анасына қамқорлыққа тапсырылған балалар санына көбейтілген ақша сомасын төлейді. Мысалы ерлі-зайыптылардың тұрғылықты ауданындағы орташа жалақы 1000 долларды құрап және әкесі 4 баласына деген қамқорлықтан бас тартып, анасына тапсырса, онда балаларды қамтамасыз ету бойынша жіберілетін минималды сома оның айлық кірісінің 50 пайызынан кем емес болады. Ал максималды сомасы (егер оның айлық кірісі ірі соманы құраса) айына 4000 доллардан аспайды (4 бала * 1000 орташа жалақы).

Егер әкесі де анасы да өз балаларына деген қамқорлықтан бас тартып жатса, онда бұл жағдайда балалар мемелекет қамқорлығына өтеді. Ал анасы және әкесі ай сайын мемлекетке балаларды қамтамасыз ету бойынша алимент төлейді. Мұндай жағдайда алименттің көлемі ата-анасының әрқайсысының тұрғылықты ауданындағы орташа жалақының 50 пайызынан аса алмайды.

Ай сайынғы қамтамасыз ету (алимент) балалардың кәмелеттік жасқа дейін төленеді.