KZ RU EN

Катар мемлекетінің мұнай және газ секторы



Өте аз ресурстары бар Катар қиын өмір сүру жағдайларын, қатал климат пен аштықты басынан өткерді. Бұл жағдайлар жүздеген адамдардың өліміне және басқа адамдардың қажетті азықты іздеу мақсатымен көршілес аймақтарға қоныс аударуына алып келді.

Мұнайдың табылуы Катарды өмір сүру жағдайлары жақсартылған жаңа дәуірге жол бастады және осының нәтижесінде оның көптеген азаматтары басқа мемлекеттерден қайтып келіп, мұнай салаларында жұмыс істей бастады. Британияның ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, мұнай салаларындағы 2667 жұмысшы күшінің 1755-і Катар азаматтары, яғни, бұл жалпы жұмысшылар санының 66%-ын құрайды.

Іздестiру-барлау жұмыстары

Ең алғашқы іздестіру-барлау жұмыстары 1935 жылдың мамыр айында Ағылшын-Парсы Корпорациясы мен Катар Шейхы Абдулла Бин Джессемнің арасындағы келісімшарттың бір бөлігі ретінде 75 жылға іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін өткізілді. Бұл келісімшарт кейінірек Qatar Oil Associated Corporation деген атпен белгілі болған корпорация арқылы орындалды. Бірақ бұл іздестіру-барлау жұмыстары Сауд Арабиясы мен Бахрейнмен болған шекара мәселелеріне байланысты кейінге қалдырылып, 1938 жылы экстенсивті түрде қайтадан басталды.

Мұнайдың табылуы

Мұнай 1940 жылы Катардың Духан аймағында түбектің батыс жағалауында 5685 тереңдіктен табылды. Өндіріс көлемі тәулігіне 5000 баррельді құрады. Катар Бахрейн, Сауд Арабиясы және Кувейттен кейін төртінші болып өндіре бастады. Іздестiру-барлау жұмыстары II Дүниежүзілік соғыстың кезінде қайта тоқтатылып, 1946 жылдан бастап жалғастырылды.

Іздестiру-барлау жұмыстары

1949 жылдың 31 желтоқсан айынан бастап Катар мұнайды Мезайеда порты арқылы Шығыс Жағалауына экспорттай бастады. Ең алғаш экспортталынған көлем 80 000 тоннаны құрады және одан 1951 жылы 5.9 миллион үнді рупий мөлшерінде пайда келді. Катар өзінің өндірісін жедел қарқынмен дамытты; нәтижесінде, өндіріс көлемі 1951 жылы тәулігіне 46 500 баррельге жетті (алдыңғы жылы 34000 ғана болатын).

Катар мемлекеті 1952 жылы мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында 11 орынды иеленді және тәулігіне 67 700 өндірді, бұл бүкіл әлемнің мұнай өндірісінің 0,5 %-ын құрады.

Сәйкесінше, мұнай өндіруден түскен табыс 1951 жылы 4.2 млн. долларға дейін көбейді және 1952 жылы 12 млн. баррельге жетті.


Мұнай саласына тартылған инвестициялар

Катарда мұнай саласына тартылған инвестициялардың екінші кезеңі 1952 жылдың қарашасында Dutch Corporation Shell компаниясымен Катардың аймақтық суларында мұнайды іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келісімшартқа отырғаннан кейін басталды. Бұл компания кейіннен Qatar Shell Limited Corporation деп аталды. Келісімшарт Шейх Али Бин Абдулла Аль-Тани арқылы жасалды.

Оффшорлық өндіріс 1966 жылы бірінші болып табылған Аль-Идд Аль-Шарки аймағында (1960 жылы табылды, Майдан Махзам арқылы жалғастырылды) және өндіру көлемі бойынша ең үлкен болып табылатын Абу Аль-Ханине аймағында басталды. Бұл аймақтардың өнімдері көршілес Халул аралына тасымалданып, сол жерден экспортталынды. Бұл Катардың өндірісін 1965 жылы тәулігіне 233,000 баррельге жеткізді.

1970 жылы Qatar Shell Limited пен Qatar Oil Limited жұмыс істеп жатқан аймақтарының көптеген жерлерін тастап кетті. Бұл үкіметтің басқа зауыттарды іздеуіне алып келді. Катар-Жапон Мұнай Компаниясы жағалау аймақтарға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, ал Winter Shell Corporation оффшорлық аймақтарға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында келісімшарттарға қол қойды. Катар мен Абу Даби Әмірлігінің арасындағы шекара өзгертілгенде, екі мемлекеттің арасындағы біріккен жұмыстар Аль-Бундук аймағында басталды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең

1971 жылы Катар өзінің тәуелсіздігін алды және сәйкесінше мемлекеттегі мұнайға қатысты қабылданатын барлық шешімдер бойынша толық билікке ие болды. 9/2/1977 ол барлық мұнай компанияларын мемлекеттендірді және мұнай инвестицияларын екі негізгі Qatar Shell Limited пен Qatar Oil Limited компанияларына берді. 1974 жылы Катар Қаржы және Мұнай Министрлігінің жетекшілігіндегі мұнай инвестицияларын жауапкершілігіне беру мақсатында General Petroleum Corporation-ды құрды, қазір ол Qatar Petroleum деген атпен белгілі.

1971 жылы Winter Shell арқылы North Gas Field-тың ашылуы дамудың жаңа кезеңі болып табылды. Себебі, бұл табиғи газға жатпайтын әлемдегі ең үлкен аймақ болып есептеледі. Үкімет бұны дамыту үшін 3 кезеңнен тұратын жоспар дайындады:


Бірінші кезең

Бұл кезең ішкі тұтыну үшін шамамен 800 млн. куб фут табиғи газ және 50 000 баррель конденсаттар өндіруге бағытталды. Бұл кезеңнен пайда 1300 миллион доллар болды және өндіріс 1992 жылы басталды.

Екінші кезең

Бұл кезеңде түбектің солтүстік шығыс бөлігіндегі Ras Laffan Индустриалды қаласында газды сұйылту үшін фабрикалардың ашылуымен сипатталады. Бұл кезең Qatar Gas Company ашылған жылы, яғни, 1984 жылы басталды. Оның ашылған себебі, шамамен жылына 6 млн. тонна сұйылтылған газ өндіріп, Жапонияға экспорттау мақсатында болды. Алайда, негізгі өндіріс 1996 жылы басталды. Бұдан кейін 1993 жылы Азия нарықтарына, әсіресе, Оңтүстік Кореяға экспорттау мақсатында өндіріс көлемі 10 млн. табиғи сұйылтылған газды құрайтын Ras Laffan Company құрылды.

Үшінші кезең

Бұл кезең құбыр жүйелерін көршілес Парсы шығанағы елдері, Түркия және Пәкістан сияқты көршілес мемлекеттерге газ жіберу мақсатында North Gas Field-тың дамытылуымен ерекшеленеді.

Катар Үкіметі шетелдік корпорацияларға мұнайды барлау үшін лицензияларын ұсына отырып, мұнай іздестіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. 1985 жылы ол Sohaio Компаниясы үшін 12,000 шаршы км аймағында оффшорлық зерттеулер жүргізу үшін лицензиялар шығарды. Оларды Qatar General Petrol Corporation-нан тыс 8,000 шаршы км аймағында жағалаулық аймақтарға зерттеу жүргізетін американдық AMOCO жалғастырды. Бұл екі компания ауқымды ашылулар таппастан келсімшарттарын тоқтатты.

Халықаралық Мұнай және Газ Корпорацияларымен болған Келісімшарттар

Al-Idd Al-Sharqi Northern Dome/ Qatar Petrol Occidental

Бұл аймақта орташа өндіріс көлемі 2000 жылы тәулігіне 95,000 баррельді құрады.

Al-Idd Al-Sharqi/ Southern Dome

Бұл аймақта орташа өндіріс көлемі 2000 жылы тәулігіне шамамен 10,000 баррельді құрады

Al-Shahenn/ Qatar Maersk for Petrol

Бұл аймақта орташа өндіріс көлемі 1998 жылы тәулігіне шамамен 101,000 баррельді құрады және 2000 жылы тәулігіне 112,000 баррельге жетті.

Al-Rayyan/ ARCO Qatar

Бұл аймақта орташа өндіріс көлемі 1997 жылы тәулігіне 19,000 баррельді құрады және 2000 жылы тәулігіне 18,000 баррель болды. Қазір бұл аймақтың тәуліктік өндіріс көлемі шамамен 12,000 баррель.

Al-Khaleej/ Qatar ELF for Petrol Corporation

Бұл аймақта орташа өндіріс көлемі 1997 жылы тәулігіне 10,000 баррельді құрады және қазір тәулігіне 21,000 баррельден асады.

Qatar Petrol/ Japanese Companies for the Development of KarKara and Construction Field

Бірінші скважина өндірісті 1998 жылы аймақтың ерте бағалауының бөлігі ретінде және екінші скважина Араб «С» таңдалынған соң бастады.

Солтүстік Газ Аймағы


Әлемдегі табиғи газ қорларының 6 %-ын иеленетін Катар әлемдегі табиғи газ қорына бай бес мемлекеттің бірі болып есептеледі. Бұл зор байлық Солтүстік Газ аймағында шоғырланған (қайта қалпына келтірілетін шамамен 380 трлн. Куб фут және жалпы газ көлемі 500 трлн. Куб футтан асады). Бұл облыс 1971 жылы табылған және Катар түбегінің солтүстік шығысында орналасқан.
Бұл облыстың мол қорлары мен газының сапасы қауіпсіз болып табылғандықтан, Qatar Petroleum (QP) кезеңдерге бөлінген стратегиялық Жоспар дайындады. Оның мақсаты аймақты дамыту және оның ресурстарының эксплуатациясын оңтайландыру болды.

Бұл ауқымды жобаның бірінші кезеңі 1991 жылы басталды және бастапқы тәуліктік өндіріс көлемі 800 млн. куб футты құрады. Ондағы мақсат ішкі тұтынуды қамтамасыз ету мен экспортқа 50,000 баррель конденсаттар мен сұйықтықтар шығару. Жалпы экспортталынған газдың көлемі тәулігіне шамамен18 млн. тонна болды. Тәуліктік орташа өндіріс көлемі 1998 жылы 1482 млн. куб футты құрады.

Qatar Liquefied Natural Gas Project

Бұл жоба жыл сайын Жапонияға экспорттау үшін 6 млн. куб метрикалық тонна сұйылтылған табиғи газ бен тәулігіне 50,000 баррель конденсатты өндіруге бағытталады. Бұл жобаны QATAR GAS Company басқарады.

Табиғи сұйылтылған газ Жапонияға бірінші және екінші рет 1997 жылы жөнелтілді. Бірінші 135 000 куб метр Chubu компаниясына және экпортталушы конденсаттың бірінші жөнелтілімі 55 000 метрикалық тонна көлемінде АҚШқа жіберілді.

Сонымен қатар, компания шамамен 500,000 тонна сұйылтылған табиғи газды $40 миллионға экспорттауға келісімге қол қойды.

2000 жылы Компания 6.75 млн. тонна сұйылтылған табиғи газды сатты және оның тәуліктік конденсат өндірісі 48,000 тоннаға жетті.

Ras Laffan Liquefied Natural Gas Project

Ras Laffan Liquefied Gas Company (RASGAS) 1993 жылы жылына 5 млн. метрикалық тонна сұйылтылған табиғи газ өндіру үшін және тәулігіне 34,000 баррель конденсат өндіру үшін құрылды. Жобаның құны $ 3.3 млрд. болды және ол 1997 жылдан бастап жұмыс іседі. Компанияның акционерлері: QP (63%), Exxon Mobil (25%), Korea Gas Corporation (KOGAS) of South Korea (5%), Itochu of Japan (4%) and Nissho Iwai of Japan (3%).

2000 жылы RASGAS 3.91 млн. тонна сұйылтылған табиғи газ сатты, оның көп бөлігі Оңтүстік Кореяға жіберілді. Және тәулігіне 27,000 баррель конденсат өндірді. Компанияның 1999 жылғы бірінші экспортының Оңтүстік Кореяға жөнелтілімі 500,000 баррель конденсатты құрады, және осы жылдан бастап жылдық жалпы өндіріс көлемі and 10 млн. метрикалық тоннаға жетті (ТСГ).

KOGAS- пен бастапқы келісімшарт ТСГ ны сатуды жылына 2.4 млн. метрикалық тоннадан 4.8 млн. метрикалық тоннаға дейін 25 жылға арттырды.

RASGAS Индияны 5.7 млн. метрикалық тонна ТСГ мен 25 жылға қамтамасыз ету мақсатында Petronet Co. of India мен келісімшартқа қол қойды (2003жылдан бастап).

Компания сонымен бірге Indian Daction Bharat Consortium (DBEC) ты 2.6 млн. метрикалық тонна ТСГ мен қамтамасыз ету мақсатында of LNG келісімшартқа қол қойды (2003жылдан бастап).

Компанияның өндіріс көлемін арттыру стратегиясы аясында құны $ 200 млн аса тұратын екі қолдау және кеңейту келісімшарттарына (RASGAS және Италияның Nuovo Pigonne мен) QATAR GAS дын жылдық өндіріс көлемін 7.7 млн. тоннаданs 2005 жылға қарай 9.2 млн. тоннаға дейін арттыру мақсатында қол қойылды.

Ras Laffan Port

Катардың Әмірі H.H. Шейх Хамд Бин Халифа Аль Тани Ras Laffan Port ты 1997 жылы ашты. Жобаның құрылысы $2 млрд. болды және 1992 жылы басталды, 1996 жылы аяқталдыСодан бері ол экспорт операцияларына дайын болды.


Басқа жаңа өндірістік жобалар (Ras Laffan қаласындағы) конденсат өңдеуші зауыттан және көршілес елдерге газды экспорттайтын құбырдан тұрады.

Dolphin Project

Араб мемлекеттерінің арасында ары қарай экономикалық интеграцияны жалғастыру үшін
1999 жылы наурызда QP мен DOLPHIN ENERGY LTD арасында құжатқа қол қойылды. Келісімшарт The agreement defined the partnership aiming to export gas in quantities ranging between 300,000 және 600,000 куб фут көлемінде Катардан БАӘ не және Оманға 25 жылға газ экспорттауға бағытталды және тәулігіне 35,000 баррель конденсат пен 19,000 баррель сұйылтылған газ өндірісіне бағытталды.

QATAR PETROLEUM

Катардың мұнай өндірісі Доха, Духан, Мезайда, Рас Лаффан Индустриялық қаласында жүзеге асырылды. Сонымен қоса, Халул аралында оффшорлық аймақтар бар және бірнеше өндіріс терминалдары мен зерттеу платформалары бар
Бұл аймақтардың жалпы аумағы 35,000 шаршы км.

Корпорацияның жарғылық капиталы 20 млрд., төленген капитал 10 млрд. Өзінің жеке операцияларымен қоса, QP өзінің еншілес компаниялары арқылы қызмет етеді:

National Oil Distribution Co (NODCO) 100%


Gulf Helicopters Co. (GHC) 100%


Qatar Jet Fuel Co. (QATJET) 60%


Qatar Fertilizer Co. (QAFCO) 75%


Qatar Petrochemical Co. (QAPCO) 80%


Qatar Liquefied Gas Co. (QATARGAS) 65%


Ras Laffan Liquefied Natural Gas Co. (RASGAS) 66.5%


Qatar Fuel Additives Co. (QAFAC ) 50%


Qatar Vinyl Co. (QVC) 25.5%


Qatar Chemical Co. (Q-CHEM) 51%


Qatar Nitrogen Co. (QAN) 50%

Іздестіру барлау жұмыстары мен Өндіріс:

Qatar Petroleum ірі халықаралық мұнай және газ компанияларымен Өнімді бөлу келісімшарттары мен Өнімді дамыту келісімшарттары арқылы көмірсутек ресурстарын дамыту саясатын жалғастырды.

Өнімді бөлу келісімшарттары аймақтары (ӨБКА):

Block-2 (EnCana International Qatar Ltd/Chevron/Svenska)
Block-5 (Maersk Oil Qatar Co.)
Block-10 (Talisman)
Block-11 (Wintershall Consortium)
Block-13 (Anadarko Qatar Company)

Зерттеудің ашық аймақтары

Block-4 EPSA Bidding Campaign

Najwat Najem DPSA Preparation

Blocks-1, 3, 7 and 14: In-house hydrocarbon prospective studies continued as pre-bidding campaign phase of EPSAs.

Катар Көмірсутектер Жүйесінің біріккен зерттеуі сәтті аяқталды.

Қорытынды

Block-2: AM-2, AM-3, UZ-3 & AK-2 скважиналарын зерттеу жалғастырылды.

Block-5: The successful Nahr Umr скважинасының 2003 жылы сәтті аяқталуы.

Block-11: сатып алу 2003 жылдың аяғында басталды және сәттілікпен жалғастырылуда.

Block-13: сатып алу 2003 жылы аяқталды.

Block-4: Бірнеше ӨБКА ұсыныстары түсті, бағаланды және жалғастырылуда.

Najwat Najem: ӨДКА кампаниясы жалғасуда.

Катар Көмірсутек Жүйесін зерттеу сәтті аяқталды.

ӨБКА / ӨДКА- Өндіріс аймақтарының қызметтері

Қазіргі таңда келесі компаниялар арқылы дамудың әрқилы кезеңдерінен өтіп жатқан жеті оффшорлық аймақ:
Block-11: 2D сейсмикалық сатып алу 2003 жылы басталды және жалғасуда.

Block-13: 3D сейсмикалық сатып алу 2003 жылы сәтті аяқталды.

Block-4: Бірнеше ӨБКА ұсыныстары түсті, бағаланды.

АЙМАҚ OPERATOR

Al Shaheen Maersk Oil Qatar

Al Rayyan Anadarko Qatar Energy Co.

Al Khalij Total

Idd El Shargi North Dome Occidental Petroleum Qatar

Idd El Shargi South Dome Occidental Petroleum Qatar

Al Karkara / A-Structure Qatar Petroleum Development Co.

El Bunduq Bunduq Company Ltd.



Qatar Petroleum Refinery:

Qatar Petroleum Refinery 1958 жылы ашылды, біртіндеп жылдар бойы үлкен ұайта өңдеуші ұйымға айнала отырып, Катарды өзін өзі қамтамасыз ететін және экспортқа бағытталған елге айналдырды.


Сұйылтылған мұнай газдың аяқталған өнімдері: керосин, бензин, реактивті отын, дизель. National Oil Distribution Company (NODCO) – 1968 жылы құрылған –Qatar Petroleum 100 %-ын иеленеді.

Жыл Объект Тәулігіне баррель
1958 Topping Plant 680
1968 Refinery -1 6,000
1974 Refinery –1 Revamp 10,000
1984 Refinery –2 50,000
1989 Export & New Distribution Facilities 50,000
1994 Isomerisation units 5,500
2001 Condensate Refinery 57,000
2001 RFCC Complex 28,000
2001 Refinery 2 Revamp 70,000
_______________________________________________________________________________________

Негізгі қызметтері/Өндіріс желісі:

Мұнай Өңдеуші зауыттың негізгі қызметі шикі мұнайды өңдеу және оны аяқталған мұнай өнімдеріне айналдыру. Аяқталған мұнай өнімдер іішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға арналған.


Мұнай өңдеуші зауытқа деген қажеттілік 1995 жылға таман басталды және жоба формальды түрде 1998 жылдың 15 шілдесінде құны $850 млн. құрай отырып, ашылды. Конденсат өңдеуші зауыт The condensate refinery 2001 жылы аяқталды.

Нарықты дамыту Жоспарлары:

Өңдеуші зауыттардың өнімдерін экспорттау бойынша коммерциялық аспектілер толығымен Qatar Petroleum Marketing Directorate арқылы басқарылады. Өңдеуші зауыттағы Жоспарлау Бөлімі жылдық, маусымдық және айлық жоспарлар жүргізуге жауапты.

Зауыттың өнімдерін әлемдік нарықтарға өткізу Marketing Directorate пен Жоспарлау Бөлімі арқылы қадағаланады.


Ірі жобалар:

Катар мемлекетінде жалғыз ғана мұнай өңдеуші зауыт болғандықтан, ол көптеген жылдар бойы ішкі нарықтың өсіп жатқан сұранысы мен экспортты реттеуге тырысты. Бұл зауыт біртіндеп ірі экспортқа бағытталған конгломератқа айналды.

Мұнай өңдеуші зауыттың /2003-2004 жылдардағы тәулігіне өндірілген баррель көлемі:



Qatargas

Qatar Liquefied Gas Company Ltd. (Qatargas) – Катардың бірінші және ірі сұйылтылған табиғи газ өндіретін компаниясы. 1984 жылдың 1 қарашасында құрылды.

Көзқарас

Әлемнің көшбасшы СТГ өндіретін және тұтынушылар қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ірі компанияға айналу, тиімді әрі сенімді операциялар, жоғары қауіпсіздік, денсаулық және т.б.

Миссия
Қауіпсіз, тиімді әрі сенімді түрде басқару және қызмет ету.
Акционерлердің құндылығын арттыру
СТГ дын сенімді қамтамасыз етушісі болу
Конденсат пен басқа да өнімдерді тиімді өндіру, т.б.