KZ RU EN

Пираттан Капиталиске



Бірінші бөлім. Пираттар.

Бүгінгі күні біздің қазақ қоғамы эволюциялық өзгеру табалдырығында тұр. Біз қазақ қоғамы деп Қазақстан азаматы болып табылатын түрлі этникалық топтардың барлық өкілдерін түсінеміз. Қазақ қоғамының алдында тұрған эволюциялық өзгеру өмірде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін анағұрлым тиімді мінез-құлық әдісінің ауысында болып табылады. Яғни жетістікке жетудің ескі мінез-құлық әдісінің орнына, жаңа әдіс келеді. Және алдағы 20 жылдың үзіндісінде қажетті білімдерді меңгеріп, осы жаңа әдіске бейімделе алған адам ғана қоғамда үздіксіз жүріп жатқан эволюциялық жарыстың жеңімпазы болады. Эволюциялық жарыстың ұтысы – байлықтың және жеке меншік территориялардың артуын білдіреді.

Қазіргі таңда адамдардың басым бөлігі өз өмірлерінің жетістіктерін материалдық игіліктерінің санымен өлшейді. Яғни қымбат көлігі бар адам арзан көліктің иесімен салыстырғанда анағұрлым сәттірек саналады. Зәулім үйдің иесі өзін шағын үйдің қожайынына қарағанда өмірде белгілі-бір жетістікке жеткен адам сезінеді. Әйгілі дизайнердің қымбат көйлегін киген әйел қарапайым киінген басқа әйелге көзінің астымен қарайды. Ірі капитал иесі онымен салыстырғанда аз капитал иелерінің алдында жетістіктің үлгісіне айналып, басқалардың қызғанышын тудырады. Және тағы басқадай...

Біз адам жетістігін негізінен ақшамен өлшеудің қаншалықты жақсы немесе жаман, дұрыс не бұрыс екенін сынға алмаймыз. Бұл мақаланың мәні басқада. Сондықтанда, адамды кінәраттайтын әдепке үйретушілер мен екіжүзділер бұл жерден одақтастарын таппайды. Біз адамзат қоғамын барлық артықшылықтары және кемшіліктерімен қоса жақсы көреміз және біз қоғамда қандар адамдар бар болса, солармен жұмыс жасаймыз.

Сонда да, әр адам үшін шынайы жетістіктің не екені туралы өз ойымызды түсіндірсек. Адам өмірдегі өз тағдырын, өзгелердің көзқарасымен қалыптасқан емес, ал өзінің нақты мақсатын түсініп және осы мақсатын жүзеге асыра бастаған кезде, шынайы жетістікке ие болады. Алайда адамзат осындай түсінік деңгейіне жете қойған жоқ, сондықтан да бүгінде адамдар әркімге тиесілі түрлі-түсті фактиктердің санымен өз жетістігін өлшеуде.

«Жақсыға» деген өздерінің түсініктерін күшпен тықпалайтын адамдар, сәбидің ойыншығын тартып алып, оған кванттық физика мен шекті теорияны (теория струн) меңгеруді мәжбүрлейтін санасыз ата-аналар іспеттес. Сәби кванттық механика мен жалпы салыстырмалық теорияны біріктіретін шекті теория неліктен ондық шамадағы кеңістікте ғана жұмыс істейтінін түсінбейді. Шындығында, біз Шу даласының өнімінен басқа ештеңе 10-дық өлшемдегі кеңістікті түсіндіре және елестете алуға көмектеспес деп ойлаймыз. Себебі, жалпы өмірде біз төрттік шамадағы кеңістікті ғана көре аламыз, олар биіктік, ұзындық, ен және уақыт.

Бүгінде адамзат түрлі-түсті фактиктердің саны ғана нағыз жетістік саналады деп түсінетін даму кезеңінде тұр. Адамдарға дамудың осы кезеңін аттап өтуді күштеу – оқиғаны асықтыру мен санасыз ата-ананың кейпіне кіруді білдіреді. Әдеп пен жүріс-тұрыстың өз қағидаларын күшпен міндеттеу ересек адам сәбиден чипсы мен кәмпитті тартып, олардың зиянды химиялық қоспалармен ГМО-дан тұратынын, кейіннен табиғи және пайдалы тағамдарды тұтынудың тиімділігін айтумен тең.

Әрине үлкеннен қорыққан сәби, оның нұсқауларын орындаған кейіп келтіреді, ал шын мәнінде ешкім көрмей тұрған кезде сол кәмпиттермен чипсыларды жей береді. Әр нәрсенің өз уақыты болады, сондықтан да асығыстық жасаудың қажеті жоқ. Сәбидің ерте ме, кеш пе өсіп, ересек адамға айналған кезде ағзаға қажетті дұрыс тамақтанудың пайдасын түсінетіндігі секілді, адамзатта ерте ме, кеш пе, өмірді дұрыс түсінудің деңгейіне дейін өседі.

Сондықтан да, бүгінгі әлемде адамдардың басым көпшілігінде жетістіктің мүліктік игілікпен саналатынын біз қалыптасқан нәрсе ретінде қабылдаймыз. Бізге адамдардың жетістікке жетуі үшін қандай мінез-құлық әдісін таңдағанын, басқа стратегиялармен салыстырғанда адамдардың көпшілігі қандай стратегияны мейлінше тиімді санағанын зерттеп қарап, анықтаған қызығырақ.
Біз бұл жерде тағы да мүліктік құндылықтарға жетудің осы немесе басқа стратегиясы қаншалықты әділетті және жақсы екенін қарастырмаймыз. Біз стратегия тиімділігін тек мүліктік игіліктерді алу мен көбейту тарапынан суреттейміз.

Адам әрқашанда мейлінше қақтығысы аз жолмен жүреді және энергиясын аз шығындап, үлкен нәтижеге жететін осы жол, бүкіл қоғамның жетістікке жетуінің негізгі жолына айналады. Жүріс-тұрыстың осындай әдісі барлық тірі табиғатта енгізілген, бүкіл тіршілік иелері мейлінше қарсылықсыз жолды таңдайды. Өзендегі суда мұхитқа жету үшін көптеген сансыз бұрылыстарды жасауға тура келсе де, анағұрлым кедергісіз жолмен жүреді.

Енді біздің қоғамымызды 1991 жылдан бастап қарастырайық. Бұл кезеңде мүліктік молшылыққа ие болу мен оны көбейтудің негізгі стратегиясы жеке адамдар арасында жалпыұлттық меншікті бөлу саналды. Және жеке адамдар деген түсінік тек қазіргі елбасының жанұясы мен достарына ғана тиесілі деп түсінбеген жөн. Жалпы бұрынғы КСРО-ның барлық мемлекеттері секілді біздің ұлт та, мүліктік игілікті алудың дәл осы стратегиясын таңдады. Яғни, президентте және ең соңғы қора сыпырушы да, жетістікке жету үшін бірдей стратегияны қолданған. Айырмашылық тек, әрбір жеке адамның өз пайдалануына алған мүліктік құндылықтардың мөлшерінде болды.

Жалпыұлттық меншікті бөлу туралы шешім қабылдау құқығын тікелей иеленген адамдар, сондай-ақ дәл осы сәтте олардың қастарында болған адамдар, өздеріне кен-орындары, зауыттар, порттар мен банктер секілді меншіктің ең ірі бөліктерін алу мүмкіндігіне ие болды. Шешім қабылдау орталықтарынан алыс орналасқан адамдар, сәйкесінше, азырақ ірі капиталды басқарды, олар меншігіне шаруа қожалықтарын, элеваторларды, шағын зауыттар мен транспорттық компанияларды алды. Меншікті бөлу бойынша шешім қабылдаудың келесі сатысында өз иеліктеріне шаштараздарды, дүкендерді, наубайханаларды, химиялық тазалау мен автошеберханаларды алған адамдар орналасты. Пирамиданың ең төменгі бөлігінде ештеңеге әсер ете алмайтын адамдар жайғасты, алайда олар да жер телімдері, жекешеліндірілген пәтерлер, сонымен қатар, түрлі ваучерлер мен жекешелендірілген купондар түріндегі меншіктің үзіндісін иеленді. Осы жалпыұлттық меншіктің барлығын адамдар тегін немесе толық құнын төлемей алды.

Адамдар көптеген жылдар бойына мемлекетке жұмыс істегені үшін осы пәтерлер мен басқада меншіктерді иеленді, сондықтан да меншікті бөлудің осындай үлгісін, меншік тегін таратылды деп атауға болмас деген сілтеме, ешқандай заңға сәйкес емес. Меншік қандай түрде болмасын, ол қоғамға тиесілі болды, ал кейіннен адам мысалы пәтерді жекешелендіру арқылы жылжымайтын мүлікті тегін не толық құнын төлемей өз меншігіне алды. Осы ғана маңызды болмақ.

Сондықтан ұлттың басым бөлігінің меншікті алуы тегін немесе оның толық құнын төлемеу арқылы жүргізілгенін тағыда қайталап өтеміз. Сондай-ақ, жер телімдері және жекешелендірілген ваучерлер түріндегі меншікті тегін алғаннан кейін, халықтың көп бөлігі осы жаңадан алған меншіктерімен көп ұзамай қоштасуға тура келгені де маңызды емес. Осындай жағдай меншіктің өздігінен еш кіріс алып келмейтіндігіне байланысты болды. Себебі, меншік құралы белгілі-бір табыс әкелуі үшін, оны шаруашылық қызметте қолдану қажет. Көптеген адамдар үшін, олардың алған жер телімдері қандай-да бір табыс алуға мүмкіндік бермеді, себебі оларда техника сатып алу мен жерге егін егу, оны жинау үшін қажетті қосымша қаражат болмады. Ал халықтың қолына алған жекешелендірілген купондары тек бір адамның қолында шоғырланған жағдайда ғана кәсіпорынды бақылау мүмкіндігін беретін еді. Сондықтан да, өздерінің тамақ пен басқа заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, көпшілігі осы тегін алған жалпыұлттық меншікті сатуға мәжбүр болды.

Көріп отырғанымыздай, халықтың басым бөлігі әл-ауқаттарын, қоғамдық меншіктің бұрынғы нысандарын жеке меншікке алу есебінен арттыру стратегиясын таңдады. Жеке байлықты алудың осындай стратегиясын, біз шартты түрде, «пират» стратегиясы деп атаймыз.

Яғни, ешкіммен және ешқалай қорғалмаған меншікті көрген адамдар, пираттар секілді талапайлап, иелене бастады. Және, әлбетте, пираттарда қабылданғандай кеме капитаны үлкен тілімді, оның қол астындағылар кішкене тілімді иеленді, ал команданың басқа мүшелеріне осылардан қалған бөлік тиесілі болды. Кейбір адамдар, топтан шектеніп, басқа кемелерге үнемі шабуыл жасай отыра, пираттық өнерді өздерінің кәсібі етіп алды. Аталмыш жағдайда, басқа адамдарға тиесілі меншікті тартып алу мәселесі қозғалуда. Мұндай әрекеттер рейдерлік деп атала бастады және ол мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін адамдардың тарапынан секілді, жеке адамдардың тарапынан да байқала бастады. Осы жерге сол кездері пайда болған үлкен көлемдегі рэкеттермен бандиттік топтарда жатады.

Әл-ауқаттарын арттырудың басқа стратегиясын пайдаланған адамдар саны аз болды, сондықтан да олардың әрекеттері қоғамдық жағдайға ешқалай әсере ете алмады. Мысалы, бұл өз еңбегімен бастапқы деңгейден зауыттар, компаниялар мен дүкендерді құру стартегиясы болды. Алайда мұндай стратегия көп уақыт пен энергияны талап еткендіктен, көпшілігіне бастпақы деңгейден еңбек еткенше, дайын тұрған дүкенді өз меншігіне айналдыру тиімдірек және ыңғайлырақ болды. Яғни, үлкен жетістікке жету үшін энергия, уақыт, ақша шығындарын аз көлемде жұмсау себебіне байланысты, «пират» стратегиясына көшбасшылық орын беріліп, ол қоғамдағы басқа стратегиялардан басым болды.

Сонымен, 1991 жылмен 2002 жылдар аралығында (шекара шартты түрде алынған), жеке әл-ауқаттылықты анағұрлым тиімді қалыптастыру мен арттыруды қамтамасыз еткен стратегия, «пират» стратегиясы болып табылды. Осы уақытта адамдардың ересек буындарының көпшілігі «пират» стратегиясын пайдалана отыра, өз меншіктеріне не бұрынғы мемлекеттік меншікті, не бір-бірінің меншігін тартып алды (көп көлемдегі бандиттік топтардың пайда болуы). Сәйкесінше, көптеген белсенді адамдар, еңбектеніп, жаңа нәрсе жасаудың орнына, керісінше энергияларын басқаның мүлкін басып алуға бағыттады.
Және осы кезеңде саналы өмірге бастау алған барлық жас буын ең тиімді стратегия, бұл «пират» стратегиясы екен деп түсінді. Осылайша жылдан-жылға ұлтта өз еңбегімен қосымша құнды жасау қабілеті жойыла бастады. Ал жас буында мұндай қабілеттер мүлдем қалыптаспаған, себебі адамзат қоғамындағы табиғи іріктеу мұндай машықты күнделікті әдеттен ығыстыра берді.

Бұның барлығы тауар мен қызмет өнімдерін шығарудың нақты көлеміне бірден әсер етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өнімдерді шығару көлемі бірден төмендеп кетті. Бұл әбден қалыпты нәрсе, себебі қоғамның ең белсенді мүшелерінің ойлары жаңадан бір нәрсе жасап шығару мен өнімді жақсартуда емес, ал меншікті тартып алуда болды. Осы кезде өндірістің құлдырауымен бірге жеке меншіктің арту бейнесі орын алды.

Жоғарыда айтылған процесстің басты қорытындысы келесідей. Адамдардың әл-ауқатының артуы мемлекеттік меншік пен басқа адамдар меншігін тартып алу есебінен жүргізілді. Қосымша капиталды өз еңбегімен жасау қабілеті, адамзат қоғамындағы табиғи іріктеу негізінде ығыстырылды. Жас буын «мүліктік игіліктерді алу үшін жұмыс істемей, «пират» стратегиясын пайдалану қажет», деген оймен ересек, саналы өмірге нық қадам басты. Осының нәтижесі, ұлттың тауар шығару мен технологияны жетілдіру қабілетінің жойылуына әкелді.

Екінші бөлім. Алыпсатар, Қан сорғыш және Феодал.

Келесі қарастырылатын 2002 мен 2009 жылдар, жеке әл-ауқатты көбейтудің жаңадан үш стратегиясы өз күштеріне енген кезеңді қамтиды.

Осы жаңа үш стратегияның барлығы америка үкіметінің саяси-экономикалық жағдайымен байланысты болды. Ол келесідей болған еді: АҚШ үкіметі тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұру мен өз мемлекетінде депрессия болдырмас үшін, арзан несиеге негізделген ақшаларды экономикаға енгізу саясатын жүргізе бастады. Бұл саясат әлемдік экономикада барлық активтер бағасының өсуіне алып келген, жаһандық өзгеріске ұласты. Яғни, еш білінбейтін себептерге байланысты үй, жер, зауыт пен кен-орындары, барлық шикізат тауарларына және т.б. деген баға бірден көтеріле бастады. Бұл жағдай ақша көлемінің, тауар көлеміне қарағанда анағұрлым көбейіп кеткендіктен орын алды, яғни инфляция болды. Алайда пайда болған инфляция активтер нарығында орын алып, ал тұтынушылық тауарлар нарығына өте қоймады. Бұл автокөлік, киім, азық-түлік, жиһаз, электорника және т.б. тауарларға деген баға, бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлікке қарағанда баяу өсті дегенді көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл әлемдегі кез келген адам бағалы қағаз немесе жылжымайтын мүлік түріндегі активті сатып алып, кейіннен осы активті сатып, алынған ақшаға алдыңғы жылдан да көп тұтынушылық тауарларды сатып алады дегенді білдіреді.

Жағдайдың осындай көрінісі, мүліктік игілікті алудың жаңа стратегиясын пайдаланатын өкілдер санының жылдам өсуіне әкелді. Бұл стратегия «Алыпсатар» стратегиясы деп аталды. Біздің мемлекетіміздегі адамдар бүкіл әлем адамдары секілді қандай да жер, жылжымайтын мүлік, акция, компания активтерін сатып алып, кейіннен кішкене күте отыра, оны жоғары бағада сату арқылы пайда табуға болатынын бірден түсінді. «Алыпсатар» стратегиясы қажет еткен қарапайымдылық пен аз күш жұмсау тәсілі, қысқа уақыттың ішінде «Пират» стратегиясынан басып озуға жол ашты. Осы кезде тартып алуға қызықтырақ болған меншікті активтердің барлығы дерлік жеке адамдардың қолдарында шоғырланды және осыдан барып, «Пират» стратегиясы ақырындап өз күшін жоя бастады. Меншікті оның қазіргі жекеменшік иесінен тартып алу, анағұрлым қиын болып, көп энергияны талап еткен іс болды. Меншікті иесінен айыру мен тартып алған игілікті сақтап қалу үшін өте көп ресурс жұмсау қажет болды. Және осындай операциялардан түскен пайда күрт төмендеп кетті. Жеке меншік иелері өз меншіктерін қызығушылықпен қорғай бастады. Олар мемлекеттік органдардан одақтастарын жинап, сотпен байланысты күшейтті, сонымен қатар жеке сақтық, қауіпсіздік құрылымын жетілдірді. Осы себептерге байланысты, олардың меншіктерін тартып алу қиынға соқты. Сондай-ақ, қорғанған меншік иелері шабуыл жасаған пираттарға өмірлік соққы бере бастады. Пират стратегиясын қолданған адамдарды ұстап, оларды мемлекеттік органдардың көмегімен жазалады. Осылайша бірқалыпты, алайда ырыққа көнбейтін пират стратегиясы, рэкетир және бандиттермен қоса жоғалу жағдайына беттеді.

«Пират» стратегиясына қарама-қарсы «Алыпсатар» стратегиясы энергияның көп көлемде шығындалуын қажет етпеді, есесіне өте жақсы табыс әкелді. Сол себепті, уақыт өте келе, «Алыпсатар» стратегиясы тиімділігі бойынша барлық, соның ішінде «пират» стртегиясын да басып озды.

Тіпті нарықта алыпсатармен емес, ал түрлі тауарларды өндіру немесе сату арқылы ақша тапқан компаниялар да, «Алыпсатар» стратегиясы таратқан әсерлі соққы толқынынан қайран қалды. Себебі, активтерге деген бағаның өсуіне алып келген арзан ақша, көптеген жаңа бизнестер мен жобаларды құрудың көзіне айналды. Осы жаңадан құрылған компаниялар адамдарды жұмысқа алып, оларға ақша төледі, сәйкесінше экономикадағы жалпы төлемқабілеттілік сұраныс артты. Сондықтан да, іс-жүзінде кез келген тауар өзінің сатып алушысын тауып, өндірілген тауарлар дүкен сөрелерінен бірден азайып отырды. Мұның барлығы өндірістік компаниялардың да жеңіл ақша тауып, өз шығындарының есебін жоғалуына әкелді. Олар өндірістік емес шығындарды арттыра бастады. Мысалы, кеңселеріндегі жиһаздарды ауыстырып, сәнді кеңселерді тұрғызды немесе жалға алды және корпоративті шаралар мен отырыстар секілді керексіз шығындарды өтей бастады. Сонымен қатар, компания кірісін арттырмайтын адамдарды жұмысқа көптеп ала бастады, бұл өз кезегінде компания табысының орнына, оның шығынын шарықтатты. Бұл жерде жұмысқа алынған хатшы, жүргізуші және күзетші секілді компания иелеріне қызмет көрсететіндер сипатталып отыр.

Сондай-ақ, сатып алынатын активтердің қазіргі беретін ақшалай кірістерінің негізінде емес, ал активтер құнының болашақта өсу мүмкіндігіне сәйкес, компаниялар көтеріңкі баға бойынша көптеген инвестицияларды жасай бастады. Басқа компанияларды сатып алу немесе келешегі жоқ салаларды дамыту бойынша жасалынған осы шаралардың барлығы өз кезегінде үлкен шығын мен осы жерге салынған қаражаттардың жойылуына әкелді. Алайда бұл жағдай алыпсатарлық өсімнің қоғамға түгелдей жайылғанынан кейін орын алды. Және осы жайраңдаған жалпылама «Алыпсатар» стратегиясы тиімділігі бойынша барлық басқа стратегиялардан озық болды.

«Пират» стретегиясы секілді «Алыпсатар» стратегиясы да, адамдардың жұмыс істеу қабілеті мен өз еңбегімен қосымша құн жасау дағдысын талап етпеді. Бұл стратегия өндіріс тиімділігі мен сапалы тауар жасау күресін қажетсінбеді. Ол өндіріс шығынын бақылап, сату тиімділігін көтеруге де мән бермеді. Қоғамдағы табиғи іріктеу, сәйкесінше, тағы да өндіріс орындарын құру қабілетін, жаңа өнімді жасау мен дамыту генін жойып жіберді.
Біз нақты өндіріспен айналысатын адамдар мүлдем жойылып кетті деп айтып жатпағанымызды, тағы да бір рет қайталаймыз, біз мүлікті ауқаттылықты құру үшін нақты өндірістің тиімділігі бойынша алыпсатардан жеңілгенін айтып отырмыз, сондықтан да көптеген адамдар өз әл-ауқатын жаңа тауар жасау немесе бар тауарды жетілдіру қабілеті арқылы арттыруға қызығушылық танытпады. Шындығында да, егер қандай да бір активті сатып алып, кішкене уақыт өте келе оны жоғары пайдамен сатуға мүмкіндік болған болса, онда неліктен тауар сапасын жақсартуға, клиенттерге қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға, жаңа тауар түрін өңдеу үшін инвестиция құюға энергия жіберудің қажеттілігі бар еді?!

Енді жеке әл-ауқаттылықты көтерудің екінші табысты стратегиясы, «Феодал» стратегиясын қарастырайық. Бұл заңмен мемлекеттік қызметті құралы ретінде пайдаланып, мемлекетпен азаматтардың арасында бар саланы өзіне тартып алып, ұстап тұру стратегиясы. Бұл салалар өзіне рұқсат немесе лизенция беруді кіріктірді. Бұл мемлекеттік сатып алуларды қаржыландыру кезінде мемлекеттік ақшаны бөлу, сондай-ақ, мемлекет қаржыландыратын құрылыс нысандарына ақша бөлу шешімі болды. Бұл адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе тартпау шешімі болды. Бұл адамды сотта айыптау немесе айыптамау шешімі де болар еді. Бұл адамдар арасындағы күнделікті айтыста жеңісті немесе жеңілісті беру шешімі болды. Яғни, қолданыстағы заң мен құқықтық тәжірибе, мемлекеттік қызметте отырған адамға осы немесе басқа адамның дұрыс не бұрыс іс жасағанын шешуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік қызметкер оған заңмен берілген құқықты табыс табу мен өзінің мүліктік игілігін құрудың құралы ретінде пайдалана бастады. Өз қызығушылығының аясында пайдалану үшін жоғарыда тұрған патшасынан рұқсат алу арқылы ақшаны иеленетін мемлекеттік қызметкер ортағасырлық феодалға айналды. Яғни «Феодал» стратегиясы ел азаматтарынан феодалды рента алуда болып табылды.

«Алыпсатар» стратегиясымен салыстырғанда «Феодал» стратегиясы анағұлым ауыр болып, оны қолданған адамнан көп энергияны талап етті. Феодал стратегиясын пайдалану үшін мемлекеттік қызметте қандай да бір лауазымды иеленуі қажет еді. «Феодал» стратегиясын пайдаланған адам белгілі-бір басқыншылықты және альфа-көшбасшылардың басқа да мінездерін игеруі тиіс. Ол өз үлесін басқа феодалдардың жабуылдарынан қорғау үшін тартысқа түсуге әрқашанда дайын болуы қажет. Сонымен бірге, одан үнемі жоғарыда тұрған феодалдың талаптарын орындап, жоғарыда тұрған феодалға жағымпаздануы талап етілді. Осы қиындықтардың барлығы «Феодал» стратегиясын «Алыпсатар» стратегиясымен салыстырғанда, анағұрлым тартымсыз және қоғам арасында аз қолданылатын күйге әкелді.

Жекеменшікті ұлғайтудың келесі басымдылыққа ие стратегиясы, «Қан сорғыш» стратегиясы болды. Ол қандай да бір қоғамдық қатынастың бір бөлігін бақылайтын мықты серіктес тауып, кейіннен осы әріптесінің көңілінен шығатын түрлі қылықтардың ағымы арқылы, қоғамда бар ресурстарды иеленуге мүмкіндік алу жағдайын сипаттайды. Кейін ресурсқа кіру рұқсатын алған «Қан сорғыш» ресурсты ішіп, жеп тауысатындығы соншалықты, кейде бұл ресурстан түк қалмайтын. «Қан сорғыш-ресурс» жүйесінің мысалы ретінде түрлі бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін, сонымен бірге еліміздің тұтастай мұнай және тау-кен өндіру саласын алуға болады. Қан сорғыштар феодалдарды паналай отырып, мемлекеттік бюджетті ішіп, тауысты және тендердің бағасын көтеру, сондай-ақ бюжетті тонау арқылы олар жеке әл-ауқаттарын және осы ресурстарға рұқсат берген феодалдардың да байлығын ұлғайтты.

Түрлі тендерлерге түсу мүмкіндігін алған қан сорғыштың өздері ештеңе істемеді. Олар тек байқауда жеңіп, өздеріне тиесілі ақшаны алды, ал іс-жүзінде олар үшін жұмыстың барлығын қосалқы мердігерлік жұмысты атқарған басқа компаниялар жасады. Мемлекеттік бюджетте кішкентай және орташа «қан сорғыштар» пайда болды. Ал ең ірі қан сорғыштар еліміздің шикізат саласында жинақталды.

Біз осы кезеңде басымдылыққа ие болған осы үш стратегияның барлығы да, өз еңбегімен жаңадан нәрсе жасап шығаруға, шығарған өнімді жетілдіру мен ресурсты жұмсау тиімділігі үшін күреске түсу қабілетін жетілдіруге қызығушылық танытпағанын көріп отырмыз. Бұл қоғамдағы табиғи іріктеу тағы да «өндірістік генді» жойып, керісінше «қан сорғыш генінің» үстемділігін марапаттайтынын көрсетіп отыр. Тағыда қайталап айтамыз, бұл қоғамымызда өндірістік еңбекпен ешкім де айналыспады дегенді білдірмейді, бұл өндірістік стратегияның тиімділігі бойынша «Алыпсатар», «Феодал» және «Қан сорғыш» стратегиясынан жеңіліп, сәйкесінше жоғалуға кеткенін көрсетеді.

Бірақ, кейіннен 2009 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде жалпы экономиканың құлдырауына байлынысты, «Алыпсатар» стратегиясы жұмыс істеуін тоқтата бастады. Активтердің бағасы бұрынғыдай жылдан жылға қымбаттаған жоқ. Енді қандай да бір жылжымайтын мүлік немесе акция сатып алып, бір жылдан соң оны жүз пайыздық пайдамен қайта сату мүмкін емес болды. Экономика және өмір «Алыпсатар» стратегиясына жойқын соққы жасады. Алайда алыпсатарлар әлбетте толығымен жойылған жоқ. Олар әрине активті бір бағада сатып алып, біраз уақыттан кейін оны жақсы пайда әкелетін бағада сататын нарықтарды іздестіруге тырысты. Алайда мұндай нарықтар әр қадам сайын біртіндеп азая берді, сонымен қатар әрбір жүргізілген операциядан кейін пайда да төмендеп отырды.

Енді тиімділігі бойынша, іс-жүзінде бір-біріне дес бермейтін, «Феодал» мен «Қан сорғыш» стратегиясы алғашқы орынға шықты. Сәйкесінше, саналы өмірге бастау алған белсенді адамдардың барлығы «Феодал» стратегиясын пайдала отырып, қоғамдық қатынас пен мемлекеттік бюджеттің бір бөлігін өз меншігіне алуға мүмкіндік алатын мемлекеттік қызметке баруды ұйғарды. Не болмаса, «Қан сорғыш» стратегиясын пайдала отырып, мемлекеттік бюджет пен шикізат секторын ашкөздене қадала сору жолын дұрыс деп шешті.

Белсенді адамдары жетістікке жетудің өндірістік емес стратегиясын пайдаланатын ұлттың, болашағы жоқ. Алайда адамдар, мейлінше тиімділігі жоғары өндірістік емес стратегия қырылуға әкелсе де, одан бас тартып, тиімділігі төмен өндірістік стратегияға өздерінің жеке еріктерімен бармайтынын түсінген жөн.

Үшінші бөлім. Капиталистің туылуы.
Біздің тарихымыздың осы сәтіне дейін байлықты жасаудың ешбір өндірістік стратегиясы тиімділігі бойынша «Пират», «Алыпсатар» немесе «Қан сорғыш» секілді өндірістік емес стратегияларды басып оза алмағаны мәлім болды. Нәтижесінде, ескі буын өздерінің өндірістік қабілеттерін жоғалтып, ал жас буын осы қабілеттерді иелене алмады. Өндірістік еңбекке негізделе отырып, өз жетістігін құру, біздің қоғамымызда ұятты, беделсіз және тиімсіз санала бастады. Жағдайдың осылай орын алуы, біздің ұлт ретінде жұмыс істеуге ынтамыздың төмендеуіне әкелді. Сондай-ақ, өздерін «ұлтшыл-патриот» деп атайтын кейбір жалқаулар мен сандыбайлардың аузынан қазақтардың беделі азырақ даяшы, қара жұмысшы немесе жанар-жағармай орындарында жұмыс істеуін доғарсын деген сөздер естіле бастады. Яғни, өндірістік еңбек тиімділігі бойынша өндірістік емес еңбектен жеңіліп қана қоймай, сонымен қатар біздің қоғамымызда психологиялық соққыға тап бола бастады. Алайда уақыт бір жерде тоқтап тұрмайды, сонымен бірге жетістікке жету стратегиясындағы өзгерістер де жалғаса береді және болашақтада жалғаса беретін болады.
Мысалы, бүгінде «Феодал» стратегиясының құлдырай бастағандығы байқалуда. Бұл бас феодалдың ойын ережесін өзгерте бастауының себебінен, басқа феодалдар қызмет ететін ортаның өзгере бастауында болып табылады. Бүгінгі шенеуніктердің ақша әкелетін қандай да бір мемлекетпен азаматтардың арасындағы саланы басып алу мен сақтап тұруға күші жетпейді. Бір жағынан, қоғам ақырындап, өз құқықтарын қорғауға үйреніп келеді, сондықтан да бүгінде феодал еш жазасыз пара ала алмаудың алдында тұр. Екінші жағынан, осындай жүйеден феодалдарда жапа шегеді. Олар да үнемі пара беруге міндеттеуден және иеленген меншігін жоғалтып алудан қорқады, себебі олардың мүлкін тартып алғысы келетін, қандай да бір басқа феодал, уақыттың осы бірлігінде мықтырақ болып қалуы әбден мүмкін. Феодалдардың бір-біріне жүргізетін соғыстары, олардың өзара әлсіреулеріне алып келеді (мемлекеттегі тексеретін және бақылау функцияларының төмендеуі), ал кейде жеңілген феодалдарды қырып-жоюға дейін ұласады (Р. Әлиев, В. Храпунов мысалында). Алайда ең басты феодалдың қалған феодалдар билігін тұтастай шектеп, сонымен қатар мемлекеттік ақшаны тонағандары үшін оларға жазалау шараларын қолдана бастағандығы басты себеп болып табылады. Әрине жазалау бас феодалдың өзін жеке тонайтындардан басқа, оның маңайындағыларға көрсетілмейді, бірақта басқа феодалдар парамен мемлекеттік қаражатты тонау арқылы ұстанылса, өте ауыр, әсерлі соққыларға тап болады. Сондай-ақ, бұл соққылардың қатты болатындығы соншалықты, тіпті қолға түскен феодалдан түк қалмауы да мүмкін. Бұл тонаушылық жасаған феодалды биліктен шеттетуді, сонымен қатар әрі қарай жазалау үшін оған қылмыстық іс қозғалатындығын білдіреді.
Сондықтан да, қалған феодалдар өздерінің бұрынғы стратегияларын «Қан сорғыш» стратегиясына ұқсайтын түрге өзгертуге мәжбүр болады. Яғни, ең ірі феодалдан қолдау таппаған феодалдар қан сорғыш күйіне ене бастайды. Және бөтеннің меншігі немесе бюджет ақшасын орасан күшпен тартып алудың орнына, олар енді бәліштің кішкене тілімін алуға құқық пен мүмкіндік беретін қалған шынайы феодалдарға жағымпаздана отырып, өздерін қан сорғыштар секілді танытады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы «Феодал» стратегиясын жойылуға дейін итермелейді.
Жақын болашақта болатын ең басты өзгеріс, ол біздің қоғамымыздағы өндірістік стратегияның тиімділігі бойынша өндірістік емес стратегияларды басып оза бастауында болып табылады. Қоғамда, осыдан көп жыл бұрындағыдай, өндірістік еңбек беделді және абыройлы іс саналатын болады. Осы кезде алғашқы орындарға тиімділігі бойынша «Капиталист» стратегиясы және «Инвестор» стратегиясы шығатын болады. Ал осы стратегияларды басқалардан бірінші болып пайдаланған адамдар өмірде жетістікке жетеді. Жаңа екі стратегия тиімділігі бойынша «Пират» және «Алыпсатар» стратегияларын басып озады. Ал «Феодал» мен «Қан сорғыш» стратегияларынан осы жаңа екі стратегия белгілі бір уақытқа дейін қалатын болады, алайда ерте ме, кеш пе бұл жаңа стратегиялар басып озып, жетістікке жетеді.
Енді осы екі стратегияның мәнін және неліктен осылар біздің ескі таныстарымызға қарағанда табыстырақ болатынын қарастырайық. Осы жерде мына нәрсені нақтылап өтсек: бұл стартегияларды жаңа деп атаған кезде, біз осы стратегиялардың біздің қоғамымызда бұрындары болмағанын меңзеп тұрғанымыз жоқ, біз тек осы уақытқа дейін олар қоғамда ең тиімді стратегия ретінде танылмағандығын айтып отырмыз.
«Инвестор» стратегиясы, бұл халыққа тауарлар мен қызметтерді өндіретін компанияларға капитал құю арқылы жеке мүліктік әл-ауқаттылықтарын көтеретін өндірістік емес стратегия. Алайда алыпсатармен салыстырғанда инвестор табысты осы компаниялардағы өзінің үлесін сату арқылы таппайды. Инвестор табысы, компанияның халыққа тауар сатуынан түскен табыстың бір бөлігімен қалыптасады. Инвестор алыпсатарға қарағанда, сапалы тауар шығаруға және жаңа өңдеу істерін дамыту үшін салым салуға қызығушылық танытады. Ал алыпсатар болса керісінше, жаңа жұмыстарға құятын салымдарды азайтуға мүдделі, себебі мұндай шығындарды азайту, компанияның ағымдық пайдасын бірден көтереді және өз кезегінде бұл компания акциясы бағасының өсуіне әкеледі. Осылардың барлығы алыпсатарға сатып алған акциясын тез сатып, пайда алуға мүмкіндік береді. Ал жаңа жұмыс орындарын ашу мен тауарды жетілдіруге қатысты шығындардың қысқаруы әсерінен компанияның өз клиенттерін жоғалтып, нарықтық үлесін азайтуы, кейіннен банктроттыққа ұшырауы да, алыпсатарды еш алаңдатпайды, себебі ол бұл компанияның акциясын әлдеқашан сатып, жоғары пайдасын көріп үлгерген болатын.
Қазақстанның алдағы 20 жылдағы экономикалық жағдай, «Алыпсатар» стратегиясына қолайлы бола қоймайды, себебі нарықтардың үлкен өсуінің жоқтығы орын алмақ. Бұл мұнай бағасының бірден жоғарыға көтерілмейтіндігіне байланысты болады. Басқа жағынан, мұнай бағасының ұзақ уақыт бойына төмендеп тұруы да, экономикалық тәуекел болып табылмайды, себебі АҚШ саясаты мұнайға деген бағаны баррельіне 70-тен 120 долларға дейінгі аралық дәлізінде ұстап тұруға бағытталған. Қазақстан үшін жақын болашақта туып тұрған экономикалық тәуекел биліктің ауысуына байлынысты туындайтын саяси бассыздық пен Алматы қаласындағы ауыр жер сілкінісі болмақ.
«Алыпсатар» стратегиясы аман қалу үшін нарықтағы активтер жылына кем дегенде 25 пайызға өсіп отыруы тиіс. Егер нарық тек 1 пайызға өскен жағдайда не болатындығын қарап көрейік. Алыпсатар қандайда бір активке 100 000 доллар салды, ал бір жылдан кейін осы актив 1 пайызға өсті делік, енді оның құны 101 000 долларды құрады. Сәйкесінше, алыпсатар тек 1 000 доллар пайда табады және осы ақшаға бір жыл өмір сүруі тиіс болады. Яғни оның айлық шығыны 86 долларды құрайды (1000/12 ай). Көріп отыранымыздай, мұндай адам өте кедей өмір сүретін болады, ал өзінің негізгі жүз мыңын жұмсай алмайды, себебі жұмсаған жағдайда оның жеке капиталы қысқарады және ол табыстың орнына, тек шығынға ұшырайтын болады.
Сондықтан да, нарықтағы кез келген нысанның бағасы болашақта оның бағасының қаншалықты өсуі мүмкін дегенмен емес, ал осы нысанның өз меншік иесіне қаншалықты максималды ақша көлемін беруі мүмкін деген нәрсемен анықталатын болады. Жоғары бағадағы нысандар сатылмай қала береді. Жылжымайтын мүлікте тек шарты метр бағасының өсуіне үміттене отырып, ақша жасау мүмкін емеске айналады. Яғни шаршы метрін 1 000 долларға сатып алып, кейін бір жыл күтіп, шаршы метрін 1 500 долларға сата алмайды. Шаршы метр бағасы (жылжымайтын мүлікті белгілі бір қалыпта ұстап тұруға кеткен шығыннан кейін қалған таза табыс) сөзсіз өседі, алайда бұл өсім депозит бойынша табыс табу, яғни 7-10 пайыз шамасында ғана қалады. Сәйкесінше, жылжымайтын мүлік сатып алатындар, онымен не істеу қажет екенін, ал нақтырақ айтсақ, қалайша жылжымайтын мүлікті тиімді ақша ағымы көзі ретінде жасауға болатынын түсінуі қажет. Сондай-ақ, қазір жылжымайтын мүлік сатып алатындар жақсы пайда табу үшін кем дегенде 7 жыл бойына осы іспен айналысуы керек, сәйкесінше олар Қазақстандағы биліктің ауысуы секілді саяси тәуекелділікті өз мойындарына алады.
Сондықтан да, «Алыпсатар» стратегиясы бірден тез құлдырауға ұшырап, оның орнына «Инвестор» стратегиясы келеді. Алыпсатармен салыстырғанда инвестор нысан құнының өсуі арқылы емес, ал нысан әкелетін ақша арқылы табыс табатынын еске сала кетейік. Инвесторлар оларға тиесілі компания шығаратын тауар сапасының жақсаруына ынталы. Сонымен қатар, олар өздерінің компаниялары бәсекелестерден артта қалмау үшін, жаңа жұмыс орындарына үнемі салым салуға да қызығушылық танытады. Инвесторлар әрқашанда олардың бақылауындағы компанияларда өндірістік шығындарды тиімді төмендете және шығаратын тауар сапасын үнемі жақсартып отыра алатын кәсіби мамандардың жұмыс жасауын талап етеді. Инвесторлар бақылауындағы компанияларға білікті мамандардың келуіне себепші болады, ал егерде нарықта мұндай мамандар болмаса, онда инвесторлар ештеңе білмейтін жас маманды жұмысқа алып, оларды өз ісінің шебері етіп дайындайды.
Өндірістік емес «Инвестор» стратегиясымен пара-пар нарыққа басымдылыққа ие келесі «Капиталист» стратегиясы шыға бастайды. Бұл стратегия, өзінің жеке мүліктік игілігін адамдарға қажетті тауарлар мен қызметтерді жасау арқылы арттыруға қол жеткізетін өндірістік стратегия. Адамдар шығарылатын тауар сапасы үшін күресіп, қымбат кеңселер мен үлкен әдемі көлік секілді табыс әкелмейтін заттарға деген шығынды қысқарта бастайды. Табысты арттырмайтын хатшы, көмекші, күзетші, жеке көлік жүргізуші секілді, тек компания қожайынының атаққұмарлығы үшін қызмет ететін персоналдар қысқара бастайды.
Адамдар жалдамалы қызметкерлерінен нәтижелі жұмысты талап ете бастайды. Егер бұрындары жұмыс орынында 9.00-ден 18.00-ге дейін отырғаны үшін жалақы төленетін болса, енді жұмыс берушілер әр қызметкердің тиімділігі мен нәтижелілігіне баса назар аударатын болады. Жұмыс сапасын жақсартуда, тендерлерде, мемлекет тарапынан келген мектеп, аурухана және жолдар құрылысы тапсырысын орындауда күрес басталатын болады. Адамдар кеңсе скрепкасынан сауда орындары мен жез, мұнай өндіру технологияларына дейін, яғни қолда бар ресурстарға мейлінше жауапкершілікпен қарауды талап ете бастайды.
Тағыда ескере кетсек, осы біз атағандардың барлығы бұрындары болмады дегенді білдірмейді, тек бұрындары осы нәрселер байлықты құру мен сақтауда маңызға ие болмаған. Бұрындары ресурстардың тиімсіз бөлінуіне мүмкіндік бере отырып, өз байлығыңды тез құрып алуға болатын еді. Ал бүгінде жеңімпаздарды жеңілгіштерден ажырататын нәрселер, ол қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, қажетсіз шығындарды шектеу және тауар сапасын жақсарту болып табылмақ.
Біздің қоғамымызда басымдылыққа ие болатын екінші өндірістік стратегия «Кәсіпқой» стратегиясы болмақ. Түрлі компаниялардың меншік иелері пайдаланатын «Капиталист» стратегиясынан айырмашылығы, осы стратегияны қатаң түрде маманданған іспен шұғылданатын адамдардың пайдалануында. Бұған дәрігерлер, қорғаушылар, сантехниктер, дәнекерлеушілер, тас қашағыштар, программистер және т.б. жатады. Бұл адамдардың барлығы жеке әл-ауқатын өндірістік еңбекті пайдалана отырып, арттыру стратегиясын таңдаған.
Әдемі дипломдарды иеленген және туыстық қарым-қатынастан басқа ештеңеге қол жеткізе алмайтын адамдар емес, ал өз ісінің шынайы білікті маманы болғандар ғана бағаланатынын түсіну қажет. Сағат тілі 18.00 болғанын күтіп, үйлеріне асығып, теледидар алдында жатуды армандайтын адам емес, ал өз ісіне жан тәнімен берілген адам құрметтеледі. Бастаған ісінің аяқсыз қалу себептерін әдемі баяндап, үнемі объективті жағдайларды сылтау ететін адам емес, ал бастаған ісін соңына дейін жеткізетін адамдар бағаланатын болады.
Өндірістік емес «Қан сорғыш» стратегиясына қатысты айтар болсақ, ол барлық өндірістік емес стратегиялардың арасындағы ең көбірек өмір сүргіш стратегия болып табылады. Алдымен «Қан сорғыш» стратегиясы өзінің өсуін ақырындап тоқтата бастайды, кейіннен біртіндеп азаятын болады. Бұның барлығы осы стратегия өкілдерінің баяу азаюына әкеледі. Оны қадам қадаммен «Капиталист» стратегиясы ығыстыратын болады. Бұл қан сорғыштардың капиталистермен салыстырғанда қосымша өнім жасай алмайтындығының әсерінен болады. Қан сорғыштар мемлекет және шикізат компаниялары жүргізетін тендерді иемденіп, тауарлар мен қызметтерді жеткізуге деген келісім шартты орындауға күштері кейін алынған пайданы өз шоттарына алуға асық болуға жетеді. Қан сорғыштар тендерлердегі барлық жұмысты өздерінің жалдайтын қосалқы мердігерлеріне жасатады. «Қан сорғыштарда» олардың тендерді ұтып алу шеңберіндегі келісімдерді орындауы тиісті құрылыс процесстерін ұйымдастыруға, құрал-жабдықтарды құрастыру мен іске қосуға қатысты білімдері жоқ. Сондықтан да, «Қан сорғыштарда» және олар жалдайтын қосалқы мердігерлер де бәрін тиіп-қашып істейді және олардың жалға беретін нысандары ҮИИД бағдарламасы шеңберінде салынған мысалға қызметі тоқтатылған БИОХИМ немесе өзінен өзі опырылып құлаған Қарағандыдағы «Бесоба» секілді көп ұзамай жөндеуді қайта талап ететін болады. Сондықтан да, ерте ме, кеш пе «Қан сорғыш» стратегиясын пайдаланатын адамдарды осы тендерлерден «Капиталист» стратегиясын пайдаланатын адамдар ығыстырып шығарады.
Себебі, «Капиталист» стратегиясы тауар мен қызметті жасауда қолданылатын барлық нәрселерді білуді талап етеді. Бұл стратегия сондай-ақ, өндіретін тауар сапасын үнемі жақсартып отыруды, шығындарды азайту күресін жүргізіп және өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылатып отыруды да талап етеді. Нәтижесінде, «Қан сорғыштардың» негізгі азық базасы болып табылатын, мемлекеттік және шикізат компанияларының жүргізетін түрлі тендерлерінің саласына «Қан сорғыш» стратегиясын шаңында қалдырып, «Капиталист» стратегиясын пайдаланатын адамдар келетін болады. «Қан сорғыштарды» шеттету баяу және олардың еңіреулерінің негізінде жүзеге асады.
Әлем өзгерді, енді болашақ «Капиталист», «Инвестор» немесе «Кәсіпқой» жолына басқалардан ерте тұрған адамдікі болмақ. Алайда, алдымен «Қан сорғыш» және «Феодал» стратегиясын пайдалану арқылы мемлекеттік және шикізат компанияларының ақшасын тонап, өзіме капитал құрып аламын да, кейіннен өндірістік «Капиталист» стратегиясын пайдаланатын боламын»,-деп санайтын адамдар да бар.
Осылай ойлайтын адамдарға «Қан сорғыш» пен «Феодал» стратегиясының адамның санасын улайтыны соншалықты, тіпті кейін басқа стратегиямен өмір сүру мүмкін емес болып қалатынын түсінген жөн. Дәл осыған байланысты, бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттен және шикізат компанияларының бюджетінен шеттетілген біздің шенеуніктер мен бизнесмендер, іс-жүзінде бірден ешкімге керексіз болып қалуы мысал бола алады. Осы жатып ішерлер ақшаны тонаудан басқа ешнәрсе білмейтіндіктен және олардың санасының жансызданып қалғаны соншылықты, енді олар жаңадан бір нәрсе жасауға үйрене алмайды. Және сондықтан да, осы жатып ішерлер шетелге барса да, олар ол жақта не бизнесті де, не жаңа компанияны да аша алмайды. Олар ол жақта ешкімге керексіз және өздерінде бар миллиондар мен миллиардтарды тез жей отырып, өмір сүреді.
Осы мысалды Борис Березовский өмірі жақсы суреттейді. Ол Ресейден кетіп, Лонданға көшкен уақытта бірнеше миллиардтаған долларлары болған еді. Ал қайтыс болған кезінде, оның қарызынан басқа ештеңесі болмады. Оның барлық мүлкі банкке салынды. Дәл осындай жағдай Гаити мемлекетінің бұрынғы президентінде де қайталанды. Ол Францияға қашқан уақытта, оның өз мемлекетінен тонаған бірнеше миллиардтаған долларлары болған еді. Францияда ол бірден бірнеше зәулім сарайларды, яхталарды және қымбат көліктерді сатып алды. Ал қазір Париж қаласында жалдамалы пәтерде тұрып жатыр, себебі өзінің барлық миллиардтарын құртып үлгерді. Біздің Батысқа қашып кеткен ең әйгілі Храпунов, Әблязов және Әлиев секілді қан сорғыштар мен феодалдарды да дәл осындай жағдай күтіп тұр. Ерте ме, кеш пе осы қашқындарға әзірге мемлекеттік және шикізат компанияларын тонауды жалғастырып жатқан, көптеген қазіргі шенеуніктер мен бизнесмендер қосылады.
Сондықтан да, тағы да қайталаймыз, әлем өзгерді. Алдағы 20 жылдың көкжиегінде табысқа жеткісі келетіндер «Капиалист», «Инвестор» және «Кәсіпқой» стратагеясын таңдауы қажет. Ал 3-5 жылдың ішінде тез байып кетуді қалайтындар, мейлі «Феодалдар» немесе «Қан сорғыш» стратегиясын таңдай берсін. Алайда, біліп қойыңыз, сіз өміріңіздің соңында өзіңіздің миллиардтарыңызды құртып, Париждегі жалдамалы пәтеріңізде жападан жалғыз, ешкімге керексіз және ұмытылған адам болып дүниеден өтіп кетесіз.
Әлем өзгерді, жаңа адамдардың жұлдыздары жанатын сәт туды, жаңа ерлердің, есімдердің уақыты келді.